8 тақырып: Нормативтік құқықтық актілердің түрлері, олардың әртүрлі өлшемдерге (заңкүші, оларды шығаратын субъектісі, әрекет ету аумағы және т.б. бойынша) байланысты
жіктелуі. Нормативтік құқықтық актілердің иерархиясы.
Мақсаты: студенттерге саяси-құқықтық режим мемлекет нысанының құрамдас бөлігі ретінде туралы білімді меңгеру. Саяси-құқықтық режим, мемлекет нысаны, оның негізгі мәселелері туралы қарастыру білім беру.
Тапсырмалар: Құқық нормаларының жіктелуі
Құқық нормаларының негізгі функциялары қоғамдық қатынастарды реттеу және құқық бұзушылықтан сол қатынастарды тиімді қорғау болып табылады. Құқықтық нормаларды реттеу функцияларына байланысты топтастырып қарағанда арнайы бір қоғамдық қатынастарды реттейді. Кейбір құқықтық нормалар мүліктік қатынастарды реттесе, басқалары экологиялық, қаржы, отбасы, әкімшілік, банк, сайлау, инвестиция, жер сияқты қатынастарды реттейді. Осыған байланысты құқықтық нормалар реттеу пәніне байланысты конституциялық-құқықтық, әкімшілік құқықтық, азаматтық-құқықтық және т.б. болып жіктеледі. Ал, құқықтық нормалар өздерінің іс жүзіне асырылуына байланысты мынандай түрлерге бөлінеді:
Міндеттейтін (диспозицияда көрсетілген)
Тыйым салатын (бұл да диспозицияда көрсетіледі)
Құқық беретін (көрсетілді).
Құқық жалпы ұғым болып табылса, құқықтық нормалар құқықты қалыптастыратын, дара ұғымдарының көп сандағы жиынтығы. Құқықтық нормалар құқықтың формалық болмысы, өмір сүруінің тыныс-тіршілігі, объективтендірілген түрі және сипаты. Құқық тек құқықтық нормалар арқылы өмір сүреді, қоғамдық қатынастарды реттейді және қорғайды. Сондықтан құқықтық нормалар құқықтың клеткалары болып табылады.
Норма сөзі латын тілінен аударғанда «үлгі», «ереже» деген мағынаны білдіреді. Құқықтық нормаларды қабылдау, бекіту әр уақытта мемлекет тарапынан болды және олардың мазмұнында қоғамдық қатынастарға түскен субъектілердің мінөз-құлықтары, әрекеттері туралы информация бекітіледі. Субъект өмірдегі сан алуан ситуацияларға тап болған жағдайларда оның сол сөттегі әрекеттері құқық нормаларымен реттеледі, немесе қорғалады. Мысалы, субъект үйін сату үшін нотариустың қатысуымен сату туралы келісімшарт жасауы тиіс, некеге тұру үшін кәмелеттік жасқа толу керек т.б. әрекеттер.
Құқықтық нормалардың өзіне тән мынандай ерекшеліктері бар:
Құқықтық нормалар бекіткен үлгі, талаптар бәріне бірдей қолданылады. Құқық нормаларының мәтінінде көрсетілген информация ситуацияға түскен субъектілердің әрекеттерін реттейді, шешімін бекітеді. Мысалы, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 23-бабы (нормасы) он төрт жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар үшін мәмлелерді олардың атынан ата-анасы, асырап алушылары немесе қорғаншылары жасайды деген ережені бекіткен. Яғни, бұл норма 14 жасқа толмағандардың бәріне бірдей болып табылады.
Құқық нормаларында халықтың, таптардың, топтардың, тіпті жеке адамның еркі де бекітіледі. Адамзат тарихында жеке адамның еріктерінің құқықтық нормаларында бекітілуі көп болған. Мысалы, коммунизм идеологиясының негізін қалаушы Карл Маркс өзінің «Коммунистік партияның манифесті» деген еңбегінде буржуазиялық қоғамдағы мұрагерлік туралы заңның өте қатаң талаптарын жоюды өз өмірінен алған. К.Маркс өзінің құдай қосқан әйелі бола тұрып, отбасында қызметші болған Ленхен деген әйелмен көңілдес болып, бала туғызған. Әйелінен сескенген К.Маркс Ф.Энгельске сәбиді «менікі» дегізеді, бірақ оған өзінің мұрасын бөліп беруді армандайды. Өкінішке орай сол көздегі заң бойынша заңды некеден туған балаларға ғана мұрагерлік берілген. Социалистік идеологияны жазу барысында К.Маркс «Коммунистік партияның манифесінде» қатаң мұрагерлік заңын жоққа шығаруды талап етті.
Құқықтық нормалар қажет болған жағдайларда мемлекеттік күшпен қамтамасыз етіледі. Сот, прокуратура полиция және басқа да мемлекеттік органдар құқық нормаларын бұрмалаған немесе орындамаған субъектілерге күш қолданады, жауапқа тартады.
Құқықтық норма дегеніміз мемлекет бекіткен, бәріне бірдей, формаларды — айқын және орындалуы, сақталуы, қажет болған жағдайда күшпен қамтамасыз етілетін мінөз кұлықтың үлгісі.
Құқық нормаларының мазмұны
Құқықтық нормалар жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың нақтылы мағынадағы құқықтық жағдайларын, мінөз-құқықтарын бекітеді. Құқықтық қатынасқа түскен субъектілер құқық нормаларындағы ереже, үлгі талаптарына сай ғана әрекеттер істеулері тиіс. Формула жүзінде:
«Мен солай істеуім керек, құқық нормасы менен соны талап етеді» деген талап іс жүзіне асырылуы тиіс. Осыған байланысты құқықтық нормаларының мазмұны мынандай ерекшеліктермен айшықталады:
Құқықтық нормаларда қайсыбір болмасын заманның, тарихи жағдайлардың тілек-талаптары мен қажеттілігі бекітіледі. Мысалы, Қазан төңкерісінен кейін Кеңес өкіметі қабылдаған құқық нормалар өтпелі дәуірдің барлық талаптарын бекітті (жерді тартьш алу, завод, фабрикаларды тәркілеу, байларды сайлау құқықтарынан айыру, қалыңмалды, әмеңгерлікті, көп әйел алушылықты жою).
Субъектілердің құқықтары мен міндеттері нақтылы, айқын мағынада бекітіледі. Жеке және заңды тұлғалар тек талаптар негізінде құқықтары мен міндеттерін атқара алады. Құқықтық норма үлгісінен тыс әрекеттер заңсыз деп танылады.
Құқықтық нормалардың мазмұны, түсініктілігі және санаға ұғымдылығы оны жазған, қабылдаған органдардың сауаттылығына тікелей байланысты болды. Шашыраңқы, түсініксіз, қайталауы басым, дұрыс дәрежеде аударылмаған құқықтық нормаларды қолдануда көптеген қиындықтар туындайды. Құқықтық нормалар математикалық формулалар сияқты нақтылы, айқын және қысқа болулары шарт. Көпсөзділік, мағынасы түсініксіз нормалар бұрмалауға жол ашады, заңсыздыққа әкеп соқтырады.
Белгілі күштер, партиялар, топтар және таптар лоббизм тетіктерін пайдалану арқылы өз мүдделерін құқық нормаларында бекітеді.
Әр көзде тиімді құқықтық нормалар қоғамдық қатынастарды реттеуде қоғамды прогреске жетелейді, шиеленістердің болуын тежейді. Керісінше, тиімсіз нормалар өмірдің дамуын тежеп, керітартпалық рөл атқарады. Құқық жасаушылықтың мақсаты заң ғылымының жетістіктерін пайдалану арқылы тиімді құқық нормаларын қабылдау болып табылады. Құқық нормаларының мазмұнын аталмыш ерекшеліктерді біртұтастық мағынада танып, зерттегенде ғана оның барлық сипаты мен тиімділігіне баға беруге болады.
Құқық нормалары және дара кесімдер
Құқықтық нормалар басқа әлеуметтік нормалармен салыстырып қарағанда жалпы мазмұнға ие, бәріне бірдей қолданылатын мінөз- құлықты бекітеді. Осыдан мынандай қорытынды туындайды: Құқықтық нормалар өмірде болған жағдайларға сан алуан рет қолданылады және ол жеке бір субъектке бағытталмайды жалпыға бірдей болып табылады. Мемлекеттік органдар өздерінің құқық бекіткен құзырлары бойынша құқықтық нормаларды қабылдайды. Бірақ, қабылдаған нормалардың бәрі құқықтық нормалар болып саналмайды. Олардың шығарған көптеген кесімдері әр түрлі жағдайларға байланысты болған сәттерге арналып шығарылады. Мысалы, Қазақстан Республикасының Президентінің бір адамды орденмен марапаттау туралы шығарған жарлығы, министрдің төменгі сатыда тұрған бөлім, басқарма бастықтарын тағайындау туралы шығарған бұйрықтары, облыс әкімінің аппараттағы бөлім басшысын тағайындау туралы шығарған бұйрықтары және т.б. бұл жерде лауазымды тұлғалардың шығарған кесімдері өздерінің құзырларына байланысты, бір ғана жағдайларға байланысты бір ғана жағдайларға қатысы бар, басқа адамдарға ешқандай қатысы жоқ. Судьяның заң негізінде шығарған шешімдері мен үкімдері де дара кесімдер қатарына жатады. Дара кесімдер құқық нормалар сияқты нормативтік сипатқа ие бола алмайды, бір ғана жағдайларға қолданылады, сонымен өзінің қүшін жояды.
Құқықтық нормаларының құрылымы (структурасы)
Құқықтық нормалардың өздеріне тән арнайы құрылымы болады. Құқықтық нормалардың құрылымы танудың теорияға және тәжірибеге мәні өте зор. Оны меңгеру, білу арқылы заңгерлер құқықты қолдану процесі қызметінде қеңінен пайдаланады.
Достарыңызбен бөлісу: |