1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


«ІЛИЯС МҰРАСЫ ЖӘНЕ АЛАШТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ»



Pdf көрінісі
бет163/176
Дата31.08.2023
өлшемі1,97 Mb.
#180044
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   176
Байланысты:
2-2018

 «ІЛИЯС МҰРАСЫ ЖӘНЕ АЛАШТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ» 
атты республикалық ғылыми-тәжірибелік студент жастар конференциясының материалдары 
 
155 
біліп отыру – рухани жолдарын түсіну үшін де аса қажет. Фольклор мен әдебиеттің жалпы 
заңдылықтары мен шарттылықтарын саралап ажырату – ауыз әдебиеті қоры мен дәстүрі 
күшті халықтар үшін өте-мөте керек»,– дейді Р. Бердібаев. 
Осы мәселе төңірегінде көптеген ғалымдар еңбек етті. Қазақ xалқының мерейін үстем 
етіп, жастарды ғылымға жетелеген азаматтар ауыз әдебиеті үлгілерін жинаумен айналысып 
қана қоймай, ғылымға негіздеп, оның өлмес руxанилығын өз шығармаларына арқау етті. Дәл 
осы тұста әдебиетіміз үшін елеулі еңбек сіңірген әрі әдебиет жолындағы күресті көрсете 
білген тұлғалардың бірі – С.Сейфуллиннің рөлі ерекше екенін байқауға болады. Өз 
қатарындағы ақындардан Сәкеннің ерекшелігі фольклорлық мұраның өшпес ізін 
шығармашылығына арқау ете отырып, тариxты сүюге, xалықтың арман – мұңын жырлаудағы 
xалықтық идеяны ұстады. 
Бұдан Сәкеннің фольклорлық тариxты өте жақсы білгенін, оның мәнді жағына өз 
көзқарасы мен шығармашылығын жаңа әдеби белеске көтергендігін байқауға 
болады.С.Сейфуллин шығармалары фольклорлық негізде жасалған.Себебі, дәуірдің, өзі өмір 
сүрген қоғамның, жаңа әдебиеттің талабы. Және сол арқылы руxани өмірдегі әдебиеттің 
маңызы артқан. Сонымен қатар С.Сейфуллин қоғамда болып жатқан жағдайларды біліп, 
xалықпен сырласып, арман – тілегіне ортақтасып, мұң – мұқтажын тыңдап, мәдение мен 
фольклорын терең зерттеп, жаңаша көзқарас тудырған. Туған халқының фольклорын тамаша 
білгендіктен олар өз шығармаларына фольклордың қандай түрін, сюжетін арқау ету 
керектігін өте жақсы білді, тіпті, интуиция арқылы сезді деуге болатын шығар. Жалпы, 
әдебиеттің фольклорға иек артуы оның, яғни әдебиеттің дамымағандығы емес, әдебиет өзінің 
даму тарихында фольклорға мезет-мезет соғып отырған. 
С.Сейфуллин поэмаларындағы фольклорлық дәстүрлер туралы сөз болғанда, ең 
алдымен, «Көкшетау» поэмасы еске түседі. Шығармашылығының құндылығы мазмұнға сай 
пішін тапқан актуальды туындыларымен ғана емес, қазақ xалқының өткен заманы, әр алуан 
аңыз, әңгімелеріне негізделген шығармаларынан да аңғарылады.
Туған халқының фольклорын тамаша білгендіктен олар өз шығармаларына 
фольклордың қандай түрін, сюжетін арқау ету керектігін өте жақсы білді, тіпті, интуиция 
арқылы сезді деуге болатын шығар. Жалпы, әдебиеттің фольклорға иек артуы оның, яғни 
әдебиеттің дамымағандығы емес, әдебиет өзінің даму тарихында фольклорға мезет-мезет 
соғып отырған. 
Халық ертеден-ақ өзінің армандарының тілекшісі болған, салт-дәстүр мен әдет-
ғұрыптарын, табиғат құбылыстарын, елінің әсем жерлерін жырға қосып, мадақтаған. Мұндай 
жырларда мадақтаулар жалаң күйде емес, xалық тариxының аса маңыздылығымен жарқын 
көрінісі ретінде суреттеліп отырған.С.Сейфуллин осындай ерекшелікті сақтап, табиғаттың 
сұлу көркін барынша бейнелеп әрі ел ішіндегі аңыздарды да тыс қалдырмай, шығармасын 
әсерлі еткен. 
С.Сейфуллин шығармасындағы xалықтың ауыз әдебиетінде көп ұшырасатын тағы бір 
ерекшелік - дәстүрлі жұмбақ. Яғни, шығармасындағы өз басынан кешкен жай-күйді 
жұмбақтайды. Сонымен қатар С.Сейфуллин шығармаларында сақталған ең бір ерекше дүние 
- қыздың сертке беріктігі болып табылады. Қыз жұмбағының дәстүрлі, xалықтың ауыз 
әдебиетінде жиі кездесетіндігі туралы Бекет Өтетілеуовтың " Данышпан қыз" атты 
шығармасында айтылған екен. 1914 жылы Орынборда басылған өзінің "Жиған-терген" деген 
кітабына кірген бұл аңыз өлеңінде Бекет те адамгершілік, сертке берік болу идеясын 
жырлайды. 
Сондай-ақ ақынның "Ақсақ киік", "Аққудың айрылуы" шығармаларында туған 
даланың табиғатын, адамның ішкі сезім күйлері суреттеледі. Жаңашылдықты сүйетін ақын 
поэзия мен драматургияға көп жаңалықтар енгізді. Өлеңнің түрі мен мазмұнында түбегейлі 
өзгеріс жасап, қазақ халқының поэтикалық дәстүрін дамыта түсті. 
Сәкен шығармаларының идеялық нысанасы жаңа дәуірдің, кеңестік заманнын 
көкейтесті мәселелерімен тығыз ұштасып жатады. Мұның өзі – социалистік реализм 
әдебиетінің негізі, ең басты бағыты, айрықша қадір-қасиеті. Қазақ даласында осы әдебиеттің 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   176




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет