1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


«ІЛИЯС МҰРАСЫ ЖӘНЕ АЛАШТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ»



Pdf көрінісі
бет34/176
Дата31.08.2023
өлшемі1,97 Mb.
#180044
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   176
Байланысты:
2-2018

 «ІЛИЯС МҰРАСЫ ЖӘНЕ АЛАШТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ» 
атты республикалық ғылыми-тәжірибелік студент жастар конференциясының материалдары 
 
35 
қаперіне алу, елеу. Шырға – бұғалық.Кершеуле –1. Турау, қазу, үңгу. 2. Ауысп. жарық 
сызатты қиюластырып бекіту, құрсаулау. Ілияс ақын осы тұста сөздің ауыспалы мағынасы 
құрсаулауды қолданған тәрізді.Малалап – түбір сөз – мала. Жыртылған жердің топырағын 
майдалау үшін пайдаланылатын қарапайым құрал. Шумақтағы мағынасы – маламен 
майдалау, ұсақтау.Керт – сүйенер ешкімі жоқ, жалғыз өзі.Қамбаз түн – тымырсық, тымық. 
Саңғырып – саңғыраған дауыс. Жемеңгер – елді қанап-сорушы.Үртіс – шұғыл, жылдам.
Сырма – қарлы борасын, сусымалы бұрқақ. Мәуірттеп – 1. Белгілі бір уақыт, кезең, мезгіл. 
2. Дәурен, шақ.Ғарық – суға батты, су апатына ұшырады [2]. Мият – көңілге медеу, тірек, 
сүйеніш. Алынған мысалда бұл сөз 2 рет қолданылып, Әлімқұлдың сөзін сөйлеуші, 
шашбауын көтеруші мағынасында жұмсалған. Кәдік болды – 1. Күмән, шүбә, күдік. 2. 
Қауіп, қатер. Қоналқа – қонып шығатын жер, түнейтін орын. Аталған сөз «Жорықта», 
«Исатай» поэмасында көрсетілген мағынада және ұшақ қонатын жер, айлақ мағынасында 
қолданылады. Зәугім сөзі- біздің ойымызша, зәулім яғни биік деген мағынадағы сөз.
Шумақтағы ойға байланысты сөз техникалық қатемен жазылған деп те қарастыруға 
болады. Жабал – не ғып. Бұл сөзге ақынның өзі осындай түсінік береді.Деркері – қанішер. 
Инаяттап – ластап.Кеуір – кәпір. Трюм - кеменің двигатель орналасқан, жүк қоятын 
астыңғы бөлімі. Шыралжың – шашағы нәзік, күлтелі, көпжылдық өсімдік. Дүкер – зәру, 
мұқтаж. Мият – медеу, сүйеніш. Тұғыр – мініске төзімді жабы жылқы. Албыртсынған – 
аңғырт, есер.Сердебе – 1. Бірнеше үйдің адамдары бірігіп мал сойып жеу, бас қосу салты.
2. Сейіл, серуен. Сердебелеу – шашылу, үріп ішіп, шайқап төгу. Теке жаумет –асыл 
тұқымды түркімен жылқысы, ақалтеке. Аужар – ожар, аужар мінезді. Телі – ақымақ, 
тентек, сотанақ. Қазір лексикада телі-тентек қос сөз түрінде кезігеді. Суат – 1. өзенің, 
бұлақтың мол суаратын жері. 2. Ауысп. көзі, бастауы, арнасы ұшқыр.Сырмай – оңай 
кебетін өсімдік майы, олифа [3]. 
Қорыта келгенде, қаламгер шығармаларының лексикасы ана тіліміздің сөздік қоры 
мен құрамына енген сөздерді қамтиды және қазіргі қарым-қатынас тілінде 
қолданылмайтын көнерген сөздер мен түсінігі қиын сөздер І.Жансүгіров туындыларының 
шынайылығын түптей түсетіні анық.
ӘДЕБИЕТТЕР: 
1.
Жансүгіров І.Көптомдық шығармалар жинағы. – Алматы: Қазықұрт,2005 
2.
Қазақстан Ұлттық энциклопедиясы. – Алматы, 2005. VII том. 
3.
Уәли Н., Құрманбайұлы Ш. т.б. Қазақ сөздігі. – Алматы: Дәуір, 2013.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   176




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет