Қазақтың заңғар жазушысы –
Бейімбет Майлинге 125 жыл
Бейімбет Жармағамбетұлы Майлин (15 қараша 1894, облысы, Бейімбет Майлин ауданы - 10 қараша 1938) — қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі. Өмірбаяны Қыпшақ тайпасының Қарабалық руынан шыққан. Туып-өскен жері — қазіргі Қостанай облысының Бейімбет Майлин ауданы. Бір жасқа толмай жатып әкесінен, алтыға шығарда шешесінен айрылған. Жетімдік зардабын шегіп, байларға жалданады. Алғаш ауыл молдасынан оқып сауат ашқан. Шығармашылығы Бейімбет Майлин — аса өнімді еңбек еткен қаламгер. Ол 1923-1937 жылдарда елуге жуық кітап, жинақ жариялаған. Олардың қатарында: «Бейімбеттің өлеңдері» (1923), «Шұғаның белгісі» (1926), «Раушан — коммунист» (1929), «Он жылда» (1927), «Колхоз», «Асулардан асқанда» (1930-1931), «Сойқанды содырлар» (1928), «Кесінділер» (1929), «Майдан» (1933), «Алыптарды аралағанда» (1934), «Мырқымбай», «Азамат Азаматыч» (1935), төрт томдық шығармалар жинағы (1933-1936) т.б. кітаптар бар. Бұларда көптеген өлең, поэмалар, әңгімелер мен очерктер, повестер мен романдар, пьесалар орын алған. Бейімбет Майлиннің шығармаларының тақырыбы Бейімбет шығармаларындағы балалар әдебиетінде қойылған мақсаттар: - Ер жүрек,батырлық;
- Отанының патриоты;
- Адалдық;
- Ұлтжандылық.
Б.Майлиннің шығармаларын зерттеген ғалымдар: Т.Нұрғазин З.Қабдолов С.Ордалиев Шығармашылығы Сауатсыздықты толық жою ұранын алға тартты «Сауаттылығы төмендерге арналған оқу кітабын» (1929); «Күш» - сауаттылығы төмендерге арналған оқулықты (1930); «Жаңаша оқы және жаз» құралын (1931) және Ғабит Мүсіреповпен және А. Ситдықовпен бірге «Сауатсыздарға арналған әліппені» (1935-1936) жазып шығарды. Бейімбет Майлин қалыптастырған аса – жеке көрнекті әдеби мектебін прозашы әрі драматург. Бейімбет Майлиннің ұлттық әдебиетке қосқан мол үлесі, әдебиетіміздің көкжиегін кеңейткен қолтаңбасы қайталанбас құбылыс. Бейімбет Майлин қалыптастырған аса – жеке көрнекті әдеби мектебін прозашы әрі драматург. Бейімбет Майлиннің ұлттық әдебиетке қосқан мол үлесі, әдебиетіміздің көкжиегін кеңейткен қолтаңбасы қайталанбас құбылыс.
Достарыңызбен бөлісу: |