1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


«ІЛИЯС МҰРАСЫ ЖӘНЕ АЛАШТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ»



Pdf көрінісі
бет48/176
Дата31.08.2023
өлшемі1,97 Mb.
#180044
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   176
Байланысты:
2-2018

«ІЛИЯС МҰРАСЫ ЖӘНЕ АЛАШТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ» 
атты республикалық ғылыми-тәжірибелік студент жастар конференциясының материалдары 
 
 
48 
материалдардың ішінде химиялық элементтерді пайдалана отырып, дайындалатындығын да 
оқушыларға түсіндіріп өткен абзал. 
«Атадан қалған ақсауыт, 
Жағасы алтын, жеңi жез, 
Шығыршығы торғай көз. 
Сауыт киер ме екенбiз, 
Алтын қалпақ дулыға. 
Шекесiндей жарқылдай», - деген өлең жолдарын сабақта пайдалана отырып, 
оқушыларға келесі ретте сұрақ беруге болады: 
- бұрынғы көшпелi халықтың тiршiлiк болмысында әрi киiм, әрi қорғаныс құралы, әрi 
қару-жарақ болған химиялық элементтi ата. 
- бұл өлеңде темiрдiң қандай қасиетi суреттелген? 
Кемеңгер, ойшыл ақын Шәкәрім Құдайбергеновтың табиғатты суреттейтін 
шығармаларының оқушыларға табиғат заттары мен құбылыстарынан білім беруде теңдесі 
жоқ дайын материал. Осы тұста академик Сухомлинскийдің: «... балалардың сезіміне, 
түйсігіне, қиялына ықпал жасаңдар, шексіз әлемге деген терезені біртіндеп қана ашыңдар», 
- деген қағидасы ойға оралады. Шәкәрімнің әрбір өлеңі дүниеге қызығуы, еліктеуі мол, 
қиялы ұшқыр, бала жанына тербеу салып, әдемілікке, сұлулыққа еліктетіп, сол сұлулықты
өзін қоршаған ортадан іздеуге итермелейді. Нақты табиғи өзгерісті көркем тілмен жеткізе 
отырып, табиғатта болатын құбылысты, оның шаруашылыққа тигізетін әсерін паш ететін 
өлеңдері оқушылардың дүниетанымын кеңейтеді, оларда табиғат туралы ғылыми 
түсініктердің пайда болуына, дұрыс көзқарастарының қалыптасуына негіз салады. 
Ойшыл ғалымдар қазақ халқының болашағы – жас ұрпақтың бойында еліне, жеріне, 
табиғи байлығына деген сүйіспеншілігін арттырып дамыту үшін нені оқыту, қалай оқыту
керектігін айта келіп, берілетін білімнің ұлттық педагогикаға негіздеу арқылы олардың 
бойында халықтың рухани байлығын сіңіруге болатындғын дәлелдейді. 
Мәселен, С.Қалиевтің «Қазақ этнопедагогикасының тарихи» еңбегінде қазақ
этнопедагогикасының туу кезеңі осы тұстағы ағартушы-демократ, ойшыл, зиялылардың 
педагогикалық көзқарастары, халқымыздың ғасырлар бойы өз ұрпағын ар-ожданы таза, 
адамгершілігі жетілген адамзат тәрбиелеуде халықтық педагогиканың әдіс-тәсілдерін 
пайдалана білген мектебі болған, ғұлама ғалымдардың еңбектеріне, мақал-мәтелдеріне, 
ертегі аңыздарына, ақын-жырауларына, ерлік дастандарына сүйене отырып, автор толымды 
тұжырымдар жасайды.
Білім берудің басты міндеті - баланы дара тұлға деңгейіне жеткізу. Дара тұлғаны 
тәрбиелеу арқылы біз Қазақстанды дамыту үшін оның интеллектуалды және
шығармашылық әлеуетін даярлаймыз. Жеке тұлғаны белгілі кәсіпке қызығуы, таңдап алған 
ісіне дұрыс көзбен қарауы, сол таңдаған іс-әрекетін мейлінше түбегейлі терең білуге
көмектеседі. Қоғамның болып жатқан саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік және т.б 
өзгерістер халыққа білім беру жүйесінің барлық буындарында білім және тәрбие беру ісін 
жаңа сатыға көтеруді талап етіп отыр. Бұл, өз кезегінде, ауылдағы мектептерге химияны 
оқытудың қазіргі қалыптасқан дәстүрлі әдістемелік жүйесін біршама өзгертіп, жетілдіре
түсуді қажет етеді.
Қорыта келгенде қазіргі заман талабына қарай, орта мектептегі оқыту оқушыларды
белгілі бір білім қорымен қаруландырумен шектелмеуі тиіс. Олар алған білімдерін өз
беттерімен әрі қарай тереңдетіп, әртүрлі жаңа жағдайларда кеңінен қолдана алатындай 
жоғарғы деңгейдегі ойлау қызметін дамытуға қол жеткізу керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   176




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет