1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


«ІЛИЯС МҰРАСЫ ЖӘНЕ АЛАШТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ»



Pdf көрінісі
бет62/176
Дата31.08.2023
өлшемі1,97 Mb.
#180044
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   176
Байланысты:
2-2018

 «ІЛИЯС МҰРАСЫ ЖӘНЕ АЛАШТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ» 
атты республикалық ғылыми-тәжірибелік студент жастар конференциясының материалдары 
 
59 
ӘДЕБИЕТТЕР: 
1.
Жұртбай Т. Ұраным–Алаш. Тез. 2 том. – Алматы: Ел-шежіре, 2011.
2.
«Шолпан». Құраст., Х. Есенқарақызы. – Алматы: ҚАЗақпарат, 2015. 3. Бөкейхан Ә. 
Шығармаларының 9 томдық толық жинағы. Т.6. Құраст., Жүсіп Сұлтан Хан Аққұлұлы. – 
Астана: Сарыарқа, 2013 
3.
Жұбаева О. ХХ ғасыр басындағы қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. – Алматы: Қазығұрт, 
2013. 
4.
«Алаш мұраты және Тәуелсіз Қазақстан». Халықаралық ғылыми-практикалық 
конференция материалдары. – Астана, 2011. 
ӘОЖ 001. 
 
АЛАШ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІНІҢ МҰРАСЫ 
 
Жолан А.Б., Талипова С.С. 
Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті, Павлодар қ. 
j.aigerim@bk.ru 
 
Бұл мақалада алаш қайраткерлерінің мұрасы жайлы баяндалған. Алаш қайраткері 
А.Байтұрсынұлының есімі мен еңбектері төңкеріске дейінгі кезеңде-ақ қалың ел, дүйім 
көпшілікке кеңінен мәшһүр болатын. Ел ішінде Ахметтің есімі ұстаз ретінде ғана емес, 
әділетшіл азамат, сондай-ақ ақын ретінде де мәлім бола бастайды. А.Байтұрсынұлының әдеби 
мұрасы сан салалы, әрі қомақты. 
Кілттік сөздер:
әдебиет өкілдерінің дәстүрлері, романтикалық, сентименталистік 
тәсілдері, әділетшіл азамат. 
В этой статье рассматривается наследие народа Алаша. Название и произведения 
поэта Алаша А. Байтурсынова были дореволюционными и широко известны во всем мире. Имя 
Ахмета в стране начиналось не только как учитель, но и как справедливость и поэт. 
Литературное наследие А. Байтурсынова разнообразно и существенно. 
Ключевые слова:
 
традиции представителей литературы, романтические, 
сентиментальные подходы, честный гражданин. 
Бүгінгі таңда қоғамымыздың тарихи­ санасын жаңғырту бағытында жүйелі жұмыстар 
атқарылуда. Өз еліміздің тарихын тану арқылы ғана өткен ғасырдың соңында қол жеткізген 
тәуелсіздігіміздің қадіріне жете аламыз. Қазақ халқының тарихына үңіліп қарасақ, еліміздің 
азаттық пен тәуелсіздік жолындағы күресі ешқашан толастамағанын аңғарамыз. Осынау 
жүздеген жылдарға созылған күрес жолында­ ХІХ мен ХХ ғасыр тоғысындағы зиялылардың 
алатын орны ерекше. 
Алаш әдебиеті өзінің көркемдік қырынан әр түрлі болды. Атап айтқанда, ХІХ ғасырдың 
аяғынан бері келе жатқан әдебиеттегі ағартушылық пен сыншылдық реализммен бірге 
романтикалық, сентименталистік тәсілдері кеңінен көріне бастады. Ол М.Жұмабаевтың тұтас 
шығармашылығынан байқалады. Көркемдік тәсілдің алуандылығы ұлттық сөз өнерінің жаңа 
деңгейге аяқ басқанын аңғартты. Бұл азатшыл әдебиеттің беті мен екпіні, бағыты мен мазмұны 
Алаш қаламгерлері жазықсыз жазалана бастаған 1920 жылдардың соңына дейін жалғасты. Алаш 
ұранды әдебиет өкілдерінің дәстүрлері 1920-30 ж.ж., одан кейінгі кеңестік кезеңде де жалғасын 
тауып жатты. Алаш қаламгерлерінің есімдері мен еңбектері 1980 жылы ақталып, қазақ 
қоғамының мәдени-рухани болмысына әлі күнге дейін ерекше әсер етіп келеді. 
Алаш қайраткері А.Байтұрсынұлының есімі мен еңбектері төңкеріске дейінгі кезеңде-ақ 
қалың ел, дүйім көпшілікке кеңінен мәшһүр болатын. Ел ішінде Ахметтің есімі ұстаз ретінде 
ғана емес, әділетшіл азамат, сондай-ақ ақын ретінде де мәлім бола бастайды. 
А.Байтұрсынұлының әдеби мұрасы сан салалы, әрі қомақты. Алайда, оның творчестволық 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   176




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет