1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


«ІЛИЯС МҰРАСЫ ЖӘНЕ АЛАШТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ»



Pdf көрінісі
бет64/176
Дата31.08.2023
өлшемі1,97 Mb.
#180044
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   176
Байланысты:
2-2018

 «ІЛИЯС МҰРАСЫ ЖӘНЕ АЛАШТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ» 
атты республикалық ғылыми-тәжірибелік студент жастар конференциясының материалдары 
 
61 
сорлы" өлеңінде ел ішіндегі әлеуметтік мәселелерді көтерсе, "Ләззат қайда?", "Жазғы таң", 
"Өнер-білім қайтсе табылар", "Балалық шақ", "Қазағым", "Қарағым", "Осы күнгі күй", "Мен 
сорлы" шығармаларында халқын өнер-білімге шақырды. 
Өз поэзиясының алғашқы қадамдарынан бастап ақтық демі біткенге дейін 
М.Жұмабаев ұлт-азаттық тақырыбын үзбей толғанды, оны өз поэзиясының өзегі етті. Бүкіл 
халықты тап, топқа жіктемей, қазақ елін әлемдік мәдени жетістіктерге қол жеткізуге қандай 
күш кедергі деген сауал қойып, оған басты кедергі - отаршылдық деген шешімге келді. 
Бастапқы кезде бұл тақырып туған жердің табиғатын тамашалаудан барып, қайран 
жердің ендігі күні не болады деген уайым-қайғыға ұласады, ақыры келіп кіндік қаны тамған 
нулы, сулы өлкені жаулап жатқан қара шекпенді отаршылдыққа қарсы наразылық оты болып 
тұтанды. Оған "Туған жерім - Сасықкөл" өлеңі дәлел. Ақын халқымен бірге күйзелді, осыдан 
келіп "Мен жастарға сенемін" өлеңдері жарыққа шықты. М.Жұмабаев поэзиясындағы 
құнарлы арнаның бірі - түркі тақырыбы. Түркі халықтарының бірлігі тақырыбы Мағжан 
поэзиясының әуелден қалыптасқан алтын арқауы іспетті. 
Ақын "Шолпан" жинағындағы "Орал тауы" өлеңінде: "Қосылып батыр түрік 
балалары, Таптатпа, жолын кесіп, тізгінге орал", - деп жазды. Ерекше атап өтетін бір жайт - 
М.Жұмабаевтың түрік халқының шет ел басқыншыларына қарсы азаттық қозғалысына үн 
қосуы. Мұнда реалистік, романтикалық сарындар бір-бірімен астасып, бірге өріліп отырады. 
Алаштық идея әрбір саналы қазақты ойландырғанына, ойландыра беретіндігіне күмән 
жоқ. Өйткені, Алаш қозғалысының мақсаты - ұлттық тәуелсіз мемлекет құру. XX ғасырдың 
басында ұлтының дербестігі үшін бірігумен де, қаламмен де, қарумен де күреске түскен 
Алаш қайраткерлерінің еңбегі Алаштың өкшебасар ұрпақтарының есінен кетпейтіні анық. 
Алашшылдық сана қазіргі қоғамда тереңдей түсті. ХХІ ғасырдың әдебиеті қанатын кең 
жайып, халқымыздың ұлттық өресінің биіктеуіне ықпал етіп келеді. 
Қазақтың сан ғасырлық тарихының ең жарқын беттерін жазған Алаш қозғалысы -
тарихи-саяси, айрықша құбылыс ретінде ұлтымыздың мәдени- рухани даму жолын жаңа 
арнаға бұрғаны сөзсіз. Өйткені ол Қазақ баласының саясат, мәдениет сатысына 
көтерілгендігін айғақтай отырып, ендігі жерде ұлт ретінде дербес өмір сүруге, өзге елдермен 
терезесі тең халық ретінде азат күн кешуге болатындығына әлеуметті сендіре алған жаңашыл 
козғалыс еді. Қозғалыстың қарқындылығы мен жаңашылдығы - қазақ қоғамы үшін қиын-
қыстау сол бір дүбірлі шақта азаттық ұранын салып, іс жүзінде бытыраңқылык пен 
мемлекеттік институттар қалыптаспаған сахара төсінде дербес мемлекет құруға бел шешіп 
кірісуінде еді. Алмағайып кезеңде амал тауып, халқының басын қосып, ертеңіне сендірген 
осындай ұлы топ бұғанға дейін болмағаны тарихтан белгілі. Олар сол түста кездескен 
қиындықтардың барлығын жеңе білді, түпкі мақсатқа жету үшін, қандай да болмасын, 
замана сауалының оңтайлы шешімдерін таба білді. Алаш қозғалысы совет өкіметі тарапынан 
терістелгенімен, оның идеялары ұлтжанды азаматтардың жүрегі мен санасында өмір сүріп 
келді. Оның жарқын әрі бұл тартпас мысалы - тәуелсіздіктің қарсаңында Алаш идеясының 
қайтадан жаңа күшпен жаңғыруы. 
Ес жиып, етек жапқан бүгінгі күнде алаштық идея саналы қазақ баласын, елжанды 
Қазақ азаматын қайтадан баурап алу үстінде. Мұның басты себебі, Алаш қозғалысының ең 
ұлы мақсаты - ұлттық тәуелсіз мемлекет құру идеясымен сабақтасып жатқанында еді. XX 
ғасырдың басында ұлтының теңдігі үшін қауымдасумен де, қаламмен де, қарумен де күреске 
түскен Алаш қайраткерлерінің пәрменді еңбегі Алаш баласының есінен еш кетпек емес. 
Оның дәлелі - тәуелсіз Қазақстанның барлық түкпіріндегі қазақ зиялы қауымының ісіндегі, 
ойындағы алашшылдық сана. Бұл алашшылдық сана уақыт жылжыған сайын қазіргі қазақ 
қоғамында тереңдей түссе, халқымыздың ұлттық өресі де биіктей бермек. Алаш 
зиялыларының 
Қазақ 
даласында 
ұлттық 
идеяны 
негіздегені 
жөнінде 
Елбасы Н.Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» кітабының «Алаш мұрасы жене осы заман» 
атты тарауында: «XX ғасырдың басында ұлттық бірлікті нығайту идеясын алға тартқан 
рухани-зерделі игі жақсылар қазақтың ұлттық идеясын жасау міндетін өз мойнына алды. 
Олар 
қоғамның 
түрлі 
тарабынан 
шыққандар, 
әрі 
ең 
алдымен 
дәстүрлі 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   176




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет