1. ҚАзақстан республикасында шағын жинақты мектептердің даму жолдары



бет33/42
Дата06.02.2022
өлшемі246,85 Kb.
#80315
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   42
Байланысты:
ДӘРІС.

Дамытушылық міндеттері:

  • туған өлке туралы неғұрлым көп білуге деген ұмтылысты, танымдық қызығушылықты, интеллектуалдық және шығармашылық қабілетті дамыту;

  • тақырыптық акцияларға және жобаларға, кітапханалардың, ұлттық- мәдени орталықтардың іс-шараларына, сайыстарға, олимпиадаларға қатысу арқылы туған өлке жайлы білімді тереңдетуге деген ұмтылысқа ынталандыру;

  • болашақта білімді жалғастыру, мамандық және жұмыс орнын таңдау сұрақтарын шешуге бағыттау;

  • күнделікті өмірде өлкетанушылық білім мен біліктілікті қолдана алу, жергілікті жердегі туындайтын проблемаларды шешуде өзінің орнын білу дағдысын қалыптастыру;

  • туған өлкесінің өмірін жетілдіруге үлес қосуға деген ұмтылысты дамыту.

Білім берудің мемлекеттік стандарты білім берудің мазмұнын көрсетеді, ал регионалдық компонент – оның бөлігі. Сондықтан, регионалдық компоненттің маңызын анықтауды заманауи білімнің мағынасынан бастау керек. Білім берудің негізгі төрт мағынасы (И.А.Маврина):

  • дидактикалық – білім беруді оқытудың нәтижесі және процесі ретінде анықтау: білім берудің мазмұнында аймақтың ерекшеліктерін ескере отырып тұлғаның мүддесі үшін білім, біліктілікті қалыптастыруға бағытталған;

  • мәдениеттанушылық – білім беруді мәдениеттің бөлігі, компоненті ретінде анықтау: аймақтың мәдени дәстүрлерін үздіксіз молайтып және көрсетіп отыру арқылы, өзін және басқаларды, әлемнің бейнесін тану үшін қажетті білім мазмұны;

  • әлеуметтік-педагогикалық – білім беруді әлеуметтік тәжірибені жариялаудың механизмі ретінде, жеке тұлғаның әлеуметтену «полигоны» ретінде, жеке адамды, әлеуметтік топты, қауымдастықты фактор ретінде қолдануды анықтау: жеке тұлғаның өзіндік дамуы үшін қажетті жағдайлар, оның аймақта қауіпсіз және жайлы өмір сүруіне арналған механизмдердің мазмұны;

  • социологиялық (әлеуметтанушылық) – білім беруді маманданудың әлеуметтік институты ретінде анықтау: аймақ қауымдастығының ерекшеліктерін жеке тұлға өзінің бойына қабылдап және олар арқылы әлеуметтенуге, яғни сезімдік-құндылық қарым-қатынас түрлерін, менталитетті қалыптастыруы. Білім берудің регионалдық компонентінің мазмұны – ол аймақтың тек табиғи-географиялық, экономикалық және басқа да ерекшеліктерін көрсететін білімнің ғана мазмұны емес, ол аймақтың, мемлекеттің және жеке тұлғаның қызығушылықтары мен қажеттіліктері көрініс табатын әлеуметтік тапсырыс. Білім берудің жалпы және регионалдық мазмұнының өзара байланысы жалпы білім беретін пәндердің білім беру элементтері және мамандану бағыттары арқылы жүзеге асырылады. Білім берудің регионалдық компонентін жетілдіру мәселесі білім беру мекемелерінің келесі құжаттарында айқындалады:

  • - оқу жоспарының моделінде – оқу жоспарының деңгейі;

  • - оқу бағдарламасында – оқу пәнінің деңгейі;

  • - аймақтық оқу-әдістемелік әдебиетте – оқу материалының деңгейі. Орта білім берудің регионалдық мазмұны бірнеше бағытта жүзеге асырылады:біріншіден, мектепте оқылатын кез-келген пәнді аймақтық материалдармен толықтыру арқылы «оқу мен өмірді ұштастыру», «ғылымның, мәдениеттің жетістіктерін меңгеруді жүйелендіру және реттеу» сияқты дидактикалық процесті ұйымдастыру мүмкіндігі;екіншіден, ол білім беру ошағы орналасқан елді мекеннің сұранысын, ерекшелігін ескере отырып, білім алушының жеке тұлға ретінде қалыптасуына жағдай жасап қана қоймай, өзіне тән «бейне» қалыптастыруға мүмкіндік тудыратын факультативті оқылатын пәндер;үшіншіден, ол – аймақтық қауымдастықтың әлеуметтік тапсырысымен келісілген, мемлекеттік стандарт компонентінің жоғары деңгейі. Шағын жинақты мектеп пәндерінің мазмұнындағы регионалдық компонентті оқытуды жетілдіру оқушы үшін дүниеге келген немесе ұзақ уақыт бойы сол жерде өмір сүруіне байланысты туған жері болып табылатын, Қазақстан Республикасының нақты бір аумағы туралы ауқымды да қиын білім және сезім кешенін меңгеру болып табылады.Әр пәннің өзіне тән регионалдық компоненті бар. Мысалы, тарих – өлкенің тарихын, биология – тірі табиғаттың ерекшеліктерін, экология – өлкенің табиғат кешенінің сақталуын, тіл және әдебиет пәндері – тілдерді және халық шығармашылығын, химия – пайдалы қазбалардың, басқа да ресурстардың ерекшеліктерін, физика – өлкедегі болатын жылу, дыбыс, жарық құбылыстарын, география –жергілікті жердегі табиғи құбылыстарды, суларды, жер бедерін зерттейді. Бұл тізімді этнографиямен, өнертанумен, топонимикамен тағы басқалармен толықтыруға болады.Ал, білім мазмұнын регионалдық компонентпен толықтырудың ең басты міндеті туған өлке туралы білімді меңгерумен қатар, туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыру болып саналады. Сонымен қатар, сабақтарды өткізу барысында теориялық және практикалық материалды сараптау арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын, өздігінен білім алу және оны қолдана білу дағдыларын дамыту маңызды міндеттердің бірі болып саналады.

Мектеп пәндерінің мазмұнындағы регионалдық компонентті жүзеге асыру арқылы көптеген міндеттерді: тұлғаның жалпы білімдік біліктіліктері мен дағдылары тереңдетіледі, байқағыштығы, қиялдағыштығы, білімқұмарлығы, ізенгіштігі және мәдени деңгейі дамиды. Оқушы болашақ мамандығын таңдауға және болашақта өз бетімен өмір сүруге өзін психологиялық тұрғыдан дайындайды. Ол өзінің моральдық-адамгершілік қасиеттерін дамытады, туған өлкеге, Отанға деген сезімдерін терең мазмұнмен толықтырады. Оқушыға өмірден өз орнын табуға, жаңа экономика жағдайында оның әлеументтенуіне, өзіне және болашақта туған өлкенің өнеркәсіптеріне маман немесе жеке кәсіпкер ретінде қажет екеніне сенімді болуына көмектесудің тәрбиелік мәні өте зор. Сонымен қатар, регионалдық компонентті жетілдіру дегеніміз мектеп пәндерінің мазмұнындағы материалды іріктеудің заманауи педагогикалық технологиялары, олардың оқушының өмір сүріп отырған аймағына тікелей қатысы бар: өлкенің табиғи-экологиялық, географиялық, тарихи, мәдени, ұлттық, демографиялық ерекшеліктерін ашады. Оқушы өз өлкесінің даму артықшылықтары мен проблемаларын, онда өмір сүретін халықтардың рухани мәдениеті және менталитетінің аймақтық ерекшеліктерін түсінуі қажет.
Еліміздің шағын елді мекендерінің әкімшілік-аумақтық және ұлттықерекшеліктерін ескере отырып, жеткіншектерге білім беру мен тәрбиелеудеұлттық және регионалдық мүмкіндіктерді қолдану қазіргі кезде шағын жинақты мектептердегі білім берудідамытудың ерекшелігі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет