Сабақ жоспары
Тақырыбы: Қазақстан территориясындағы орта ғасырлық мемлекеттер.
Сабақтың мақсаты-міндеттері:
Оқытушылық – Ақ Орданың, Моғолстанның, Әбілхайыр хандығының, Ноғай ордасының әлеуметтік және мемлекеттік - әкімшілік құрылыс туралы түсінікті қалыптастыру.
Тәрбиелік – Қазақстанның территориясындағы орта ғасырлық мемлекеттердің тарихындағы ортақ ұқсастықтарды көрсете отырып, оқушылардың сабақ үстінде тақырыпты толық меңгеріп, тәлім-тәрбие алуына қолайлы жағдай тудыру.
Дамытушылық – оқушылардың оқулықпен өзбетінше жұмыс істеу дағдыларын, тарихи ұғымдарды талдап, салыстырып, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Оқытудың әдісі: өз бетінше оқу, баяндау (әңгіме, диалог), тәжірибелік (жазбаша жұмыстар, ауызша жеке фронтальды сұрау).
Көрнекілік: қосымша мәліметтер
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру сәті – бүгінгі сабақта қатысатын оқушылардың санын тексеру, оқушылардың сабаққа назарын аударту.
ІІ. Үй жұмысын тексеру. Өткен кіріспе сабақты қайта сұрау.
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Жаңа сабақ жоспары:
Әлеуметтік құрылысы.
Жерге меншіктік қатынастар туралы.
Салық түрлері және міндеткерліктер.
Қоғамдық және әкімшілік құрылысы.
Ақ Орда, Моғолстан, Ноғай Ордасы, Әбілқайыр хандығы сияқты басқа да мемлекеттердің әлеуметтік құрылымы феодалдық қатынастарға негізделді. Ноғай Ордасының құрамында маңғыт, қыпшақ, үйсін, найман, қоңырат, тама, алшын сияқты тайпалар кірген. Көптеген тайпалар кейіннен, XV ғасырдың ортасына қарай қалыптасқан ноғай этно-саяси бірлестігінің құрамына кіріп «ноғай» атауына ие болған.
Ноғай мемлекетінде патриархалдық-феодалдық қатынастар дамыған. Орда рулық-тайпалық басқаруға негізделген ұлыстарға бөлінді. Ұлыс билеушісі мырза болды. Мырзалармен қатар князьдер, сұлтандар үстем тап өкілдері болып саналды. Жерге жоғарғы тап өкілдері билік жүргізді.
Ноғай Ордасы Орыс княздықтарымен, Қырым хандығымен байланыс жасады. Қазақстан және Орта Азияны мекендеген тайпалармен де ноғайлар үнемі қарым-қатынаста болды.
XV ғасырдың басында Ноғай Ордасы ыдырай бастайды. Қазан, Астрахан хандықтары Ресейге қосылады. Ал Қазақстан аумағында мекендеген халық Кіші жүздің құрамына енеді.
ХІV- ХV ғасырларда Әбілхайыр хандығына кірген тайпалар барлығына ортақ ”өзбек” деген саяси атаумен әйгілі болды. Олар: қыпшақтар, наймандар, маңғыттар, қарлұқтар, қоңыраттар, қаңлылар, үйсіндер, ұйғырлар, құрлауыттар, дүрмендер, кенегестер, бүркіттер, қияттар, жаттар және т.б. (барлығы 92 тайпа). Бұлар негізінен шығу тегі жағынан қыпшақ тұқымдас (92 баулы қыпшақ) және ішінара өзге де түркі тайпалары аралас қаңлы, үйсін, қарлұқ сияқты Дешті - Қыпшақтың және Оңтүстік-Шығыс Қазақстанның ерте ортағасырлық тұрғындарының ұрпақтары, сондай - ақ баяғыда - ақ түркіленіп кеткен моңғолдар еді. Жоғарыда аталған тайпалар мен тайпалық бірлестіктер экономикалық даму деңгейі, қоғамдық қатынастары, мәдениеті жағынан өзара жақын болатын.
ІV. Жаңа тақырыпты бекіту сұрақтары.
А) ХІҮ-ХҮ ғасырлардағы хандық өкіметтің әлеуметтк құрылысы қандай болды?
В) Жерге меншіктің қандай түрлерін білесіңдер?
С) Салықтың қандай түрлері жиналды?
Д) Қарапайым халық міндеткерлік жұмыстың қандай түрлерін орындады?
Е) Хандық әкімшілік құрылыстың құрамы туралы не білесіңдер?
З) Тарих дәптерлеріңе мемлекеттік басқару жүйесіндегі адамдардың лауазымдарын жазып келіңдер?
V. Қорытындылау.
ІV. Үйге тапсырма. Оқулықтың §28-ші параграфын оқып келу. Конспект.
Достарыңызбен бөлісу: |