1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


«ІЛИЯС МҰРАСЫ ЖӘНЕ АЛАШТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ»



Pdf көрінісі
бет51/176
Дата31.08.2023
өлшемі1,97 Mb.
#180044
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   176
Байланысты:
2-2018

 


 «ІЛИЯС МҰРАСЫ ЖӘНЕ АЛАШТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ» 
атты республикалық ғылыми-тәжірибелік студент жастар конференциясының материалдары 
 
51 
Көркем шығарма өмір шындығынан туындайды. Алайда туындыдағы оқиға өмір 
шындығынан алынғанмен, оларда жазушының қиялы, ойы, дүниетанымымен сабақтасып 
жатады. Кез-келген жазушы өзі таңдаған тақырыпты мұқият зерттейді. Көркем шығарманы 
жазуылуы, жарыққа шығуы, халыққа танылу тарихы бар. Әрбір қаламгердің әдеби шығарманы 
жазуда, өмір шындығын бейнелеуде, образдарын сомдауда, өзіне тән машығы болатыны белгілі. 
Ілияс әңгімелерінің тақырыптық-идеялық аумағы бірнеше тақырыптарды қамтиды. Олардың 
ішінде негізгі орын алатыны өз дәуірінде саяси мәні болған Ұлы Қазан төңкерісі тақырыбы. 
Жазушы 1933 жылы жазған «Ленин Қазан күндерінде» әңгімесін Балтық флотының байырғы 
матросы атынан әңгімелеп отырады. Революция бесігі атанған Петербургтегі 1917 жылдың 24-
26 қазан аралығындағы ұлы төңкеріс, Ленин есімі, сол тұстағы көсемнің басшылығы. «Үкімет 
Советтікі» деп ұрандаған матростар мен солдаттар, жұмысшылар мен шаруалар бейнесі 
қарапайым матрос сезімі арқылы суреттеледі. Ал «1 Май» әңгімесінде Қазан төңкерісін суреткер 
өзінше толғап, табиғаттың мәңгілік ұлы күресімен салыстыра отырып суреттейді. Қаламгердің 
тағы да саяси тақырыпты негіз еткен шығармасының бірі «Социализм болғанда ауыл қандай 
болады» әңгімесі. Қазан төнкерісінің тарихи сабақтарын, әлеуметтік мәнін аша түскен туынды. 
 
Ілияс Жансүгіровтің шығармашылығындағы келесі бір өзекті тақырып ол – әйел 
бейнесінің жасалуы. Мазмұн жағынан топтап қарастырар болсақ. Біріншісі – Қазан төңкерісіне 
дейінгі қазақ әйелдерінің ауыр тұрмысын суреттеген шығармалар десек, олар «Күң өлімі», 
«Жедел жәрдем» сынды әңгімелері болса енді бірі – жаңа қоғамға белсене араласқан қайраткер 
әйелдер бейнесінің жасалуы дер едік. «Нұрша», «Отан» атты шығармаларында жаңа заманның 
қайраткер тұлғасы көрсетілген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   176




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет