1-билет Дәріхана ұйымдарының қызметшілері қандай ережелерді сақтауға міндетті


Рецептiмен босатуға жатқызылған дәрілік заттардың фармакологиялық тобы



бет2/2
Дата22.05.2022
өлшемі23,34 Kb.
#144471
1   2
Байланысты:
1-билет, 9
Проф.русский язык Тема 2., Проф.русский язык Тема 2., Акжан Амиртай есептер, 4 apta anal, патфиз
Рецептiмен босатуға жатқызылған дәрілік заттардың фармакологиялық тобы
Рецептiмен босатуға келесі фармакологиялық топтарға кіретін:
1) сыртынан және қынаптық қолдануға арналған бактерияларға қарсы дәрілік заттарды қоспағанда, шығарылу нысанына қарамастан, антибиотиктер;
2) сульфаниламидтік;
3) сыртынан және қынаптық қолдануға арналған тазға қарсы дәрі-дәрмек құралдарын қоспағанда, тазға қарсы;
4) энтералды қолданылатын гормональды ұрықтануға қарсы дәрілерді қоса алғанда,
гормональды;
5) альфаға, бетаға, гистаминоға, холино рецепторға, дофаминдік жүйеге, сондай-ақ клеткалардың мембраналық потенциалына әсер ету арқылы тиімді әсер ететіндер;
6) гемо-и гомеостаз жүйесіне тікелей әсер ететіндер;
7) баяу тизидті препараттардан, сондай-ақ өсімдік тектес заттардан басқа, диуретикалық;
8) антиаритмикалық;
9) жүрек гликозидтері ("Лантозид", «"Целанид" препараттарын қоспағанда);
10) коронароактивті ("Нитроглицерин", "Сустак мите" препараттарын қоспағанда);
11) тыныс жолдары демікпесін шұғыл және базалық емдеу үшін пайдаланылатындар;
12) iсiкке қарсы және цитостатиктер;
13) рефлекторлы және тікелей әсер ететін препараттарды қоспағанда, қақырық түсіретін және муколитикалық;
14) паркинсонизмді емдеуге арналған;
15) кальций антогонистері;
16) сыртынан қолдануға арналған дәрілік нысандарды қоспағанда, энтеральды және парентеральды колданылатын стероидты емес қабынуға қарсы, сондай-ақ салицилаттар, парацетамол, анальгин
17) иммунды модуляторлар және иммунды депрессанттар;
18) сыртынан қолдануға арналған және мұрын ішіне енгізетін интерферонды қоспағанда, вирусқа қарсы;
19) антилипидемиялық;
20) ангиотензинге айналатын ферменттің ингибиторы (ААФИ);


Қандай аппараттар бар (тазартылған суды алу, дәріхана ыдыстарын жуу, кептіру және стерилдеу).
Осы санитарлық ережелерде пайдаланылған негізгі ұғымдар:

дәріхана - емдік препараттарды дайындауды және дәрі-дәрмектерді бөлшек саудада сатуды жүзеге асыратын ұйым;


асептикалық жағдайлар - технологиялық процестің барлық кезеңдерінде дайын өнімге микроорганизмдердің немесе механикалық бөліктердің түсуіне жол берілмейтiн стерильді дәрілік заттарды дайындау жағдайлары;


ауа шлюзі - ерекше тазалықты талап ететін үй жайларда микроорганизмдердің немесе механикалық бөлікшелердің өтуіне жол бермеу үшін, түрлі тазалықтағы белмелер арасындағы ауа ағынына кедергі жасау мақсатында қызмет ететін, екі немесе бірнеше есігі бар үй-жайлар арасындағы тұйық кеңістік;

Тазартылған суды және инъекцияға арналған суды алу асептикалық жағдайларда, осы санитариялық ережеге 48-54-тармақтарына сәйкес жүргізіледі.


83. Тазартылған су физикалық-химиялық көрсеткіштер бойынша дәрілік заттардың сапасын нормалайтын мемлекеттік стандартар талаптарына сәйкес болады. Асептикалық жағдайды талап ететін дәрілік түрлерді дайындау кезiнде тазартылған судың микробтык тазалығы осы санитариялық ереже талаптарына сәйкес келеді.
84. Иньекция және инфузияға арналған ерітінділерді дайындауға арналған су апирогенді болады.
85. Тазартылған суды, инъекцияға арналған суды алу және сақтау арнайы жабдықталған үй-жайда жүргізіледі. Су айырумен байланысты жұмыстарды орындауға жол берiлмейдi.

86. Тазартылған суды және инъекцияға арналғансуды алу аквадистиллятор көмегімен, оған қоса берілген нұсқаулыққа сәйкес жүргізіледі. Жаңа аппаратты пайдаланар алдында аппараттың ішкі беті этиль спирті мен эфир (1:1) қоспасымен суланған


мақтамен, сосын сутегі пероксидінің 6% ерітіндісімен суртіледі. Содан соң аппарат арқылы жиырма-отыз минут бойы бу салқындатылмай жіберіледі,тазартылған айырылған судың бірінші порциясы колданылмайды, ағызылады. 87. Күн сайын айыру алдында жиырма-отыз минут бойы тоңазытқышты қоспастан бу аквадистиллятор арқылы өткізіледі. Жиырма-отыз минут бойы алынған алғашқы судың порциясы ағызылады да су жинау басталады.


88. Алынған тазартылған су және инъекцияға арналған су таза стерильденген, бумен өңделген өнеркәсіптік өндіріс жинағыштарына, шыны баллондарға жиналады. Жинағыштарда «Тазартылған су», «Инъекцияға арналған су» деген анық жазулары болады. Егер бір уақытта бірнеше жинағыштар қолданылатын болса, олар нөмірленеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет