Жақсы бизнес-жоспар жақсы бастамаға ғана емес, келешектегі істің тұрақты жағдайына да кепілдік береді. Өз ісін бастағысы келгендердің көбі, оны бастамайды да. Оның себебі қарапайым – бизнесті іске қосу үшін жасау керек жұмыстың тізімі өзінің ауқымымен еңсені басады. Осы басылымда бизнес-жоспар жасауға байланысты барлық негізгі аспектілер қарастырылады. Оқысаңыздар көптеген нәрселер қарапайым және анық болып көрінеді.
Атауы: “Ai-market” азық-түлік дүкені
Мақсаты: Бұл жобаның негізгі мақсаты:
Азық-түлік өнімдерін өткізу бойынша кәсіпорын құру.
Осы мақсатқа сәйкес келесі міндеттер қойылды және шешілді:
Екінші деңгейлі банк арқылы қаржыландыруды алу;
Азық-түлік дүкенін сатып алу
Жабдықты сатып алу
Айналым капиталын толықтыру
Сатылған өнімнің ассортиментін анықтау
Азық-түлік дүкендерінің нарығын талдау
Таңдалған қызмет түрінің табыстылығын негіздеу
Кәсіпорынның күтілетін қаржылық нәтижелерін бағалау және кәсіпорынның қаржылық стратегиясын құру
Нарық үлесін анықтау және оны ұлғайту.
Сатылатын өнім ассортиментінің тізімі:
Нан өнімдері
Сүт өнімдері
Макарон өнімдері
Шай өнімдері
Шұжық және ірімшік өнімдер
Кондитерлік өнімдер
Темекі өнімдері
Алкоголь өнімдері
Тұрмыстық заттар
Мақсатты топ:
Халық саны 1000-1500 адам.
Міндеттері:
Орын табу қажет
Құрал-жабдықтар сатып алу
Кассаны орнату
Сұрыптаманы іріктеу
Тауарды дұрыс шығару
Жеткізушілер іздеп табу
Дүкенді ғаламторға қосу
Бейнебақылауды орнату
ЖШС немесе ЖК.
Екі меншік нысаны арасындағы айырмашылық қысқаша түрде:
Салықтар. Жалпы тағайындалған режимнің аясында ЖК табыстан 10% салық төлейді. ЖШС 20% мөлшерлемесі бойынша корпоративтік табыс салығын төлейді.
Бухгалтерлік есеп. Егер ЖК патенттің негізінде жұмыс істесе, онда бухгалтерлік есепті жүргізу міндетті емес. ЖШС-ң мұндай құқығы жоқ.
Айыппұлдар. ЖШС-ге қарағанда, ЖК үшін айыппұлдардың өлшемі төменірек. Мысалы, жеке кәсіпкер салықтық есептемені уақтылы ұсынбаса, онда ол үшін айыппұл 30 АЕК (75 750 тг) құрайды, ал ЖШС үшін – 45 АЕК-тен 70 АЕК дейін.
Жауапкершілік. Мысалы, егер ЖК берешектері бойынша серіктестерімен есеп айырыса алмаса, онда берешектерді өтеу үшін оның жеке мүлкі: пәтері, автокөлігі, тұрмыстық техникасы өндіріп алына алады. Егер ЖШС мұндай жағдайға тап болса, онда ЖШС-ге берешектерді төлеуге тура келеді, бірақ оның құрылтайшылары төлемейді. Яғни олардың жеке мүлкі бұл процедураға қатыспайды.
Компанияны сату. Егер сіз бизнесіңізді сатуға шешім қабылдасаңыз, онда ЖК фирмасын сата алмайды. Шын мәнісінде компания емес, жеке кәсіпкердің мүлкі сатылатын болады. Егер сіз ЖШС-ң қожайыны болсаңыз, онда бизнесіңізді атауымен және беделімен толық сата аласыз.