8-сынып ІІІ тоқсан Бөлім тақырыбы: Махаббат пен абырой Сабақтың тақырыбы: «Ұшқан ұя» повесі. “ Бала Бауыржан” Оқу мақсаты: А/И 3 шығармадағы көркемдегіш құралдардың (психологиялық параллелизм, перифраз, сатира, ирония, гротеск, эллипсис) қолданысын талдай отырып, автор стилін анықтау. Сабақ мақсаты: Шығармадағы көркемдегіш құралдардың қолданысын талдай отырып, автор стилін анықтайды. Бағалау критерийі: ● Шығармадағы көркемдегіш құралдардың қолданысын талдайды; ● Автор стилін анықтайды.
Көркем шығарма – эстетикалық категория. Ол ең алдымен оқырман сезіміне, оның ой-санасына әсер етуі тиіс. Шығармада көріктеуіш тілдік құралдардың көп кездесуі, жазушы тілінің шеберлігін, орынды сөз оралымдарының ұтымды, қисынды жұмсалу жайын көрсетеді.
Жазушы стилі – өзіндік сөз мәнері мен суреткердің өзіне ғана тән қалам ізі. Әр жазушының өзіне тән сөз қолдану мәнері, оларды ұштастыра білу өнері, әсерлі түрде жеткізу шеберлігі болады. Жазушының стилін шығармадағы көркемдегіш-бейнелеуіш тәсілдер арқылы да көруге болады. Көркемдегіш құралдар - автордың шығарманы әсерлеу, бейнелуіне септігін тигізіп, оның шеберлігін танытатын құралдар. Ондай құралдарға ажарлаудың, құбылтудың түрлерін жатқызуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |