1-билет Дәріхана ұйымдарының қызметшілері қандай ережелерді сақтауға міндетті



бет1/2
Дата22.05.2022
өлшемі23,34 Kb.
#144471
  1   2
Байланысты:
1-билет, 9
Проф.русский язык Тема 2., Проф.русский язык Тема 2., Акжан Амиртай есептер, 4 apta anal, патфиз

1-билет
Дәріхана ұйымдарының қызметшілері қандай ережелерді сақтауға міндетті.
Дәрiхана ұйымдарының қызметшiлерi мына ережелердi сақтауға мiндеттi:
1) жұмысқа келгенде, сырт киiмдерi мен аяқ киiмдерiн шешу;
2) жұмысты бастамас бұрын санитарлық киімдердi (халатты және қалпақты), аяқ киiмдi киюге, қолын жуып, дезинфекциялау ;
3) әжетханаға барарда халатты шешiп қоюға, ал әжетханадан кейiн қолын мұқият жууға және дезинфекциялау;
4) санитарлық киiммен және аяқ киiммен дәрiхана сыртына шықпау.
Асептикалық жағдайларда жұмыс iстеу кезiнде косметиканы (бояуды, тушьты, қас бояйтын қарындашты, бет қызартқышты, далапты, опаны, тырнақ пен шашқа арналған лакты) қолдануға және аэрозольдық дезодоранттарды пайдалануға сағат пен зергерлiк бұйымдарды (сырға, сақина, моншақ тiзбекше, бiлезiк) тағуға тыйым салынады.
Өндiрiстiк үй-жайларда тамақ iшуге, сондай-ақ жеке пайдаланып жүрген заттарды (кiлттердi, құжаттарды, ақшаны, тарақты) тамақты сақтауға тыйым салынады.
Дәрiхана ұйымдарының қызметшiлерi техникалық қауiпсiздiк пен өндiрiстiк санитария жөнiнде қолданылып жүрген ережелердi сақтауға мiндеттi.
Дәрілік заттарды сақтау температурасы
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау белгілі бір температурада жүзеге асырылады:
терең салқындату -150С-тан төмен;
тоңазытқышта +20С-ден +80С-қа дейін;
салқын жерде +80С-тан +150С-қа дейін;
бөлме температурасында +150С-тан +250С-қа дейін.
Формальдегидтің (формалин) 40 пайыздық ерітіндісі +90С төмен болмайтын температурада сақталады. Тұнба пайда болған кезде бөлме температурасында ұстайды, кейін ерітіндіні мұқият ағызады және формальдегидтің нақты құрамына сәйкес пайдаланады.
Мұзды сірке қышқылы +90С төмен болмайтын температурада сақталады. Тұнба пайда болған кезде қышқылды тұнба ерігенге дейін бөлме температурасында ұстайды. Тұнба ерімеген жағдайда қышқылдың сұйық бөлігін ағызып жібереді және сірке қышқылының нақты құрамына сәйкес пайдаланады.
Медициналық қою майлар +100С төмен болмайтын температурада сақталады. Тұнба пайда болған кезде оларды бөлме температурасында ұстайды, деканттайды және нормативтік құжаттың барлық талаптарына сәйкестігіне тексереді.


9-билет
1. Дәрілік заттардың дәрігердің рецептісі бойынша және рецептісіз босатуға жататынын айқындау жөніндегі осы нұсқаулық (бұдан әрі қарай - Нұсқаулық) халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыздандыруды жетілдіру және нормативтік құқықтық актілерді халықаралық заңнамалық кесімдермен үйлестіру, сондай-ақ дәрілік заттарды босату (сату) қатынасының бірыңғай бабын қабылдау мақсатында дайындалған.

2. Дәрілік заттардың дәрігердің рецептісі бойынша және рецептісіз босатуға жататынын дәрілік заттарды сараптау және мемлекеттік тіркеу кезінде анықталады.


3. Дәрілік заттардың дәрігердің рецептісі бойынша және рецептісіз босатуға жататынын: 1) препараттардың фармакологиялық сыпаттамасын; 2) адам ағзасына жанама әсерлерін; 3) терапиялық және уытты дозаларының қатынас деңгейін ескере отырып анықтайды.


4. Дәрілік заттардың дәрігердің рецептісі бойынша босатуға оларды тағайындау және әрі қарай қолдану тұрақты түрде дәрігердің бақылауында жүргізілуі керек дәрілік заттар жатады. Оларға:


1) "Есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасында бақылауға жататын, құрамында есірткілік құралдар бар заттар,психотроптық заттар, улы заттар мен прекурсорлар; 2) осы Нұсқаулыққа қосымшада келтірілген фармакологиялық топтардағы дәрілік заттар; 3) дұрыс қолданса да, бiрак медициналык қадағалаусыз, тұтынушылардың денсаулығына тікелей немесе жанама қауiп келтіретін дәрілік заттар; 4) құрамында әсерін және/немесе жанама әсерін әрі қарай зерттеуді талап ететін заттары бар дәрілік заттар;
5) парентералды тәсілмен енгізуге арналған дәрілік препараттар;
6) тек қана ауруханаларда қолдануға рұқсат берілген, немесе қолдануды қажет ететін дәрілік заттар, оның ішінде диагностикалық заттар жатады.

5. Дәрігердің рецептісіз босатылатын дәрілік заттарға:


1) өзінің қасиеттері бойынша осы Нұсқаулықтың 4 тармағымен белгіленген өлшемдерге кірмейтін;
2) репродуктивті уыттылығы, тұқым қуалайтын уыттылығы және канцерогендігі жоқ;
3) фармакологиялық сипаттамасында қанға, бауырға, бүйрекке, жүрек жұмысына теріс әсері жөнінде мәліметтері жоқ;
4) өндіруші-елінде немесе Еуропа Одағы елдерінде дәрігердің рецептісіз босатуға рұқсат берілген дәрілік заттар тізіміне кіретіндер жатады.
6. Дәрілік заттар айналымындағы мемлекеттік орган осы Нұсқаулықтағы 4 тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген фармакологиялық топтардағы дәрілік заттарды, егер олар өзінің сипаттамасы бойынша осы Нұсқаулықтағы 5 тармақтың 2), 3) және 4) тармақшасындағы өлшемдерге жауап берсе, рецепсіз босатуға жатқыза алады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет