27
партиархалды-феодалдық мемлекет құрылады. М. Қашқари оғыз елінің 22,
кейбір деректерде 24 тайпаға бөлінгенін жазады.
Х ғасырда Оғыз мемлекетінің астанасы – Янгикент немесе «Жаңа гузия»
деп аталатын қаласы болған.Оғыз мемлекеті өзінің саяси және әлеуметтік
құрылысы жағынан көне феодалдық мемлекет болды. “Жабғу” атағы бар
жоғарғы билеуші Оғыз мемлекетінің басшысы болып саналды. Оғыз
жабғыларының орынбасарларын күл-еркін деп атаған. Жабғы мемлекетінде
оғыз әскерлерінің бас қолбасшысы “сюбашы” деп аталды. Х ғ. аяғы мен ХІ ғ.
бас кезінде Оғыз жабғысының мемлекетінде алым-салықты тиянақты түрде
жинап отыру жүйесі қалыптасқан, бұл жағдай мемлекетте тұрақты басқару
аппаратының құрылғандығын көрсетеді.
Х ғ. аяғында орыс деректерінде оғыздардың 965 ж. Киев князі
Святославпен одақтасып хазарларды және князь Владимир 985 ж.
оғыздарымен келісе отырып, Еділ, Кама бойындағы бұлғарларды
талқандағаны туралы айтылады. Оғыздардың жер үшін жүргізген
ұрыстарының көп жағдайда сәтті болуы, олардың саяси беделін де көтере
түскен. Алайда, ұзақ жылдарға созылған соғыс, халықтан көп мөлшерде
алынған алым-салық оғыз тайпаларының әр жерде бас көтерген
наразылықтарын туғызады. Осы кезде Жент қаласының маңына келіп
қоныстанған селжұқтар көсемі Жент қаласындағы оғыз билеушілеріне қарсы
көтерілісті бастап, қаланы басып алады. Деректерге қарағанда селжүқтар көп
ұзамай қаланы тастап шыққан. Осы кезде ел басына Әлиханның мұрагері
Шахмәлік келіп, мемлекет едәуір күшейіп, 1041 жылы Хорезмді жаулап алады.
Бірақ Шахмәлік көп ұзамай оғыздарға қарсы қайта көтерілген селжұқтардың
қолынан Хорезм түбінде қаза болады. Селжұқтармен жүргізілген көп жылғы
соғыстар оғыз мемлекетін қатты әлсіретті. Сөйтіп, ХІ ғ. екінші жартысында
күшейе бастаған қыпшақтар оғыздарды Сырдария, Арал бойынан біржола
ығыстырады. Оғыздардың бір бөлігі Европаның Шығысына, Кіші Азияға
қарай жылжыса, кейбір бөліктері Қарахан әулетінің қарамағында қалды, біраз
бөлігі Хорасан селжұқтарының қол астына кірсе, қалғандары қыпшақтардың
құрамында қалып, олармен сіңісіп кетті. Оғыз тайпалары қазақ, қырғыз, татар,
башқұрт, түрікмен, өзбек, қарақалпақ халықтарын қалыптастырушы
түріктердің бірі болды.
Достарыңызбен бөлісу: