1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет54/176
Дата31.08.2023
өлшемі1,97 Mb.
#180044
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   176
Байланысты:
2-2018

Ключевые слова:
казахская советская литература, отношение, общество, 
общество, казахская история, общественный деятель, искусство. 
Қазақ кеңес әдебиетінің негізін қалаушы жалынды ақын, айбынды күрескер, қоғам 
қайраткері Сәкен Сейфуллиннің өмір жолы мен өнерпаздығына көз салғанда қазақ 
тарихының ұлы өзгерістерінің көп қырларын аңғарамыз. Қазақ кеңес әдебиетінің негізін 
қалаушы болу үшін ең алдымен табанды таным, көзқарас керек болса, екіншіден, жаңа 
идеяны қалың оқушыға жеткізе алатын оңтайлы түр-форма керек. Жаңа мазмұндағы 
лайықты жаңа түр табу арқылы заман образын жасап берді. 
Қазақ кеңес әдебиетінің серкесі болу үшін, әдебиеттің әр жанрында еңбектеніп, жоқты 
табуға, толымсызды жетілдіруге тиісті, міндетті болды. Мұнда да Сәкен Сейфуллин 
абыроймен атқара бастағанда әдебиетіміздің көсегесін көтерген Бейімбет Майлин, Сәбит 
Мұқанов, Ілияс Жансүгіров сияқты ұлы дарындар көмекке келді.
Қазақ кеңес әдебиетіне көшбасы болу үшін, жаңа бағытты қабылдайтын жас 
шығармашылық күштерді өсіріп, олардың идеялық-көркемдік, ынтымақ-бірлігін күшейту 
шарт. Осыны да қолмен атқарған адам Сәкен Сейфуллин. 
Сәкен Сейфуллин ең алдымен өзінің өмір сүрген дәуірін жырлап, оны қастерлеудің 
оңтайлы жолдарын таба білген жаңашыл ұлы ақын. Құдай берген дарынын сәулелендіру 
сазгерлігі едәуір демесін жасап, сал – серілігі мен саятшылдығы пенделік келбетін ажарлай 
түскені тағы бар.
Сәкен Сейфуллин – қоғам, әлеумет істерімен өзінің шығармашылық өнерпаздығын 
тауып қабыстыра білген қайраткер. Бүгінгі өмір шындығы, кезең тудырған келелі мәселелер 
оның ақындық жанырынан сырт қалмай, үнемі көркем сөз өрнегінен көрініс беріп отырады. 
Сәкен Сейфуллин – үлкен қоғам қайраткері. Бұл жарлықсыз, мандатсыз берілген атақ. Халық 
осыған ыңғайлы ұлын аспанға көтереді, қадірлейді. Осының бәрі Сәкен бойынан табылуы 
тарихтағы бір бақытты сәт. Міне, осы қасиеттер Сәкенді басқа қайраткерлерден даралап, 
тарих бетінен жарқырап көрінуіне мүмкіндік береді. 
Осыншама үлкен қадір – қасиет пен атақ – даңқты өмір өткелдерінде аударып – 
төңкеріп алмай өтуіне Сәкеннің пенделік сипаттары, әсіресе өтірік айта білмеуі, кіршіксіз 
адалдығы, қандай күйге түссе де өкінбейтін табандылығы, бір сөзбен айтқанда, кімді болса 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   176




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет