Педагогтар мен мамандардың өзара байланыстары деп баланың мәселелерін шешуде кешенді бағытты қамтитын, балалар мен жасөспірімдерді дамыту, оқыту, тәрбиелеу және әлеуметтендіру міндеттерін шешуге бағытталған, білім беру процесінің субъектіне (бала, топ, сынып) жетекшілік жасауға бағытталған түрлі мамандар мен педагогтардың біріккен іс-әрекеті саналады. Сонымен, жалпыға білім беру процесінде мүмкіндігі шектеулі балаларға педагогикалық қолдау көрсетудегі мамандардың өзара байланыстарын психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде «жүйелі әсер» деп қарастырады. Жүйелі әсер түрлі мамандардың (педагогтар, дефектологтар, психологтар, логопедтер) бірігіп жұмыс жасауы арқылы іске асырылады.
Мамандар пәнаралық байланыс процесінде психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетудің стратегиясын, тактикасын, мазмұнын және динамикасын құрастырады, мүмкіндігі шектеулі баланың және оның отбасының мәселелерін кешенді және нәтижелі шешеді.
Мұндай өзара байланысқа жатады:
баланың мәселелерін анықтау мен шешуде, түрлі бағыттағы мамандардың көмегін ұсынуда кешенді жұмыс жүргізу;
баланың жекетұлғалық және танымдық дамуын талдауда жан-жақты жұмыс жүргізу;
баланы жалпы дамытуға және оқу-танымдық, тілдік, эмоционалды-еріктік және жекетұлғалық аймақтарының кейбір қырларын түзетуге арналған кешенді жеке бағдарламаларын құрау.
Инклюзияның мақсаттарын іске асыру үшін білім беру мекемесінде
түрлі бағыттағы мамандар жұмыс істейді – дефектологтар, психологтар, логопедтер, тәрбиешілер, қосымша білім беру педагогтары, медициналық қызметкерлер. Инклюзивті топтағы жұмыс нәтижелі болуы үшін мамандардың өзара байланыстарын ұйымдастырудың түрлі жобаларын құрастыру қажет. Инклюзивті топтың іс-әрекетін басқару үшін жалпыға білім беру мекемесінде пәнаралық топтар құрылады.
Педагогтар мен мамандардың топтық жұмысының 5 негізгі принциптері бар:
инклюзивті білім беруді бірыңғай психологиялық-педагогикалық идеология және стратегия екендігін қабылдау;
маманның басқа пәндерге қызығуы, әмбебабтық пен жаңашылдыққа, жаңа білімдерді меңгеруге дайындығы;
топ мүшелерінің барлығын сыйлау, түсіну, ашық болу, көмек көрсетуге дайын болу;
білім беру процесінде топ мүшелерінің тең құқылы болуы;
жалпы жұмыстың нәтижелеріне жауапкершілік;
топ мүшелерінің рольдерін шешуде олардың басымдылығын сақтау.
Мамандардың топтық жұмысының негізгі аспектілері.
Бірінші аспект: балабақшадан мектепке дейін бірыңғай инклюзивті білім беру траекториясын жасау. Бұл міндетті нәтижелі іске асыру шарттары болып табылады:
әр кезеңдерінің нормативті даму заңдылықтары мен кезеңдерін білу;
міндеттелген оқу нормативтерін емес, әр жас кезеңінің психологиялық және педагогикалық міндеттерін түсіну;
«ерекше» балалардың ерекшеліктерінің механизмдері мен себептерін түсінуге негізделе отырып, олардың психикалық дамуының өзгешелігін ескеру;
Екінші аспект: білім беру мекемесінде инклюзивті кеңістікті қалыптастыруды біртіндеп енгізу. Бұл бағыттағы пәнаралық қолдау көрсетудің ұйымдастырылған «қадамдарының» нәтижелілігі келесі жұмыстармен анықталады:
инклюзивті білім берудің мағыналық кеңістігін анықтайтын нәтижелі мамандар тобын құрумен;
баланың даму ерекшеліктеріне және білім беру мекемесіндегі білім ортасына адекватты балалар топтары немесе сыныптарының құрылуы;
мүмкіндігі шектеулі балаға қажетті ретпен және тиіс мөлшерде нәтижелі көмек көрсету жолдарын қарастыру;
Қорытынды: Жалпы білім беру мектептерде инклюзивті білім беру үдерісін басқаруда мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жүргізетін мамандарды, педагогтарды, психологтар даярлауды да қажет етеді. Маман даярлауда жауапкершілігі өте үлкен мамандық екендігін бастапқы кезден бойына тарыта білуіміз қажет. Педагог қарапайым оқушына ғана емес, ерекше мұқтаждықты талап ететін балаларды тәрбиелейтінін ескере өтуіміз қажет. Осындай ұйымда психологтың да атқаратын жұмысы күрделі. Психолог ерекше мұқтаждыққа ие балалармен ғана емес қарапайым оқушыларменде тығыз қатынаста бола білуі абзал. Сонымен, жалпы білім беру үдесірне инклюзивті білім беруді қосу барысында оқу үдерісін басқару және де ұйымдастыруда педагогтың қосар үлесі зор екенін көреміз.