1. Қазақстанда мемлекеттік кәсіпорындардың түрлері қандай құжатпен анықталады?



Дата17.05.2020
өлшемі47,65 Kb.
#69083
түріКодекс
Байланысты:
Кәсіпорын экономкасы тест


1. Қазақстанда мемлекеттік кәсіпорындардың түрлері қандай құжатпен анықталады?

а) Қазақстан Республикасының салық кодексімен

б) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен

в) еңбек туралы заңмен

г) Қазақстан Республикасының Конституциясымен

д) дұрыс жауабы жоқ


2. Бірнеше ірі фирмалар нарығы бұл:

а) монополия

б) табиғи бәсеке

в) олигополия

г) монополиялық бәсеке

д) монопсония


3. Көптеген сатушылар санынан тұратын (сатып алушыларға біртектес өнім ұсынатын), нарық түрі және бұл жерде бір фирмаға нарықтық бағаға эсер ете алмайтын нарық түрі қандай?

а) табиғи емес бәсеке

б) табиғи бәсеке

в) олигополия

г) монополия

д) дұрыс жауабы жоқ


4. Нарықта бағалар келесі жағдайда көп өзгеріске ұшырамайды:

а) олигополия

б) монополия

в) еркін бәсеке

г) монополистік бәсеке

д) дұрыс жауабы жоқ


5. Шағын бизнестің артықшылығы:

а) ірі бизнеске қарағанда өсіңкілігі жоғары

б) жұмысшы күші мен капиталдың алмасуын жеңілдетеді

в) жаңа өнім немесе қызмет түрін тез игереді

г) өндіріс құрылымын жетілдіреді

д) барлық жауап дұрыс


6. Сұраныс заңы:

а) сатып алынатын тауарлар саны бағалар деңгейіне тәуелді

б) баға өскен сайын, сұраныс өседі

в) сатып алынатын тауарлар саны бағалар деңгейіне байланысты емес

г) табыс деңгейінің кемуі сұранысты өсіреді

д) дұрыс жауабы жоқ


7. Ұсыныс заңы:

а) бағаның кемуіне байланысты нарыққа тауарлар көбірек түседі

б) бағаның өсуіне байланысты нарыққа тауарлар азырақ түседі

в) ұсыныстың көбеюімен тауар бағалары арзандайды

г) бағаның өсуіне байланысты нарыққа тауарлар көбірек түседі

д) дұрыс жауабы жоқ


8. Тепе-теңдік нарықтық баға мына жағдайда қалыптасады:

а) ұсыныс көлемі сұраныс көлемінен көбірек

б) нарықта не артық ендіру, не тапшылықтың жоқтығы

в) сұраныс көлемі ұсыныс көлемінен артық

г) жоғарыдағының барлығы жатады

д) дұрыс жауабы жоқ


9. Нарықта тауардың сұраныстан артық жағдайында баға қалай өзгереді?

а) өзгермейді

б) төмендейді

в) өседі


г) болар-болмас өседі

д) а+б жауаптары дұрыс


10. Үлесті немесе меншікті куәлендіретін бағалы қағаз - бұл:

а) депозит

б)облигация

в) акция


г) вексель

д) дивидент


11. Ресурстарды бөлуде мемлекет тарапынан атқармайтын зкономиканы не деп атаймыз?

а)аралас


б) еркін рынок

в) мөлшерлі

г) мемлекеттік

д) орталықтандырылған


12. Өзінің негізгі мақсаты таза табыс табуға бағытталған заңды құқығы бар мекемені қалай атаймыз?

а) коммерциялық емес ұйым

б) мемлекет мекемесі

в) коммерциялық ұйым

г) қоғам бірлестігі

д) ассоциация


13. Коммерциялық кәсіпкерлікке жататындар:

а) тауар биржасы

б) аралықтағы сауда делдалы

в) сатып алу және сату

г) сауда

д) барлық аталғандар жатады


14. Өзіне тиісті барлық мүлкімен, оның міндеттемесі бойынша шаруашылық серіктестіктеріне қатысушылардың мүлкінің жетіспей қалуында, пікірлестердің толық жауапкершілікті мойынына алуын қандай серіктестік деп атаймыз?

а) коммандиттік

б) қосымша жауапкершіліктегі

в) шектелген жауапкершіліктегі

г) толық серіктестік

д) өндірістік


15. Бұл серіктестікке қатысушылар өздерінің міндеттемесі бойынша жарғылық қордың салымында, ал егер ол соманың жетіспеген жағдайында - салымдарын өздерінің қосымша мүлкін еселік салым көлемінде орнын толтыруға бірлескен серіктестікті қалай атаймыз?

а) шектелген жауапкершіліктегі

б) коммандиттік

в) қосымша жауапкершіліктегі

г) толық серіктестік

д) кооперативті


16. Бұл серіктестікке қатысушылар жарғылық капиталда белгіленген төлем жарнасын құйған және келісім бойынша серіктестік жқмысындағы зиянға жауап бермейтін, тек өзінің салымы мөлшеріндегі салу кұны бойынша жауапкершілікті көтеретін серіктестікті қалай атаймыз?

а) толық серіктестік

б) коммандиттік

в) қосымша жауапкершіліктегі

г) акционерлік қоғам

д) дұрыс жауабы жоқ


17. Мүліктік жарнамен мүшелердің бірігіп және еңбекке тікелей қатысуы негізінде, кәсіпкерлік жұмысында бір мүшелікте азаматтардың өз еркімен бірігуі қандай деп аталады?

а) шаруашылық серіктестік

б)акционерлік қоғам

в) өндіріс кооперативу

г) мемлекеттік кәсіпорын

д) коммандиттік серіктестік


18. Шағын партиямен, жеке адамдарға және басқадай сатып алушыларға тауар сатылуын не деп атаймыз?

а) сатып алу

б) маусымды сауда

в) нарық саудасы

г) базистік сауда

д) бөлшекті сауда


19. Кәсіпорын өндіріс бағдарламасында құн көрсеткішіне жататыны:

а) тауарлы өнім

б) жай өнім

в) баға


г) тауарлы өнімнің 1 теңгесіне кеткен шығын

д) негізгі қордың құны


20. Кәсіпорынды дамыту жоспарындагы орталық тарауына не жатады?

а) өндіріс тиімділігін арттырудағы экономикалық жоспары

б) қаржы жоспары

в) өндіріс бағдарламасы

г) ғылымды және техниканы дамыту жоспары

д) инвестиция жоспары


21. Кәсіпкерліктің басты мақсаты:

а) пайда алу

б) кәсіпкерлік жұмысты кеңейту

в) жоспарланған өнім көлемін шығару

г) жұмсалған шығынды қайтару

д) акционерлік қоғамды құру


22. Кәсіпкерлік - жоспардын, негізгі бөлімі:

а) кәсіпкерлік келісімінің мақсаты мен міндеті және оның тиімділігі

б) ұйымдастыру шарасы мен жоспардың бағдарлама әрекеті

в) қорытындылаушы түйіні, негізгі шамасы мен кәсіпкерлік - жоспардың көрсеткіштері

г) кәсіпкерлік жұмысты кеңейту үрдісі

д) жұмсалған шығынды қайтару


23. Жаңа тауарды өндіріске ендіруге жасалып жатқан кезеңдегі қаржылық мақсатқа жататыны:

а) пайданы жоғарылату

б) өндіріс шығындарын қысқарту

в) шығынсыздықты камтамасыз ету

г) шығын айналымын қысқарту

д) дұрыс жауабы жоқ


24. Тауар саясатындағы сапаны шешуге жататыны:

а) баға құруды жетілдіру

б) маркетингтік зерттеуді жүргізу

в) өндірістен ескірген тауарды шығару

г) өнімнің сатылған көлемін белгілеу

д) өнімнің бәсекеге қабілетін анықтау


25. Жылдық амортизация нормасы - 12%; негізгі өндіріс қорының баланстық құны - 62 мың тенге; қалдық кұны - 31 мың тенге. Бір айда есептелетін амортизация соммасы тең болады:

а) 0,372 мың тенге

б) 3,720 мың тенге

в) 0,620 мың тенге

г) 7,440 мың тенге

д) 3,542 мың тенге

26. Кәсіпорынның мәдени-әлеуметтік ортасын анықтайтын:

а) жұмысшылар күшіне сұраныс

б) тауарға сұраныс

в) өндірісте энергоресурстарға сұраныс

г) кәсіпорынның орналасқан орны

д) негізгі және айналым капиталына сұраныс


27. Қоғам өндірісін ұйымдастыру түрлеріне жатпайтыны:

а) шоғырландыру

б) сақтандыру

в) монополизациялау

г) кооперациялау

д) қиыстыру


28. Токарлык станоктарды ағымдағы жөндеуден өткізудегі шығындарын (Шж) анықтау керек. Егер ағымдағы жөндеу ұзақтығы (Н_ү) бір жөндеу бірлігіндегі уақыт мөлшері 6,1 сағат, жөндеушінің бір сағатына (Ш) еңбек ақы ставкасы — 10 теңге, материал (М) шығыны — 5,5 теңге, жөндеу бөлшектерінің шығыны (Жбөл) - 25 теңге. Цехтағы барлық станок саны - 30.

а) 1782 тг

б) 4825 тг

в) 10 032 тг

г) 3140 тг

д) 2745 тг


29. Өндірісті шоғырландыру деңгейін көтеру төмендегі аталғандарға мүмкіндік береді:

а) ірі, орта және шағын кәсіпорындардың оптималды үйлесуіне

б) монополизмнің дамуына

в) өнім тапшылыгының төмендеуіне

г) негізгі және айналым қорларын, жұмысшылар күшін пайдалану дәрежесінің жақсаруына

д) дұрыс жауабы жоқ


30. Мамандану түріне жататыны:

а) бұйымдық

б) өндіріс-техникалық

в) тетіктер бойынша

г) сараптамалық

д) функционалдық


31. Мамандандыру деңгейін сипаттайтын көрсеткіштерге жатпайтыны:

а) жылдық өнімді шығарудағы бір кәсіпорынға келетін есеп көлемін анықтайтын кәсіпорынның орта өлшемі

б) кәсіпорын, өндіріс салаларында жалпы өнім көлеміндегі негізгі өнімнің үлесі

в) маманданған өндірістегі өнім үлесі, жалпы сол өнім түрінің шығарылуы

г) кәсіпорынның орта энергетикалық қуаттылығы

д) сол өнімді өндірумен айналысатын кәсіпорын мен цехтар саны


32. Маманданудың экономикалық тиімділігін анықтау барысында қолданатын көрсеткіштің бірі:

а) өнім бірлігінің өзіндік құны

б) шығындар

в) бірліксіз құндар

г) тауарлы өнімді өндіруге кеткен шығындар

д) өнім шығару көлемі


33. Өндіріс кооперациясының түрлеріне жатады:

а) агрегаттық

б) ауданаралық

в) ішкі сала аралық

г) тетіктер бойынша

д) сатылық


34. Шоғырлану деңгейі қандай көрсеткіштерімен сипатталады?

а) кәсіпорынның орташа өлшемімен, оның жылдық өнім шығару көлемімен

б) жалпы өнеркәсіп (сала) өнімін шығару көлеміне келетін ірі өнеркәсіп орынның өнім үлесі

в) маманданған өндірістегі өнім көлемі, жалпы өндірудегі сол өнім түрінің үлесі

г) кәсіпорынның орташа энергетикалық қуаттылығы

д) белгілі өнім түрін өндірудегі кәсіпорын және цехтар саны


35. Келесі мәліметтер бойынша есепті жылдын 1-ші қаңтарындағы негізгі өндіріс қорының қалдык кұнын анықтау керек. Үш жыл бұрын 1-ші қаңтарда өндіріске жаңадан 92 мың теңгенің жабдықтары түсті; екі жыл бұрын 1-ші наурызда өндірістен 30 мың теңгенің негізгі қорын шығарды; жылдық амортизация мөлшері -15,8%.

а) 104,03 мың теңге

б) 69,2 мың теңге

в) 108, 05 мың теңге

г) 101,02 мың теңге

д) 207,1 мың теңге


36. Қиыстыру түріне жататыны:

а) шикізатты пайдаланбау

б) өндірістегі қалдықты пайдаланып, басқадай өнім түрін шығару

в) шикізатты пайдалану

г) қалдықсыз технологияны колдану

д) барлық жауаптар дұрыс емес.


37. Төмендегі салада қиыстыру үрдісі кеңінен дамыған:

а) тамақ өнеркәсібінде

б) машина жасау өнеркәсібінде

в) электрокуат өндіретін салада

г) материал өнеркәсібінде

д) мұнай өңдеу өнеркәсібінде


38. Жабдықтың қызмет ету мөлшеріндегі мезгілі - №1 жыл, оның сатып алғандағы құны - 6 мың теңге, көлік дайындау шығыны - 420 теңге, жабдықтың жойылу қүны - 57,8 теңге, жабдықтың қалдық құны - 257 теңге. Амортизациялық аудару (жылдық) мөлшерін анықтау керек.

а) 8.7%


б) 6%

в) 9,7%


г) 4,9%

д) 9%
39. Өндірістің экономикалық тиімділігін жинақтаушы көрсеткіш анықтайтын қатынасы қайсысы:

а) жалпы өнім/ ағымдағы өндіріс шығындары (өзіндік қүн)

б) жалпы енім /қолданған ресурстар құны (НҚ+айналым құралы)

в) пайда /қолданған ресурстар құны

г)жалпы өнім/келтірілген шығын жиынтығы

д) қолданған ресурстар құны/ пайда

40. Төмендегі келтірілген белгілердің инновациялық іске кайсысы жатқызылмайды:

а) зерделі өнімді жасау және пайдалану

б) кәсіпорында жаңа өнімді өндіру

в) нарықта сатуға дейін жаңа түп нүсқалы дайын тауар түрінде жеткізудегі ой

г) тиімділікті арттыру

д) жаңа идеялар
41. Инвестиция қызметіндегі субъекті ретінде кім бола алады?

а) қызметкер

б) инвесторлар

в) заңды тұлға (банктер, сақтандыру жэне арадағы мекемелер, инвестиция биржасы)

г) жұмыс орындаушылар

д) инвестиция қызметіндегі объектіні қолданушылар


42. Өндірісте инвестицияны қандай жағдайға жұмсайды?

а) өндірістегі ағым шығынына

б) кәсіпорында өнімді өндіруге және сату шығынына

в) барлық шығындарға

г) жұмысшылардың еңбек ақысына

д) күрделі қаржы шығынына


43. Күрделі қаржы салу сыбағалы бұл:

а) негізгі өндіріс қорының амортизациясы

б) өнім бірлігінің өзіндік құны

в) өнім өндіру бірлігіне күрделі қаржы салу

г) өнімнің бағасы

д) 1 жылдық пайда көрсеткіші


44. Егер таза дисконттелінген табыс (интегралды тиімділік) тапсырыстағы дисконт мөлшері 0-ден көп болса. онда жобаны нестиміз?

а) қабылдау керек

б) қабылдауға болмайды

в) дисконт мөлшерін қайта қарайды

г) келесі кезеңге жібереді

д) түзетеді


45 Келесі мәліметтер бойынша орташа нақты көрсетілген жүмыс ұзақтыгын анықтау керек: қалыпты жұмыс ұзақтығында істеген жұмысшылар саны — 2100, ауысудың үзақтығы — 8 сағат, жұмыс күні 1 сағат уақытқа қысқартылған, жұмысшылар саны — 100, мейрам алдындағы жұмыс күндері 1 сағатқа қысқартылған, олардың саны — 9, жалпы жұмысшылар саны — 2200, бір жұмысшының тиімді уақыт қоры - 207 күн.

а) 7,91 сағ

б) 6 сағ

в) 12,3 сағ

г) 8 сағ

д) 8,27 сағ


46.Баға дегеніміз не?

а) тауардың өзіндік құны

б) тауардың ақшаға тұрарлық кұны

в) тауардың баланстық құны

г) тауардың сұраныс пен ұсыныс арақатынасы және деңгеиі

д) тауардың нарықта болуы

47. Керекті инвестиция көлемі жобасына сәйкес төмендегі көрсеткіштер бойынша жіктеледі, соның қайсысы дұрыс?

а) ірі, дәстүрлі, кіші

б) тәуекел, тәуекелсіз

в) ерікті, баламалы

г) қарапайым, қарапайым емес

д) ішкі, сыртқы


48. Инвестор жобаны іске асыруда күрделі қаржы салуға екінші немесе төртінші жылда мүмкіндігі бар. Оған ыңғайлы нұсқа төмендегінің қайсысы? а) қаржыны 2-ші жылда салу

б) қаржыны 4-ші жылда салу

в) күрделі қаржыны салу мерзімі еш қандай маңызды емес

с) каржыны жоба баста салысымен салу

д) жобаның барлық уақытында салу
49. Капиталдың бағасы (капитал құны):

а) күрделі қаржы салудың жалпы көлемі

б) белгілі қаржы ресурстарын пайдалану көлеміне төленуге жататын ақшаның сомасы

в) негізгі құны

г) ресурстардың шығынының бағасы

д) жалпы қор бағасы


50. Өнімді өндіру және сатудағы барлық шығындарды қосқаннан кейінгі өзіндік кұн шығындарын не деп атаймыз?

а) өндірістік өзіндік құн

б) цехтық өзіндік құн

в) толық өзіндік құн

г) тауарлы өнімнің салыстырмалы өзіндік кұны

д) өнім бірлігінің өзіндік құны

51. Келесі мәліметтер бойынша орташа нақты көрсетілген жүмыс ұзақтығын анықтау керек: қалыпты жұмыс ұзақтығында істеген жұмысшылар саны — 2100, ауысудың ұзақтығы — 8 сағат, жұмыс күні 1 сағат уақытқа қысқартылған, жұмысшылар саны — 100, мейрам алдындағы жұмыс күндері 1 сағатқа қысқартылған, олардың саны — 9, жалпы жұмысшылар саны — 2200, бір жұмысшының тиімді уақыт қоры - 207 күн.

а) 7,91 сағ

б) 6 сағ

в) 12,3 сағ

г) 8 сағ

д) 8,27 сағ


52. Қоғам өндірісінің тиімділігі бейнеленеді:

а) қоғамдық еңбек өнімділігімен

б) ұлттық табыста материал және энерго сиымдылығымен

в) ұлттық табыстың өсуімен

г) қоғамдық өнім түрімен

д) қорқайтарымдылығымен


53. Өндіріс тиімділігін көтеру факторларына жататыны:

а) еңбекті ұйымдастыру және өндірісті жаңалау

б) жұмысшылар санының өсуі

в) пайдалынатын шикізат көлемінің өсуі

г) өнімнің бағасының түсуі

д) өнім сапасының түсуі


54. Венчурлык немесе тәуекел инвестициясы дегеніміз не?

а) бұл толық пайда табу мақсатымен бірігіп құрылған және кәсіпкерлердің іс-әрекеті

б) қаржы және материалдық активтер

в) бұл шаруашылықты қаржыландыруда шешуші рөл атқаратын жаңа акциялар шығару түріндегі инвестициялар

г) бұл кәсіпорынды қаржыландырудағы тәуекелге бел байлап, ұйымдастырылатын қаржыға несие беру тәсілі

д) дұрыс жауабы жоқ


55.Тікелей инвестиция дегеніміз не?

а) табыс алу максатында шаруашылык субъектісіндегі каржы мен материал активтерін басқаруға тікелей катысу құкығын алу

б) табыс алу мақсатында шаруашылык субъектісінде жарғылық капиталға салу және шаруашылық субъектісін басқаруға катысу құқығын алу

в) табыс алу мақсатында шаруашылық субъектісіндегі негізгі қаржыдан табыс алу жолындағы біріккен кәсіпорындар кәсіпкерлерінің құқығы

г) табыс алу мақсатында шаруашылық субъектісіндегі құнды қағаз портфелін басқаруға тікелей катысу кұқығын алу

д) дұрыс жауабы жоқ


56. Портфельдік инвестиция дегеніміз не?

а) салушының өзі жоспарлаған құнды қағаз көлемін барынша жинақтау

б) салушының нақтылы инвестициялық мақсатына жетудегі әр жақты жиналған инвестициялық құнды қағаздардың жиынтығы

в) салушылардың жоспарындағы құнды қағазбен жұмысты атқару

г) салушының инвестициялық жоспарындағы құнды қағаз портфелін әр жақты құнды қағазбен толтыру және дисконтті төлемді есептеу

д) дұрыс жауабы жок


57. Диверсификацияланған портфель деп қандай портфельді айтады?

а) портфельге салынған құнды қағаздың (акция) бір түрі

б) портфельге салынған құнды қағаздар: акция, облигация, сақтық және депозиттік сертификаттар, кепілдеме куәлігі, қамсыздандыру полисі

в) портфельге салынған құнды қағаздардың жиынтығын басқару өнері, құнды қағаз құнын түсірмей сақтап, табыс алу жұмысын реттеудегі портфель қызметі

г) портфельге салынған сертификат жиынтығы

д) дұрыс жауабы жоқ


58. Шикізат және материалдарға жұмсалған шығын нәтижесі не болып саналады?

а) еңбек құралына кеткен шығын

б) жанды еңбек шығыны

в) еңбек затына кеткен шығын

г) негізгі қорға кеткен шығын

д) өндіріске кеткен шығын


59. Кәсіпорын жұмысына байланысты емес және өзіндік құнның деңгейіне әсер ететін факторлар қайсысы?

а) өндірістен тыс

б) өндіріс ішіндегі

в) ішкі цехтағы

г) ішкі зауыттағы

д) барлық жауаптары дұрыс


60. Құнды қағаз портфелін басқарудың екі әдісін керсет:

а) синхронды және асихронды

б) экстенсивті және интенсивті қолдану

в) активті және пассивті

г) диверсификацияланған және диверсификацияланбаған портфель

д) портфельдегі қағаз және портфельден тыс құнды кағаздар


61. Мониторинг - бұл:

а) құнды қағаздың инвестициялык құны

б) құнды қағаздың инвестициялык қоры

в) құнды қағаздың инвестициялык мөлшері

г) жалпы фирма жағдайында жеке инвестор және келешектегі таңдалып алынатын құнды қағаздар сапасы және эмитенті

д) жалпы фирма жағдайында жеке инвестор және өткендегі таңдалып алынған құнды қағаздар саны мен мөлшері


62. Бағалы қағаздардың портфельдік басқару әдісін көрсет:

а) жақсы диверсификацияланған портфель құнды кағаз жиынтығын басқару әдісіндегі дисконттеуді шешу

б) портфельді кұнды қағазбен іріктеп толтыру әдісі

в) диверсификацияланған портфель құнды қағаз жиынтығын басқару, құнды қағаз құнын түсірмей, сақтап, табыс алу жұмысы

г) портфельдің өзгеруінсіз қысқа мерзімге берілуі

д) дұрыс жауабы жоқ


63. Активті басқару кәсіпорынның (фирма) инвестиция саясатын іске асыратын маңызды құрал. Ол үшін не істеледі?

а) портфельдегі құнды қағаздарды сату мерзіміне жоспар жасау

б) портфельдегі құнды қағазбен іріктеп толтыру және сатып алу мерзімін немесе қаржы активін сатуды анықтау

в) портфельді құнды қағазбен толтыру тұрақтылығын анықтау, мезгілі келгенде сатуды ұйымдастыру

г) портфельді құнды қағазбен толтыру тұрақтылығын жоспарлап, жоспар бойынша сатуды белгілеу
64. Свопинг - бұл:

а) қаржы рыногі арқылы құнды қағаздарды сатып алуды ұйымдастыру

б) бағалы қағаздардың бір жерде шоғырланып, жинақталуы

в) бағалы қағаздардың тұрақты алмасуы және қаржы рыногі арқылы құнды қағаздардың айырбасталуын белгілеу

г) бағалы кағаздардың бір жерде іріктеліп толуы

д) құнды қағаздардың мерзімдерінің ауысуы


65. Активті басқарудың төрт негізгі түрлері қайсысы?

а) таза табысты іріктеу, айырбастау, сектор-своп, есепті ставканы алдын ала болжау

б) бағалы қағаздарды таңдау, акцияны бір экономика секторынын екіншісіне алмастыру, портфельді құнды қағаздан түсетін табысты реттеу, кұнды қағазды үстап тұру

в) акция тиімділігінің ерекшелігін пайдалану, жоғарғы табысты облигацияларды сату, төменгі табысты облигацияларды ұстау, бағалы қағазды портфельдік басқару

г) таза табысты бөлу, орын ауыстыру, есепті ставканы есептеп отыру, свопинг
66. Инновациялык өнімдер көлеміне жататындар:

а) есепті жылы түрлі технологиялык жетістіктер негізінде өндірілген өнімдер

б) есепті жылы өндірілген барлық өнімдер

в) есепті жылы өндірілген жаңа өнімдер

г) есепті жылы өндірілген жартылай фабрикаттар

д) барлық жауаптар дұрыс емес


67. Өнеркәсіптегі инновацияның негізгі екі түрін атаныз:

а) өнімдердің, технологиялардың жаңа түрлері

б) инновациялык өнімдер, инновациялык емес өнімдер

в) өнім инновациясы, үрдіс инновациясы

г) өнімдердің, техниканың жаңа түрлері

д) барлык жауаптар дұрыс


68. Өнім инновациясы дегеніміз:

а) технологиялық жаңа және технологиялык жетілдірілген өнімдерді дайындау және өндіріске енгізу

б) технологиялық жаңа өнімдерді дайындау

в) технологиялық жетілдірілген өнімдерді дайындау

г) техникалық жаңа және технологиялык жетілдірілген өнімдерді дайындау және өндіріске енгізу

д) технологиялык жаңа және техникалық жетілдірілген өнімдерді дайындау және өндіріске енгізу


69. Үрдіс инновациясы дегеніміз:

а) жаңа өндірістік жабдықтар, өндірістік үрдісті ұйымдастырудың жаңа түрлері

б) технологиялык едәуір жетілдірілген өндірістік әдістерді әзірлеу және енгізу

в) зерттеулер мен әзірмелер нәтижелері

г) технологиялық жетілдірілген өндірістік әдістерді әзірлеу

д) технологиялық едәуір жетілдірілген өндірістік әдістерді енгізу


70. Инновациялық өнім қандай бұйымдарды қамтиды:

а) жаңа (кайта енгізілген) радикалдық өнімдік инновация

б) жетілдіруге ұшыраған бұйымдар

в) өндірістің жаңа әдістерінде құрылған бұйымдар

г) өндірістің елеулі жетілдірілген әдістерінде құрылған бұйымдар

д) барлық жауаптар дұрыс

71. Озық өндірістік технологияларға жатады:

а) микроэлектроникада құралған өндірісте пайдаланылатын технологиялар мен технологиялық үрдістер

б) компьютердің көмегімен басқарылатын технологиялар мен технологиялық үрдістер

в) өнімдерді өңдеуде пайдаланылатын машиналар және жабдықтар

г) өнімдерді өңдеуде пайдаланылатын аппараттар және аспаптар

д) «а» және «б» жауаптары дұрыс


72. Тозуына карай өзінің құнын дайын енімге біртіндеп аударатын және өндіріс цикліне көп қатысатын еңбек құралына жататыны:

а) еңбек заттары

б) негізгі емес өндіріс қорлары

в) негізгі ендіріс қорлары

г) айналым кұралдары
73. Негізгі қорды есепке алғанда оларды кәсіпорын балансына ендіргенде қандай бағалау қолданылады?

а) қалпына келтірілген құн

б) толық бастапқы құн

в) қалдық кұн

г) орта жылдық құн
74. Негізгі өндіріс қорын пайдалану деңгейін сипаттайтын көрсеткіш:

а) рентабельность, пайда

б) қорқайтарымдылық, қорсиымдылық

в) жұмысшылар еңбегін қормен қаруландыру

г) алмасу коэффиценті

д) «б» «г» жауаптары дұрыс


75. Жабдықтарды интенсивті пайдалануын сипаттайтын көрсеткіш:

а) алмасу коэффиценті

б) қорқайтарымдылық

в) жұмысшылар еңбегін қормен қаруландыру

г) жабдықтың өнімділігі

д) жабдықтарды пайдаланудағы интенсивті коэффиценті


76. Қорқайтарымдылық көрсеткішін сипаттайтыны:

а) алмасу коэффиценті

б) қорқайтарымдылық

в) жұмысшылар еңбегін қормен қаруландыру

г) жабдықтың түріндегі өнімділігі

д) жабдықтарды пайдаланудағы интенсивті коэффиценті


77. Негізгі қордың амортизациясы - бұл:

а) негізгі қордың тозуы

б) негізгі қордың құнын, дайындалатын өнімнің өзіндік құнына көшіру үрдісі

в) негізгі қорды қалпына келтіру

г) негізгі қорды қолданудағы шыққан шығын
78. Негізгі қорды ақшадай түрде бағалаудың үш түрі бар, ол қайсысы?

а) табиғи, құнды, қалдық

б) бастапқы, қалпына келтірілген, қалдық құн

в) еңбекті, өндірістік, табиғи

г) орта жылдық, жылдық, өндірістік
79. Негізгі өндіріс қорының орта жылдық құнының өнеркәсіп- өндіріс жұмысшыларының санына қатынасы нені сипаттайды және ол қандай көрсеткіш?

а) техникалық қарулануын

б) қорқайтарымдылығын

в) қорсиымдылығын

г) қормен қарулануын

д) рентабельдігін


80. Негізгі өндіріс қорының орташа жылдық құнынын шығарылған өнім көлеміне қатынасы нені анықтайды?

а) өсу коэффициентін

б) қорқайтарымдылығын

в) қорсиымдылығын

г) өндіріс рентабельдігін

д) еңбек күшімен қарулануын


81. Өнімді өндіру көлемінің негізгі қордың құнына қатынасы нені көрсетеді? а) өсу коэффициентін

б) өндіріс рентабельдігін

в) еңбек күшімен қарулануын

г) қорсиымдылығын

д) қорқайтарымдылығын
82.Баланстағы пайданың негізгі өндіріс қорының орташа жылдық құнына қатынасы нені анықтайды?

а) рентабельдігін

б) қорсиымдылығын

в) еңбек, материал сиымдылығын

г) қорқайтарымдылығын

д) еңбек күшімен қарулануын


83. Кәсіпорынның өндіріс куаты қандай өндіріс қорының топтарына байланысты?

а) есептеуші техникалар, есептеу құралдарға

б) ғимараттар, машина және жабдықтар, тасымалдау көлігіне

в) өлшеуіш және реттеуші приборлар, зертханалық жабдықтарға

г) тұрғын үй, бала бақша, мәдени құрылыстарға

д) дұрыс жауабы жоқ


84. Негізгі өндіріс қорының бастапқы кұнынан тозу құнын шегеруден кейінгі құнды не деп атайды?

а) қалпына келтірілген

б) қалдық құн

в) бастапқы құн

г) орта жылдық құн

д) тозу құны


85. Жойылған негізгі қордың құны жыл басындағы негізгі қордың құнына қатынасы нені көрсетеді?

а) жаңалау коэффициентін

б) экстенсивті қолдану коэффициентін

в) шығу коэффициенты

г) өсу коэффициенты

д) интенсивті қолдану коэффициентін


86. Негізгі өндіріс қорын бағалау кезінде оның құны қалай бейнеленіп көрсетіледі?

а) бастапқы кұнымен

б) қалдық құнымен

в) тозу құнымен

г) орташа жылдық құнымен

д) қалпына келтіру құнымен


87. Жаңалау коэффициентін анықтағанда, жаңадан ендіріліп іске қосқан негізгі қордың қатынасын төмендегі аталғандардың қайсысы анықтайды?

а) негізгі қордың жыл аяғындағы құнына

б) негізгі емес қордың жыл аяғындағы құнына

в) негізгі қордың жыл басындағы құнына

г) негізгі қордың орта жылдық құнына

д) өндіріс қордың қалпына келтірілген құнына


88. Негізгі өндіріс қоры қалай бағаланбайды?

а) бастапқы құнымен

б) қалдық құнымен

в) калпына келтіру құнымен

г) амортизация құнымен

д) жауаптардың барлығы дұрыс


89. Техниканы және жабдықтарды сатып алу, жеткізу және орналастыру шығындарын қалай атаймыз?

а) зауыттың белгіленген құны

б) амортизация

в) қалдық кұны

г) бастапқы құны

д) қалпына келтіру құны


90. Еңбек құралы және еңбек заты нені кұрайды?

а) негізгі қорды

б) өндіріс қорын

в) өндірістік емес қорын

г) айналым құралын

д) айналым қорын


91. Өндіріс шығынына амортизация арқылы (өнімнің өзіндік құнына) құн мөлшерін еңгізуді қалай атайды?

а) амортизация

б) амортизация мөлшері

в) амортизациялық көшіру

г) негізгі өндіріс қорының белсенді бөлігі

д) амортизациялау жоспары


92. Негізгі өндіріс қорының жаңадан өндіріске енген және өндірістен шығып қалған, негізгі қордың құндары арасындағы айырмасының жыл аяғындағы негізгі қордың құнына қатынасы нені анықтайды?

а) жаңалау коэффициенты

б) шығып қалу коэффициенты

в) өсу коэффициентін

г) негізгі өндіріс қордың орта жылдық құнын

д) жыл аяғындағы құнын


93. Негізгі өндіріс қорының өндірісте қолдануына байланысты өзінің тозу құнының бөлігін жыл сайын өндірілген өнімге көшірілуін қалай атаймыз?

а) амортизациялық мөлшер

б) тозу құны

в) амортизация

г) амортизациялық көшіру

д) сапалық тозу құны


94. Қорқайтарымдылығының өсуі нені көрсетеді?

а) өндірістің тиімсіз жұмыс істеуін

б) өндірісте өнімді көп өндіру мақсатында қолда бар қорларды дұрыс пайдалануды

в) затқа айналған өндіріс құралдарын толық пайдалануын

г) өнімді өндіру ушін өндірістегі материалдардың көп болуын

д) қаржы салу көмегімен өнім өндіру көлемінің көбеюін


95. Қорсиымдылығының өсуі нені көрсетеді?

а) затқа айналған өндіріс құралдарының керегінше көп болғанын

б) затқа айналган өндіріс құралдарын толық қолданбауын

в) өндіріс құралдарын толық қолданбауын

г) қаржы салу көмегімен өнім ендіру көлемінің көбеюін

д) дұрыс жауабы жоқ


96. Нарықтық экономика жағдайында қолда бар ескірген қорларды жаңамен ауыстыруда амортизациялық мөлшерін аударудың үш әдісін қолданады. Ол қандай әдістер?

а) жай, ұлғаймалы, ұдайы

б) бәсең, тіпті бәсеңдеу, тоқтату

в) жай, біркелкі, бәсең

г) біркелкі, біркелкі тездетілген, тездетілген

д) жай, ұлғаймалы, бәсең


97. Орта жылдық амортизациялық соманы көшіруде (А), қалай анықтайды, егер келесі көрсеткіштер: У - жабдықтын қызмет ету уақыты; НҚ-негізгі қордын бастапқы құны (калпына келтіру), Ж - жасақтауға кеткен шығын, Р - амортизация уақыт мезгілінде барлық күрделі жөндеуден өткен құны, Л - негізгі қордың жойылу құны белгілі болған жағдайда қайсы формула анықтай алады?

а)


б)
в)
г)А
98. Негізгі өндіріс факторлары кайсысы:

а) жер, еңбек, капитал

б) өндіріс, капитал, тауар

в) еңбек, каттталдар, материалдар

г) кәсіпкерлік, материалдар, еңбек

д) жауап жок


99. Жылдық өнім шығару 17225 мың теңгені кұрады, орта жылдық жұмысшылар саны - 1100 адам, негізгі өндіріс қорының орта жылдык құны - 8300 мың теңге. Қормен қарулануы қандай?

а) 13,3


б)15,7

в) 2,07


г) 7,5

д) 20,5
100. Жыл басына негізгі өндіріс корының құны - 25330 мың теңге, есепті жылда жаңадан ендірілген негізгі қордың құны - 724 мың теңге, жыл аяғындағы негізгі өндіріс қоры - 21600 мың теңгені құрды. Жаңалау коэффициенті қандай?

а) 28,5

б)3,35


в) 2,99

г) 3,5


д) 20,5
101. Жабдықтың нақты жұмыс істеген уақыты - 190 мың машина-сағат, жоспар бойынша — 184 мың машина-сағат, машина— сағатта өнім өндіру — 49,75 теңге жоспарланған. Жабдықтардың экстенсивті қолдану коэффициенті қандай болады?

а) 0,97


б) 0,95

в) 1,05


г) 1,03

д) 2,5
102. Бір машина сағатта өнімді өндіру 58,02 теңге көлемінде жоспарланған, нақты орындалуы - 59,34, жабдықтың нақты жұмыс істеген уақыты - 204,4 мың машина-сағат. Жабдықтың интенсивті қолдану коэффициенті қандай болады?

а) 0,99

б) 2,02


в) 0,98

г) 1,02
103. Айналым құралы - бұл:

а) өзінің құнын біртіндеп өнімге аударатын құралдар

б) өндірістің бір циклінде тұтынылып, толығымен Қолданылатын өндіріс қорының бір бөлігі

в) өзінің заттай түрін өзгертпейтін еңбек заттары

г) өндіріс циклінде қызмет етіп, өндіріс үрдісінде біраз қатысатын құралдар

д) өзінің заттай түрін өзгерпейтін, үзақ уақыт өндірісте қызмет ететін еңбек құралы.
104. Өнделу қорытындысында пайда болған енбек заттары және өндірістің бақылау қызметкерлерінің қабылдауынан өткен бұйымды не деп атаймыз?

а) өзі өндірген жартылай фабрикаттар

б) сатып алынған жартылай фабрикаттар

в) дайын өнім

г) аяқталып бітпеген өндіріс

д) алдагы жылдарда жұмсалатын шығын


105. Өндірістік запас құрамына кірмейтіні қайсысы?

а) шикізат және негізгі материалдар

б) көмекші материалдар

в) қосалқы бөлшектер

г) сатып алынған жартылай фабрикаттар

д) өзі өндірген жартылай фабрикаттар


106. Айналым қорын және қор айналымын тұтас алғанда нені көрсетеді?

а) негізгі құралын

б) айналым кұралын

в) өндіріс қорын

г) айналым қорын

д) дұрыс жауабы жоқ


107. Айналым құралын жоспарлағанда келесі үш әдісті қолданады.

а) талдау, коэффициенті және тура есеп әдісі

б) синтетикалық, тарифтік және жанама есеп әдісі

в) статистикалық, талдау және ортажылдык есеп әдісі

г) нақты мәлімет, болжамдау мәліметі және тура есеп әдісі

д) дұрыс жауабы жоқ


108. Айналым қорына төмендегінің қайсысы жатпайды?

а) дебиторлык қарыздар

б) коймадағы дайын өнімдер

в) ақша каражаты

г) тиеліп жіберген дайын өнімдер

д) алдағы мерзімде орын алатын шығын


109. Сатылған өнімнің құнын, кәсіпорындағы айналым құралының (бір жыл, тоқсан, ай) тиісінше осы уақыт ішіндегі айналым құралдың орташа қалдығына қатынасымен анықталады, оны не деп атайды?

а) айналым құралын үнемдеу

б) айналым құралының айналым жылдамдығы

в) айналым құралының айналым коэффициенті

г) айналым құралын пайдалану тиімділігі

д) дұрыс жауабы жоқ


110. Айналым құралының өндіріс запастарына төмендегі аталғандардың қайсысы жатады?

а) қоймадағы дайын өнімдер

б) тиеліп жіберген бұйымдар

в) ақша қаражаты

г) аяқталмаған өндіріс

д) шикізаттар, негізгі материалдар, отын, жабдықтар


111. Қор айналымына жататыны:

а) дайын өнім, алдағы жылдардағы шығын, аяқталмаған өндіріс

б) өндіріс запастарына жататын алдағы шығындар

в) өндіріс запастары, аяқталмаған өндіріс, дайын өнім

г) дайын өнім, ақша қаражаты, есеп-шоттардағы барлық түрдегі ақша қаражаты

д) аяқталмаған өндіріс, алдағы жылдарда болатын шығын


112. Өндірістің шеңберінен, айналым шеңберіне айналым құралдарының үздіксіз өтуі және біртіндеп айналуы нені көрсетеді?

а) өндіріс үрдісін

б) айналым құралының айналымдығын

в) еңбек заттарын дайындау

г) еңбек заттарын сату

д) еңбек үрдісін


113. Айналым құралының айналымдылығының ұзақтығы неге байланысты? а) өндіріс уақытына және айналымына

б) технологиялық үрдістің ерекшелігіне

в) өндірістің ұйымдастыру - технологиялық деңгейіне

г) өнімді сатуына және есептеу түріне

д) барлық жауаптар дұрыс
114. Мөлшерленетін айналым құралдары қандай есептен қалыптасады?

а) өзінің қаржысынан

б) айналым қаржысынан

в) несие қаржысымен

г) айналым қаржысын тарту аркылы

д) дұрыс жауабы жоқ


115. Мөлшерленбейтін айналым құралдары қандай есептен қалыптасады?

а) несие қаржысынан, шеттен қаржы тарту арқылы

б) өзінің қаржысынан

в) айналым қаржысынан

г) түсімнен

д) дұрыс жауабы жоқ


116. Айналым құралының элементтері мен жеке топтардағы ара қатынасының жалпы қор құнына пайыздық қатынасы нені құрайды?

а) айналым құралының айналымдылығын

б) айналым құралының құнын

в) айналым қорының коэффициентін

г) айналым қорының құрамын

д) айналым қорының айналымдылығын


117. Төмендегі аталғандардың қайсысы аяқталмаған өндіріске жатады?

а) тиеліп жіберілген өнімдер, бірақ тұтынушы өнім үшін сомасын төлемеген

б) цех ішінде, учаскелерде әңделуге жататын еңбек бұйымдары

в) қоймадағы дайын өнімдер, бірақ олар сатуға толық дайындалмаған

г) айналым құралдарының орнын толтыруға қолданатын несие қаражаты

д) шикізаттар мен материалдарды өндіріс үрдісінде өңдеу үшін қолданатын еңбек құралдары


118. Шикізат және материалдарға жұмсалған шығын нәтижесі не болып саналады?

а) еңбек құралына кеткен шығын

б) жанды еңбек шығыны

в) еңбек затына кеткен шығын

г) негізгі қорға кеткен шығын

д) өндіріске кеткен шығын


119. Еңбек кұралдарына кеткен шығын қандай шығынмен байланысты?

а) ғимараттарға, ірі құрылыстарға, жабдықтарға кеткен шығындар

б) шикізат, материалдарға және жартылай фабрикаттарға жұмсалған шығындар

в) басқару қызметтегілерге төленген еңбекақы

г) жұмысшыларға бөлінген еңбекақы

д) дұрыс жауабы жоқ


120. Айналым қорлары және айнымалы корлардың жиынтығы нені білдіреді? а) айналым кұралдарын

б) өндірістік қорларды

в) кәсіпорын активтерін

г) кәсіпорын пассивтерін

д) дұрыс жауабы жоқ
121. Кәсіпорын цехтарында, зауыт басқармасында, қоймада, зертханада, күзеттегі, барлық категориядағы жұмыс істейтін, негізгі және қосымша қызметкерлер қайсысына жатады?

а) өнеркәсібінде емес қызметкерлер

б) қызметшілер

в) өнеркәсіп - өндірісіндегі қызметкерлер

г) жұмысшылар

д) орта буындағы қызметкерлер


122. Жұмысшылардың еңбегі тиісінше оның квалификациясы мен нақты істеген уақытымен төмендегі қандай еңбек ақы төленуіне жатады?

а) кесімді

б)тура кесімді

в) кесімді сыйлық

г) мерзімді

д) аккордты


123. Өнеркәсіп - ондірісіндегі қызметкерлер өздерінің орын- дайтын қызметіне байланысты екі негізгі категорияға бөлінеді:

а) өндірістік және өндірістік емес қызметкерлер

б) негізгі және көмекші

в) қызметкерлер және өндірісте емес қызметкерлер

г) жұмысшылар және кызметкерлер

д) маусымдық және уақытша жұмысшылар


124. Шаруашылықта кызмет ету, есеп және тексеру, құжаттарды дайындауды іске асыруда, кәсіпорын жұмысшының міндеті — ол кім?

а) жұмысшы

б) кызметкер

в) өнеркәсіп — өндіріс қызметкерлер

г) мамандар

д) өнеркәсіпте емес бөлімше қызметкерлері


125. Тікелей материалдық кұндылықты жасайтын немесе өндіріске және көлік қызметіндегі кәсіпорын жұмысшыларына қайсысы жатады?

а) мамандар

б) қызметкерлер

в) жұмысшылар

г) өнеркәсіпте емес бөлімшелер қызметкерлері

д) өнеркәсіп - өндіріс қызметкерлер


126. Кәсіпорында кадрлардың тұрақсыздық коэффициентін қалай аныктайды?

а) шығып кеткен жұмысшылар санын немесе жүмыстан босаған санды орта тізімдегі санга бөлу арқылы

б) кәсіпорыннан босаған сан арқылы

в) жұмыска қабылданған санның орта тізімдегі санға қатынасымен

г) есепті жылда жаңадан қабылданған жұмысшылардың санына қатынасымен

д) жұмысшылардың кәсіпорындағы орта тізімдегі санымен


127. Еңбек ресурстары дегеніміз - ол:

а) жұмыска қажетті еңбек құралдары

б) жұмыс үрдісінде пайдалынатын зат

в) жұмыс күшін дұрыс тиімді пайдалану

г) қоғамның маңызды өндіргіш күші

д) қоғамға түскен қаржы көлемі


128. Еңбек өнімділігі дегеніміз бұл:

а) енбектің нақты нәтижесінде зор табысқа жету

б) еңбекті дұрыс ұйымдастыруда жұмыс орнын таза ұстау

в) өнімнің сапасын жақсартып, еңбек ақы көлемін көбейту

г) жұмысшылардың нақты еңбегі нәтижесінде белгіленген мерзімде өнімді өндіру тапсырмасын сапалы орындау

д) жұмысшылардың нақты еңбегі нәтижесінде кеткен шығынды азайта отырып пайда көлемін жоғарлату


129. Еңбек үрдісінің қорытындысында пайда болады:

а) еңбек бұйымы

б) жаңа тұтыну құны

в) еңбек кұралы

г) өндіріс түрі

д) өндіріс үрдісі


130. Көп саладағы жұмсалған түрлі еңбек шығындарын екі топқа бөледі, ол қайсысы?

а) тұрақты, айнымалы еңбек шығындары

б) жанды және мүліктенген еңбек шығындары

в) тура және жанама еңбек шығындары

г) қосымша және толық еңбек шығындары

д) тура жауабы жоқ


131. Бір жұмысшының белгілі бір уақытта (сағат, күн, ай, жыл) істеген мерзімінде өндірілген өнім көлемі немесе өнім өндіру бірлігіне жұмсалған еңбек шығыны - бұл:

а) өнімнің өзіндік құны

б) пайда

в) еңбек өнімділігі

г)рентабельдік

д) еңбекақы көлемі


132. Еңбек сиымдылығы дегеніміз - ол:

а) өнімді өндіруге кеткен материалдар, шикізаттар сомасының орташа жүмысшылар санына қатынасы

б) өнімді өндіруге жұмсалған, еңбек санының өндірілген өнім көлеміне қатынасы

в) өнімді өндіруге жұмсалған шығынның орта тізімдегі жұмысшыларға қатынасы

г) өнімді өндіруге кеткен уақыттың жалпы өнім құнына қатынасы

д) дұрыс жауабы жоқ


133. Оку орындарының, бала бақша, денсаулық сақтау, қосалқы шаруашылдықтар жүмысшылары, өнеркәсіп - өндіріс тобының қайсысына жатады?

а) өндірістік емес жұмыскерлерге

б) өндірістік - өнеркәсіп жұмыскерлеріне

в) қызметкерлерге

г) орта тізімдегі жұмысшыларға

д) маусымдық жұмысшыларға


134. Мүліктенген еңбек шығыны дегеніміз - ол:

а) өнеркәсібіндегі өнім өндіруде қолданатын құралдарға кеткен ақшалай, еңбек шығындары

б) нақты өнімді өндіруге жұмсалған шикізат, материалдар, отынға кеткен шығындар

в) өнеркәсіп өндірісіндегі өндіріс құралдарын жасауға кеткен енбек шығындары

г) нақты өнімді өндіру мен тікелей айналысатын жұмысшылар категориясының жүмыс уақыты

д) дұрыс жауабы жоқ


135. Мамандардың тұрақсыздық коэффициенті (К,ж) еіер есеп- ті мезгілде еңбек тәртібін бұзып немесе өз арызымен жұмыстан кеткен жұмысшылар саны Жжш), өткендегі есепті мезгілдегі дәл осы кәсіпорнында жұмыс істеген ортатізімдегі жұмысшылар саны (Жж), есепті мезгілдегі жаңадан қабылданған жүмысшылар саны (Жкж) белгілі болса, онда оны анықтайтын формуланы бел- гіле:

а) Ктж=Жж-Ж ,ж/Жжш

б) КІж = Жжш /Жж + Жкж

в) Кгж =Жжш/Жж-Ж қж

г) КІж =Жжш /Жж*Жқж

д) Ктж = Жжш * Жж * Жкж


136. Тікелей материалдық құндылықты жасайтын немесе өндіріске және көлік қызметіндегі кәсіпорын жұмысшыларына қайсысы жатады?

а) мамандар

б) қызметкерлер

в) жұмысшылар

г) өнеркәсіпте емес бөлімшелер кызметкерлері

д) өнеркәсіп - өндіріс кызметкерлері


137. Кәсіпрындардың әртүрлі формасында еңбекақы төлеудің екі түрі кең тараған. Ол:

а) тарифтік ставка, тарифтік коэффициент бойынша

б) тура прогрессивті. аккордты – кесімді

в) кесімді, мерзімді

г) кесімді салық, мерзімді силықтөлеу

д) жанама кесімді, тура кесімді


138. Мерзімді еңбекақы төлеу формасында екі төлеу түрі бар. Ол қайсысы?

а) кесімді силық, аккордтты –кесімді

б) нақты, кесімді

в) жанама кесімді, тура үдемелі

г) еңбекақы тарифтік жүмыс уақытына қарай, енбекке мерзімді силық төлеу арқылы

д) мерзімді, кесімді


139. Мерзімді еңбекақы қалай төленеді?

а) істелген мерзім, нақты өндірілген өнім көлемі бойынша, өнімнің саны мен сапасына қарай берілетін еңбекақы төлемі

б) кесімді шарт бойынша істелген жұмыс аккордты ақы төлеудің бір түрі

в) жұмысшыларға кесімді шарт бойынша өнімнің сапасын арттырғанда, жұмыстың сапасын жақсартканда төленетін еңбекақы

г) істелген уақыт санына байланысты сый беру және жұмыстағы басқадай ақша формасында нақты атқарылған жұмысқа бекітілген тариф немесе еңбекақы болып төленетін жалақының бір түрі

д) дұрыс жауабы жоқ


140. Жанама кесімді еңбекақы калай төленеді?

а) тікелей еңбек қорытындысына сәйкес төлем

б) еңбекақы өндірілген өнімнің саны мен сапасына қарай төленеді

в) көтеріңкі бағамен, еңбекті бағалап төленеді

г) мөлшерден артық өндірілген өнімге өскелең бағамен төленеді

д) еңбек ақы тарифіне және жұмыс уакытына қарай төленеді


141. Кесімді еңбекақы қалай төленеді?

а) көтеріңкі бағамен, еңбекті бағалап төленсді

б) еңбекақы тарифіне және жұмыс уақытына қарай төленеді

в) өндірілген өнімнің саны, сапасына сәйкес, оның күрделілігі мен еңбекжағдайы ескеріліп, арнаулы бағалау арқылы төленеді

г) ол мөлшерден артық өндірілген өнімге өскелең бағамен төленеді

д) тікелей еңбек қорытындысына байланысты кесімді жұмысшылардың істеген еңбегіне қарай төленеді


142. Кесімді еңбекақы төлеудің түрлері қандай?

а) жай кесімді, кесімді силық, жанама кесімді, аккордттык, кесімді -үдемелі тура кесімді

б) жай - бағалау, кесімді - бағалану, мерзімді - силық, тарифтік ставка

в) тарифтік коэффициент, сыйлық төлеу, тура мерзімді, жай тарифті, кесімді – тарифті

г) тура үдемелі, аккордты - мерзімді, мердігерлікті, тарифсіз төлеу

д) дұрыс жауабы жоқ


143. Кесімді еңбекақы төлеуде өнімнің саны мен сапасына тәуелді, егер өнім бірлігінің кесімді бағалануы (К6), өндірілген өнімнің мөлшері (Өм) белгілі болса, оны анықтайтын формуланы анықта:

а) Еа = К5 + Өм

б) Еа = К6 * Өм

в) Еа ~ К6 - Өм

г) Еа = К6 / Өм

д) Еа = 100*Кб / Өм


144. Өндірілген өнім көлеміне байланысты тікелей шығындар, ол қандай шығын деп аталады:

а) ауыспалы

б) тұрақты

в) тұтас


г) орта шығын

д) шектеулі шығын


145. Егер кәсіпорын жұмысы тоқталып қалған жағдайда да міндетгі теленуін, оның өнім өндіру көлеміне байланыссыз шығынды қандай шығын деп атаймыз?

а)шектелген

б) тұрақты

в) ауыспалы

г) тұрақты емес

д) тұрақты, шектелген


146. Кәсіпорында өнімді өндіру және сатуға кеткен керекті қоғамның ақшадай түрінде белгіленген шығын бөлігін қалай дейміз?

а) өнімнің өзіндік құны

б) тауарлы өнім

в) 1 теңге тауарлы өнімге кеткен шығын

г) цехтық өзіндік құн

д) өнімнің жалпы өзіндік құны


147. Өнімнің өзіндік құнына тікелей шығынды жатқызуды (мысалы, шикізат, материал шығындарын) не деп атаймыз?

а) жанама

б) тура

в) кешенді

г) өндірістік

д) жауап жоқ


148. Шартты—тұрақты шығынға жатқызылатын шығын қай түрден пайда болады?

а) өндіріс көлемінің өзгеруіне тәуелді

б) негізгі жұмысшылардың еңбекақы төленуіне байланысты

в) шикізат және материалдарға төлеуге байланысты

г) өндірістің көлеміне байланыссыз

д) дұрыс жауабы жоқ


149. Кәсіпорындағы көтерме бағаның әсері тауарлы өнімнің толық өзіндік құнына қатынасы нені сипаттайды?

а) толық өзіндік құнды

б) 1 теңге тауарлы өнімге кеткен шығынды

в) цехтың өзіндік құнын

г) өндірістік өзіндік құнды

д) дұрыс жауабы жоқ


150. Кәсіпорынның бір өндіріс бөлімшесінде өнімді дайындауға кеткен барлық шығынды есептеуде, қандай өзіндік құн деп атайды?

а) толық өзіндік құн

б) өндірістік өзіндік құн

в) жоспарлы өзіндік құн



г) цехтың өзіндік құны

д) коммерциялық өзіндік құн

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет