1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


«ІЛИЯС МҰРАСЫ ЖӘНЕ АЛАШТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ»



Pdf көрінісі
бет33/176
Дата31.08.2023
өлшемі1,97 Mb.
#180044
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   176
Байланысты:
2-2018

«ІЛИЯС МҰРАСЫ ЖӘНЕ АЛАШТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ» 
атты республикалық ғылыми-тәжірибелік студент жастар конференциясының материалдары 
 
 
34 
кеуір (кәпір) сөздеріне түсінік беру қиынға соғады. «Қалпымыз» өлеңіндегі «Киіңкі көңіл, қу 
үміт, Пәреге басты бір сүңгіт» жолдарындағы «киіңкінің» мағынасы - киіп-жарып кететін
кимелегіш. Ақын бұл сөзді ауыс мағынада , яғни алға жетелеген, ұмтылған деген мағына үстегісі 
келген деп түсінген жөн. Оқырманға түсінігі қиын сөздер болып есептелгенімен, ана тіліміздің 
сөздік қорында бар әдеби тіл үлгісі саналатын бұл сияқты сөздер мен сөз тіркестері - Ілияс 
ақынның ана тілі мүмкіндіктерін барынша әрі орынды қолдана білген шеберлігі.
Жазушының роман беттерінен де бұрын-соңды кездестірмеген әрі түсіндірме, 
диалектологиялық сөздіктерде мән-мағынасы берілмеген сөз, сөз тіркестерін кездестіруге 
болады: Мұғамаланы да шұқылап, мұғамала болып, шөлкемдеп, бақыршылығым, өңшең 
сұңқадам қойлар, бұрақ қой, дөмбірдей ақ үй, үрпісі ұшып кетті, былқамыр өлеңдер сияқты 
сөздердің қайсысы жергілікті, қайсысы көне сөз, қайсысы әдеби тілге ену мүмкіндігі бар сөз 
екенін ажырату мүмкін емес, олардың мағынасы контекст арқылы ғана аңғарылатын сияқты. 
Сонымен қатар, қазіргі кезде көнерген сөздерге жатпайтын, бірақ сирек қолданылатын сөздер 
аракідік болса да кездесіп отырады. Мәселен, рамат ақша, раматына төлерлік тіркестеріндегі 
рамат –түтін салығы деп түсіндіріледі ҚТТС-де, сол сияқты қырсау – шабан, кежер, жалқау. Бада 
– қалың тұтасып өскен тоғайлы жер, бұта. Тұғыр (дай) – мініске төзімді, жабы тұқымдас жылқы; 
жұмыс көлігі. Құйқалақ – мал сойғанда төстің үстіңгі жағындағы етті терісімен қоса кесіп алып, 
отқа қақтап пісірілген тағам. Дүмі– бір заттың арты, түп жағы. Қамырықты – мұңлы, шерлі, 
қажығыңқы. Сүле – селқос, немқұрайды, үстірт. Әреке – бүлік, лаң сөздерінің осындай 
түсініктері бар. Шығармаларда аталған сөздер бірде тура, бірде ауыс мағынада қолданылғанын 
байқауға болады: «Бұрынғы ерқашты болып көп мінілген тұғырдай аяғын баспайтын қырсау 
қойшы енді көңілденіп кетіпті. Қой ыстықтан солықтап, жазылып жайыла алмай, көбінесе 
үйездейді, бадал-балды (тоғайлы жерді) сағалайды». «Жігіттер лақты өздері сойып, отқа 
құйқалағын (қақталған тамақ) пісіріп, өз қолдарынан асып түсіріп, жасап жесті». «Бұлар дүмін 
көтерместен отырып қалды. –Неше арба топырақ шығардың? – деп сұрады. –Екеу, - деп Мардан 
сүле сапа (мардымсыз) айта салды». «Базарда халық толы... Сөйтсе де сауда сүле-сапа». 
«Пристаньдағы жұмыскерлердің арасын әреке алайын деді» (Ж).
Түсінігі бүгінгі оқырманға қиын тиетін сөздер қатарын төмендегі сөздер толықтыра 
түседі: «Аймалап ақ танауын жалбыз кеулеп иіс кеуілжірден ойға түсті: «Жұлындың жүрегімнің 
жұмсауымен, Жалбызым, жүрек күшті, тағдыр күшті (Мақпал). «Алыста қара қарға 
қарқылдайды, қылғандай сайқымазақ түнгі шылжың.Жігіттер Әзірейілдің саусағындай, Ешбірі 
мизер емес бейлі жібіп. Шетінен Шоқай түсті қыл шылбырға, Қылғынтып қыл мойынға тақты 
(Рүстем қырғыны).«Елді сордың Мұқан бай, Кершеуледің мұқалмай... Ақсүйегі алаштың, 
Айдалсаң бірге жыластым. Керт басыңа көзігіп, Кәнпескеге ілінген» (Кәнпеске).«Машинаға 
мәуірттеп,Бейнетіңді жеңілтпек. Қыр жусады тымжиып, Майдалады малалап. Әркімдікім 
деселеп, Бас-басына еселеп, Өзді-өзіне береміз. Аспан аптап, шыжып күн, Жер қуырған қамбаз 
түн (Мәйек). «Кетті дала саңғырып, Бұлар шапқан шалғыға. Әлді, әлсіз сорлыны. Жебе сауған 
жемеңгер (Дала). «Би емес, бұзылғанның қуатысың, Тентектің телі менен суатысың. Ел 
болсаң тентек қайда? Билік қайда? Жүрсіңдер Әлімқұлдың мияты үшін (Күйші). Қарашаш 
деді: «Ізіңмен бәрің де қайт, Әділ кел, Әлімқұлға болмай мият.Ақбоз ат белдеудегі күн 
таласып,Шыралжың шырт-шырт етіп жанды отауда. Кетіпті буған жыны бойдан сергеп,Бар 
шығар осыған бір күшті себеп (Күйші). «Құрыштан өзін үртіс құйған кеме.Миллион мал, 
миллион күш тұрған кеме. – Тез, жылдам жүкті алуды басқарыңыз! Кетуге кәдік болды теңіз 
тартып. Мұз Мұхит... Кеме ғарық,тәртіп қандай, шуламай, аспай-саспай, бытырамай, тез, 
тыныш, түгел дәлдеп қимыл салды, Бейне бір зор машина қозғалғандай, Қоналқаны тазалап
көптен күткен халықтар, Қуанысты қарсы алып.(Жорық).«Адайлар өңірінде Атыраудың, 
Бұйра құм, бура құмдар зәугім-зәугім (Көбік шашқан). «Қалың қол қарай қалды екі аттыға, 
«Кім бұл, - деп жүрген жабал бей уақытта?» Батырым, біздерде де бар таудай талап, Оқ 
берсең, біз де атамыз жауға қарап; Нармәті наркескеннің біз де бірі, Шіреніп тарта аламыз 
сірі садақ» (Исатай) [1]. Енді осы сөздердің мағынасын ашып, түсіндіріп көрелік. 
Кеуілжір – Мұрын қуысындағы нәзік шеміршекті, торланған кеужір сүйектің жұқа 
қабықшалары, кеңсірік қуысының жоғарғы жағында болатын жұмсақ шеміршек.Мизер – 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   176




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет