«ІЛИЯС МҰРАСЫ ЖӘНЕ АЛАШТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ»
атты республикалық ғылыми-тәжірибелік студент жастар конференциясының материалдары
31
дегендей Алматы қаласынан Төре руларының шежіресін таптық.Алматы қаласында
Айтмұхамбет деген төреден табылды.
Бағымызға орай. сол шежіреден Мәкей Еркінбеков тайға таңба басқандай болып, ішінен
шыға келді, қуанғанымыз соншалық түгел ұялы телефондарға түсіріп алдық. Мәкейдің түп
атасы 1465 жылдары Таразда Шу бойында алғаш Қазақ хандығын құрған Керей - Жәнібек
болса, сол Жәнібек ханнан тарайды екен. Ал енді сол шыққан тегіне бір тоқтала кетейін.
Жәнібек ханнан – Жәдік хан –Шығай хан – одан Қайнаркөшек –Саңқай -Құдайменде –
Тұрсынхан.
1.Тұрсынханнан – Көшек хан, Барақ хан, Ескендір.
2.Көшек ханнан - Әділ, Мамырхан, Абылайша, Саңқай, Санияз.
3. Мамыр ханнан – Кашіке, Қасым, Нұралы, Ежен, Дәуіт, Есім, Алмас, Уали,
Құдайменде, Тәуке.
4.Еженнен– Құдаймеңді, Сығай, Әбділда.
5. Құдаймеңдіден –Атыхан.
6. Атыханнан –Белжан, Еркінбек, Сейлхан, Ыдырыс, Бабақұмар
7. Еркінбектен – Уәлихан,Сыдық, Мұқан, Мәкей, Баймағанбет.
8. Мәкейден – Шаймерден,Төле, Әнет, Шора.
Өз балалары өзінен бұрын қайтыс болған, Әнет баласы өз қасында жатыр. «Тектіден текті
жаратылады» - деген, арғы атасы алғаш қазақ хандығын құрған Жәнібек болса, Қазақтың соңғы
ханы Кенесары да төре.Сол тектілігіне тартып, Мәкей де соңғы өміріне дейін осы қазаққа, өз
еліне, жеріне еңбегін сіңіре білді. «Төремін» деп бөлінген жоқ, жаны жас жетімдермен бірге
болды.
1928-1932 жылдары халықтың басына қара бұлт үйіріліп, аштық келген кезде үрейі
қашқан ел тігулі үйін, жинаулы жүгін тастап, аударып отырған құран кітабы ашылған қалпында,
отының шоғы шашылған қалпында бір түнде шекара асып жатқан кез екен. Сол қайғы қасіреттің
қатты ағысына қарсы жүзген, Мәкейдің еңбегі ерекше екені белгілі. «О, тәңірім-ай! Талай
қазақты талқысына салған тағдырдың тар жол тайғақ кешуінен таймай өтіп, талай жетімдердің
тағдырын, тауқыметін бірге тартқан тарлан екен – ау» - деп әкем қатты күрсініп алды. Ауыл
түбіндегі қараусыз, қоршаусыз қабірі, ауылдың малын үстіне иіріп қойып, төмпешігіне дәрет
сындырып тұрған жас балаларды көргенде «Менде сендердей болғанмын, сендер де мендей
боларсыңдар» -деп қабір астынан дауыс естіліп тұрғандай сезіледі.
Облыс басшылары қолдаса, адамгершіліктен арыла қоймаған аудан әкімдері
жақсылығын жалғаса, асыл азаматтарымыз аз көмегі болса да арнаса, ардақты азамат болған
Мәкейдің алтын сүйегі бір аунап, жарқын бейнесі жарыққа шыққан болар еді - ау. Ақсу
ауданының мектептерінде жас ұрпаққа тәрбие болып, жыр мүшәйралар, ашық сабақтар, тәрбие
сағаттары, конкурстар, мәдени шаралар өтіп жатса нұр үстіне нұр болар еді.
Ел басымыз Н.Ә Назарбаев «Мұғалімдер мәртебесін көтеру керек»- деген еді. Жылына
бір рет ұстаздар күнінде ауыл мектебіндегі мұғалімдер қабіріне барып, оқушыларды апарып,
гүлшоғын қойып, оқушыларға өнегесін айтып, өмірін балаларға арнағанын түсіндірсе, сол
үшін ұстаздың еңбегі мен ұлағатына бас иеміз десе ұстаз мәртебесін көтерудің бір қыры осында
емеспе.«Ағаш ағаштан тәлім алады, адам адамнан тәлім алады»- деген халық қағидасы осыған
лайықты-ау, сірә .
Тағы да айта кетерім, осы Мәкейден білім алып, балалар үйінде тәбиеленген, қазақтың
маңдайына біткен ақтаңгерлері, оза шапқан қасқаларының біразын атап өтуге болатын шығар.
Жүрімбек Сыдықов Қазақ Ұлттық академиясының академигі, Қорғанбаев Бейсебек ата қанша
жыл Ақсу ауданының білім бөлімінің басшысы, Аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы,
Ақсу ауданының құрметті азаматы болғаны Мәсім атамыздан Карим Масимовтай Премьер-
министр шығып, Сүлейменов Иманбек Ұлттық академияның профессоры болуы,
Нұрмұханбетов Бекмұханбет «алтын адамды» тапқан атақты археолог, Құдайбергенов
Қалижапар үкіметке еңбегі сіңген ақсақал тағы басқалары осындай адамдардың Мәкейдің
алдынан білім алып шығып, қазақтың бетке ұстарлары болғаны жайдан - жай емес шығар.
|