§1 Қазақстанда көшпелі малшаруашылығы және егіншіліктің дамуы


§5-6. Қазақстан қала мәдениетінің дамуындағы Ұлы Жібек жолының рөлі



бет2/7
Дата22.12.2023
өлшемі216,61 Kb.
#198328
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
11 сынып тақырыптық тест ЖААБЫ ЖОҚ


§5-6. Қазақстан қала мәдениетінің дамуындағы Ұлы Жібек жолының рөлі
1. Шығыс пен Батыс елдерін байланыстыратын сауда жолының бағыты ретінде бекіту үшін 1877 ж. «Жібек жолы» атауын ұсынған неміс ғалымы

  1. Ф.Рихтгофен

  2. К.Риттер

  3. А.фон Гумбольдт

  4. Г.С.Карслин

  5. В.И.Даль

2. Араб ғалымы ибн Хаукаль «көпестер қаласы» деп атаған қала:

  1. Тараз

  2. Күнгіт

  3. Сығанақ

  4. Испиджаб

  5. Янгикент

3. 568 ж. Византия императоры ІІ Юстиниан жіберген дипломатиялық елшілікті қабылдаған түрік қағаны:

  1. Иштеми

  2. Мұқан

  3. Дизабул

  4. Бұмын

  5. Қара Еске

4. Дәулетті қимақтардың түрлі түсті жібек киімдерін кигені туралы мәлімет қалдырған араб географы

  1. әл-Омари

  2. Гардизи

  3. Жувейни

  4. әл-Идриси

  5. әл-Марвази

5. Ғалымдардыңпайымдаынша, жібек өндіру технологиясы ойлап табылды

  1. осыдан 6000 жыл бұрын

  2. осыдан 5000 жыл бұрын

  3. осыдан 7000 жыл бұрын

  4. осыдан 8000 жыл бұрын

  5. осыдан 9000 жыл бұрын

6. Сауданың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатымен Жібек жолын бақылауға алған империялар тарапынан керуендерге және діни миссияларға табыс етілген арнайы өкілеттік құқық

  1. дирхемдер

  2. динарлар

  3. пайзалар

  4. атабектер

  5. инақтар

7. Ежелгі заманнан бері шөл даланың кемесі ретінде жоғары бағаланған жануар

  1. тотықұс

  2. жылқы

  3. тауешкі

  4. құлан

  5. түйе

8. VI ғ. Қытайдан Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан жері арқылы өтетін Жібек жолы тармағының барынша өркендеу себебі

  1. Араб халифатының құлдырауы

  2. Жылқының қолға үйретілуі

  3. Түрік қағанатының құрылуы

  4. Дөңгелектің ойлап табылуы

  5. Компастың ойлап табылуы

9. «Сайрам – ақ қаланың аты, оны Испиджаб атайды» деп көрсеткен

  1. Мұхаммед Хайдар Дулати

  2. Жүсіп Баласағұни

  3. Сүлеймен Бақырғани

  4. Махмұт Қашғари

  5. Қадырғали Жалайыри

10. «Жібек жолы» тарихи термині алғаш рет аталған еңбек:

  1. «Қытай»

  2. «Үш патшалық»

  3. «Батысқа саяхат»

  4. «Тарихи жазбалар»

  5. «Үндістан»

11. Ұлы Жібек жолының шығысқа шығатын қақпасы

  1. Алтай-Тарбағатай

  2. Оңтүстік Сібір

  3. Жетісу өңірі

  4. Солтүстік Қазақстан

  5. Солтүстік-Шығыс Қазақстан

13. Ұлы Жібек жолы алғаш рет Қытай жерінен басталып, Жерорта теңізіне шыққан

  1. б.з.б. І ғасырда

  2. б.з.б. ІІІ ғасырда

  3. б.з.б. ІІ ғасырда

  4. б.з.б. IV ғасырда

  5. б.з.б. VІІ ғасырда

14. Ұлы Жібек жолының батысқа шығатын қақпасы

  1. Алтай-Тарбағатай

  2. Оңтүстік Сібір

  3. Жетісу өңірі

  4. Оңтүстік Қазақстан

  5. Солтүстік-Шығыс Қазақстан

15. Далалықтардың жібек матадан тігілген киімдер кигені туралы жазған ғалым, этнограф

  1. И.Георги

  2. Н. Н. Пантусов

  3. В. В. Радлов

  4. Б.Шварц

  5. С.Гросс

16. Әл-Идриси мәліметтері бойынша, түрлі түсті жібек киімдерін киген түрік халқы:

  1. Қыпшақтар

  2. Наймандар

  3. Керейіттер

  4. Қимақтар

  5. Қарақытайлар

17. Ертеде алтынмен бірге халықаралық валютаға айналып, айырбас өлшемі ретінде бекітілді

  1. жібек

  2. оқ-дәрі

  3. қауырсыны

  4. піл сүйегі

  5. қой асығы

18. Ежелгі заманнан бері Ұлы Жібек жолында тауарды тасымалдау үшін пайдаланылды

  1. сиыр мен қой

  2. тауешкі мен құлан

  3. жолбарыс пен арыстан

  4. піл мен жылқы

  5. түйе және есектер

19. Ұлы жібек жолының құлдырауына әсер етті

  1. теңіз жолдарының ашылуы

  2. Осман империясында өндірістің дамуы

  3. Англиядағы өндірістік төңкеріс

  4. Қытайдағы шаруалар көтерілістері

  5. Византияда жібек өндіретін тұтас аймақтардың пайда болуы

20. Ортағасырлық қалалардың қарапайым халық тұратын шеткі бөлігі

  1. Цитадель

  2. Ратуша

  3. Регистан

  4. Рабад

  5. Собор

21. Жібек жолының бойымен Қазақстан жерінен тасылған тауарлар:

  1. тері мен жүн, жылқы, қой

  2. әйнек және теңгелер

  3. айна, шыны ыдыстар

  4. жібек, маталар

  5. піл сүйектері, тотықұс қауырсыны

22. Х ғасырда өмір сүрген араб географы әл-Макдиси: «бірінен кейін бірі жеті қабырғамен қоршалған үлкен қала, оның рабады бар, үлкен мешіт ішкі қалада орналасқан», деп сипаттаған қала

  1. Ашнас

  2. Суяб

  3. Жент

  4. Жаңакент

  5. Сауран

23. Ортағасырлық қалалардың бірі, Қарахандардың астанасы есептелді

  1. Сауран

  2. Баласағұн

  3. Ашнас

  4. Суяб

  5. Жент

24. Ұлы Жібек жолының негізгі бағыты Сирия – Иран жері – Орта Азия – Оңтүстік Қазақстан – Талас, Шу алқабы – Ыстықкөл, Шығыс Түркістан арқылы өткен:

  1. VII–X ғасырларда

  2. VI–XIII ғасырларда

  3. IV–IX ғасырларда

  4. XVI–XVIII ғасырларда

  5. I–III ғасырларда

25. Жошы ұлысында теңгелер шығарылған қалалар:

  1. Сарайшық, Сығанақ

  2. Түркістан, Шымкент

  3. Карантия

  4. Суяб, Отырар

  5. Мерв, Бағдад

26. Ортағасырлардағы аса ірі сауда және әкімшілік орталығы Суяб қаласы орналасқан өңір

  1. Жайық пен Еділдің арасы

  2. Жетісу

  3. Ертіс пен Алакөл аралығы

  4. Сырдың орта және төменгі ағысы

  5. Маңғыстау

27. Тараз қалалықтарынаа: «Тараздықтар сияқты батыл, арабтар сияқты жомарт», – деген мінездеме берген ХІ ғасырдағы парсы ғұламасы

  1. Тебризи

  2. Жувейни

  3. Жүзжани

  4. Гардизи

  5. Әл-Идриси

28. «Тараз – мұсылман түркілердің сауда жасайтын орны» немесе «Тараз – көпестер қаласы», - деп жазған араб ғалымы

  1. Жихаз

  2. Жувейни

  3. Хордарбек

  4. Әл-Макдиси

  5. ибн Хаукаль

29. Сайрам қаласының атауы алғаш рет кездеседі

  1. VII ғасырда

  2. IV ғасырда

  3. II ғасырда

  4. ІII ғасырда

  5. V ғасырда

30. Түркістан (Йасы) қаласының XIV ғ. соңы – XV ғ. басында Оңтүстік Қазақстан өңірінде маңызды әкімшілік, сауда, саяси және мәдени орталық ретінде санала басталу себебі:

  1. Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің тұрғызылуы

  2. Қазақ хандарының астанасына айналуы

  3. Алтын Орданың ыдырауы

  4. Жошы ұлысының астанасына айналуы

  5. Обсерваторияның салынуы

31. 629 жылы Суяб қаласында болған будда монахы

  1. Сюань Цзянь

  2. Сыма Цянь

  3. Бартольд

  4. У Ди

  5. Менандр Протектор

32. «Йасы қаласына тауарлар мен қымбат бағалы заттар жеткізіледі де, сол жерде сату басталады. Қала көпестердің теңделген жүктерін шешіп, саяхатшылар тобын әр елге аттандыратын орын есептелінді», - деген мәліметтер қалдырған ортағасырлық тарихшы

  1. ибн Рузбехан

  2. Әл-Макдиси

  3. Әл-Якуби

  4. Гардизи

  5. Әл-Идриси

33. XVІ ғ. ибн Рузбехан: «Бұл қала керемет көркем, ауасы өте таза, адам жанын көркейтіп, сергітеді. Маңайы құлпырған бау-бақшалар мен әртүрлі ағаштарға толы, қаланы айналдыра биік дуалдар қоршап тұр, ал оның етегіне терең ор қазылғандықтан жау ала алмайды», – деп сипаттаған қала:

  1. Сауран

  2. Йасы

  3. Тараз

  4. Испиджаб

  5. Сығанақ

34. ЮНЕСКО шешімі бойынша Ұлы Жібек жолын қайта жаңғырту жобасы қабылданды

  1. 1981 жылы

  2. 1983 жылы

  3. 1985 жылы

  4. 1987 жылы

  5. 1986 жылы

35. 2000 жылдан астам тарихы бар Ұлы Жібек жолы бойындағы қала

  1. Тараз

  2. Отырар

  3. Жанкент

  4. Талғар

  5. Жент

36. Батыс Түрік, кейін Түргеш, Қарлұқ қағанаттарының астанасы болған қала

  1. Йасы

  2. Тараз

  3. Испиджаб

  4. Сығанақ

  5. Суяб

§7-8. Экономикалық және мәдени қарым-қатынастың дамуы мен өзара әсері


1. ХІV-ХV ғғ. Ақ Орда мен Әмір Темір мемлекеттері арасында талас-тартыстың нысанына айналды

  1. Жетісу өңірі

  2. Маураннахр

  3. Ертіс бойы

  4. Ноғай Ордасының жері

  5. Сыр бойындағы қалалар

2. 1219 – 1220 жж. Сыр бойындағы қалаларға үстемдік орнатты:

  1. Әмір Темір

  2. Хорезмшақтар

  3. Қытадың Сунь әулеті

  4. Шыңғысхан

  5. Византиялықтар

3. «Оларда (қыпшақтарда) егістіктің көлемі өте шағын және бидай мен арпа аз егіледі. Негізінен тары өсіріледі, сонымен тамақтанады ...»деп жазған араб тарихшы:

  1. әл-Марвази

  2. әл -Фараби

  3. әл-Макдиси

  4. ибн Хаукаль

  5. әл-Омари

4. Киіз үйге ұқсас етіп өңделмеген тақтатастан салынған өзіндік сәулет құрылысының бір түрі

  1. Дың ескерткіштері

  2. Балбал тастар

  3. Сардобалар

  4. Терракоталар

  5. Кесенелер

5. Көшпелі түркі қоғамында «көшіп-қонбайтын», «бір жерде тұратындар»

  1. командар

  2. половшылар

  3. жатақтар

  4. ратайиштар

  5. жылқышылар

6. Түріктерде қайтыс болған көшпелі ақсүйектердің бейітіне мазарлар салу орын алды

  1. Анимизмнің қайта жандануына байланысты

  2. Манихейліктің таралуына байланысты

  3. Ислам дінінің таралуына байланысты

  4. Түрік қағанатының әлемдік дердаваға айналуына байланысты

  5. Қытайлықтардан сәулет мәдениетін иемденуіне байланысты

7. Қазақ жерінде отырықшылық мәдениет өркендеп, қалалар саны көбейген

  1. ХІІІ - XIV ғғ.

  2. XIV - XV ғғ.

  3. XI - XІІ ғғ.

  4. IX - XІІІ ғғ.

  5. VI - VІІ ғғ.

8. Манихейлік шіркеу мен зират табылған қала:

  1. Испиджаб

  2. Тараз

  3. Құлан

  4. Айнабұлақ

  5. Баба-ата

9. Орта ғасырларда қыпшақтардың шығыс елдерінде жүздеген динарға дейінгі бағамен сатылған тауары

  1. жылқы

  2. кілем

  3. фарфор

  4. қой, ешкі

  5. жібек

10. «Шаш қаласынан басқа елдерге сапалы тері бұйымдары, ер, жебе салатын қорамсақ пен шатырлар әкетілді», - деп жазды

  1. ибн Рузбехан

  2. әл-Омари

  3. әл-Макдиси

  4. Әбілғазы

  5. Ж.Баласағұн

10. Түркілердің әлем халықтарының сөздік қорына қосылған сөздері

  1. «сөмке», «жәрмеңке», «сот»

  2. «әліпби», «кітап», «мұғалім»

  3. «алтын», «теңге», «жәмшік», «қазына»

  4. «интернет», «мобиль», «фильм»

  5. «биология», «бизония», «география»

11. Түркі мемлекеттерінде қалалардың ішкі өзін-өзі басқару жүйесі туралы: «Олардың әрқайсысының өз бастығы бар. Олар бір-біріне тәуелді болмаса да, бәрі қағанға бағынады», - деп жазады

  1. Сюань Цзянь

  2. Сыма Цянь

  3. Бартольд

  4. У Ди

  5. Менандр Протектор

§9-10. ХХ ғасырдағы Қазақстан экономикасының дамуы


1. «Қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды»,-деп жазған:

  1. А.Байтұрсынұлы

  2. Ә.Бөкейханов

  3. М.Дулатұлы

  4. Ж.Аймауытов

  5. Ш.Құдайбердіұлы

2. 1917 ж. қазақтардан тартып алынған шұрайлы жердің ауқымы

  1. 15 млн десятина

  2. 45 млн десятина

  3. 10 млн десятина

  4. 12 млн десятина

  5. 7 млн десятина

3. 1917 ж. қарашада «Алаш» партиясының бағдарламасы жарияланған газет

  1. «Ұшқын» газеті

  2. «Свободная речь»

  3. «Туркестанский вестник»

  4. «Дала уәлаяты»

  5. «Қазақ» газеті

4. 1904 ж. «Спасск мыс кен орындары» акционерлік қоғамы құрылған қала

  1. Берлин

  2. Мәскеу

  3. Лондон

  4. Вена

  5. Прага

5. ХХ ғ. басында Жесқазған мыс кеніштерін, Байқоңыр әк карьерлері мен темір кен орындарын иеленген акционерлік қоғам:

  1. «Атбасар мыс кен орындары»

  2. «Спасск мыс кен орындары»

  3. «Үшбұлақ мыс кен орындары»

  4. «Төртқұдық мыс кен орындары»

  5. «Рудный мыс кен орындары»

6. 1904 ж. Риддер мен зырян түсті металл кен орындарын сатып алды:

  1. ағылшындар

  2. немістер

  3. австриялықтар

  4. италиялықтар

  5. америкалықтар

7. Қазақстанда химия өнеркәсібінің алғашқы кәсіпорны

  1. Ертіс химия-металлургия зауыты

  2. Шығыс Қазақстан мыс-химия зауыты

  3. Өскемен титан-магний зауыты

  4. Павлодар алюминий зауыты

  5. Шымкент дермене (сантонин) зауыты

8. 1921 ж. большевиктер партиясының Х съезінде қабылданды:

  1. «ЖЭС»

  2. «Әскери коммунизм»

  3. «Азық-түлік салғырты»

  4. «Индустрияландыру»

  5. «Кіші Қазан»

9. 1909 ж. 4 млн пқт өндірілді

  1. Басқұншақ кәсіпшілігінде

  2. Елтон кәсіпшілігінде

  3. Елек кәсіпшілігінде

  4. Обь кәсіпшілігінде

  5. Коряков кәсіпшілігінде

10. 1906 жылы іске қосылған теміржол

  1. Орынбор-Ташкент

  2. Петропавл–Көкшетау

  3. Елек–Орал

  4. Рубцовск–Риддер

  5. Қарағанды–Жезқазған

11. «Қазақ халқы өзіне қарасты жерге орналасып болғанша олардың жері ешкімге берілмесін» деген талап көрсетілген қаулы қабылдаған 1917 ж. шілде айындағы бірінші жалпықазақ съезі өткен қала:

  1. Орал

  2. Орынбор

  3. Павлодар

  4. Семей

  5. Қызылорда

12. 1911 жылы мұнай өндіру басталды

  1. Доссор кәсіпшілігінде

  2. Басқұншақ кәсіпшілігінде

  3. Елтон кәсіпшілігінде

  4. Елек кәсіпшілігінде

  5. Коряков кәсіпшілігінде

13. Өнімі Англия, Америка, Германия, Үндістан, Жапония елдеріне шығарылған ХХ ғ. басындағы бүкіл Ресей империясындағы жалғыз сантонин зауыты

  1. Ертіс химия-металлургия зауыты

  2. Шығыс Қазақстан мыс-химия зауыты

  3. Өскемен титан-магний зауыты

  4. Павлодар алюминий зауыты

  5. Шымкент дермене (сантонин) зауыты

14. ХХ ғасырдың басында қаласында темекі фабрикасы жұмыс істеген қала

  1. Верный

  2. Орынбор

  3. Ташкент

  4. Семей

  5. Шымкент

15. Қазақстан екі революцияны бастан кешті

  1. 1921 жылы

  2. 1923 жылы

  3. 1926 жылы

  4. 1917 жылы

  5. 1930 жылы

16. Қазақстанда қосөкімет – Уақытша үкімет пен жұмысшы, шаруа және солдат депутаттарының Кеңестері орнады

  1. Қазан революциясы нәтижесінде

  2. 1867-1868 жж. реформалар барысында

  3. Ақпан буржуазиялық революциясы нәтижесінде

  4. 1822-1824 жж. реформалар барысында

  5. Ұлы Отан соғысы барысында

17. 1925 жылы большевиктер партиясының XIV съезінде елде шешімі қабылданған шешім:

  1. жаңа экономикалық саясатқа көші

  2. тың игеруді бастау

  3. «Кіші Қазан»

  4. қайта құру

  5. индустрияландыруды бастау

18. Қазақстаннан тек арзан шикізатты өндірістік аймақтарға тасымалдап, ол жақтан қымбат дайын өнімді елімізге қайта алып келуін көздеген орталықтың саясатына қарсы шыққан ұлт зиялылары

  1. С. Сәдуақасов, Ж. Мыңбаев

  2. Қ.И.Сәтбаев, Ғ.Мүсірепов

  3. А.Байтұрсынов, С.Асфендияров

  4. Ы.Жақаев, Т.Рысқұлов

  5. Т.Күзембаев, Т.Қазыбеков.

19. Қазақстанда индустрияландыру барысындағы ең ірі жоба –

  1. Шымкент дермене (сантонин) зауыты

  2. Успенск мыс кеніштері

  3. Түркістан–Сібір теміржол торабы

  4. Спасск мыс қорыту зауыты

  5. Саран және Қарағанды көмір шахталары

20. 1927–1930 жылдары салынып, Сібір, Орта Азия және Оңтүстік Қазақстан аймақтарын байланыстырған теміржол

  1. Қарағанды – Семей

  2. Алматы – Ташкент

  3. Ленинград – Мәскеу

  4. Орынбор – Ташкент

  5. Түркістан–Сібір

21. Жаңа экономикалық саясат мәні

  1. Азық-түлік салғыртын азық-түлік салығымен алмастыру

  2. Жаппай еңбек міндеткерлігін енгізу

  3. Жаппай әскери міндеткерлікті енгізу

  4. Ақша реформасын өткізу

  5. Әлеуметтік қамсыздандыруды іске асыру

22. 1941–1945 жылдары Қазақстан аумағына елдің батыс бөлігінен көшірілген зауыт пен фабрика саны

  1. 150

  2. 200

  3. 220

  4. 270

  5. 300

23. Ұжымдастыру жылдары республикада 80 мыңдай адам қатысқан шаруалардың бой көрсетуі саны:

  1. 372

  2. 377

  3. 375

  4. 272

  5. 300

24. Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында Қазақстанда пайдалануға берілген кәсіпорын саны

  1. 800-ге жуық

  2. 900-ға жуық

  3. 700-ге жуық

  4. 600-ге жуық

  5. 500-ге жуық

25. КСРО бойынша индустрияландыру жылдарында салынған теміржолдардың Қазақстанға тиесілі болған үлесі

  1. 20%

  2. 10%

  3. 40%

  4. 30%

  5. 50%

26. Кеңестердің әкімшіл-әміршіл үкіметі ірі бай шаруашылығын тәркілеу туралы Декрет қабылдады

  1. 1928 жылы

  2. 1930 жылы

  3. 1938 жылы

  4. 1944 жылы

  5. 1937 жылы

27. Ұжымдастыру жылдарында 5 мыңдай адам қатысқан 30-жж.басындағы неғұрлым ірі көтерілістердің бірі

  1. Созақ

  2. Елек

  3. Орал

  4. Рубцовск

  5. Риддер

28. 1941–1945 жылдары ҚазКСР-нда салынған зауыт, фабрика, кеніштер мен шахталар саны:

  1. 300

  2. 600

  3. 750

  4. 150

  5. 460

30. Ұжымдастыру жылдарында 1930 жылы наурызда 200 көтерілісші басып алған станция:

  1. Қапал

  2. Қапшағай

  3. Жамбыл

  4. Алматы

  5. Ақтау

31. Ұжымдастыру жылдарында Кеңес өкіметіне қарсы шыққаны үшін қатаң жазаланып, сотталған көтерілісшлер саны:

  1. 4 мыңнан астам

  2. 3 мыңнан астам

  3. 5 мыңнан астам

  4. 6 мыңнан астам

  5. 7 мыңнан астам

32. ОГПУ-дің деректері бойынша 1929 жылы Қазақстанда болған жалпы саны 350 адамнан тұратын көтерілісшілер отрядының саны

  1. 31

  2. 40

  3. 50

  4. 60

  5. 14

33. Ұжымдастыруға байланысты 1930–1932 жылдары көтерілісшілер саны жетті

  1. 12 мыңға

  2. 1 мыңға

  3. 7 мыңға

  4. 10 мыңға

  5. 2 мыңға

34. Ұжымдастыруға байланысты 1932–1933 жылдары көтерілісшілер саны жетті

  1. 3,2 мың адамға

  2. 4,2 мың адамға

  3. 5,2 мың адамға

  4. 6,2 мың адамға

  5. 7,2 мың адамға

35. Қарағанды–Жезқазған теміржолы іске қосылды.

  1. 1950 жылы

  2. 1944 жылы

  3. 1940 жылы

  4. 1927 жылы

  5. 1938 жылы

36. 1927 ж. ауылшаруашылығын ұжымдастыруға бағыт алуды жариялаған съезд:

  1. БК(б)П Х съезі

  2. БК(б)П ХІV съезі

  3. БК(б)П ХІІ съезі

  4. БК(б)П ІХ съезі

  5. БК(б)П ХV съезі

37. 1954 жылы наурыз айында КОКП ОК Пленумында қабылданғаншешім

  1. тың және тыңайған жерлерді игеру туралы

  2. ауылшаруашылығын ұжымдастыру туралы

  3. индустрияландыру туралы

  4. зауыт пен фабрикаларды соғыс қажеттіліктеріне бейімдеу туралы

  5. қайта құрылымдау туралы

38. КСРО тарихында 1953–1964 жылдар тарихта шартты түрде аталады

  1. «Хрущев жылымығы»

  2. «Тоқырау жылдары»

  3. «Ұлы нәубет жылдары»

  4. «Қуғын-сүргін жылдары»

  5. «Индустияландыру жылдары»

39. Тың игеру жылдары астық өндіруді арттыру мақсатында жер жыртылды

  1. 10 млн гектар

  2. 15 млн гектар

  3. 20 млн гектар

  4. 25 млн гектар

  5. 12 млн гектар

40. Тың игеру жылдары республикаға КСРО-ның еуропалық бөлігінен «қажетті мамандар» жаппай қоныс аударды:

  1. 1 млн адам

  2. 3 млн адам

  3. 2 млн адам

  4. 4 млн адам

  5. 5 млн адам

41. КСРО-да аймақтық халықшаруашылық кеңестер таратылып, өнеркәсіптер салалық одақтық-республикалық министрліктер арқылы басқаруға көшірілді

  1. 1955 жылы

  2. 1960 жылы

  3. 1980 жылы

  4. 1965 жылы

  5. 1985 жылы

42. КСРО-да 1965–1985 жж. алған атау

  1. «Тоқырау жылдары»

  2. «Ұлы нәубет жылдары»

  3. «Қуғын-сүргін жылдары»

  4. «Индустияландыру жылдары»

  5. «Ұжымдастыру жылдары»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет