Дайындаған: Саясатқызы Сымбат Эссе тақырыбы:Қарапайымдылық дегенді қалай түсінесің?



Дата13.12.2022
өлшемі14,49 Kb.
#162618
Байланысты:
ЭССЕ. Қарапайымдылық. Саясатқызы Сымбат
Кәсіп қызмет тәуекел Силлабус 2021, Кәсіп қызмет тәуекел Силлабус 2021, Кәсіп қызмет тәуекел Силлабус 2021, Мартин Хайдеггер (1), әліппе 21.09.22 2саб, Атырау өсімдіктері, phrasal verbперевод, КӘСІПКЕРЛІК ДАНАГҮЛ, reproduktivnye-pokazateli-mozambikskoy-tilyapii-oreochromis-mossambicus-l-v-zavisimosti-ot-rn-reaktsii-vodnoy-sredy, Жоба Максутова Аружан 3 курс 2.1, umk vozrfiziologi i doshkolnaya gigiena, dokumen.pub 9786010407565-9786010407572, Doc1, Документ Microsoft Word, 1420623

Дайындаған:Саясатқызы Сымбат
Эссе тақырыбы:Қарапайымдылық дегенді қалай түсінесің?

Жер бетінде миллиардтаған пенде болса, солардың барлығында әртүрлі мінезбен қоса, оның тұлғалық болмысынан хабар беретін түрлі өмірлік көзқарастары мен ұстанымдары бар. Әрбір адам-сырға толы сыр сандық демекші, оның ішкі төңірегінде өзінен басқа ешкімге білдірмейтін бір тылсым да астарлы ойлар мен өзгелер байқамайтын ерекше қасиеттер жатады. Тіпті, танымайтын адамды алғаш көргенде сыртқы бейнесі бізге мүлде бөлек жанды көргенімізбен, уақыт өте бара ол адаммен қатынас жасау барысында ойымызды өзгертіп жататынымыз шындық. Дегенмен де, адамзат атаулының барлық қасиеттерінің ішінен қанша ғұмыр өтседе ескірмейтін, тозбайтұғын асыл қасиеті-қарапайымдылық арқылы ғана біз етене жақын болып, бір-бірімізге сене аламыз.


Менің түсінігімде қарапайымдылық сөзі жәй адам өмірінің әрқилы сәттерінде көрініс табатын шынайы әрі риясыз көңілден шыққан жақсылық атаулыға бағытталған іс-әрекеті деп сипатталады. Бұл қасиет мен үшін жасты, белгілі бір жағдайды талғамайтындығымен басқалардан ерекшеленеді. Ежелден момын, аузын ашса жүрегі көрінер, аңғал да адал қазақ ұлтының табиғатынатына тас болып бекіп, болмысынан сыр шертетін бейне бір жарық іспетті.
Қарапайымдылық-басыңа сап етіп, бармақтай бақ түсе қалса, бойыңдағы бұлқынған буыңмен басқаны басу емес, сол бақытты шегімен іште суыта білу; Барыңмен қанағат тұтып, бұйырмағанға тәубә келтіру; Кішілерге ізгі ниет-ізеттілікпен жасы үлкенге асқан құрметпен қарай білу; Арада екеуара кикілжің болған жанмен, қиын болса да, көкіректіктің шаңын шығармай, шынайы пиғылмен келісе алу; Әр сәтке сәбише пәк көңілмен қуанып, жүрегіңді сезім отына билете алу. Сонымен, қарапайымдылық-адам баласының жан-дүниесіне жылу берер, адасқанда жол көрсетер жалғыз дәйім шамшырағы!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет