Ақтөбе облысы Шалқар қаласы гкс-12 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі



Дата04.08.2017
өлшемі298,35 Kb.
#22800
Ақтөбе облысы Шалқар қаласы

ГКС-12 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Төлеген Гүлшат Бақытқызы

Сыныбы: 1 «а»



Тақырыбы: Әліппе-білім бастауы Мақсаты: І. Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау .Оқушыларға әліппе мен Ана тілінің маңызын түсіндіру ІІ. Оқушылардың алған білімдерін іс жүзінде көрсете отырып ой-өрісін, сөздік қорын,тіл байлықтарын дамыту. ІІІ. Оқушыларды ұйымшылдыққа,достыққа,білімділікке тәрбиелеу. Көрнекілігі: интерактивті тақта, шарлар, әріптер, үлестірмелер, суреттер. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі ІІ. Мұғалімнің құттықтау сөзі Мұғалім сөзі Құрметті ата-аналар,ұстаздар,оқушылар! Бүгінгі «Әліппе- білім бастауы» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Әліппе барлық ілім-білімнің басы. Әліппе- ғылым анасы. Бүгінгі күні біздің қуанышымызда шек жоқ.Өйткені біз тұңғыш рет сауатымызды ашқан әліппені бітірдік. Әліппені бітіру,өмірге бастайтын белестердің бірі. Бүлдіршіндеріміз бүгінде бойларына жауапкершілігін алып, борыштарының алғашқы асуынан аман-есен асып, есейіп отыр.Шәкірттер-атаның ұлы емес, халықтың баласы болсын. Кішкентай бүлдіршіндеріңіздің білім өлкесіне қарай басқан алғашқы қадамдары құтты болсын! -дей отырып 1 а сыныбының талантты,өнерлі,әдемі оқушыларын ортамызға шақырайық.(оқушылар кіреді, қолдарына шар ,музыка ойнап тұрады ) ІІ. Гимн ІІІ. Келесі сөз кезегін оқушыларға береміз 1. Көз салып қараңызшы бойымызға Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға Хош келіпсіз, ұстаздар ата-аналар Әліппмен қоштасу тойымызға 2. Даниял 3. Алина 4. Шұғыла Баршаңызға иіліп сәлем берем, Мен қызымын Нұрымның Шұғыла деген Оқуды да, жазуды тез игердім, 42 әріпті жатқа білем 2. Жансұлу Отбасының еркелеткен, Жарқыраған жұлдызымын

Сабақты жақсы оқитын Жансұлу деген бір қызыңмын 3. Алина Алина деген баламын, Таудай биік талабым. Жақсы оқып сабақты Білімді адам боламын. 4.Даниял Ұстаз ұғар қашанда, Дамуын әр баланың Жақсы оқитын сабақты, Даниял атты баламын 5.Айқаракөз Қыздар деген бола алады қыр гүлі Қазақ қызы болу керек үлгілі Жақсылыққа ұмтылатын әрқашан Жандосымның Айқаракөз атты мен қызы 6. Жансерік Жақсы әдепті, жақсы істі. Бойыма әр кез термекпін Қиын-ау деп қайыспайтын Ер мінезді Жансерікпін 7.Нұржан Шәкіртінсіз ұстаз ісі, Жарқырай ма, жана ма? Жеті өнер де жеткіліксіз Нұржан деген балаңа. 8.Фараби Кең болсыншы,еліміздің керегесі, Тату болсын,болмағай ерегесі Таныстырсам өзімді ау ағайын Фарабимін , ата-әжемнің немересі 9.Жандәулет Жандәулетпін,Көбейсін ата баласымын, Әжемнің тәттісімін, дарасымын, Қашанда қатарластың алды болып, Сенімін ақтаймын мен анашымның 10.Халифа Халифа деп қойыпты есімімді, Бұл әрине ата-анамның шешіміде, Ақылды боп көп істер атқарамын, Ұстаз сөзін ұғамын жатқа бәрін 11.Азамат Түсінсем деп бар кітапты Ынта қойып қарамақпын, Сыныптағы ең кішісі Мен Таңжарбай Азаматпын 12.Ерасыл Суретті шебер саламын, Есепті тіпті шағамын Білімді де өнерлі Ерасыл атты баламын 13.Айсамал Сабақтан еш қалмаған, Ерінбей оқып талмаған Боламын мен де үлгілі Айсамал атты бір балаң 14. Манер Менде есті баламын, Айтқан тілді аламын, Жұмсағанға барамын, Жақсы менің сабағым. Манер деген ару қыз Мен боламын, ағайын Мұғалім: Балалар, айтып жіберіңдерші, кімнің баласысыңдар?( балалар кезектесіп) Жандәулет: Бұтағы – бабамның Даниял: Ұрпағы- атамның Азамат: Шуағы- әжемнің Жансерік: Тұяғы- әкемнің Халиф: Тілегі- анамның Нұржан: Тірегі- ағамның Ерасыл: Түлегі- даламның Фарафи: Жерінде бабамның Хормен: Мен қазақ баласымын. Ән: Ата- ананы тыңдаймыз. Мұғалім: Балалар, болашағы біздер болатын қазақ елі қай мемлекетте тұрады? О: Қазақстан Республикасында М: Осы мемлекетіміздің президенті кім? О: Н.Ә.Назарбаев М: Республикамыздың астанасы қай қала?



Шұғыла: Отанымның төрінде, Сарыарқаның өрінде, Ту ұстаған- Астана әсем қалам, бас қалам М: Қазақстан қандай ел? Айсамал: Қазақстан- Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі, Әнұранымен айбатты, тәуелсіз ел. М: Қазақстан біздің Отанымыз.Отан деген не? Жансұлу: Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді.
Отан дейміз туған жер, атамекен -
Биік тау, орман-тоғай, көлімізді. М: -Осындай Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі, Әнұранымен айбатты, Астанадай әсем, бас қаласы, астанасы бар елдің балалары біздер қандаймыз? О: Бақыттымыз! Ән: Жаса, Қазақстан! М:Балалар естеріңде ме, ең алғаш мектеп табалдырығын аттаған күндерің қай күн еді? О: 1 қыркүйек М:Іші толған әріпке, Білімдегі жарық не? О: Әліппе М:Ең алғаш әліппені жазған кім? О: Ы.Алтынсарин М: Дұрыс. Олай болса Әліппені ортаға шақырайық. О: Әліппе,Әліппе, Әліппе! Әліппе келеді: Ішім толы әріпке Менмін айбат әліппе! Барлық ілім- білімнің Бастауы мен-әліппе Айқаракөз Әліппем менің, әліппем! Сені қолға алып мен Есігін аштым мектептің Ертеңгі сәуле жарықпен Алина Келгенде алғаш мектепке, Білмеуші едік әріпті Оқимыз қазір ертекте Үйреткен оны әліппе Әліппе: О, рахмет балаларым! Менің бұл жерде 40әріп 2таңбам бар. Ал сіздерге әріптердің сөйлегендігі туралы ертегі айтып берейін. Ерте, ерте, ертеде, Ешкі жүні бөртеде, Қырғауыл жүні қызыл екен, Құйрық жүні ұзын екен. Баяғыда орманда екі үй болыпты, біреуі көк, біреуі қызыл. Көк үйде дауыссыз дыбыстар, қызыл үйде дауысты дыбыстар тқрыпты. Олардың атасы «Әліпби» деген дана болыпты. Осы екі үйдің қызыл үйшіктегі әріптері дауыс шығарып көңілді тұрыпты да, ал көк үйдегі әріптер үнсіз өмір сүріпті. Бұны көрген Әліпби «Мен осы екі үйдегі әріптерді араластырсам не болар екен?» деп ойланып, араластырыпты. Сөйтсе ғажап бір жайға куә болыпты. Әріптері сөйлей жөнеліпті. Осылайша әріптерден сөз, сөйлем пайда болыпты. Енді кезекті осы әріптерге берейік. (Үйшіктегі әріптер сөйлейді) Отан.Әліппе.Астана Фараби Енді біз оқи аламыз. Әріпті қосып әріпке Риза болып саған жүреміз Сүйікті біздің әліппе Жансерік Үйретті бізді әліппе, Қырық екі әріпке Сөз,сөйлем құрап әріптен Лайық болдың дәріпке Жандәулет Нүкте, үтір,жақшаны білдік. Азат жолмен шекараны білдік. Бас әріппен бастап сөйлем жаздық.  Нүкте қойып аяқтадық. Ән: 42 әріп (Жандәулет, Азамат, Фараби) Мұғалім: Қане келе қойыңдар, Мұнда ғажап ойын бар. Әріптермен танысу Деген қызық ойын бар. Қане, қайда әріптер Бәрін бері алып кел Айтып шықсын түр-түсін Сен оларды танып көр Енді сөз кезегін әріптерге берейік! Айқаракөз Абай ата өлеңін Апама оқып беремін Жансерік Әуезов Мұхтар атаның Әлем білді атағын Фараби Ғабиден, Ғабит еңбегі Ғұмырлық байлық елдегі Жансұлу Дәуірден тұр тіл қатып, Дулат ұлы Міржақып Манер Жүсіпбек Аймауытов- ұлы дарын Жұртына берсем деген білім нәрін Алина Зерек болсаң, замана бәрін берер, Зейін Шашкин- жазушы, әрі дәрігер Ерасыл Орны бөлек алыптың Олжас ұлы халықтың Жандәулет Ізімен келе жатқан өршіл үміт, Ілияс ақын ата Жансүгіров Халифа Ұл-қызын әлдилеген жастан әні, Ұлылық туған елден басталады. Нұржан Өнер алды- қызыл тіл Дулет ақын шын бұлбұл Шұғыла Фариза апа қазақтың бұлбұл қызы, Жыр аспанда жарқырап тұр жұлдызы

Азамат Сындарлы елдің сұңқары Сәкеннің біз ұрпағы Айсамал Иірімі өлеңінің ғажап еді, Исаны ұмытпайды қазақ елі Әліппе: Рахмет балалар! Білмесбек болмай. Білгішбек болыңдар. (Сахнаға кір қожалақ Білмесбек келеді) Білмесбек: 
-Мыналар не жиналған -әй. Менің атымды атаған қайсың? 
Мұғалім: 
-Сәлеметсің бе Білмесбек! Сені атаған мен ғой. Бүгін бізде «Әліппемен қоштасу» мерекесі. 
Білмесбек: 
-Әліппемен қош-та-су. Қоштасыңдар, қоштасыңдар! Қой мен кетейін. Чао! 
( кетіп бара жатып, бір баланың шарына ұмтылады) 
Бала: 
-Тиіспе, менің шарыма . Мұнда әріп жазылған. 
Білмесбек: 
-Әріп дейді. Қайдағы әріп, мынау доңғалақтың суреті, ал мынау есіктің суретін салып қойыпты-ей. Бұлардың бәрін мен Әліппені оқымай-ақ білемін. 
Мұғалім: Ол не дегенің Білмесбек. Бұлар О,П әріптері. Дегенмен балалар Білмесбектің сөзінің жаны бар. Әрбір әріп бір нәрсеге ұқсас. 
Кәне, енді мақалдар құрастырып, оқу сауатымызды көрсетейік. Мақалдарды дұрыс оқу үшін сандарды өсу ретімен орналастыру керек. Содан соң шыққан сөзді оқимыз.Білмесбек бірнеше рет ұмтылып, балалармен бірге жауап бергісі келеді де, әріпті білмейтіні есіне түсіп, желкесін қасиды.  Әліппе -Міне Білмесбек , көрдің бе? Балалар әріпті қалай жақсы біледі. 
Білмесбек -Онда мен де кітап оқығым келеді. 
Әліппе -Бұның дұрыс болды. Тек алдымен үсті –басыңды тазалап, жөнге сал. «Әліппені» таза, ұқыпты балалар ғана ұстайды. 
Білмесбек: Жарайды.(шығып кетеді) 
Мұғалім :Балалар , әріптерді танып қана қоймай, олардың басын қосып осылайша оқи білулерін ата-ана үшін де ,мен үшін де үлкен қуаныш.  Әліппе: Балалар, менің кішкентай досым бар еді көрген жоқсыңдар ма?

Тапқышбек: Мен, мұндамын. Әліппе: Балалар, сендер бұның кім екенін білесіңдер ме? Тапқышбек: Мен Тапқышбекпін. Әліппеде менің тапсырмаларымды дұрыс орындағандарыңды білемін. «Мектеп-кеме, білім- теңіз» демекші әліппеден тағы не үйрендіңдер, соны білгім келіп тұр.Тек әріптермен танысып қана қоймаған боларсыңдар? Әліппе: Дұрыс айтасың Тапқышбек. Балалар менен көптеген тақпақтар жаттады. Қазір соларды тыңдап көрейік. Қане , кім айтады? Көрініс: Әліппе мен дәптер Автор: Дәптер мен Әліппе қызыл сөмке ішінде кездесті. Әліппе аздап ұсталған,ал дәптер су жаңа.


Дәптер: - Әй, былай қыстырылмай орын бер мағанОрын бер маған. Мен саған былай тұр дедім ғой.Ойбай, ішегім ай, мына ескі әліппе қайтеді-ей. Әліппе:
- «Күлме досыңа, келер басыңа» деген мақал бар. Дәптер:
- Күлмей жылаймын ба? Әліппе:
- Неге сонша күлесің, күнде ұрыссаң енді қалай өмір сүреміз? - Дәптер: Маған ақыл үйретпей-ақ қой. Ақылыңның керегі жоқ. Әліппе: -Сен кеше ғана өмірге келдің. Баратын жерің мектеп. Мектепте тәртіп сақтау керек.
- Ақыл емес, реті солай бауырым.. Дәптер: - Сенің келгеніңе неше жыл болды? Әліппе:
-Екі жыл Дәптер:
- Өзімде біліп едім. Қартайған екенсің. Алжып кетуге жақын сияқтысың. Әліппе: Менің бетімде 42 әріп бар. Ақын да, ғалым да сауатын ашқан. Менеің сыртқы түріме қарап баға берме, ішімді оқы. Дәптер: - Мен жаңамын. Әдемі етіп бетіме жазады. Білім алуға көмектесемін.

Әліппе: - «Сен мақтанба екеуміз де адамға қызмет етеміз» (Қоңырау соғылады)

1бала Әліппе сауатыңмен санамды аштың,
Достарыммен теңдес араластым.
Үйреніп, әріптер мен әңгімені,
Күн сайын алға қарай қадам бастым. Әліппе жарты жылдай жолдас болдым,
Ана тілге әкеліп жалғастырдың.
Әр әріпті қостырып, сөзін құрап,
Хат танытып, алғаш сен көзімді аштың. 2 бала Дәптер сенің серігің, Дәптер досың болады. Әріптердің сұлбасы Дәптеріңе қонады. Айтқан сөзін құпта да. Ұстазыңды құрметте Дәптеріңді күт бала. Дәптеріңді кірлетпе Би: Өзбек биі (Айқаракөз, Жансұлу) Мұғалім: Балалар, Біз Әліппеден оқу, жазуды білсек, ал математикадан санауды, есептеуді, сандарды жаза білуді үйрендік. Ендеше сандарды сөйлетіп көрейік. Жандәулет Бір дегенім- білім, Білім жарық күнің Шұғыла Екі - дегенім - еңбек,
Еңбек бәрін жеңбек.
Халифа Үш дегенім - үміт,
Үмітсіз жоқ жігіт.
Манер Төрт - дегенім талап,
Талмайтұғын қанат.
Фараби Бес- дегенің бірлік,
Бірліксіз жоқ тірлік.
Жансұлу Алты дегенің арман,
Атар таңың - алдан.
Айсамал Жеті дегенің- жігер,
Жеңер жолын білер.
Айқаракөз Сегіз дегенің – сенім,
Сүйенішің сенің.
Алина Тоғыз дегенің талғам,
Тура жолға салған.
Даниял Он дегенің – Отан,
Отанды сүй ботам. Әліппе: Ал, енді балалар, мен сендерді ары қарай білім нәрімен сусындататын өзімнің досыммен таныстырғым келеді. Ол үшін сендер осы уақытқа дейін алған білімдеріңді маған көрсетулерің керек. Ол үшін біз қазір «Қар жинау» ойынын ойнаймыз. Мектебіміздің ауласында көп қарлар бар екен. Сол қарларды алып мектеп ауласын тазартайық. Қазір мына қарлардың артындағы тапсырмаларды дұрыс орындайық. 1. Дыбыстар нешеге бөлінеді? (2 дауысты, дауыссыз) 2. Дыбыс деген не? Әріп деген не? 3. Алфавитте қанша әріп бар? 4. 5+3 7+2 6+4 4+3 5. 10-4 7-3 8-5 9-6 6. Геометриялық фигураларды ата 7. 9-дың құрамын ата 8. 10-ның құрамын айт 9. Табиғат нешеге бөлінеді? 10. Сезу мүшелерін ата Әліппе: Жарайсыңдар, балалар! Енді сендер менің жолымды ары қарай жалғастыратын ана тілі пәнімен танысыңдар.Ана тілін ортаға шақырайық. Ана тілі: Саламатсыңдар ма, балалар? Бала: Саламатсызба, ана тілі? Ана тілі: Мен- ана тілімін. Енді сендер мені оқитын боласыңдар! Ақыл- ойын дананың Ана тілден аламын. Ана тілді ардақтап Қызығына қанасың Өсірген ой мен білімді Сүйіңдер, ана тіліңді Мақсат ет, әрбір сөзінің Мәндерін терең білуді.  Балалар: Бар әлемде анаға, Басымызды иеміз Бабамыздың, даламыздың үні деп. Ана тілін, Ана тілін сүйеміз! Ана тілі: Жарайсыңдар балалар, рахмет сендерге. Кітап оқу адамға Әкеледі жақсылық. Көп оқысаң көп біліп. Оянады жақсы үміт. Балалар ! Сендерге менің жұмбағым бар. Қане кім тез ойланып шеше алар екен? 1. Сөйлемейді, күлмейді. Соңымнан өзің жүр дейді. (Көлеңке) 2. Бір үйдің 40 баласы бар. Сөзге шорқақ екі дарасы бар.( 40әріп, 2таңба) 3. Бүлдірсең дәптерді, Кетірем, тап мені. (Өшіргіш) 4. Жазу жазып, жалықпаған Жаза-жаза арықтаған (Бор) Әліппе: Рахмет, құрметті оқушалар! Мен сендерге өте ризамын. Енді жаңа достарың Ана тілін де мендей сүйіп, күтіп құрметтеңдер. Енді мен сендермен қоштасамын. Балалар: Бізге білім, салып берген. Қош,қош енді Әліппе! Ән: «Рахмет, саған, Әліппе!» Халифа Әліппем, менің Әліппем,
Өмірді келем танып мен, Қайталап айтам мың рет Өзіңе көп-көп рахмет!


Даниял Таныстырған 42 әріптен. Қош бол менің қасиетті әліппем Сенің арқаң оқи, жаза білгенім. Сауатты адам санатына кіргенім Манер: Әліппе даңғыл жол ашты Жаңадан пәндер жалғасты. Әліппе сынып ұқтырған. Рахмет, ұстаз, алғашқы. Ана тілі: Ал, балалар, сендер ойын сауықтарыңды жүргізе беріңдер. Біз ертең сабақ басталғанша демала тұрайық. Сау болыңдар, балалар! Балалар: Сау болыңыз, Ана тілі! Ән: Ақ көгершін Қорытынды: Балалар білім құтты болсыг. Денсаулығы ауырмайтын мықты болсын Білімдерін әрі қарай дамытатын. Ерінбейтін еңбекқор күшті болсын! - дей отырып ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Сөз кезегін мектеп басшыларына, ата-аналарға береміз.

Төлеген Гүлшат Бақытқызы Шалқар ауданы ГКС-12 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: «Қой» Ж.Смақов, «Қозы» Жуан дауысты дыбыстар Сабақтың мақсаты: І. Жуан дауысты дыбыстар туралы алған білімдерін пысықтау,төрт түлік туралы алған білімдерін толықтыру. Мәтінді оқи отырып, қой және қойдың пайдасы, оның ерекшелігі туралы мағлұмат беру, өз білімдерін молайту. ІІ.Тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын, сөздік қорын, байланыстыра сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. ІІІ.Оқушыларды төрт түлікке деген құрметке, оны сүйіп, күтіп бағуға тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі: төрт түлік суреті, ойындар «Кім шешен», «Адасқан сөздер», «Ұйқасын тап!», Интерактивті тақта. Сабақтың типі:: Жаңа сабақты меңгерту Сабақтың түрі: Аралас сабақ Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, тірек сызба, «Көрнекілік», «Топтастыру», «Ой шақыру», «Инсерт» стратегиялары. Сабақтың барысы: І. Алғашқы ұйымдастыру -Балалар қазір қандай сабақ? -Ана тілі Қызығушылығын ояту /Ой қозғау/ -Балалар қазір мен сендерге жұмбақ айтамын, ал сендер ойланып жауап беруге дайындалып отырыңдар. 1)Келеді бір жануар, Үстінде екі тауы бар /түйе/ 2)Қос мүйізді, төрт сирақты, Сыйлайды балдай ақ бұлақты /сиыр/ 3)Көкке шаншып құйрығын, Келеді шауып жүйрігім /жылқы/ -Жақсы, балалар! Біз қандай төрт түлік малдар туралы оқып едік? -Түйе, сиыр, жылқы. –Ендеше, біз бүгін топпен жұмыс жасаймыз.Үш топқа осы 3 түліктің атын береміз. І- топ.Түйе ІІ-топ.Сиыр ІІІ-топ.Жылқы Бізде көптеген тапсырмалар бар.Сол тапсырмаларға жауап берген оқушыларға фигуралар таратып беріп отырамын. Сол белгілер арқылы, өткен сабақтарымызды және жаңа сабағымызды қаншалықты меңгергендеріңді білеміз. Олай болса, сабағымызға кірісейік.Ендеше осы түліктер туралы сөйлейміз. Ойын: «Кім шешен?» Әр топ өзінің атына байланысты сөйлейді, олардың ерекшелігі туралы айтады. І.Түйе – төрт түліктің төресі.Түйе таптырмас көлік. Оның еті – тамақ,шұбаты – сусын, жүні – киім.Түйе шөлге төзімді. ІІ.Сиыр – ірі қара малға жатады. Сиырдың еті,сүті пайдалы,сүтінен айран,қаймақ,құрт,май,ірімшік жасалады. ІІІ.Жылқы – ер қанаты. Ол сезімтал,талғампаз жануар.Жылқыда өт жоқ.Сондықтан ол күйіс қайырмайды. Жылқының жүйрігі, жорғасы болады. Сұрақтар: І.Көп түйені не дейді? ІІ.Көп сиырды не дейді? ІІІ.Көп жылқыны не дейді? І.Түйе атасы не? ІІ.Сиыр атасы не? ІІІ.Жылқы атасы не? І.Түйені қалай шақырады? ІІ.Сиырды қалай шақырады? . ІІІ.Жылқыны қалай шақырады? Енді әр топ өздерінің тобының атына байланысты топтастыру жасайды.


түйе

сиыр

жылқы


Жаңа сабақ: Топтастыру стратегиясы: Оқушылар төрт түліктің үшеуі туралы айтылды,енді біреуі айтылған жоқ.Ол қандай мал? Қой. Сонда оқушылар төрт түліктің бірі қой.Осы туралы не білесіңдер? Мағынаны ажырату сатысы: -Балалар қой туралы сөздер,біраз мағлұмат біледі екенсіздер,енді мәтінде қой туралы, тағы не айтылады екен? Қазір мен мәтінді оқимын.Сендер оқулыққа қарап отырып, қолдарыңызға қарындаш алып, түсініксіз сөздердің астын сызып,белгі қойып отырыңыздар. а) Мұғалімнің оқуы, түсіндіруі «Инсерт» стратегиясы.

-Бір – біріңізді қайталамай түсініксіз сөздерді атаңыздар.

Аша тұяқты – айыр тәрізді

Уақ мал – ұсақ мал/ірі қара мал емес

Момын – жуас

Сүйсініп – жақсы көріп

Изен
Суретін көрсету

Жусан


ажырық

Киіз, алаша, кілем – суреттерін көрсету

Туырлық, үзік, түндік – ағаш үй макетін көрсету

Туырлық – керегені орай айналдыра жабылатын киіз

Түндік – шаңырақты жауып тұратын киіз

-Балалар сонда осы заттар қойдың жүнінен жасалады

-Енді қойдың төлі не? – Қозы

Сергіту сәті:

Енді қозыны шақырып көрейікші

Жазда атамның ауылына

Барып едім кыдырып

Бір қошақан алдымнан

Шыға келді жүгіріп

Қозының суретін ілу

-Ендеше осы қой баласы қозы туралы Жақан Смақов «Қозы» өлеңін жазыпты.

Автор туралы мәлімет

«Қозы» өлеңін өзім оқимын

Хормен оқу /өлеңді/

Мәтінді оқыту /2 оқушыға/



Дәптермен жұмыс:

Ойын: «Адасқан сөздер»

Мұндағы адасқан сөздердің орнын тауып,сөйлем құрап жазу

1)Өріске, мал,жайылды

2) Шөп,қозы,жеді

3) Ішті,құлын,су

4) Тасқа,лақ,секірді

/дауысты дыбыстың астын сыз/



Сұрақтар:

1) Не берілген?

2) Не құрадық?

3) Сөйлем дегеніміз не? Неден құралады?

4) Сөз неден тұрады?

5) Дыбыс дегеніміз не?

6) Әріп дегеніміз не?

7) Дыбыстар нешеге бөлінеді?

8) Дауысты дыбыстыр нешеге бөлінеді?

9) Жуан дауысты дыбыстарды ата?



Ойын: «Кім жылдам»

Ұйқасын тап

Ой толғаныс сатысы

а) Біз бүгін не үйрендік?

ә) Жуан дауысты дыбыстарды ата?

б) Қой жайлы қандай білім алдыңдар?

Қойдың төлі-

Қойдың атасы-



Қорытынды:


Аша тұяқты

Еті

Киім тоқиды



Қой



Қозы

Момын



Терісі пайдалы

Жүнінен киіз басады

Изен, жусан, ажырық


Қойдың пайдасы

Еті Майы Жүні Терісі

Жұмсақ Емдік Киім Былғары

Сонымен біз бүгінгі сабағымызды қой оның төлі қозы туралы білдік.Сендерді әкелерің,аналарың жақсы көргенде еркелетіп,қозым,қошақаным,ботам,құлыншағым дейді. Біз бүгінгі сабағымызды аяқтай отырып оқушыларды бағалаймын. /Баға қоямын/ Топтарын бағалаймын./Жеңімпаз топ анықталды/ Үйге тапсырма: Мәтінді оқу,мазмұндау,33-жаттығу.

Қозы туралы өлең жаттау.

«Елін сүйген, елі сүйген - Елбасы»

Сабақтың мақсаты: 1. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан

Әбішұлы Назарбаевтың туып өскен жері, өмір жолы,еңбегі

туралы мағлұмат беру.

2. Оқушылардың таным белсенділіктерін, қызығушылықтарын

дамыту.

3. Егемен мемлекетіміздің патриоттары болуға тәрбиелеу.



Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Әдіс-тәсілі: түсіндіру,сұрақ-жауап

Көрнекілігі: интерактивті тақта
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.
Сәлемдесу.
Оқушылар:

Сәлем саған, алтын күн!

Сәлем саған, туған жер!

Сәлем саған, достарым!

Сәлем саған, қонақтарым!

Ән: «Тәуелсіздік»

1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне арналған «Елін сүйген, елі сүйген - Елбасы» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер.



ІІ. Шаттық шеңбері. (оқушылар дөңгеленіп тұрады)

Жайлауымдай жазықпын,

Өзенімдей өршілмін,

Гүлдеріңдей нәзікпін.

Қуат алған өзіңнен

Туған елдің ұлымын.

Бақытты етіп өсірген

Отанымның гүлімін.


Сұрақ:

  • Балалар,Отан деген ұғымды қалай түсінесіңдер?

  • Отан - туған жерім, туған елім, отбасым, халқым, туған ауылым.

  • Біз қай ұлтпыз?

  • Біз қандай республикамыз?

  • Қазақстан Республикасының астанасы қай қала?

  • Еліміздің рәміздерін ата?

  • Гимннің авторларын ата?


Олай болса барлығымыз орнымыздан тұрып Гимнді орындайық.

ІІІ. Кіріспе.
Мұғалім:

«Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол - тәуелсіз Қазақстан» деп Елбасымыз айтқандай кең байтақ Қазақстан- туған өлкеміз, оны сүйіп құрметтеу- барлығымыздың парызымыз. Елбасымыз – Қазақстан елін дамытып, одан әрі өркендеуіне басшылық етіп отырған ерекше тұлға. Біз Елбасымызды мақтан тұтамыз.




Жандәулет:

Жеткен арман жаса, тәуелсіздігім,

Өз қолыма берген ерік тізгінін.

Ие болған әлем ілтипатына,

Дербес, бейбіт мемлекетпіз біз бүгін!
Шұғыла:

Таңды атырам ел ұрандай өр үнмен,

Елтаңбам тұр орын алып төрімнен.

Ата заңым сүйенер күш қуатым,

Көз тартады көк туым өз көгімнен.
Мұғалім:

Сөйлесіп бір жүрген қай сөзіңде де, халықты биік қоясың,

Халықпен бірге ашығасың да, халықпен бірге тоңасың.

Жастықтың жалын шақтарымен бірге айтып арман әндерін,

Қазақстанның бақтарымен бірге жапырақ жаясың.

Т.Молдағалиев
Мұғалім:

Тұңғыш Президентіміздің өмір жолы қиын да, қайталанбас көп қырлы. Назарымызды Президенттің туып өскен жері Үшқоңыр жайлауына назар аударайық.


Оқушылар:

1991 жылы 1 желтоқсан күні Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды.


2012 жылы 1 желтоқсанда бірінші Президент күні болып атап өтілді.
Жансерік:

Ата-бабам тұлпар мінген ойқастап,

Әрбір сөзі кесек-кесек ой тастап

Тәуелсіз ел Президенті сайланды

Қазағымның Нұрсұлтаны ел бастап.
Халифа:

Келбетіңнен ізгілік нұр көрінген

Лебізіңнен ол арманы өрілген

Сенің арқаң – Қазақстан көркейіп,

Достық әні шарықтады төрімнен.
Айсамал:

Серпігенде бодандықтың тұманын,

Жетті әлемге ұраным мен жыр-әнім

Өзің болдың көшбасшысы елімнің

Өзің болдың биік ұшқан қыраным.
Ой қозғау.

Елбасының өмір жолына , еңбек жолына арнап түсірілген «Балалық шағымның аспаны» фильмінен үзінді көрсету.



Сұрақтар:

Балалар не түсіндіңдер?

Елбасымыз қандай болған екен?

Жансұлу:

Атыңнан айналайын, Егемен ел!

Тәуелсіз күнің туды кенеле бер

Мерейің құтты болсын Нұр ата,

Ғасырдың тойы болсын келе берер.

Фараби:

Болашағы Қазақстанның алдағы,

Орындалсын қазағымның арманы

Елбасымыз Назарбаев Нұрсұлтан

Халқымыздың таңдап алған таңдары

Айқаракөз:

Асқақ болып еліміздің жалауы

Мәңгі жансын тәуелсіздік алауы

Еңбек, достық, бейбітшілік, береке

Қазақстан Республикасының қалауы.

Манер:

Еліміздің тыныштығын ойлайтын

Халқым менің Елбасыны қолдайтын

Бәрімізге тыныш өмір сыйлаған

Жасай берсін Назарбаев Нұрсұлтан!

Даниял:

Ауыр күнді артымызға тастауы-

Қиын сәтте қиындықтан қашпауы

Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,

Елбасмыз Нұрағаңның бастауы

Ерасыл:

Туды ұстап тура жолға түсіріп,

Жас Отанның өмірін де түсініп,

«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай,

Бір керемет жасады-ау кісілік
Мұғалім:

Сонымен, оқушылар бірінші Президент күні қай күні аталып өтті?



Оқушылар: 1 желтоқсан , 2012 жыл.

Мұғалім:

Бірінші Президент күніне орай біздің оқушыларымыз Президентке ашық хаттар даярлапты, солардың бірнешеуін тыңдап көрейік!


1-оқушы:

Амансың ба, құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!

Сізді мерекеңізбен құттықтаймын. Сіз кезіңізде Президент болуды армандадыңыз ба? Мен өскенде сіз сияқты ақылды, білгір президент болғым келеді.

2-оқушы:

Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!

Мен сізді өте жақсы көремін. Туған Отанымды да өте жақсы көремін. Менің сізге ұқсағым келеді. Ол үшін сабақты жақсы оқып, тәртіпті бала болуым керек.

Елбасы туралы не білеміз ? (сұрақ-жауап)


  • Елбасының анасының аты кім?

  • Елбасының атын кім қойған?

  • Президентіміздің балалық шағына арналған кино қалай аталады?

  • Оқушылар бірінші Президент күні қай күні аталып өтті?

  • Нұрсұлтан Назарбаевтың қандай кітаптары бар?


Ой толғау.

Мен президент болсам ..............



Мұғалім :

Балалар , енді Елбасымыздың дәрежелерін атайық:



Елбасымыздың дәрежелері:

  1. Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

  2. Қарулы күштердің жоғары бас қолбасшысы.

  3. Қазақстан Халықтары Ассамблеясының төрағасы.

  4. Қазақтардың дүниежүзі Қауымдастығының төрағасы.

  5. Ғасыр адамы.

  6. Экономика ғылымының докторы, академик.

  7. Гимннің авторы, жазушы.

  8. Бейбітшілік пен қауіпсіздіктің жаршысы.

  9. Алымды да, алғыр басшы.

  10. Көреген саясаткер.

Топтастыру.
Президент

Дарынды адам

Ғасыр адамы


Нұрсұлтан

кім?

Ойшыл Көреген саясаткер


Ақын Гимннің авторы


Мұғалім:

Балалар бүгін біз Елбасымыз Нұрсұлтан Әбігұлы Назарбаевтың өмір жолы, еңбектері, алған дәрежелері туралы білдік. Бұл оңайлықпен келген жоқ. Бұның барлығы білімділік, ақылдылық, төзімділіктің, мейірімділіктің арқасында болды. Сондықтан да біздің де осы кезден бастап сабақты жақсы оқып, білімді, ақылды,тәртіпті болуымыз керек. Жақсы білім алсақ біз де жақсы мамандық иесі болатынымыз анық.


Қорытынды.

Бейбіт таңдар – арайланып атады,

Туған жерді аймалайды шапағы.

«Байтақ елім» - ұлы қазақстаным,

Ең бақытты балалардың Отаны.

Тәуелсіз еліміздің аспаны ашық, елі аман, жұрты тыныш болсын, ел басқарған Елбасымыз аман болсын! Еліміздің болашағы, жас ұрпақ, біздердің қолымызда. Сондықтан елдің, халықтың қамын ойлайтын азамат болып өсейік!


Ән: «Көк тудың желбірегені»

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет