1. Адвокаттың құқықтары мен міндеттері Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру негіздері



бет1/2
Дата23.12.2022
өлшемі38,35 Kb.
#163983
  1   2
Байланысты:
адвокатура
Срез 12.10.2021 КАЗ, 4 пәннен СРЕЗ Тест 8-нұсқа КАЗ, хаттама тәрбие 2022-1, 8-лекция, 11-БЖБ-1

1.Адвокаттың құқықтары мен міндеттері
2.Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру негіздері.
3.Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияың қолданысын тоқтату және одан айыру негіздері.
4.Адвокаттар көрсететін заң көмегінің түрлері
5.Адвокаттар көрсететін заң көмегіне ақы төлеу .
6.Адвокаттық қызметті ұйымдастыру нысандары
7.Адвокатураның мақсаты.
8.Адвокаттар алқасының төралқасы адвокаттың адвокаттар алқасына мүшелігін қандай кезде тоқтатады.
1.
33-бап. Адвокаттың құқықтары мен міндеттері
1. Адвокат көмек сұрап өтініш жасаған тұлғаға ол мұқтаж болып тұрған кез келген заң көмегiн көрсетуге құқылы.
2. Осы Заңның 63-бабының 7-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, адвокат өзiне өтініш жасаған тұлғамен заң көмегiн көрсету туралы өз атынан жазбаша шарт жасасады.
3. Адвокат қорғаушы немесе өкiл ретiнде әрекет ете отырып:
1) заң көмегiн сұрап өтініш жасаған тұлғалардың құқықтары мен мүдделерiн құзыретiне тиiстi мәселелердi шешу кiретiн барлық соттарда, мемлекеттiк, өзге де органдар мен ұйымдарда қорғауға және бiлдiруге;
2) барлық мемлекеттiк органдардан, жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен заңды тұлғалардан адвокаттық қызметтi жүзеге асыруға қажеттi мәлiметтердi сұратуға және алуға;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және шектерде, заң көмегiн көрсетуге қажетті нақты деректерді өзі дербес жинауға және оларды мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға ұсынуға;
4) процестік құжаттарды, тергеу және сот iстерiн қоса алғанда, көмек сұрап өтініш жасаған тұлғаға қатысты материалдармен танысуға және оларда қамтылған ақпаратты Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған кез келген тәсiлмен тіркеп алуға;
5) iске қатысуға жiберiлген кезден бастап жолығулардың санын, ұзақтығын шектемей және мұндай жолығулардың құпиялығын қамтамасыз ететiн жағдайларда өзi қорғайтын адаммен оңаша жолығып тұруға ие болуға;
6) заң көмегiн көрсетуге байланысты туындайтын және ғылым, техника, өнер саласында және басқа да қызмет салаларында арнайы бiлiмдi талап ететiн мәселелердi түсiндiру үшiн шарттық негiзде мамандардың қорытындыларын сұратуға;
7) мемлекеттік билік, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен мемлекеттік қызметшілердің көмек сұрап өтініш жасаған тұлғалардың құқықтарына және заңмен қорғалатын мүдделерiне қысым жасайтын шешімдеріне және әрекеттерiне (әрекетсіздігіне) өтiнiшхаттар мәлiмдеуге, белгiленген тәртiппен шағымдар келтіруге;
8) егер бұл анықтау сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу кезiнде, сотта қорғауды немесе өкiлдiк етуді жүзеге асыру үшiн қажет болса, мемлекеттiк құпияларды құрайтын, сондай-ақ әскери, коммерциялық, қызметтiк және заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтитын ақпаратпен Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен танысуға;
9) заң көмегiн сұрап өтініш жасаған тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғаудың заңда тыйым салынбаған барлық құралдары мен тәсiлдерiн пайдалануға;
10) татуластыру рәсімдерін жүргізуге;
11) кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсетуге;
12) заңнамаға қайшы келмейтiн өзге де әрекеттердi жасауға құқылы.
4. Мемлекеттiк орган немесе лауазымды адам, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, адвокаттың заң көмегiн сұрап өтініш жасаған тұлғаның мүдделерiн бiлдiру құқығын танудан бас тарта алмайды.
Адвокат соттардың, прокуратураның, қылмыстық процесті жүргізетін органдардың әкімшілік ғимараттарына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, адвокат куәлігін көрсету арқылы еркін кіру құқығын пайдаланады.
Адвокаттың ұстап алынғандарды, күзетпен ұсталатындарды және жазасын өтеп жатқандарды ұстау орындарына кiруi белгiленген өткізу режиміне сәйкес жүзеге асырылады.
5. Адвокаттың мiндеттi сақтандыру қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын, мемлекет кепiлдiк берген әлеуметтiк қорғауға құқығы бар.
Адвокаттар әлеуметтiк сақтандыруға арналған жарналарды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлейдi.
Адвокаттың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зейнетақымен қамсыздандырылуға құқығы бар.
6. Адвокаттар сот отырыстарына адвокаттық мантиялар киіп қатысуға құқылы.
Адвокаттық мантиялардың нысаны мен сипаттамасын Республикалық адвокаттар алқасы әзірлейді және бекітеді.
7. Адвокат:
1) өзiнiң кәсiптік мiндеттерiн орындаған кезде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға;
2) Қазақстан Республикасы адвокатының антын, Адвокаттардың кәсiптiк әдеп кодексiн сақтауға;
3) адвокаттар алқасының мүшесі болуға;
4) өзінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыруды жүзеге асыруға;
5) клиентке адвокаттар алқасына мүшелігі туралы ақпарат беруге;
6) клиентке заң көмегін көрсетуге кедергі келтіретін мән-жайлардың туындауы салдарынан өзінің оны көрсетуге қатыса алмайтыны туралы хабарлауға;
7) клиенттің талап етуі бойынша адвокаттың кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру шартының көшірмесін ұсынуға;
8) клиенттің талап етуі бойынша онымен құпия ақпаратты жария етпеу туралы келісім жасасуға;
9) заң көмегін көрсетуге байланысты өзіне мәлім болған мәліметтерді құпия сақтауға және оларды көмек сұрап өтініш жасаған тұлғаның келісуінсіз жария етпеуге;
10) клиенттің құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған іс жүзіндегі мән-жайларды анықтау бойынша заңда тыйым салынбаған кез келген әрекетті орындауға;
11) клиенттің талап етуі бойынша заң көмегін көрсету туралы жазбаша шартты орындау туралы есеп ұсынуға;
12) клиенттің талап етуі бойынша заң көмегін көрсету кезінде пайдаланылған құжаттардың көшірмелерін заң көмегін көрсету аяқталған күннен бастап үш жыл бойы қағаз немесе электрондық жеткізгіштерде не электрондық құжаттар нысанында сақтауға;
13) өзiнiң бiлiктiлiгiн ұдайы арттырып отыруға;
14) адвокаттар алқасына мүше болып кіргеннен кейін, сондай-ақ коммерциялық ұйым құрылғаннан кейін бір ай ішінде, өзіне заңды түрде тиесілі ақшаны, сондай-ақ мүліктік жалдауға берілген мүлікті қоспағанда, өз меншігіндегі, коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталындағы үлесті (акциялар пакетін) және пайдаланылуы кіріс алуға алып келетін өзге де мүлікті сенімгерлік басқаруға беруге міндетті. Мүлікті сенімгерлік басқару шарты нотариаттық куәландырылуға жатады. Адвокат өзіне тиесілі облигацияларды, ашық және аралық инвестициялық пай қорларының пайларын сенімгерлік басқаруға бермеуге құқылы. Адвокаттың сенімгерлік басқаруға немесе мүліктік жалдауға берілген мүліктен кіріс алуға құқығы бар;
15) Қазақстан Республикасының заңдарында және заң көмегін көрсету туралы шартта көзделген өзге де міндеттерді орындауға міндетті.
8. Адвокаттың:
мүдделер қақтығысы болған кезде;
процестік заңнамада көзделген, адвокаттың іске қатысуын болғызбайтын мән-жайлар болған кезде заң көмегін көрсетуіне тыйым салынады.
Бұл жағдайларда адвокат заң көмегін көрсетуден бас тартуға міндетті.
9. Адвокаттың іс бойынша көмек сұрап өтініш жасаған тұлғаның жағдайын нашарлататын құқықтық ұстанымда болуына, өз өкiлеттiгiн өзі мүдделерiн қорғайтын немесе бiлдiретiн тұлғаға нұқсан келтiріп пайдалануына тыйым салынады.
10. Адвокат осы баптың 8-тармағында көзделген мән-жайлар болмаған кезде қылмыстық iс бойынша қабылданған тапсырмадан бас тартуға құқылы емес және қорғалатын тұлғаның немесе адвокаттың өзiнiң көзқарасы бойынша сот төрелігіне сай емес үкiм шығарылған жағдайда, оған белгiленген тәртiппен шағым жасауға мiндеттi.
11. Адвокаттың Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің және коммерциялық ұйымның байқаушы кеңесінің (директорлар кеңесінің) құрамына кіру, дауды шешу үшін тиісті төреліктің төрешісі болып сайлану немесе тағайындалу, сондай-ақ оқытушылық, ғылыми немесе шығармашылық қызметпен айналысу жағдайларынан басқа ретте, мемлекеттiк қызметте болуына және кәсіпкерлік қызметпен айналысуына, өзге де ақы төленетін лауазымда болуына тыйым салынады.
Коммерциялық ұйымның байқаушы кеңесінің (директорлар кеңесінің) құрамына кірген жағдайда, адвокат осы ұйымға және онымен үлестес тұлғаларға заң көмегін көмек көрсетуге құқылы емес.
Адвокат адвокаттық қызметті адвокаттар алқасында, Республикалық адвокаттар алқасында, адвокаттардың халықаралық қоғамдық бірлестіктерінде ақы төленетін сайланбалы және тағайындалатын лауазымдардағы жұмыспен қоса атқаруға құқылы.
2.
43-бап. Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру


  1. Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді.



  1. Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысы, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жалпы негіздерден басқа, мынадай:




    1. Адвокат мемлекеттік қызметте болған;



    1. Ол Қазақстан Республикасының Парламенті депутатының, өз қызметін бюджет қаражаты есебінен ақы төленетін, тұрақты немесе жұмыстан босатылған негізде жүзеге асыратын мәслихат депутатының өкілеттіктерін атқарған;




    1. Адвокат мерзімді әскери қызметті өткерген;



    1. Адвокат өз қызметін адвокаттар алқасына берілген өзінің өтініші негізінде тоқтата тұрған кезеңде тоқтатыла тұрады.




  1. Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысы мынадай жағдайларда көрсетілген мерзімге:



    1. Адвокаттық қызметпен айналысу құқығына арналған лицензиядан айыру туралы іс бойынша іс жүргізу қозғалғанда – шешім қабылданғанға дейін;



    1. Адвокатты қылмыстық-процестік заңға сәйкес қылмыс жасауда айыпталушы деп танығанда – үкім заңды күшіне енгенге дейін;




    1. Біліктілікті арттырудан өту мерзімін күнтізбелік отыз күннен астам уақыт дәлелсіз себеппен бұзғанда не оны өтуден бас тартқанда – бұзушылық жойылғанға дейін, бірақ үш айдан аспайтын мерзімге;



    1. Адвокат мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету сапасының өлшемшарттарына сәйкес келмейтін, мемлекет кепілдік берген заң көмегін жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан да көп рет) көрсеткенде – алты айға;




    1. «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген талаптарды жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан да көп рет) бұзғанда – алты айға;



    1. Коммерциялық ұйымның байқаушы кеңесінің құрамына кіру, дауды шешу үшін тиісті төреліктің төрешісі болып сайлану немесе тағайындалу, сондай-ақ оқытушылық, ғылыми немесе өзге де шығармашылық қызметпен айналысу жағдайларын қоспағанда, адвокат кәсіптік қызметпен қатар кәсiпкерлiк немесе өзге де ақы төленетін қызметпен де айналысқанда – алты айға тоқтатыла тұрады.




  1. Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аумақтық әділет органдарының ұсынуы, Республикалық және аумақтық адвокаттар алқаларының өтінішхаты негізінде лицензиардың шешімімен жүзеге асырылады.

Лицензиардың адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы шешімінде лицензияның қолданысын тоқтата тұру себептері мен мерзімі көрсетілуге тиіс. Адвокат лицензиясының қолданысын тоқтата тұру лицензиар адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы шешім қабылдаған күннен бастап адвокаттық қызметті жүзеге асыруға тыйым салуға алып келеді.




  1. Осы баптың 2-тармағында көзделген негiздер бойынша тоқтатыла тұрған адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын қайта бастау адвокаттың өтiнiшi бойынша күнтізбелік он күн iшiнде лицензиардың бұйрығы және оны тоқтата тұру үшiн негiздердiң тоқтатылғанын растайтын құжаттар негiзiнде жүзеге асырылады. Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензия қолданысының қайта басталғаны туралы адвокат, адвокаттар алқасы, құқық қорғау органдарының орталық аппараттары және соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган хабардар етіледі.



  1. Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру немесе қайта бастау туралы шешім лицензиардың интернет-ресурсында орналастырылады. Қабылданған шешім туралы адвокат, адвокаттар алқасы, құқық қорғау органдарының орталық аппараттары және соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган хабардар етіледі.




  1. Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы немесе қайта бастаудан бас тарту туралы шешімге адвокат сотқа шағым жасауға құқылы.



  1. Қажет болған және клиент келіскен жағдайларда, адвокаттар алқасы адвокатының адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензиясы тоқтатыла тұрған клиентті заң көмегімен қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдайды.


3.
44-бап. Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияың қолданысын тоқтату және одан айыру


  1. Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтату «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен және негіздерде жүзеге асырылады.



  1. Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензиядан айыру Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.




  1. Лицензиар адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтатуды, осы баптың 1-тармағында көзделген негіздерден бөлек, мынадай:



    1. Адвокат заңды күшіне енген сот шешімі бойынша әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі, қайтыс болды не хабарсыз кетті деп танылған;



    1. Адвокат Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатқан;




    1. Адвокат қайтыс болған;



    1. Адвокат қасақана қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған;




    1. Қасақана қылмыс жасағаны үшін адвокатқа қатысты соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген;



    1. Адвокатқа медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы сот шешімі заңды күшіне енген жағдайларда жүзеге асырады.




  1. Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензиядан айыру, осы баптың 2-тармағында көзделген негіздерден басқа, мынадай:



    1. Адвокат кәсіптік міндеттерін орындау кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын, заң көмегін көрсету қағидаттарын, Адвокаттардың кәсіптік әдеп кодексін өрескел не бірнеше рет бұзған;



    1. Осы Заңның 55-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына сәйкес адвокаттар алқасы жүргізген аттестаттау нәтижелері бойынша белгіленген біліктіліктің жеткіліксіздігі салдарынан адвокаттың өз кәсіптік міндеттерін орындауы мүмкін болмаған;




    1. Осы Заңының 43-бабы 3-тармағының 3) және 6) тармақшаларында көзделген лицензияның қолданысы тоқтатыла тұрған мән-жайлар жойылмаған;



    1. Лицензиаттың лицензия беруге негіз болған құжаттарда анық емес немесе қасақана бұрмалаған ақпарат ұсыну фактісі анықталған;




    1. Қатарынан отыз алты ай ішінде лицензияның қолданысы осы Заңының 43-бабы 3-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша үш рет тоқтатыла тұрған жағдайларда, лицензиардың талап қоюы бойынша сот тәртібімен жүзеге асырылады.



  1. Осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайларда, адвокаттар алқасы төралқасының өтінішхаты адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензиядан айыру туралы талап қою арызын дайындауға негіз болып табылады.

Осы баптың 4-тармағының 1), 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген жағдайларда, аумақтық әділет органының ұсынуы да адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензиядан айыру туралы талап қою арызын дайындауға негіз болып табылады.

Лицензиар сот шешімі негізінде адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензиядан айыру туралы бұйрық шығарады, оның көшірмесі лицензиясының қолданысы тоқтатылған адамға жіберіледі. Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензия қолданысының тоқтатылғаны туралы соттар, құқық қорғау органдары және адвокаттар алқасы хабардар етіледі.


  1. Осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларда, аумақтық әділет органының ұсынуы адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтату туралы шешім қабылдауға негіз болып табылады.

Лицензиар адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтату туралы бұйрық шығарады, оның көшірмесі лицензиясының қолданысы тоқтатылған адамға жіберіледі. Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензия қолданысының тоқтатылғаны туралы соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган, құқық қорғау органдарының орталық аппараттары және адвокаттар алқасы хабардар етіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет