МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ........................................................................................................................4
1. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТАРИХИ БІЛІМ БЕРУ ІСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНА СИПАТТАМА
1.1 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТАРИХИ БІЛІМНІҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.....8
1.2 ҚАЗАҚСТАНДА ОТАНДЫҚ ТАРИХИ БІЛІМНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ......................................................................................................................15
1.3 ҰЛТТЫҚ ТАРИХИ БІЛІМНІҢ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ МЕН БАҒЫТТАРЫ...18
2. ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫН ОРТА МЕКТЕПТЕ ОҚЫТУДЫҢ ТӘРБИЕЛІК МАҢЫЗЫ
2.1 ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫН ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕ БІЛІМНІҢ ҚАЛЫПТАСУ САТЫЛАРЫ....................................................................................31
2.2 МЕКТЕПТЕГІ ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ПӘНІНІҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ........35
2.3 ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ САБАҒЫНДА КӨРКЕМ ӘДЕБИЕТТІ ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ...............................53
2.4 ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫН ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ САНАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ.................................................59
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................66
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................70
КІРІСПЕ
Отансүйгіштік – бұл Отанға, елге, өзің туып өскен жеріңе деген сүйіспеншілік. Өзіңнің еліңнің өткені мен бүгіні үшін мақтаныш сезімі. Адамның өз ұрпағын Отанын сүюге, өз елі мен жерін құрметтеуге үйретуі адамзат қоғамымен бірге жасасып келе жатқан тарихи процесс екені белгілі.
Адам баласы Қазақ сахарасында пайда болып, қазақ ұлтының кіндік қаны тамған Еуразия жүрегінде орналасқан ұлан-ғайыр жері бар Қазақ елі дүниежүзілік тарихта өзінің оң істерін қалдырып келуде. Ал Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алып, Жаңа даму жолына түсуіне байланысты оның халықаралық және ішкі қоғамдық-саяси жағдайларында үлкен өзгерістер болып жатыр. Бұл Қазақстан Республикасы Конституциясының 1, 2 баптарында былай деп көрсетілген: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары».
Тақырыптың өзектілігі. Еліміздің Конституциясында қойылған бұл асыл мұраттар қоғамның материалдық алғышарттарымен қатар рухани игіліктерін де жасауды қажет етеді. Ол сөз жоқ халықтың білімін көтерумен тығыз байланысты. Бұл өз тарапынан мектептердің қызметін, әсіресе онда оқытылатын пәндердің білім мазмұнын, оларды оқыту әдістемесін тезірек жаңартуды, жетілдіруді күн тәртібіне қойып отыр. Осыған байланысты қазіргі уақытта қоғамдық-гуманитарлық пәндерді оқытудың білімдік, тәрбиелік, дамытушылық маңызы бұрынғыдан да арта түсуде. Оларға «Білім туралы Заң», «Қазақстан Республикасында гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы», «Қазақстан Республикасында тарихи сана қалыптастыру тұжырымдамасы», «Қазақстан Республикасындағы этникалық-мәдени білім беру тұжырымдамасы» сияқты мемлекеттік құжаттарда да айрықша көңіл бөлінген. Аталған салаларда білім беруде Қазақстан тарихын оқытудың орны ерекше. Өйткені өзінің туып-өскен өлкесінің, елінің және оның халықтарының тарихын жақсы білмеген оқушы өз халқын білмейді. Халқының қадірін білмеген адам басқа халықтарды лайықты құрметтеуі мүмкін де емес. Ондай жастардан болашақ қоғамның белсенді мүшелерін, қоғам, халық, Отан үшін бар күш-жігерін сарқа жұмсайтын, жан-жақты білімді азаматтарды тәрбиелеп шыға алмасымыз да ақиқат. Қазақстанның қазіргі халықаралық жағдайы, оның дүниежүзілік қауымдастықтағы белгілі мемлекеттердің қатарына қосылуы, дүние жүзінің көптеген елдерімен түрлі салада байланыс жасауы да оның әрбір азаматына өз елінің тарихын жақсы білуді қажет етеді.
Ұшы қиырсыз жазира дала тұрғындары өздерінің тарихында жас ұрпаққа саяси-патриоттық тәрбие берудің бай тәжрибесін жинақтап, өзіндік салт-сана, әдет-ғұрып, дәстүр рәміздерін қалыптастырды. Дала тұрғындарының өздерінің өмір сүрген ортақ әлеуметтік-экономикалық, мәдениеті мен тарихына орайлас жас буынға тәлім-тәрбие берудің басқа жұртта қайталанбас талап-тілектерін дүниеге әкелді. Жас ұрпақты отаншылдыққа тәрбиелеудің жалпыға ортақ моральдік-психологиялық нормасы белгіленіп, дала тұрғындарыныңа биік талаптар қойылды. Олардың ең бастылары – атамекенді, ел намысын қорғаудағы ержүректілік, жаудан беті қайтпау, ата-тегін жадында сақтау, отаншылдық.
Қазақ халқының бұрынғы дәстүрлі қоғамынан қалған тарихи-рухани мұралардағы басты мәселе – қоғамның жағдайы адамның өзіне байланысты қарастырылған. Олай болса, бүгінгі Қазақстан Республикасының егемендігі мен тәуелсіздігінің нығаюы мен дамуынң объективті шарттарының бірі – патриотизм. Жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру турасында Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Қазақстанда тұратын әрбір азамат өзін осы елдің перзенті сезінбейінше, оның өткенін біліп, болашағына сенбейінше, біздің жұмысымыз ілгері баспайды...» және «біз Қазақстандық патриотизмді Отанын, жері мен суын шексіз сүю, халқының өнеге дәстүрін, әдет-ғұрпын, елінің тарихын құрмет тұту, бостандығы мен құқығын қорғау, әр адамның күш-жігерін ел бірлігін нығайтуға, азаматтық татулықты баянды етуге және ұлтаралық татулықты тұрақтандыруға жұмсау», - деп атап көрсеткен.
Отансүйгіштік сезім жеке адамда өмір бойы қалыптасып, саяси процестерге қатысудан, Отанды қорғаудан және қоғамда алатын өз орныңның маңыздылығын сезінуден басталады. Адамға жеке құндылықтардан басқа да жалпы адамзаттық құндылықтар қажет. Соның бірі отансүйгіштік қасиет болып табылады.
Жастар – бұл біздің қоғамымыздың болашағы және оның қандай болып қалыптасуынан біздің қоғамымыздың болашағы мен еліміздің мемлекеттілігі байланысты.
Қазақстандық отансүйгіштік және ұлттық келісім Қазақстан республикасының азаматын тәрбиелеудегі негіз болып табылады.
Бүгінгі күні біз Қазақстан Республикасының тәрбиелік білім беру жүйесінде бұл бағытсыз болашақ жоқ екеніне көзіміз жетіп отыр. Бұл біз үшін жастардың келешекте қандай азамат және қандай патриот болып шығатынын толғандыратын мәселе.
Халқымыздың батыр ұлдарының бірі Бауыржан Момышұлы: «Патриотизм – Отанға, мемлекетке деген сүйіспеншілік, жеке адамның аман-саулығы, қоғамдық, мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылыған сезіну, өзінің мемлекетке тәуелді екенін мойындау, яғни патриотизм дегеніміз – мемлекет деген ұғымды, оның жеке адаммен барлық жағынан өткені мен бүгінгі күні және болашағымен қарым-қатынасын білдереді.», - деп атап көрсеткен.
Оқушылардың тарихқа қызығушылығын дамытуда олардың алған білімдерін бағалаудың маңызы зор. Ол үшін түрлі тәсілдер бар. Мысалы: жауап берер алдында материалды оқулық бойынша қайталау; көрсетілген жұмыс тәсілі, үлгісі бойынша тапсырманы жазбаша орындау; сыныпта үйде дайындалған жоспар бойынша әңгімелесу.
Жаңа материалды оқуға өту кезеңі дидактикалық тұрғыдан алғанда өте маңызды. Мұғалім жаңаны оқуға оқушылардың зейінін аударады, белгісізді тануға деген қажетті психологиялық көңіл күй қалыптастырады. Жаңаны ауызша түсіндіргенде немесе оқулықтан оқығанда оқушылар көп аспектілі мазмұннан бұрын бір желілі материалды жақсы игеретіндігі белгілі. Мұғалім оқулықтың мазмұнына түзету жасай отырып, барынша маңызды, күрделі бөлігін басты деректер, жарқын да бейнелі мәселелермен толықтырып түсіндіреді.
Көрнекті орыс педагогы К.Д.Ушинский: «Мұғалім өз білімін көтеріп жүргенде ғана мұғалім, оқуды ізденуді қойса, оның мұғалімдігі жойылады» деген.
Ол үздіксіз білімін шыңдап отырмаса, өмір көшіне жете алмайды, ол заман талабына сай шәкірттеріне білім, тәрбие бере алмайды. Тарих сабағында оқушылардың дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыруға, адамгершілікке, отаншылдыққа, каһармандыққа, ұлтжан-дылыққа барлық халықтарды құрметтеуге олармен достық қатынас орнатуға, елдің қауіпсіздігін сақтауға, еңбек сүйгіштікке, діннің тарихтағы рөлін дұрыс түсінуге тәрбиелеуге, оларға эстетикалық, экологиялык, экономикалық тәрбие беруге толық мүмкіндік бар.
Тақырыптың ғылыми жаңалығы. Қазақстан Республикасы тәуелсіз даму жолына енді ғана түсті. Оның келешегі алда, біртіндеп дамыған, гүлденген өркениетті елдер қатарына қосылады. Мұны жүзеге асыратын Қазақстанның қазіргі жас азаматтары, мектеп оқушылары. Қазақстанға жан-жақты білімді, осы республикадағы барлық халық тілін, тарихын, әдет-ғұрпын сыйлайтын, осы ел үшін, оның халықтырынң бақытты келешегі үшін бар білімі мен күш-жігерін аянбай жұмсайтын нағыз отаншыл азаматтар керек.Осы міндетті орындауға мектептегі тарих пәні өте зор үлес қосады. Кеңес елі тұсында тарих пәнін оқыту барысында оқушыларды тәрбиелеудің ең негізгі бағыттары: марксизм-ленинизм идеясына берілгендік, дүние жүзінде капитализмнің құрып, коммунистік қоғамның саклтанат құратынына сендіру, социалистік идеологиядан басқа идеологиялардың бәрін жек көру, дінді жек көру рухында тәрбиелеу болды. Тәрбиенің мұндай бағыттарының мүлде теріс екендігін өмір тәжірбиесі көрсетті. Сондықтан да біз қазір Қазақстан мектептеріндегі тәрбиенің міндеттерін анықтағанда мұндай теріс бағыттырдан бас тартамыз. Тарих сабақтарында оқушылардың дүниеге ғылыми көзқарасы қалыптастырылады, адамгершілікке, имандылыққа, ізгілікке тәрбиеленеді, отаншылдыққа, халықтарды құрметтеуге, сыйлауға, яғни халықтар достығына тәрбиеленеді, еңбекке, қарт ұрпақтың еңбек пен жауынгерлік дәстүріне тәрбиеленеді; діннің қызметін дұрыс түсінуге, оны дұрыс бағалауға, бейбітшілікті сақтауға үлес қосуға, апдамзат жасаған құндылықтарды құрметтей білуге тәрбиеленеді; эстетикалық, экологиялық, экономикалық, т.б. тәрбие алады.
Зерттеп отырған мәселенің мәнін ашуда қазақ халқының XX ғасыр басындағы қоғамдық-саяси ойының көшбасшысы Алаш қозғалысына қатысты тарихи деректер аса маңызды. Бұл деректер кеңес билігі орнағанға дейінгі қазақ елінің қоғамдық-саяси және әлеуметтік идеологиялық ахуалын тарихи-білімдік тұрғыдан анықтауға мүмкіндік береді. Ол әлеуметтік объектінің саяси және әлеуметтік-психологиялық сипаттамасын жасауда да маңызды.
Зерттеу базасы. Тақырыпқа қатысты деректердің дені ірі мұрағат қорларында сақталған. Тақырыпты ашуда Қазақстан (РК(б)П, БК(б)П, КОКП) съездерінің, пленумдарының идеологиялық мәселелер жөніндегі материалдары мен қаулы-қарарлары, кеңес, кәсіподақ және комсомол органдарының директивалық материалдары: кеңес съездерінің қаулы қарарлары (КСРО ХКК, Қаз ХКК), идеологиялық мәселелермен айналысатын бөлімдердің құжаттары, газет-журнал редакцияларының құжаттары кеңестік тоталитарлық жүйенің мерзімді басылымдарды үгіт-насихат қаруы ретінде пайдалануын анықтауда кеңінен пайдаланылды. Жұмыста ҚР Президенті мұрағатының, ҚР Орталық Мемлекеттік мұрағатының деректері пайдаланылды.
Диплом жұмысының деректік негізін толықтыруда 1990 жылдардан бастап қабылданған білім стандарттары мен тұжырымдардың, зерттеу құжаттарының, заң нормалары мен мемлекеттік бағдарламалардың, Елбасы кітаптары мен Жолдауларының рөлі жоғары. Оларда жаңа Қазақстанның тарихи білімдегі ұстаным басымдықтары, қазақ халқының ұлттық тарихи білім ерекшеліктерінің белгіленуі т.б. мәселелер көрініс тапқан.
Дипломдық жұмыстың зерттеу пәні: орта мектептегі Қазақстан тарихы пәні.
Дипломдық жұмыстың зерттеу нысаны: Қазақстан тарихының тәрбиелік маңызы.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: Қазақстан тарихын орта мектептерде оқытудың тәрбиелік маңызын ашып көрсету.
Дипломдық жұмыстың міндеттері:
Еліміздегі тарихи білімнің қалыптасу тарихына шолу жасай;
Тәуелсіз Қазақстандағы тарихи білім беру ісіне сипаттама беру;
Орта мектепте Қазақстан тарихы пәнін оқыту барысында берілетін тәрбие түрлерін анықтау.
Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТАРИХИ БІЛІМ БЕРУ ІСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНА СИПАТТАМА
1.1 Қазақстандағы тарихи білімнің әдіснамалық негіздері
Әдістеме дегеніміз – методика. «Методика» сөзі ежелгі грек тілінен аударғанда – «таным тәсілі», «зерттеу жолы» деген ұғымдарды береді. Әдіс дегеніміз – нақты міндетті шешудің, әлдебір мақсатқа жетудің тәсілі. Сонда, әдістеме бұл жиынтығы, кешені. Тарихты оқыту әдістемесі – тарихты оқытудың міндеттері, мазмұны және әдіс-тәсілдері туралы педагогикалық ғылымдарының бір саласы. Ол тиімділігі мен сапасын арттыру мақсатында тарихты оқыту процесінің заңдылығын зерттеу және оқып-үйренуге арналады. Сонымен әдістеме оқу процесін ұйымдастыру мен оның негізгі факторларын жетілдіруге бағытталады.
ХХ ғасыр басындағы көрнекті әдіскер К.А.Иванов әдістеменің маңызды міндеттері деп сол ғылымды оқу пәні ретінде жақсы жолға қоюға алып баратын оқытудың айқындау, бағалау, бейнелеу тәсілдерін атайды. Әдістеме тарихты қалай оқыту мәселесін қарастырады және зертттейді.
Осылайша әдістеме пәні – педагогикалық процесс, мұғалімнің тарихты оқытуы, оқушының тарихты оқуы. Ал әдістеменің нысанасы – оқытудың әдістері, мазмұны, ұйымдастырылуы және түрлері.
Тарихты оқыту - өзара байланыста және үнемі қозғалыста болатын құрауыштардың басын біріктіретін өте күрделі процесс. Ол оқыту мақсаты – оның мазмұны – білім беру және оны игеруге басшылық жасау – оқушылардың оқу әрекеті – оқыту нәтежиесі деген тізбекті құрайды. Оқыту процесіндегі қозғалыс оның ішкі қайшылықтарын жою барысында іске асады. Ол қайшылықтар жоспарластырылған және қолданылған оқыту құралдары мен әдістерінің арасында пайда болады.
Тарихты оқыту процесінің диалектикалығы сияқты әдістемені оқып-үйрену де үнемі даму үстінде болады. Тарихты оқыту әдістемесі қоғам алдында тұрған жас ұрпақты тәрбиелеудің кешенді міндеттерін іске асыруға қызмет жасайды.
Тарихты оқыту әдістемесі тарих ғылымдарымен бірге философия, әлеуметтану, мәдениеттану, педагогика, психология, дидактика талаптары логика сияқты ғылым салаларымен тығыз байланыста дамиды. Бұл салалардың материалдарын пайдалану шығармашылық сипат алады, өйткені әдістеме пәні оларды тарихты оқыту процесін жетілдіру мақсатында қорытып, жаңартып пайдаланады.
Мұғалім мен оқушының оқу процесі күрделі және көп қырлы болып келеді. Оның тиімділігі оқушы әрекетінің сипатымен айқындалады. Мұғалым өз пәнін қаншалықты жетік білгенімен оқушылардың қызығушылығын оятып, шығармашылық әрекетін ұйымдастыра алмаса, айтарлықтай табысқа жете алмайды.
Өмірде нашар мұғалімдерді көп кездестірмей, олардың пайда болуы өз пәнін жетік білмеуіне байланысты емес, ең бастысы олар өз білімдерін өзгелерге оңай жолмен түсіндіре алмайды. Өйткені, олар оқушыларға тарихи материалды баяндаудың әдістемелік негіздерімен таныс емес, тіпті пәннің әдістемесінен жеткілікті хабары жоқ. Сондықтан пәннің әдістемесін не үшін оқытамын? Қалай оқытамын? Немен оқытамын? Деген сұрақтар таныс емес, тіпті пәннің әдістемесінен жеткілікті хабары жоқ. Сондықтан пәннің әдістемесін не үшін оқытамын? Қалай оқытамын? Немен оқытамын? Деген сұрақтарға жауап тақырыпта басты назарда болуы тиіс.
Мектепте тарихты оқыту әдістемесі пәнінің міндеттері мен негізгі факторлары
Тарихты оқытудың негізгі факторлары мына сұрақтардың жауаптарына байланысты:
- мемлекет пен қоғам белгілеген мақсаттар;
- стандарт пен бағдарламаларда бекітіліп, солардың негізінде оқулықтарда баяндаоған тарихи білімнің мазмұны мен құрылымы;
- оқыту процесінің ғылыми-әдістемелік ұйымдастырылуы (оқыту мен оқудың түрларі, әдістері мен әдістемелік тәсілдері, құралдары);
- оқушылардың танымдық мүмкіндіктері;
- оқыту нәтежиелерімен айқындалады.
Тарихты оқытудың мақсаттары мемлекет дамуының әр түрлі кезеңдерінде өзгеріп отырды. Кеңестік кезеңге дейінгі мектептерде таризты оқытуда көптеген обьективтік жетістіктер болғанымен, оның мазмұнында ұлыорыстық шовинизм, ұлыдаржавалық астамшылдық басым болды. Қазақстандағы мектептердің өзінде Қазақстан тарихына қатысты мәселелер оқытылмады. Кеңестік кезеңдң тарих пінінің мазмұнында жоғарыда аталған саяси белгілер коммунистік, таптық сипат алды. Дегенмен Қазақстан тарихы жеке пән ретінде оқу бағдарламасына енгізіліп, оқытыла бастады. Ол кезеңдегі тарих пәнінің мақсаты маркстік-лениндік дүниетанымға негізделіп, коммунистік идеяларға бағытталды.
Кез келген дәуірдегі тарихи мәселені ғылыми тұрғыдан зерделегенде, өзінің алдындағы бір немесе бірнеше дәуірлердегі кезеңдермен байланыстыра қарастыруға тура келеді. Тарихты осылайша сабақтастықта қарай білу ғылыми зерттеу жұмысының барысында мәселеге қатысты кейбір жаңсақ пікір білдіруден сақтандырып, дұрыс тұжырымдар жасауға, ақиқат ой қорытуға жол ашады Бұл арада, ең алдымен, Қазақстанда ежелден қалыптасқан тарихи білімнің санада орнығуының ғылыми-теориялық негіздер желісін түзу керек болады.
Қазақстан тарихшыларының ішінде қазақтар арасында ежелден қалыптасқан дәстүрлі тарихи білім ұғымына ғылыми баға беру ең алғаш зерттеуші В.П. Юдинде кездеседі. Ол айтады: «Далалық ауызша тарихнаманы көрсететін шығармаларды оның қайнар көзі деуге де болады. Олар тарихи әңгіме жинақтарын – Дешті Қыпшақ көшпенділерінің тарихи білімінің бөлімдерін көрсетеді. Бұл әңгіме – бастаулар арнайы «қара сөз» атауына ие болды, яғни «ескі сөз», «қара сөз» деген [7]. В.П. Юдиннің осы айтып отырған Дешті Қыпшақ көшпелілерінің тарихи білімі қазақ этносының қалыптаса бастаған Ақ Орда кезеңінен бергі уақытты қамтиды. Осы арада егер қазақтар өзінің түп негізін сақ, үйсіндерден бастаса, онда Ақ Ордаға дейінгі тарихи білім, өзінің бастауларын қалай қалыптастырған деген сұрақ туындайды. Сондықтан біз, өз зерттеуіміздің бірінші тарауында мүмкіндігінше ұлттық тарихи білімнің көзін тауып, оны В.П. Юдин айтып отырған Дешті Қыпшақ көшпелілерінің тарихи біліміне жалғастыра келе, кеңес дәуіріне ұластыруды мақсат еттік.
Академик М.Қ. Қозыбаев «... біздің Ұлы Сахарада да өркениет 1500-2000 жыл бұрын пайда болды деп есептеуге дәлелдер баршылық» [8] – деп шегелеп айтса, онда қазақ халқын өркениеттілікке жеткізген білу мен біліктілікті және тәңірлік дінмен бірге келген білімді, аңыздан басталып, ауыз әдебиетіне ұласқан тарихи білімді, VIII ғасырда ислам дінімен бірге келген тарихи білімді, ойма жазудан басталып, көркем әдебиетке ұласқан дәстүрлі тарихи білімді қалайша жоққа шығарамыз. Сондықтан да бұл мәселе, бүгінгі таңдағы республикалық және халықаралық ауқымдағы конференциялардың негізгі тақырыбына айналып, күн тәртібінен түспей келеді [9].
XVIII-XIX ғғ. Ресейдің әскери адамдары мен ғалымдары: А.И. Левшин, В.Г. Тизенгаузен, Н.А. Аристов, А.Н. Харузин, В.В. Радлов, В.В. Бартольд, Г.Н. Потанин т.б. қазақтың ауызша тарихы туралы естігендерін жазып қалдырғанмен, негізгі борыштары – өз елінің мүддесіне қызмет ету болғандықтан, қазақтың дәстүрлі тарихи білімі олардың бәрін бірдей қызықтыра бермеген. Айталық, ауызша тарихтың білімдік байыбына бармаған Ресей тарихшысы А.И. Левшин қазақ халқының ұлт болып қалыптасуына дейінгі зейіндік деректерден айналып өтеді [10]. Қазақтарды жойылуға тиіс нәсіл ретінде кемсіткен А.И. Левшинді барынша сынаған В.В. Радлов болса, оған қарама-қарсы пікір айта келіп, қазақтарға «отырықшы халықтардың дәуіріне қарама-қарсы тұрған мәдениет өркениетінің баспалдағы» ретінде жоғары баға берген [11].
Біздіңше, тарихқа кез-келген зерттеу жұмысын қолға алғанда, американдық антраполг Франц Баос айтқандай, археолгияға, биологияға, лингвистикаға және этнографияға жүгіну жеткіліксіз [12]. Мәселеге олардан маңызы кем түспейтін саяси, әлеуметтік, ұлттық, діни, педагогикалық, психологиялық, әдет-ғұрыптық және көркем әдебиеттік факторлардың да әсер ететіндігі анық.
Сонымен егер ерте уақыттан бергі ауыз әдебиеті ауызша тарих айту дәстүрінің дамуына ықпал етіп, Дешті Қыпшақ көшпелілерінің тарихи біліміне жеткізсе, қазақ хандығы кезіндегі жыраулар поэзиясы «Зар заман» ақындарымен жалғасын тапқан тарихи білімге ұласса, оны XIX ғ. сонындағы қазақ ағартушы-ойшылдары одан әрі дамытып, кеңес дәуіріне дейін әкелсе, ал кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті ауызша тарихты астарлы түрде дамыта білсе, онда қазақ халқының діліне тән әдебиет арқылы келген ауызша тарихи білімдегі шындықты дерек көзі ретінде қарау басымдығы туындайды. Осыған қосымша, біздің зерттеу жұмысымыздың нәтижесі көрсеткендей, бүгінгі ұлттық тарих ғылымы, заман ағымына орай, өзінің зерттеу ұстанымдарында тағы да мынандай жаңа 3 басымдықтарға жетуді қажетсінеді:
1. Қазақстанның Еуропа мен Азияның түйіскен жерінде орналасуы тарихи білімдегі зерттеу ұстанымында геосаяси мүмкіндіктермен санасу әдіснамасы сияқты жаңа туындап отырған басымдықты қажетсінеді;
2. Қазақстан аумағындағы түркі мәдениетіне арап, парсы, қытай тілдік мәдениеттерінің орыс мәдениеті ықпалының әсер етуінен кем болмағандығын көрсету – тарихи шындыққа жетуге көмектеседі;
3. Екі ғасырдан астам уақыт қуғын-сүргін көргеніне қарамастан ислам діні өзінің өміршеңдігін сақтап қалды. Ендеше, бүгінгі тәлім-тәрбие ұстанымында, қазақ тарихындағы ислам дінінің басымдық рөлін жоққа шығара алмаймыз. Осы арадағы «тәлім» сөз тіркесінің кезіндегі білімнің мағынасын атқарған рөлін ескерген дұрыс.
Тарихи білім туралы алғашқы пікірталастар XVII-XVIII ғасырлардан, яғни капиталимзнің өрістеу кезеңіндегі Еуропадан бастау алады. Дәл осы кезеңдерде тарихи-білімдік ой-санада көшпелілер өркениетін мойындамайтын Еуроцентризм ұстанымдары күш ала бастады. Осыған байланысты жазу пайда болғанға дейінгі тарихи білімде өзіндік рөлі болған қазақтардың ауызша тарих айту дәстүрі кеңес дәуіріне дейін зерттелмеді.
С.Ж. Асфендияровтан бастап, кеңес кезеңіндегі тарихшылардың еңбектерін ресми бір партиялық жүйенің идеологиялық ықпалы жағдайындағы олардың ұстанған методологиялық бағытына бола, тарихнамадан аластай алмаймыз. Осы арада біз С.Ж. Асфендияров туралы М. Шоқай дерегіне сүйенсек, С.Ж. Асфендияров қанша жерден марксист болғанмен, Түркістан қозғалысының шын мәніндегі төңкерістік мәнін мойындап, тарихи білімдік ой-санада бірінші болып, ұлттық мемлекеттілікті марксизм қағидаларымен бүркемелеп көрсетудің үлгісін жасап беріп кеткен [13].
ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында А.П. Чуловшниковтың, М. Тынышбаевтың, Т. Шонанов, Қ. Кемеңгеровтердің тарихи білімді жүйелі жолға түсіру бағытындағы еңбектері жарияланғанмен, ол авторлар ұлттық тарихи білімнің тарихын арнайы зерттеуді мақсат етпеді. Бұлардың ішінде тарихи білімді дамытудағы М. Тынышбаевтың рөліне тоқталсақ, ол бірінші болып қазақ тарихын басқа ұлт өкілдері тарапынан жазудың кемшіл тұстарын көрсетіп бере алды.
Кеңестік тарихи білім мәселесінің алғашқы тарихнамасын қалыптастыруда Н.Н. Ванаг, М.В. Нечкина, А.М. Панкратова, Г.С. Фридлянд бастаған тарихшылар белсенді рөл атқарса, қазақ тарих ғылымын білім ретінде жүйелеудің алғашқы тарихнамасын жасауда А.М. Панкратова, А.В. Шестаков, А. Нүсіпбеков сияқты тарихшылар белсенділік көрсетті. Алайда бұл ғалымдардың зерттеулері большевиктер партиясы идеологтарының еңбектерін басшылыққа алудың нәтижесінде жазылды. Ол еңбектерден (В.И. Ленин, И.В. Сталин, Н.К. Крупская, А.В. Луначарский, А.С. Бубнов, М.С. Энштейн, А.С. Макаренко, М.Н. Покровский) идеологияға бой алдырылған халық ағарту ісінің саясатандырылғаны көрінеді.
Кеңес дәуірінің 40-60 жылдарындағы қазақ тарихының білімдік тұрғыдан жазылуы мен ғылыми жағынан жүйеленуі Е. Бекмаханов есімімен байланысты. Ол «Қазақстан XIX ғасырдың 20-40 жылдарында» деп аталатын белгілі кітабын жазу үстінде фольклорды маңызды дерек көзі ретінде алған. Автордың өзі атап көрсеткендей, кітапта М.Ж. Көпеев, Ә. Диваев, О. Шипин, С. Мұқанов т.б. жазып алған халық мақалдары, мәтелдері және өлеңдері кеңінен пайдаланылған [14].
Кеңес дәуіріндегі қазақ халқының этникалық саладағы рухани мәдениетін тарихи білімдік ой-санада ғылыми тұрғыдан өте терең және кең ауқымда зерттеген ғалым – Ә.Х. Марғұлан. Бірақ ол тарихи білімдік жағынан ғасырлар бойы маңызды рөл атқарған қазақ эпикалық жанрларын кезеңдерге бөлгенмен, оның білімдік мәнін аша алмай, оны тек мәдениет аумағында ғана қарастыруға мәжбүр болған [15].
Дегенмен, Әлкей Марғұлан даланың ауызша тарих айту үлгісін жинастырумен бірге, ислам дінінің тарихи білімдегі рөлін дәріптеп, оны бағалаудың үлгісін Мәшһүр Жүсіп Көпейұлына еліктеуден алғанын оның 1940 жылы 5 қаңтардағы «Қазақ әдебиетінде» жарияланған шағын мақаласынан байқаймыз. Онда: «Кез келген зерттеуші ғылымдағы діннің ықпалын жоққа шығара алмас», – деп көрсетеді.
ХХ ғасырдың 50-ші жылдарының аяғы мен 70 жылдардың басында жарық көрген Р.С. Сүлейменов, Ж. Қарақұсов, Ж. Амантаев, Ә. Канафин, Қ. Жаманбаев, С.Н. Соскиннің еңбектерінде қазақ-кеңес интеллигенциясының, ғылым мен білімнің даму тарихы кеңінен қарстырылды. Алайда, бұл жылдардағы тарихшы ғалымдардың зерттеулерінде де ұлттық тарихи білімнің даму ерекшеліктерін көрсету мәселесі шектеулі күйінде қала берді.
ХХ ғасырдың 80-90 жылдары жоғары оқу орындарында білім беру ісін жетілдіру, Қазақстан интеллигенциясының қалыптасуы мен теориялық мәселелеріне арналған К.Д. Жоламановтың, Х. Әбжановтың, Л.Я. Гуревич пен Ә. Құдайбергеновтың жұмыстары біз зерттеп отырған тарихи білімнің даму тарихынан бөлек, мәдениетттің басқа салаларын қамтиды.
ХХ ғасырдың 90 жылдарының басында 1917-1980 жылдардағы тарих ғылымының даму үрдісіне тікелей қатысты І. Қозыбаевтың еңбектері жарияланды. Алайда ол тарихи білімдік ой-санадағы ұлттық белгілердің ерте дүниеден бергі дәстүрлі көріністеріне талдау жасамай, жалпы кеңестік тарих ғылымының дағдарысқа ұрыну сырын ашуға талпынған.
ХХ ғасырдың 90 жылдарының екінші жартысынан бастап, 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының әсерімен ұлттық тарихи-білімдік ой-санада ерекше серпін байқалды. Осы тұста М.Қ. Қозыбаев, К. Нұрпейіс, М. Қойгелдиев, Т. Омарбеков, Ж.Қ. Қасымбаев, Ә.С. Тәкенов сияқты тәуелсіз Қазақстанның алдыңғы шоғыр тарихшылары демократиялық қоғамдағы жаңаша тәуелсіз тарихи ойлаудың бағытын көрсетіп бере алды.
Белгілі ғалым Д. Дулатованың тарихи еңбектерді талдаудағы тарихилық үлгісін басшылыққа алған М.Қ. Әбусейітова мен Ж.О. Артықбаев [16] бастаған бірқатар жаңашыл тарихшылардың еңбектерінде түрік халықтардың деректері мен қазақ халқының этнографиялық деректерінің ұлттық тарихи білімді дамытудағы ерекшеліктеріне жоғары мән берілген. Дегенмен, бұл ғалымдардың жаңа жолға түсуіне зерттеуші К.Л. Есмағамбетовтың еңбектерінің де ықпалы болғаны анық. Өйткені К.Л. Есмағамбетов - тәуелсіздікке дейін де Қазақстан тарихының шетелдік тарихнамада бейнеленуін өзгелерден бұрын көрсетіп келе жатқан тарихшы. К.Л. Есмағамбетов, Б.Б. Ермұхановтардан кейін шетелдік шындықты жаңа өмірге сәйкес тарихи білімдік бағытта дерек көзі ретінде зерделеу – Н. Мұхаметханұлының «Қытайдағы қазақтардың қоғамдық тарихы (1860-1920 жж.)» деп аталатын монографиясы мен К. Несіпбаеваның докторлық жұмысында қамтылған.
Егер ұлттық тарихи білімді дамытуда қазақ ауылының ерекше рөл атқаратынымен санассақ, онда осы ауыл тұрмысындағы «ақтаңдақ» деректермен айшықталған О. Мұхатованың еңбектерінен тарихи білімді одан әрі дамытудың құнды мәліметтерін іздеп табуға болады.
Жаңа ғасыр басындағы еңбектерден, мәдени-ағарту мәселелерін зерттеген Қ. Ахметовтың, мәдениет саласындағы мемелекет саясатын зерттеген А. Қапаеваның, қазақ зиялылары тарихын зерттеген А. Ауанасованың, кеңестік Қазақстанның ғылыми және шығармашылық интеллигенциясы тарихының тарихнамасын зерттеген Г.М. Кәкенованың жұмыстарын атауға болады. Аталған ғалымдардың монографияларында ХХ ғасырдың 1917-1991 жылдарындағы мәдениет саласы, қазақ зиялыларымен интеллигенция қызметі және коммунистік партияның ұстанған идеологиясынан туындайтын қасіретті тарихтың астары ашылған.
Зерттеуші Т.Ә. Төлебаев «XIX ғ. II-жартысы мен ХХ ғ. басындағы Қазақстанға капитализмнің енуінің тарихнамасы» деп аталатын ғылыми зерттеу жұмысында тарихи білімді жетілдіру үшін, қазақ жеріндегі капитализмнің қалыптасу, даму барысы жөніндегі мәселелерді де ғылыми тарихнамалық тұрғыдан талдау жасау керектігін ұсынады.
Бүгінде, Ү. Суханбердина мен Ә. Тәкенов сияқты деректану саласында ерен еңбек еткен мамандардың ісін ғалым Қ. Атабаев жалғастырып келеді. Ғалым өзінің қомақты еңбектерінде «Түркістан уалаятының газетінен» бастап бүгінгі күнге дейінгі ұлттық баспасөз тарихын кезеңдерге бөліп көрсетсе, бұл ұлттық тарихи білімнің даму өрісін білуге де көмектеседі.
Кеңес империясы кезінде де, жаңа Қазақстан жағдайында да Отандық тарихнамада Ресей елі тарихынан болған жетістіктерді ескерусіз қалдырмауды тарихи білімдегі басымдыққа жатқызуды айтып кеткен тарихшы З. Алдамжар болатын [17].
2000 жылдан бергі ғылыми әдебиеттерде ұлт зиялыларының тарихи білімді дамытудағы рөлі (Ш. Омарбеков), тарихты кезеңдерге бөлудің жаңа жолдары (С. Кентбеков), Тәуелсіздік кезіндегі тарихнамалық ой-пікір (Ш.Ж. Нартбаев), ХХ ғасырдағы халық құрамының тарихнамасы (Л. Төлешова) сияқты мәселелер көтерілген. Алайда бұл зерттеушілер Қазақстандағы тарихи білімнің теориялық-методологиялық мәселелерін жан-жақты тұрғыдан емес, жекелеген тарихи оқиғалардың жетегінде қарастырады.
Қазақстан тарихшыларының ішінде біздің жұмысымызға бірден-бір жақын келетін жұмыс – М. Алпысбес пен З.К. Ноғаеваның диссертациялық жұмыстары [18]. М. Алпысбестің зерттеуінде шежіренің тарихи деректік мәні кешенді түрде қарастырылса, З.К. Ноғаева негізінен, еліміздегі жоғары оқу орындарында тарих факультеттері мен кафедралардың құрылу тарихын және тарихшы мамандарды даярлау тарихын ішінара баяндап, тарихи білімнің теориялық жағына бармаған. Ал Ресей тарихшылары А.Н. Терехов, К.А. Ушмаевалардың [19] Ресейдің жекелеген аймақтарындағы жоғары тарихи білімнің қалыптасуы мен дамуын көрсететін диссертациялық жұмыстары одақтас республикалардың тарихымен байланыссыз зерттелтен.
Жоғарыда аталған тарихи білімге қатысты тарихнаманың логикалық жалғасы есебінде Елбасының ұсынысы бойынша 2004-жылы Қазақстан Республикасында «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы қабылданып, елімізде тарихи сананы қалыптастыру үрдісі пәрменді жүргізіле бастады. Бұл орайда, «Мәдени мұра» бағдарламасының «Тарих және этнография» секциясының «Тарих – адамзат ақыл-ойының қазынасы» сериясы мүшелерінің күшімен шығарыла бастаған он томдық еңбек бізді әлемдік тарихи үрдістен хабардар етіп, зерттеу бағытындағы ынтамыз бен ізденісімізге түрткі болды.
Қазіргі таңдағы гуманитарлық және қоғамдық ғылым салаларының зерттеушілеріне тән үрдіс – тарихи сана қалыптастыруды ұлттық дәстүрлерден іздеу болып табылады. Айталық, Қ.А. Есімов («Қазақстан тарихының деректануы» – 1999), Л. Жүсіпова, Е.Қ. Жүсіпов, З.Е. Елешова, Г. Жүгенбаева сияқты тарихшылар өз зерттеулерінде ауыз әдебиетінің тарихи дерек көзі болатын рөлін мойындауға шақырса, Ж. Тілепов, Ә. Тарақов сияқты әдебиетшілер тарихи шындықтарды әдебиеттен де қиналмай табуға болатынын зерттеді. Сол сияқты Қ. Жарықбаев, С. Қалиев, Қ. Қожахметова, С. Ұзақбаева сияқты этнопсихология мен этнопедагогиканың мамандары білімдік ой-санадағы ұлттық тәрбиенің рөлін көтеріп, тарихи сана қалыптастыруға өз үлестерін қосып келеді. Ал философтар А. Қасабек, М.С. Орынбеков, Д. Кішібеков, Ж. Алтаев, А. Айталы, Ғ. Есім т.б. қазақ философиясын қоғамдық сананың басқа да түрлерімен тығыз байланыстыра қарайды. Бұл үрдістер ұлттық тарихи білімнің ғылыми-теориялық мәселелерін анықтауды жеңілдетеді және болашақта тарихи білім мәселесін зерттеудегі гуманитарлық және қоғамдық ғылымдардың бірлігін қажетсінеді.
1.2 Қазақстанда отандық тарихи білімнің қалыптасуы мен дамуы
Сан ғасырлар бойы тәңірлік дінді берік ұстанған сақ-үйсіндер тарихи білімнің дін арқылы дамыған үлгісін түрік тілдестерге аманат ретінде қалдырған. Түркіленуге негіз болған хұндардың билеушісі үйсін жұртында қалған жас нәрестені қасқыр баққаннын естіп, киенің құдіретіне жорыған. Кейін ер жете келе, жаңағы бала, әкесінің жұрты – Үйсін еліне ие болған. Бұл оқиға шамамен б.д.э. II ғасырдың кейінгі жартысына тән. (Қараңыз. Ежелгі үйсін елі. – Үрімжі, 2005. – Б. 13, 31). Демек, бастауын сақтардан өрбітетін отандық тарихымыздың өзі тәңірлік дінмен қабысқан тарихи білімнің нәтижесі.
Қазақ жеріне VIII ғасырдан енгізілген ислам дінінің ықпалы бұрыннан бар тұрмыстық білімді ғылымға бейімдеп, IX-XII ғасырларда Қазақ елін бүкіл әлемге танытқан бірнеше ғұлама-ойшылдарды тарихи аренаға шығарған, ал олардың бәрі ислам дінін мемлекеттік дін ретінде мойынсұнған еді. Тіпті ұлы Шыңғысхан ұрпақтарының өзі оның көзі жұмыла салып, ислам дініне мемлекеттік мәртебе бергені тарихтан белгілі. Ендеше, бұл тарихи оқиға да дәстүрлі тарихи білімдегі діннің деректік мәнін көрсетеді.
Қазақ елінің тарихи білімдік ой-санасын қалыптастыру тарихшы-ғалым Мұхаммед Хайдар Дулатидың да үлесіне тиседі. Ол өзінің «Тарих-и Рашиди» еңбегінің беташарын «Мейірімді, рақымды Алланың атымен бастаған». Егер біз «Тарих-и Рашидидің» қазақша мағынасын «Хақ жолындағылар тарихы» деп аударып жүрсек, онда Мұхаммед Хайдар Дулати бабамыздың ұрпаққа қалдырған мұрасында «хақ» сөзін назарға алуы бекер емес. Демек хақ дін – ислам дінімен бірге келген тарихи білімнің жетістігі болып табылады.
Тәңірлік және мұсылман дін тұтастықтары Ақ Орданың кезінен басталатын этникалық бірлік негізіндегі тарихи білімге жеткізсе, ол осы аралықтарда қалыптасқан қазақы діл дерегінің нәтижесі. Осы арада халқымыздың ділін оның тарихымен бірге қарастыруды жақтайтын қазақстандық философ А. Қасабектің пікіріне қосарымыз, ислам дінінің қазақы ділге ғана емес, қазақтың ауызша тарихына да ықпалы болған.
Ұлттық тарихи білімді қалыптастыруға дәнекер болған діл дерегі қазақ халқына тән рухани құндылықтардың қалыптасуын да тездетті. Жауінгерлік дәстүрді орнықтырған «Ер Тарғын», «Қобыланды», «Алпамыс» жырлары мен дәстүрлі үйлену тойы, ұл және қыз баланы тәрбиелеу дәстүрін орнықтырған «Қыз Жібек», «Мақпал», «Бозжігіт» дастандары қазақтың еңбек қарекеті, әдет-ғұрыптары, халықтық ойындары мен мейрамдары, музыка және зерделі сөз өнерлері арқылы бір-бірімен өз үндестіктерін тауып жатса, бұл – тарихи білімді дамытудағы ділдік деректің маңызын айғақтайды.
Қазақ хандығы дәуірінде осы ділдік ерекшеліктерді тарихи білімде орнықтырудың жаршылары билер мен жыраулар және сал-сері, ақын-сазгерлер болды. Ал Ресейге еріксіз бодан болған тұста ол дәстүрді «Зар-заман» атауын алған ақындар мен қазақ ағартушы-демократтары жалғастырды. Бұлардың тұсында тарихи білімдегі шежірелік дәстүрді хатқа түсіру жанданып, ХХ ғасыр басындағы ұлт зиялылары арқылы астарлы мәнге ие болған тарихи білім өзін ел мен жер мәселесі, ұлт пен ұрпақ қамы, отарлық езгіні айыптау, халықты азаттыққа, теңдікке үндеу, оқуға, ғылымға тарту, еңбекке баулу бағытындағы дамуға бағдар ұстанды. Кеңес дәуірінің алғашқы екі он жылдығында, ұлттық тарихты білім ретінде жүйелі оқытудың ғылымға негізделген кезеңі басталғанда, М. Тынышбаев, С. Асфендияров, Т. Шонанов, Қ. Кемеңгеров сияқты кәсіби қазақ тарихшылары шындықты айтудың құрбандарына айналып кете барды.
Дәстүрлі тарихи білімнің қалыптасуында ғасырлар бойы тарихпен қатар жүріп отырған қазақ әдебиетінің деректік рөл атқарғаны біздің зерттеуіміздің негізгі арқауы болып отыр. Қазақ әдебиетінің тарихи деректік рөлі кеңес дәуірінің өзінде-ақ әдебиетші ғалымдар тарапынан дәлелденген. ХХ ғасыр басындағы Ә. Бөкейханов бастаған алаш арыстарынан бері қарай М. Әуезов, С. Мұқанов, Е. Ысмайылов, Б. Кенжебаев, Қ. Жумалив, І. Есенберлиндердің жолын З. Ахметов, Р. Бердібаев, З. Қабдолов, С. Қирабаев, С. Қасқабасов, Ш. Елеукенов, Т. Кәкішев, Н. Келімбетов, Т. Ақселеу, Қ. Салғара сияқты көрнекті филолог ғалымдар өздерінің іргелі зерттеулері арқылы ұлттық әдебиетпен келген тарихи білімді дамыта білді. Олар ежелгі түркілердің арғы ата-тегі саналатын сақтардың батырлық жырлары арасындағы мазмұн, түр, стиль бірлігін тарихи дәстүр жалғастығы тұрғысынан ғылыми негізде дәлелдеді. Сол себепті б.з.б. дәуірлерде шығарылған «Алып Ер Тоңға», «Шу батыр», «Атилла», «Көк бөрі» және «Ергенеқон» дастандары бүгінгі Қазақстан тарихының ауызша айтылуындағы дерек көздері болып табылады демекшіміз. Сондай-ақ, аталған тарихи дастандар өзінен кейінгі Түрік қағандығы тұсындағы тарихи «Күлтегін», «Тоныкөк», «Білге Қаған» жырлары ғылымға дейінгі тарихи білімдік жәдігерлердің жазылуына үлгі-өнеге, негіз болды. Түрік қағандығында жазба әдебиет негізіндегі тарихи білім өзінен бұрындағы сақтар мен үйсіндердің және ғұндардың ауыз әдебиетіндегі тарихи білім үлгілерімен генезистік типологиялық дәстүрлік үндестікте дамыды.
Оғыз қағандығы дәуірінде шығарылған тарихи білім бастауларының бірі «Қорқыт ата» кітабы, бұдан кейінгі Қарахан мемлекеті тұсындағы, немесе ислам дәуірі (IX-XII ғғ.) деп аталатын тарихи кезеңдер түркі халықтарының тарихи білімдік даму тарихындағы Қайта өркендеу – Ренессанс дәуірі ретінде тарихи айналысқа енді.
Алтын Орда дәуірінен (XIII-XV ғғ.) кеңес дәуіріне дейінігі қазақ халқын құраған ру-тайпалар Қарахан мемлекеті тұсындағы әдебиетпен келген білімдік жетістіктерді бүгінгі қазақ тарихшыларына дәстүрлі ауызша тарих айтудан қалған дерек ретінде және бабалар аманаты есебінде табыстады.
Әйгілі тарихшы Е. Бекмаханов болса, сол киелі аманаттан қорытынды шығара келе, ғасырлар қойнауынан жеткен Кенесарыға байланысты тарихи оқиғаны сомдағанда, зерттеуші Я. Палферовтың Нысанбай ақынның сөзін қалай пайдаланғанын өз зерттеуіне кіріктіріп, көсемінен айырылған қазақтардың терең қайғысын шебер көрсеткен. Немесе, Е. Бекмаханов Ж. Жабаевты сөйлету арқылы оның қырғыз-қазақ қатынасы мен Ұлы жүздегі қазақ батырларының көтеріліске көзқарасы жөніндегі жыр дерегін зерттеуіне арқау еткен.
Фольклорлық эпосты тарихи шындыққа жақындатқандардың қатарынан С. Сейфуллин, Т. Шойынбаев, Ә. Қоңыратбаев, Р. Бердібай, С. Қасқабасов, Н. Төреқұлов, Е. Тұрсынов, Ж. Тілепов т.б. сияқты ғалымдар мен зерттеушілерді көреміз. Әсіресе профессор Ж. Тілепов «Елім деп еңіреп туған ерлер жыры», «Тарих және әдебиет» атты монографиялық еңбектерінде Жанқожа батыр туралы халық жырларын, батыр өмір сүрген қоғам мен заман тынысын, бодандық дәуірінде туған азаттық көтерілісін бейнелейтін жырлардағы тарихи шындықтың табиғатын жан-жақты талдап, байыпты таразылады. Жанқожа көтерілісі туралы жырдың алғашқы деректік негізін орыс зерттеушісі И.В. Аничковтың 1894 жылы Қазан қаласынан шығарған «Қазақ батыры Жанқожа Нұрмұхамедұлы» атты тарихи очеркінен табамыз. Алайда, И.В. Аничковтың өзі де Жанқожа туралы деректі оның өте жақын туысы Мұсабай жыраудан алғанын жасырмайды. Қалай болғанда да, жыраулық деректер ұлттық тарихи білімнің ғылымға дейінгі алғашқы көріністерінің бірі болып табылады.
ХХ ғасырдың 60-90 жылдары қазақ әдебиетіндегі ұлттық тарихи тақырып, отандық тарихи ойдың бағытына әсер етіп, оның бостандық идеясын көтеруіне мұрындық болды. Бұл тұрғыда І. Есемберлиннің («Қаһар», «Алмас қылыш», «Жанталас», «Алтын Орда»), Ш. Мұртазаның («Қызыл жебе»), М. Мағауиннің («Аласапыран»), О. Сүлейменовтың («АЗиЯ»), Ә. Кекілбаевтың («Үркер», «Елең-алаң»), Ә. Әлімжановтың («Жаушы», «Ұстаздың оралуы», «Махамбеттің жебесі»), С. Жүнісовтың («Ақан сері»), С. Сматаевтың («Елім-ай») тарихи романдары қазақ әдебиетінің ғана емес, қазақ тарихының да дерегіне айналды. Сол сияқты Б. Соқпақбаевтың, Қ. Жүмәділовтың, Т. Тоқтаровтың, Ә. Таразидің, Т. Қаупынбаевтың, Б. Нұржекеұлының, Ж. Тұрлыбайұлының т.б. жаңа романдары тарихи деректер негізінде жазылған.
Зерттеп отырған мәселенің мәнін ашуда қазақ халқының XX ғасыр басындағы қоғамдық-саяси ойының көшбасшысы Алаш қозғалысына қатысты тарихи деректер аса маңызды. Бұл деректер кеңес билігі орнағанға дейінгі қазақ елінің қоғамдық-саяси және әлеуметтік идеологиялық ахуалын тарихи-білімдік тұрғыдан анықтауға мүмкіндік береді. Ол әлеуметтік объектінің саяси және әлеуметтік-психологиялық сипаттамасын жасауда да маңызды.
Зерттеу тақырыбымызға қатысты деректердің дені ірі мұрағат қорларында сақталған. Тақырыпты ашуда Қазақстан (РК(б)П, БК(б)П, КОКП) съездерінің, пленумдарының идеологиялық мәселелер жөніндегі материалдары мен қаулы-қарарлары, кеңес, кәсіподақ және комсомол органдарының директивалық материалдары: кеңес съездерінің қаулы қарарлары (КСРО ХКК, Қаз ХКК), идеологиялық мәселелермен айналысатын бөлімдердің құжаттары, газет-журнал редакцияларының құжаттары кеңестік тоталитарлық жүйенің мерзімді басылымдарды үгіт-насихат қаруы ретінде пайдалануын анықтауда кеңінен пайдаланылды. Жұмыста ҚР Президенті мұрағатының, ҚР Орталық Мемлекеттік мұрағатының деректері пайдаланылды.
Диплом жұмысының деректік негізін толықтыруда 1990 жылдардан бастап қабылданған білім стандарттары мен тұжырымдардың, зерттеу құжаттарының, заң нормалары мен мемлекеттік бағдарламалардың, Елбасы кітаптары мен Жолдауларының рөлі жоғары. Оларда жаңа Қазақстанның тарихи білімдегі ұстаным басымдықтары, қазақ халқының ұлттық тарихи білім ерекшеліктерінің белгіленуі т.б. мәселелер көрініс тапқан.
Марксизм-ленинизм классиктерінің шығармалары, Коммунистік партия көсемдері мен жетекші партиялық қызметтер атқарған коммунистердің мақалалары мен сөйлеген сөздері зерттеуде кеңінен пайдаланылды. Зерттеудің деректік негізінің басым бөлігін мерзімді басылымдар материалдары құрайды. Оларды ғылыми зерттеуде пайдалана отырып, ондағы қоғамдық-саяси ахуалды, тарихи білімнің қоғамдағы орны мен рөлін және оның мәдени өмірдегі өзіндік ерекшелігін білуге болады.
1.3 Ұлттық тарихи білімнің даму кезеңдері мен бағыттары
XV ғасырда өзінің ұлттық келбетін орнықтырып, халық ретіндегі тарихын бастаған қазақтар, жадылық есте ұстау арқылы ежелден қалыптасқан түркілердің дәстүрлі тарихи білімін ауызша тарихтың классикалық үлгісі – шежіре айту дәстүріне жеткізді.
Егер, қазақ халқындағы «Тегін білмеген тексіз», «Жеті атасын білмеген жетесіз» деген зерделі сөздердің байыбына үңілсек, ұрпақты шыққан тегі мен туған атасын білуге бағыттау сияқты тарихи білімгдік өнегені көреміз. Бұл-бір жағынан. Екінші жағынан, сол зерделі сөз жолдары елдің бірлігін, оның ұлттық белгісін сақтауды білдіреді. Үшіншіден, қазақта ұран сияқты орны бар осы киелі сөздер әрбір қазақтың зердесінде сақталып, күні бүгінге дейін ділдік ерекшелігіміздегі өзіндік үлесін жоғалтпай келеді.
Жеті атадан тарайтын үрдіс туыстық аралық қатынасқа (жігіттің үш жұрты) жеткізіп, біртіндеп бүтіндей бір ұлттың (қазақтың) тұрмыс-салт нормаларына ұласты. Бұл қоғамдық өмірді реттейтін заң, кодекс деңгейіне көтерілген. «Жазба заңның орнына «ауылыңда қарияң болса, сызып қойған хаттай болады» деген сарынмен бірден-бірге сөз мұрасын қалдырып отыратын ақсақалдар болды. Бұлар заң кітабының (кодекс законов) орнына ұсталды» [20, б. 40]. Демек, туыстық қарым-қатынастар сияқты табиғи тарихи білім нәтижелерінен қорытынды шығару үшін жеті атаңды біліп, шежіре тарата білу қазақ дәстүрінде өмірлік қажетке айналып келген. Біздің өзіндік ділі бар ел болуымыздың да түп қазығы осында. Ендеше тұнып тұрған тарихты баяндайтын осы шежіре тарихи білім қорын түзетін киелі деректің нағыз өзі.
Зерде категориясы мен шежіре айту дәстүрі ұлттық тарихи білімнің қалыптасуы мен дамуындағы ең басты буын болғанмен, біз жалпы ұлттық тарихи білімнің қалыптасуы мен даму бағытын тұрмыстық, ғылымға дейінгі және ғылыма-теориялық деп 3-ке жіктеп, оның ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі құрылымын 7 дәуір, 5 кезеңге бөлуді жақтаймыз:
1-ші бағыт (тұрмыстық тарихи білім) 2 кезеңнен тұрады:
а) Тарихи білімнің пайда болу кезеңі;
б) Дәстүрлі тарихи білімнің қалыптасу кезеңі.
Бұлардың әрқайсысы жеке-жеке дәуірге бөлінеді. Осы арада тарихта айтылатын тас дәуірі мен алғашқы қауымдық құрылыс аралығында қалыптаса бастаған тарихи білімді түгелімен 1-ші дәуірдің үлесіне кіргіземіз. Осы дәуірдегі тарихи білім нышандары табиғат құпияларын білуге ұмтылу сияқты философиялық ұғым шеңберінде бой көтере бастайды. Ал тарихтағы сақ-үйсін дәуірі мен түркі дәуірі аралығында дами бастаған тарихи білімді 2-ші дәуір үлесіне кіргіземіз. Бұл дәуірдегі тарихи білім нышандары философиялық ұғымдағы зерденің төменгі сатысы-пайымдау арқылы мүмкін болады.
2-ші бағыт (ғылымға дейінгі тарихи білім) үлкен бір кезең (есеп бойынша 3-ші кезең) барысында қалыптасқанмен, бұл кезең 3 дәуірге бөлінеді (III-IV-V дәуір). 3-ші дәуір қазақ жеріне арабтардың келуінен Ақ Орданың дүниеге келуі аралығын қамтыса, ол философиялық ұғымдағы дін арқылы болжау нәтижесінде болған тарихи білімді дүниеге әкелді. Осы 2-ші бағыт ішіндегі 4-ші дәуір қазақ хандығының қылаптасуынан бастап, Ресейге еріксіз бодан болған тұстағы ұлттық тарихи білімнің пайда болуын философиялық ұғымдағы зерделеудің нәтижесі деп түгінгеніміз жөн. Ал 2-ші бағыт ішіндегі 5-ші дәуірдегі ұлттық тарихи білім, ұлт-азаттық қозғалыстар арқылы бой көтеріп, «зар-заман» ақындары арқылы қазақ-демократ-ағартушыларының көзқарастарына ұласса, бұл үрдіс философиялық түсініктегі зерделі сын арқылы жүзеге асты.
3-ші бағыт (ғылыми-теориялық тарихи білім) 2 кезең және, 2 дәуірге бөлінеді. Мұндағы 1-ші кезең (есеп бойынша 4-ші кезең), 6-шы кеңес дәуірі кезінде саясат арқылы жүйелі жолға түсіп, 1935 жылдан бастап идеологиялық жағынан қыспаққа алынған тарихи білім. Ал есеп бойынша, 5-ші соңғы кезендегі ұлттық тарихи білім 7-ші тәуелсіздік дәуірімен бірге келіп, қайта жаңғырып отыр.
Сөйтіп көріп отырғанымыздай зерттеу жұмысымызда ұлттық тарихи білімнің қалыптасуының кезеңдері мен дәуірлерін толық ашпай, XX ғасырдағы тарихи білімнің даму ерекшелігін көрсету де мүмкін болмады.
Дүние жүзіндегі халықтар ғасырлар бойы бір-бірімен қаншама соғысқан күннің өзінде, олар бәрібір бірінен-бірі үйренді. Ал бұл үрдістердің көбі тарихи білім арқылы болған діннің ықпалымен болғанын жасыра алмаймыз. Орта ғасырлардағы біздің Мауараннаhp, Моғолстан сияқты рухани орталықтарымыздағы негізгі жазба жазуынның рөлін араб, парсы, кейінірек шағатай жазуы атқарса, осыған байланысты біздің кезіндегі бабаларамыздың көпшілігі ислам дінін енгізген сол елдерердің жазуын пайдаланып, тарихи білім жетістіктерін түркі тілінде әлемге танытты. Діннің енгізілуімен тарихта алғаш рет түркі тілі ғылыми айналасқа енгізіліп, зерттелді. Осы үрдіс яғни тарихи білімдегі ислам дінінің басымдығы өз эстафетасын кеңес дәуіріне дейін жеткізіді.
Дегенмен, XIX ғасырдың ортасында Қазақстанның Ресейге толық қосылуына байланысты өлкеде еуропалық үлгідегі мектептердің көптеп ашыла бастауы ұлттық рух белгілеріне қауіп туғызды. Міне, осындай көріністерге ашынған «зар-заман» ақындары ұлттық тарихи білімдік дәстүрді жалғастырып, оны қазақ ағартушы-демократтар тобына жеткізе білді. Ал XIX ғасырдың соңы XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ еліндегі баспа ісінің қолға алынуы ғылыми тарихи білімнің қалыптасуына жаңа жол ашты. Оны қазақ интеллигенциясының алғашқы шоғыры жалғастырып әкетті.
Ұлттық тарихи білімнің қалыптасуындағы «жауынгерлік дәстүр» ерекшелігі диссертацияның осы бөлімінде айрықша қарастырылады. Оның себебі қазақтың еркін, жауынгер болған қасиеттерінен туындайды. Ұлттық тарихи білімнің өзегі де осы жауынгерлік дәстүрмен тікелей байланысты болғанын және оның дәлелдерінің де көптігіне қарай біз Райымбек батырдың тарихи білімдегі жауінгерлік дәстүрді жалғастыра білу шеберлігін үлгі етіп, оны көне көз қариялардың ауызша тарих айту дәстүрімен байланыстыруға тырыстық. Сондай-ақ арнайы тармақшада, бір жағынан, Қабай, Сабдалы жыраулардың деректеріне сүйену арқылы Райымбек батырдың тарихи тұлғасын көрсетсек, екінші жағынын Райымбектің Хангелді, Орақ сияқты тарихта болған адамдардың өнегесін тарихи білімдік тұрғыдан қабылдау ерекшелігін жеткізуге ұмтылыс жасадық. Анығы, бүгінгі ұрпаққа жеткен таңбалы тас та, ойма немесе, бітік түрік жазуы мен, шешендік өнері де жоғарыдағы біз айтып отырған тарихи өнегенің білімдік жемісінің нәтижесі екендігін назарда ұстаған жөн.
Біз осы диссертациямызда XIX ғасырдағы қазақ демократтарының ұлттық тарихи білімді дамытуға қосқан үлестерін мына төмендегіндей тұрғыдан көрсетуге тырыстық:
- Ы. Алтынсарин өз шығармаларын ана тілінде жазу арқылы балалар әдебиетінің үлгісін қалыптастыра отырып, тарихи білімнің ұлттық моделін негіздеуге әрекет жасаған қазақ арасынан шыққан алғашқы демократ. Ол өзінің «жақын досы» Н. Ильминскийге жазған бір хатында қырғыздардың өз тарихын жазуға ниетінің барып білдіріп, бірақ оны бастау үшін материал жоқ деген сылтау айтса, бұл оның өз елінің тарихынан хабарсыздығын білдірмейді. Балқожа бидің тәрбиесінде өсіп, сол кездегі қазақ тарихынан хабары мол ғалымдар арасында жүрген Ыбырайдың ең болмаса, ауызша тарих айту дәстүрін білмеген дегендей қорытынды шығарсақ, әбестік болар. Біз өз жұмысымызды осы жағдайларды ой-елегінен өткізе келе, Ы. Алтынсариннің Н. Ильминскийге қазақ тарихы туралы жазған хаты орыс саясаткерлерлерін қазақ тарихын әділ жазуға астарлы түрде құлшындыру болғанын дәлелдедік. Расында, Ыбрайдың сол хатынан кейін В.В. Радлов, Н.М. Ядринцев, Н.А. Аристов, Н.И. Василевский, Ф.А. Щербина, В.В. Бартольд сияқты аса көрнекті ғалымдардың қазақ тарихын зерттеудегі таланттары жарқырай көрінсе, ол Ыбырайдың қазақтар туралы деректерге сұрау салуының нәтижесі болатын.
- Қазақтың ауызша тарихын оның ұлттық болмасының негізінде одан әрі дамытуда Абай Құнанбаевтың рөлі ерекше. Оның ұлттық тарихи білімді дамытудағы осы қасиетін алғашқы байқаған Міржақып Дулатов болатын [21]. Ол Абай мұрасын халықтың тарихи жадының көрінісі ретінде ұғыну керектігін ұсынған алғашқы көрегенді адам болса, онда тәуелсіздік жағдайындағы бүгінгі біздерге, Абайды қазақтың ауызша тарих айту дәстүрін сақтап, дамытқан аса ірі қоғам қайраткері ретінде де бағалайтын мезгіл жетті.
Ұлы ақын інісі әрі талантты шәкірті Шәкәрімге қазақтың шығу тегі жөнінде арнайы зерттеп, оны халықтың өз төл шежіресімен сабақтастыра отырып, бұрыннан қалыптасып қалған жансақ ұғымдардың терістігін ұғынықты етіп дәлелдеп, жаңаша жазуды тапсырған. Оны «Абай қазақ шежіресін жаз» деген соң, он тоғыз жасымнан қазақ шежіресін жинай бастадым [22] деп Шәкәрімнің өзі де растайды. Абайдың туған халқының тарихын зерттеуге пейіл білдіруі «Біраз сөз қазақтың түбі қайдан шыққаны туралы» деп алатын еңбегі арқылы ғана белгілі емес. Ол 1890 жылы «Орта жүз қазақтарының рулары туралы» шежірелік – тарихи мақаласын Н. Коншин атынан жарияласа, талантты шәкірті Көкбайға Абылай мен Кенесары туралы дастан жазуды тапсырған. Абай би бола тұрып, шежірені ашық жазбағаны біз үшін беймәлім. Бірақ ол өзінің қара сөздерінде қазақтың тұрмыс тіршілігін, заңдық – құқықтық, әдет – ғұрып нормаларын тарихи білімділік тұрғыдан нақышына келтіре баяндап, оны білім ретінде оқытуды молдаға табыстаған. Абайдың немересі Уәсиланың естелігіне жүгінсек, одан басқа молдалар көшіріп алып, Абайдың қара сөздерінен қазақтың көптеген балалары таныс болған. Демек, Абай халықтың «көне сөздерін» өзінің қара сөздеріне жинақтап, қазақ халқының болашағы үшін ұлттың ділдік ерекшеліктерін тарихи білім көзі ретінде көпшілікке ұсына білген. Ендеше Абайды қазақ қоғамындағы ұлы билердің соңы болуымен бірге қазақтың ауызша тарих айту дәстүрін жалғастырған тарихшы деп айтуға болады. М. Әуезов пен В.П. Юдиннің «қара сөз» туралы пікірлері бір жерден шығып, олар «қара сөзді» тарихи білім ұғымына жатқызған. Олай болса, қазақ қоғамында осы киелі ұғымды Абай сияқты би дәрежесіне жеткен тарихшылар ғана ұрпақтан – ұрпаққа эстафетаға қалдырып отырған. Оның бұл арадағы қайраткерлігі поэзияны өз заманының адамдарының қабылдау түйсігіне сәйкестендіріп, халықтың күнделікті өмірінде жиі кездесетін тарихи құбылысты жеке адам тағдыры арақылы бере алу талантына байланысты. Ол өзінен бұрынғы халық жадында сақталған қаһармандық эпостардың сюжетін бұзбайды, қайта оны жинақылап, нақтылап, оқиғаны реалистік тұрғыдан көрсетіп, тарихи білімді өз тұрғысынан таныта білді. Оның адамды басты идея етіп алу шеберлігі шығыс фальклорының сюжеті мен дінмен бірге келген тарихи білімді тілге тиек ету арқылы жазылған үш поэмасында да кездеседі («Ескендір», «Масғұт», «Әзімнің әңгімесі»).
Тарихи білімнің ауызша тарих айту дәстүрінің өмірге үйлесімді болуын қадағалай білген Абай өзінің жиырма тоғызыншы сөзінде «Қазақтың мақалдарының көбінің іске татырлығы да бар, іске татымақ түгіл, не құдайшылыққа, не адамшылыққа жарайматыны да бар» [23] – деп кейіп, көптеген мақалдардың қолданыстағы түріне сын айтса, бұл сол тарихи білімнің тазалығына деген қамқорлық болатын.
Тіпті ол өзінің өлеңдерінде дәстүрлі мәтелдерді мақал дәрежесінен асырып, афоризмге дейін ұластырып, ауызша тарих айту дәстүрін заңғар биіктерден көрсете білген.
Кеңес басшылығы азамат соғысы кезінде әскери өктемдік әдістерге негізделген «соғыс коммунизмі» саясатының үлгісімен 1919 жылдың желтоқсан айында Орынбор қаласында тарихи – статистикалық бөлімше дегенді құрды. Бұл бөлімше 1920 жылы 10 наурызда халыққа үндеу жариялай отырып, тариха қатысты материалдарды саралап, топтау, жүйелеу, қорытындылау ісінің бәрін қырғыз өлкелік әскери комиссариатына тапсыруды белгіледі [24]. Бөлімше 1920 жылдың 23 қыркүйегінде Қырғыз (қазақ) өлкесін зертеу қоғамы болып өзгертілсе, бұл қоғамның 41 адамдық құрамында С.М. Меңдешев, А.К. Кенжин, А.Б. Байтұрсыновтан басқа жергілікті ұлттың өкілдері болмады.
1921 жылдың 1 желтоқсанынан бастап РКП(б)ОК-ның жанынан партия тарихын зерттеу бөлімінің құрылып, келешектегі бүкіл тарих ғылымындағы зерттеу істерін ұйымдастырғанда, партиялық және таптық ұстанымды алдыңға орынға шығарды. Осындай жағдайда дәстүрлі тарихи білімге қатысты деректерді мұрағаттарға топтастырудың шектеулі үрдістері де басталды.
Негізінен, кеңес өкіметіне берілген және таптық партиялық ұстанымға берік славян тектестерден тұратын мұрағат қызметкерлері 1924 жылдың қаңтар, ақпан, наурыз айлары бойынша жоғарыға берген есептерінде патша саясатына қарсы болған қазақтардың толқулары мен қозғалыстары туралы мәліметтерді ғана жинастыра алғандарын мәлімдейді. Ал 1927 жылғы 16 қарашадағы есептерінде ұлттық тарих деректерінің тапшылығынан қазақ тарихын болжамдар негізінде жобамен жазуды ұсынады [25]. Шындығында, қазақтардың діндік ерекшелігіне сәйкес тарихи факторларды ашып беретін аңыз - әңгіме, өлең – жыр, шешендік көне сөз мақамдары мен мақал – мәтелдерсіз бүтін бір халықтың тарихын жазу мүмкін емес еді. Олай болса, кеңес дәуірінен 20 жылдарынан бастап ІІ жаһандық соғысқа дейінгі аралықта ұлттық тарихи білімнің өрістеу болашағына қианат жасалып, тек партия тарихын күшейту үшін Истпартқа материал жинау қозғалыстары өрістеген деген қорытынды жасауға тура келді.
Жергілікті халыққа қатысты материалдарсыз Қазақстанның тарихын жазудың қиындығын тарихшы А.П. Чулошников та мойындаған [26].
Рас, А.П. Чулошниковтың 1924 жылы жазылып біткен «История Казах – киргизского народа» деген еңбегі Кеңес дәуірінде қазақ тарихын ғылыми тұрғыдан жүйелеген ең алғашқы туындылар қатарынан орын алады [27]. Бірақ өз кезегінде оған қазақтың көрнекті тарихшысы М. Тынышбаев өзінің көңілінің толмайтынын білдірген. Оның айтуынша, А.П. Чулошниковтың еңбегінің 4/1 бөлігі ғана қазақ тарихымен үйлеседі, сондықтан қолданысқа жарамайды [28].
Мұрағат деректеріне жүгінсек, 1921 жылдың соңынан бастап қазақ тарихын жазуды Москва арқылы шешуге талпыныс байқалады. Тек қана 1921 жылдың қазан айынан 1922 жылдың қыркүйек айына дейін Қырғыз өлкесін зерттеу қоғамының 14 рет колегия мәжілісі өткізілсе, сондағы қаралған 16 мәселе өлкенің этнографиясымен қазақ халқының тарихын жазу үшін орталықтан ірі ғалымдарды шақыруға қатысты болған [29]. Алайда Қазақстандағы ізденіс жұмыстарын жүргізуге орталықтан көп ешкім ынталы бола қойған жоқ. Тіпті Москвадан ашылуы жоспарланған қазақ тарихын зерттеу институты да ашылмай қалды. Ал осы кезде Ташкент қаласында халық ағарту институтында сабақ беріп, қазақ тарихын зерттеуге сүбелі үлес қосып жүрген жергілікті ұлт тарихшысы М. Тынышпаевтың еңбегі ескерілмеді. Бүгінде сары түсті, сопақ басты, көк көзді, қаба сақалды (Түрік тектестердің арғы ата-бабалары) деген сөз тіркестерін тарихи айналымға қиналмай енгізіп жүрсек, бұны қытай деректері арқылы бізге жеткізген М. Тынышпаев болатын.
М. Тынышбаевтың ізденістері «Қазақстанды зеттеу қоғамын» ұлт зиялыларымен санасуға мәжбүр еттіі. Қоғам өзінің 1926 жылы болатын конференциясында М. Тынышбаевтан өздері 5 жылда қорытынды шығара алмаған жұмыстарына жауап күтіп, мынадай салада ғылыми баяндама жасап беруін өтінді: Қазақтардың тарихы; олардың тайпалық жіктелуі және басты рулары; КСРО қазақтарының шетелдегі тайпа-рулармен байланысы; соңғы санақ бойынша қазақтардың саны және қазіргі әкімшілік бөлуге сәйкес оларды орналастыру: Тайпалар арасындағы байланыс: Тайпалық және рулық бөлінудің қырғыз-қазақ халқының экономикасына әсері: қазақтарға қатысты маңызды тарихы еңбектерге және статистикалық–экономикалық материалдарға қысқаша сиппттама т.б.
Өкішінке орай, М. Тынышбаев өзіне жүктелген жауапты басқа да жұмыстардан қолы босамай, конференцияға қатыса алмады. Бірақ зерттеуші Г. Жүгенбаеваның айтысында, М. Тынышбаев «Қырғыз-қазақ тарихына материалдар» еңбегінің жалғасы ретінде «Қырғыз-қазақтар он жетінші және он сегізінші ғасырларда» деген тарихи шығармасын жазған. Біздің ойымызша, М. Тынышбаевтың осы шығармасы қазақ тарихына байланысты А.П. Чулошниковтың оқулығына көңілі толмай, қайта оған наразылық белгісі ретінде балама тұрғыда жазылған сыңайлы.
1924 жылдан, яғни М. Тынышбаевтың қазақ тарихына қозғау салуынан бастап, орыс тарихшылары да нақты деректерге негізделген зерттеулерін жариялай бастады. Мысалы, 1924-1927 жылдар қазақ халқының ұлттық қозғалыстарының тарихына қатысты тек қана А.Ф. Рязановтың бір өзінің бір қатар еңбектері жарық көрді.
А.Ф. Рязановтың зерттеулерінің негізгі тақырыбы - патшаға қарсы қимылдар мен қазақ жеріндегі ұлттық-әскери бөлімдерінің құрылу алғышарттары. Ол нені білдіреді? Біріншіден, қазақ тарихын жазғанда, нақты деректерге сүйенудің жаңа кеңестік жолын көрсетіп отыр; екіншіден, қазақтардың патша өкіметінің озбырлығына қарсы күресін насихаттап, қазақ тарихын жазудың саяси-идеологиялық бағытын нұсқауды мақсат еткен.
«Қазақстанды зерттеу қоғамының» басқармасы, мұрағат құжаттары көрсетіп отырғандай, жергілікті тарихшы М. Тынышбаевпен санасуға барған: 1928 жылдың 22 ақпанында болған «Қазақстанды Зерттеу Қоғамының» Басқарма мәжілісінде «баспа жұмыстары мен басып шығару және М. Тынышбаевпен тілдесу» мәселесі арнайы қаралып, онда М. Тынышбаевтан жұмыстарын мүмкін болса, телеграф арқылы тездетіп жіберуді өтініп сұраған қаулы қабылданған. Онда «Сообщать автору, что согласны принять их прав переписка относится за счет автора.
Сделать запрос относительно заявке Наркомпросу на работу М. Тынышбаева» – деген жолдарын оқимыз [30].
Көп кешікпей, М. Тынышбаевтан басқа да ұлт тарихшыларымен санасу қажеттігі туындап, Ғылыми және ғылыми әдістемелік кеңестің жоспары бойынша 1924-1925 жылдары М. Дулатовтың «Қырғыз халқының тарихы» оқулығын 25 баспа табақ көлемінде таралымы 3 мың дана етіп шығару белгіленді. Сондай-ақ Т. Шонановтың таралымы 3 мың даналық 15 баспа табақ көлеміндегі «Қырғыздардың жер мәселесіндегі тарихының очерігі» оқулығын шығару да жоспарланған.
Алайда кейін осы жоғарыдағы ұлт тарихшыларының еңбектерін оқырман қолынан көре алмасақ, онда ол оқулықтар кеңес тарихшыларының атасы Н.М. Покровскийдің еңбектерінің қасында цензурадан өтпей қалған деген тоқтамға келуге болады.
1927 жылдың аяғына қарай Қазақстанның ғылыми зерттеу институтын құру туралы уақытша Ереженің шарттарына сәйкес Қазақстан аумағында өлкені тануға байланысты зерттеу жұмыстарын жүргізу қолға алынған еді. Бұған «КСРО-ның әрбір азаматы өлке танушы болуы керек!» ұранымен 1927 жылдың 11-14-ші желтоқсанында Москвада өткен конференцияның ерекше ықпалы болды. Осыдан кейін көп кешікпей, Ташкентте Т. Жүргеновтың басшылығымен Қазақ Өлкетану Бюросы жұмыс істей бастады. Онда қазақ халқының тарихына қатысты зерттеу жұмыстарының институты қарқын алғаны соншалық, ҚХАК тарапынан Ғылыми зерттеу институты құрылғанша бюроның кез-келген ғылыми зерттеу жұмыстарын өз бетімен жүргізуіне сенім білдірілді.
Алайда 1928 жылы 14 қаңтар айынан бастап ашылған Қазақстандағы ғылыми зеттеу институты Т. Жүргенов ұйымдастырған Қазақ Өлкетану Бюросының базалық негізінде құрылған жоқ. Тіпті осы мекеменің құрылуына ұйтқы болған С.Ж. Асфендияров 1932 жылы КСРО Ғылым Академиясының Қазақстандық базасы құрылғанда, оның жұмыс әдістеріне сын айтам деп, кейін жазықсыз жазаланды.
Кеңес дәуіріндегі қоғамдық ортада ұлттық тарихи білімнің қыспаққа алыну көрінісі Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитеттерінің ислам дініне қарсы жасалған озбырлығынан да анық көрінді. Айталық, 1924 жылдың 9-шы маусымындағы осы Комитеттің қаулысында ұлттық тарихи білімдегі мұсылмандық діннің ықпалын төмендету мақсатында шешім қабылдаса [31], осы жылдың 24-ші шілдесіндегі қаулыда мұсылмандық сенім іліміне берілгендікті оқытып, насихаттау кеңес мектептеріне жат құбылыс екендігі көрсетілді.
Кеңес басшылығы атеистік тәрбие жүргізуде 1921 жылы Әулиеатада дүниеге келіп, 1930 жылдың қаңтарына дейін өмір сүрген «Қосшы Одағын» шебер пайдаланды.
«Қосшы одағы» – дәстүрлі тарихи білім үлгілерін рушылдық пен ұлтшылдыққа балап, саясатпен безендірілген тарихи білімнің орнығуына дәнекер болған ерікті қоғам болатын.
1926 жылдан бастап тарихи білімнің кеңестік үлгісі айқындалды. Осы тұста кеңес басшылығы «мәдени революцияны» іске асыру ұранымен 1916-1917 жылдардағы күрделі оқиғаларға араласқан немесе оны көзімен көрген жергілікті ірі қоғам қайраткерлеріне сол оқиға жөнінде естелік жазуды тапсырып, олардың болашақ шығармаларын цензуралауды мақсат етті. Оны жүзеге асыру үшін ҚХАК-тағы Академиялық орталықтың (Акцентр) аты өзгертіліп, оған Мемлекеттік ғылыми кеңес (ГУС) мәртебесі беріліп, күшейтілді. Енді бұл мекеме ғылыми және ғылыми әдістемелік болып, екі бөлімде жұмыс істейтін бірнеше секциялар мен кіші секцияларға бөлінді. Осылайша кең ауқымды құрылған ГУС көп кешікпей, тарихи білімнің кеңестік түп негізі ретіндегі «Қазақстан тарихынан орта мектептің оқулығы үшін конспекті» дегенді дүниеге әкелді.
Ол бойынша Алашорданың уақытша өкіметпен ымыраға баруы сыналып, уақытша өкімет тағайындаған комиссарлар патша өкіметінің саясатын жүргізушілер ретінде айыпталды. Сондай-ақ Алашорданың тамыры «Қазақ» газеті мен «Айқап» журналының шығарылуында деп ұйғарылып, Алашорданың өткізген съездері қанаушылардың мүддесін шешуге баағытталған деген тұжырым жасалынды.
1935 жылы «Орта мектептегі қазақстан тарихы оқулығы үшін конспекті» деген атаумен дүниеге келген екінші кеңестік тарихи білімдік бағдарлама шығарылып, оның негізгі мазмұны «Қазақ ұлтшылдығының» халыққа жат мәнін ашуға бағытталды. Бірақ сол кездегі халық ағарту комиссары Т. Жүргенов ол конспектінің схемасына өзгеріс еңгізіп, оның үшінші бөлімін «Қазақстан – патша өкіметінің отары. ХІХ ғасырдың ортасы – ХХ ғасырдың басы» деп түзеткен [32].
Сөйтіп екінші «Конспект» Т. Жүргенов енгізген түзетуге дейін патша отарлауының ауқымды мақсатын айқын көрсете алмай, , саясатқа бой алдырды.
Ал Т. Жүргенов болса, «Конспектінің» мазмұнын тарихта нақты болған оқиғалармен байланыстыруды жақтап, қоныс аударудың салдарын, миссионерлердің қызметін, отарлаушылардың шикізатқа қызығу мақсатын «Конспектіге» енгізген. Тіпті ол батыл қадам жасай отырып, қазақ ұлтшылдығының тамырын іздеуге қызықпай, Алашордашылардың саяси партиясына баға беруді «Конспектіден» алып тастаған.
Белгілі бір елдегі тарихи білімдік ой сананы басқа бір бөтен елдің мүддесі тұрғысынан шешу – сол елдегі тарихи білімнің даму динамикасын тежесе, Қазақстан – өз тәуелсіздігін алғанға дейін тарихи білімде сондай кедергілерді көрген ел. Тіпті социалистік жүйе деп аталатын саяси құрылымның ұлт саясатына сәйкес тарихи білімнің тек кеңестік үлгісі ғана дәріптелді.
Бүгінгі Қазақ елінің жаңашыл тарихшылары өзі елінің рухани жаңаруын жаңа сападағы тарихи танымды қалыптастырудан іздейді. Айталық, М.Қ. Қойгелді Орталық Азия мемлекеттерінің тарихи мәдени және рухани тұтастықтарының бірегейлігін аталған мемлекеттердің одағын құруға жетелейтін тарихи алғышарт ретінде қарайды. Бөгде ел көзқарастарында кездесетін жаңсақтықтарды әр елдің өз зерттеушілері бүтіндемей болмайды - деп айтқан В.О. Ключевскийдің пікірін жақтаған М.Қ. Қозыбаев та, тарихи білімнің әлемдік түзілуінің сипатын көрсете алды.
Расында, Ресей тарихы ХХ ғасырдағы осы елде болған үш төңкерістерден кейінгі дәуірге өзінің ұлттық қаймағын бұзбаған күйде жетсе, оның осы қалпын сақтау үшін, әсіресе орыс халқының тарихтағы мерейін үстем ету үшін, бірінші орыс төңкерісінен басталған кеңестердің халықтық – бұқаралық мәнін дәріптеудді бүркеніп қана жүзеге асыра алған еді.
1922 жылы КСРО-ның құрылуын «Социолизмнің мүддесі» деген дақпыртпен безендіру тарихшы М.Н. Покровскийдің есімімен байланысты. Ол КСРО құрылғаннан кейін, 1924 жылы 1905-1907 жылдардағы орыс төңкерісінің 20 жылдығы қарсаңында бірінші орыс революциясының бұқаралық мәнін дәріптей келе, КСРО-ны құрудың ұйтқысы болып отырған Ресейдің бұрынғы басып алған жерлерін осы елдің пайдасына шешіп берудің тарихи білімдік жымысқы түрін ұсынды [33].
Осы мақала жалиялана салысымен 1924 жылдың соңғы үш айының ішінде Қазақстанға үш жеделхат хат келіп түскен. Онда кеңестік үлгідегі социализм орнатуды бірінші орыс революциясының 20 жылдығымен байланыстырудың астары ашылған [34]. Осыдан бастап кеңестік тарихнамада бірінші орыс революциясы келесі революцияларға репетиция болғандығы дәріптелген болса, Қазақстан үшін оның ондай бағаға лайық еместігін кезінде С.Ж. Асфендияров айтқан еді. Ол Қазақстанда «Қанды жексенбіні» бірден қолдаған орыс – қазақ еңбекшілерінің бірлескен бас көтерулері болмағанын мәлімдеген. Дегенмен, 1920-30 жылдар тарихнамасындағы тарихи білімге қатысты С.Ж. Асфендияровтың көзқарастары бүгінгі күні М. Шоқай еңбектерінің ғылыми айналысқа түсуіне орай, өзінің бұрынғы қайшылықты қалпын одан әрі күрделендіріп отыр. Қалай болғанда да, С.Ж. Асфендияровтың сол кездегі қазақ тарихи біліміндегі басты міндет – социалистік құрылыстың тәжірибелері мен «әділетті» қоғам құруға жету жолдарын марксизм теориясы тұрғысынан зерттеуді ұсынуға мәжбүр болғаны тарихи шындық. Осының нәтижесі бірінші орыс революциясында дүниеге келген кеңестердің халықтық мәнін дәріптеуде С.Ж. Асфендияровты шебер пайдалана білген кеңестік идеологтардың тарихи білім үлгісінің саясаттандырылған түрін әкелгені бүгінде мәлім болып отыр.
1932 жылы кеңестік тарих ғылымына большевизм теориясын орнықтырған Н.М. Покровский қайтыс болысымен, кеңестік тарихнама сталиндік доктринаның жетегіне ілесті.
БКП(б)-ның қысқаша тарихы жарыққа шыққанға дейін Қазақстандағы тарихи білімді дамытуда «мәдени революция» идеясын іске асыру науқанын пайдаланған А. Байтұрсыновтың арқасында, мәдени істерге араласуға қырғыз интеллегенциясын тарту арқылы біршама жұмыстар атқарылды [35]. 1921 жылдың 18 қаңтарында болған жалпы қазақ халық ағарту конференциясының шешіміне сәйкес қазақ тарихының оқулығын жазуға мүмкіндік туып, 1921 жылдың 26 тамызында қабылданған Халық ағарту комисариатының колегия қаулысымен қазақ тарихының ұлттық белгілеріне негізделген материал жинастырудың жолдары қарастырылды. Сондай-ақ ғылыми бөлімдер мен қоғамдардың рөлі өсіп, ықпалы арттырылды. Өкінішке орай, ұлттық тарихи білімді жетілдіруге байланысты науқандарға араласудан жергілікті интелегенция өкілдері шеттетілді. Ақыры 1924 жылы А.П. Чулошниковтың қазақ тарихына қатысты очеркі асығыс жазылып, жарияланды. Дегенмен осы еңбектің жарыққа шығуымен М. Тынышбаев, Х. Досмұхамедов, С. Асфендияров сияқты ұлт тарихшыларының таланты жарқырай көрінді. Бірақ 1939 жылы «БКП(б)-ның қысқаша тарихының» дүниеге келуімен, ұлт тарихының әділ жазылуына шек келтірілді.
Қазақ тарихының ХХ ғасырдың 40 жылдарында шындыққа бейімделіп, қайта жазылуы Е. Бекмаховтың есімімен байланысты. Бірақ оның жазған еңбектері соғыс жылдарындағы «халықтар достығы» ұранын көтерген кеңестік саясаттың либералистік көріністерін шебер пайдаланудың жемісі болатын. Шынында, 1943 жылдан бастап соғыстағы орыс халқының рөлі күшейген тұста, «халықтар достығы» миссиясының аяқталуымен, орыстық шовинизм элементтері белең алып Е. Бекмахановты қуғындау да басталып кеткен еді. Дегенмен Е. Бекмаханов қазақ тарихын «Ақтандақтардан» арашалауды бірінші болып бастап берді.
«Е. Бекмахановтың ісінен» кейінгі ұлттық тарихи білімнің тұмшалануы 1947 жылы құрылған «Білім» қоғамының қызметімен де байланысты. Ол соғыстан кейінгі тарихи білімдегі бағытты марксизм-ленинизм ілімімен безендіріп, оның өрісіндегі ұлттық белгілерді санадан аластау үлгісін көздеген қоғамдық ұйым болды. Сөйтіп 1920-40 жж. әр түрлі саяси идеялық жоспарлардың күш алуынан ұлттық тарихи білімнің даму қарқыны барған сайын тежеле берді.
ХХ ғасырдың 20-40 жж. Қазақстандағы ұлттық тарихи білімнің тежелуі кеңестік педагогикалық оқу жүйесіндегі қарама-қайшылықтардан ерекше байқалды.
1920 жылдың өзінде Қазақстандағы мұғалімдер саны 1914 жылмен салыстырғанда 2 есеге артты. Әртүрлі оқу орындары мен мектеп саны да өсті [36]. Осыған байланысты тарихи білімнің ғылыми тұрғыдағы жүйелі жолға түсуі де басталды. Бірақ бұның бәрі әскери өктемдікпен барынша тез жүргізілді.
1928 жылдың күзінде ашылған ҚазМУ-де 2 факультет жұмыс істеді (педагогикалық және ауыл шаруашылық). Педагогикалық факультеттің тіл және әдебиет бөлімінде этнография бөлімшесі құрылды, бірақ онда Батыс және Ресей тарихы басыңқы түрде, ал Қазақстан тарихы этнографияға бейімделіп қосалқы түрде ғана оқытылды. Бұл үрдіс 6 жылға созылып, 1934 жылы тарих-экономика факультеті ашылды. Оның алғашқы деканы қазақ халқының тарихынан хабары жоқ, 1905-1907 жж. революция жайлы еңбек жазған Е.Ф. Федеров деген болды. 5 жылдық факультеттің студенттері тек үшінші курста ғана 1440 сағаттық 1 жылға жоспарланған оқу жүктемесінің ішінде 150 сағатқа жоспарланып әлі жүйелі жолға түсе қоймаған «Қазақтар тарихымен» таныса алды.
Республикада 1940 жылдарға дейін тарих факультеттері бар 10 мұғалімдер және педпгогикалық институттар жұмыс істеді [37]. Бірақ бұлардың бәрінің тарихи білімдік бағытында тіл мен әдебиет және педагогика пәндері басыңқы оқытылды. Біздің байқауымызша, мұндағы ой (идея) комунистік тәрбиені насихаттауға бағытталып, кеңестік тарихи білімнің рөлін көтеру болатын. Яғни кез-келген саясатты жүзеге асыруда тіл мен тәрбиенің рөлі жоғары болса, кеңестік дәуірдегі большевиктер өз саясаттарын осы логикаға бейімдей отырып, ұлттық тарихи білімнің өрісін шектеп, болашағы бұлыңғыр комунистік тәрбиені насихаттау бағытын жүргізді.
Кеңес қоғамының тарихындағы «Халықтар достығы» ұраны ІІ дүниежүзілік соғыс кезінде күш алды. Халықтың социализмге деген шексіз сенімінен өсіп шыққан осы ұран, алдамшы саясаттың нәтижесі болса да, соғыс басталғанда кеңес адамдарының негізгі денін көзсіз ерлікке бастады. Тарихшы Е. Бекмаханов та кеңес азаматы ретінде осы сенім жетегінде қала отырып, қазақ тарихының ұлттық сипат алуын қайта жандандырған талантты ғалым еді. Ол «Халықтар достығы» ұранын пайдаланып, ХІХ ғасырдың 20-40 жж. Қазақ тарихының күмәнді жақтарын күлден аршып алудың тамаша үлгісін көрсете алды. Бірақ соғыстың соңына қарай белең алған ұлы орыстық шовинизм саясаты ұлттық тарихи білімдік ой түрткінің бәрін кеңестік идеологияның құрсауында ұстады. Тарихшы Ә. Тәкеновтың сөзімен айтсақ, «Ол заманда «ұлы орыс халқына бойсұнған кіші халықтар» өз тарихын оларды біріктіріп, басын қосып, компартияның басшылығы арқасында социалистік прогреске жеткізгені тұрғысынан ғана пайымдауға міндетті болды». Ендеше, Е. Бекмаховтың 1950 жылдары жазықсыз жазалануы да «Ұлы» орыстық шовинизм көріністеріне мән бермеген кеңестік саясаттың салдары еді.
Е. Бекмаховты сынау оның К. Қасымұлы бастаған көтерілістің ұлт азаттық сипатын ашуымен ғана емес, қазақстан тарихының кезеңдерге бөлуімен де байланысты болатын. Ол оны былай бөлген еді:
1) туыстық кезеңге дейінгі; 2) туыстық кезең; 3) феодалдыққа дейінгі кезең; 4) Қарлұқ кезеңі. Бұған сын айтқан А. Якуниннің пікірі бойынша, бұндай бөліс ғылыми жағынан дәлелденбеген, әрі кеңестік құрылыс тарихы кезеңдерге кірмей қалған. Е. Бекмаханов кеңестік саясат күштеуімен «Справедливая критика» деген мақала жазып, осы «қатесін» мойындауға мәжбүрлендірілген еді. [38], Бұл – кеңестік құрылыстың тарих ғылымының жүйелі жолға түсуіне жол салуымен бірге, оның ұлттық сипатын тежеуге тырысқан саясатының көрінісі болатын.
1958 жылы 24 желтоқсанда қабылданған «Мектептің өмірмен байланысын нығайту және КСРО-да халыққа білім беру жүйесін одан әрі дамыту туралы» Заң бойынша, оқуды еңбекпен ұштастыруға байланысты тарихи білімде коммунизмді насихаттау іс-шаралары басталып кетті. Бірақ ұлтттық тарихи білімге мән берілмеген соң, бұндай іс-шаралар өзінің мәресіне жете алмады. Ұлт республикалары осы заңдағы идеяларды көшірумен айналысып, ұлттық тарихи білімнің дамуын ескерусіз қалдыруға тағы да мәжбүр болды.
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі 1958 жылы 28 наурызда КСРО Жоғары Кңесінің 24 наурыздағы Заңына сәйкес өз Заңын қабылдап, қазақтардың ғасырлар бойғы мешеулігінің жойылуы мен рухани өміріндегі жетістіктерінің бәрі ұлы орыс халқының көмегі арқылы болғанын мәлімдеді [39]. Сөйтіп осы Заңның тасасындағы қазақ халқы құлдық психологиядан арылмаған бейшара күйінде қалып, ұлттық тарихи білімнің дамуына заңдық тұрғыдан шек келтірілді.
Дегенмен 1959 жылдың 3 қазанында КОКП Орталық Комитеті мен КСРО министерлер Кеңесінің «Мектептерде тарихты оқытудағы кейбір өзгерістер туралы» қаулысы қабылданып, одақтас республикалардың тарихын оқып-үйрену мәселесін қарап шешуге көңіл бөлінді. 1960 жылы 16 мамырда республиканың Министрлер Кеңесі «Қазақ КСР тарихы бойынша 7-8 және 9-10 кластарға арналған оқулықтар жазуға бәйге жариялау туралы» қаулы қабылдады. Алайда бәйге жүзеге аспай, Республика оқу министрлігі профессор Е. Бекмахановқа «Қазақ КСР тарихы» бойынша 7-8 кластарға арналған элементарлық курсты және 9-10 кластар үшін жүйелі курстар жазуды тапсырды. Ресейге қосылудың пайдалы жағын басыңқы көрсеткен осы оқулықтар баспадан дер кезінде басылып шықты [40].
КОКП-ның ХХІІ съезд шешімдерінен кейін ағымдағы мәселенің бәрі коммунистік құрылыстың артықшылықтарын насихаттауға бағытталған тұста, коммунистік партияның кеңес қоғамындағы жетекші, басқарушы, бағыт беруші күші ретіндегі рөлін ашып көрсету бірінші кезекте, осы тарихи білім үлесіне тиді. Сөйтіп ол ХХ ғасырдың 60 жылдарының басынан бастап коммунистік идеологияның нағыз қолшоқпарына айналды. Тіпті КСРО-дағы барлық оқу орындағы тарихтан басқа пәндердің бәрінің де идеялық – білімдік бағыты біреу болды. Ол – коммунистік идеялылық, буржуазиялық идеологияға төзбеу, социалистік патриотизм мен пролетарлық интернационализм. Бірақ коммунизм орнатуда асығыстыққа барған кеңес басшылығы, 60-70 жылдары қарама-қарсылықты шешімдер қабылдаумен бір мезгілде жалпы халықтық тарихи білімдік ой-сананың қалыптасуына да жағдай жасағанын байқамай қалды. Осы аралықта тең жартысынан көбі КОКП мамандары болған республикадағы тарихшылар қауымы, тарихи білімдегі жеке басқа табыну идеясын санадан ығыстыруға жаппай кірісіп кетті. Бұл үрдіс, тарихтағы бұқара халықтың рөлін көтеру мен тарихи білімнің шынайы болуындағы маңызын арттырумен қатар жүргізілді.
ХХ ғасырдың 70 жылдарының басынан басталған қоғамдық-экономикалық жүйенің дағдарыстық көріністері басқарудың әкімшіл-әміршіл әдістерін одан әрмен күшейтіп, ақыры қоғамды тұтасымен тоқырауға алып келді. Нәтижесінде 80 жылдардан бастап кеңес ғылымының, мектеп пен жоғары оқу орындарының олқы жақтарын айтуға шек келтірілді. Ал 70-ші жылдары КСРО тарихымен бірге қосалқы түрде оқытуға мәртебе алған білім жүйесіндегі Е. Бекмахановтың оқулықтары 80-ші жылдары елеусіз қалып, ұлттық тарихи білімнің идеялық-саяси жағынан шектетілуі одан әрі жалғаса берді. Бірақ Қазақстан халқы идеологиядан тысқары тұрған шынайы тарихи білімнің қалыптасуын күтті.
Осы тұста КОКП Орталық Комитетінің 1985 жылғы сәуір пленумында әлеуметтік-экономикалық дамуды жеделдету бағыты жарияланып, әлеуметтік-әділеттілік ұстанымдарына негізделген жаңа рухани өмір салтының пайда болатыны мәлімделді. Бірақ көп ұлттардан тұратын 15 Одақтас республикалардың тарихи білімін олардың ұлттық белгілеріне негізделген ғылыми тұжырымдарсыз, анық бағдарламаларсыз қалдырған жерде, жаңа рухани өмір салтын орнықтыру мүмкін емес еді.
В.И. Ленин негіздеген партия идеясымен тәрбиеленген жастар М.И. Гарбачовтың «қайта құру» деп аталатын тарихи-білімдік идеясына да сенді. Бірақ КОКП ОК-нің Д.А. Қонаев сияқты ұлт қайраткерлерінің тағдырын Кремльде шешіп, ұлттар достастығындағы сенімге селкеу түсірген, Конституциядан тысқары әрекеттерге баруы жастар наразылығын туғызды. Ал осы наразылықты басуға келген М.С. Соломенцевтің ұлт саясатындағы сауатсыздығына байланысты КОКП ОК-нің «қазақ ұлтшылдығы» шешімінен кейін, КОКП бүкіл кеңес халқының ұлт еңбекшілерінің алдында өзіне деген сенімін мүлде жоғалтып алса, 1986-жылғы Желтоқсан көтерілісі КСРО-ның ыдырауын да тездеткен аса маңызды оқиға болып табылады. Ендеше, осы оқиға Қазақстандағы жаңа тарихи білімді қалыптастыру ерекшелігімен де құнды.
2. ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫН ОРТА МЕКТЕПТЕ ОҚЫТУДЫҢ ТӘРБИЕЛІК МАҢЫЗЫ
2.1 Қазақстан тарихын оқыту процесінде білімнің қалыптасу сатылары
Тарихты оқытудың негізгі факторлары оқу процесінде кешенді түрде жүйемен іске асады. Жүйе дегенміз - өзара әрекеттесіп, тығыз байланыста болып, белгілі біртұтастық, бірлік құрайтын бөліктердің жиынтығы. Оқу факторларының ішкі тұтастық қасиеті оқыту процесіне дұрыс ықпал жасап, оның сапасының жақсаруына жол ашады.
Мектепте тарихты оқытудың мазмұны тарих ғылымының дамуы барысында өзгеріп отырады. Әдістеме отандық және жалпы тарихтың негізгі оқиғалары, фактілері мен құбылыстарын таңдауға; теориялық жинақтау мен анықтамалар қалыптастыруға көмектеседі. Мектепте оқыту үшін таңдап алынған тарихтың мазмұны мемлекеттік стандарт, бағдарлама, оқулық түрінде көрініс табады. Оқушылар ол мазмұнды сыныптық, сыныптан тыс және мектептен тыс оқу түрлерін қамтитын оқытуды ұйымдастырудың белгілі бір әдістемесі арқылы меңгереді.
Әдістер (әрекет тәсілдері) әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы, сөздік, баспа-қолжазбалық (мәтінмен жұмыс). Көрнекі, практикалық деген сияқты. Олардың мәні қалай оқыту керек деген сұраққа жауап беріп, мұғалім мен оқушының бойында екі жақтық әрекетін айқандайды. Жақсы жолға қойылған оқытудың әдістемесі оқушылардың бойында тарихи білім мен танымдық дағдыларды, ғылыми көзқарас пен сенімді қалыптастырып, дамытуда тиімді нәтиже береді.
Әдіс, тәсілдер мен оқытудың түрлері (жалпысыныптық, топтық, дербес), сабақ типтері (қайталау-жинақтау, семинар, зертханалық, саяхат-сабақ), сабақ үстінде мұғалім әрекеті мен оқушының оқу құралдары тығыз байланысты. Оқу жұмысының құралдарына оқу процесін қамтамасыз етуге керекті оқулық, жұмыс дәптері, тарихи карта, оқу картиналары, диафильм т.б. сияқты заттарды жатқызамыз.
Оқу материалы мазмұнының, тиісті оқыту әдістемесінің ұйымдастырылуы және оқушылардың тарымдық қызметі формаларының біртұтастығы негізінде оқушылар оқыту мақсатына қол жеткізеді.
Оқушылардың танымдық мүмкіндіктері оқушының жасына және соған сәйкес тарихи білім мен дағдыны игеру деңгейіне тікелей байланысты. Тарихи танымға ұмтылуға күш жұмсау тұлғанаң ойлауын, қиялын, ерік-жігерін және сезімдік қасиеттерін дамытуға айтарлықтай ықпал жасайды. Оқу процесінде оқушылардық тарихи білімді меңгеру және қолдану қабілеті дамиды.
Қабілеттілік дененіміз не? Ол тарихты оқып игеруде табысқа жетуге алғышарт болатын тұлғаның дербес ерекшеліктері. Ол қабілеттілік әрекеттің әдістері мен тәсілдерін тез, терең және оңай меңгеруден байқалады.
Оқыту нәтежиелері алға қойған мақсаттарды іске асырумен тікелей байланысты. Ол оқушылардың қол жеткізген білім мен дағдысының, олардың интеллектуалдық, эмоциялық және ерік-жігерінің деңгейін танытады. Білімін дәләлдеу және негіздеу, ең бастыны бөліп алу, себеп-салдарлы байланыстарды анықтап, қалыптасқан мәселені шешуде қажетті білімді қолдана алудан көрінеді.
Оқыту нәтежиелері мына деңгеймен өлшенеді: 1) 5-11 сыныптардағы бір сабақта, бір тақырыптағы бірнеше сабақта немесе бөлімдегі, тараудағы, курстағы, бүкіл курстағы алған тарихи білім; 2) ғылыми көзқарастың қалыптасуы; 3) тарихты оқыту процесінде оқушыларды тәрбиелеу; 4) оқушылардың танымдық мүмкіндіктерін дамыту. Осылайша оқыту нәтежиелері алға қойған мақсаттың орындалғанын немесе тек сөз жүзінде қалғандығын танытады.
Соңғы жылдары білім сапасы тест көмегімен бағалануда. Оның есесіне оқушылардың алған білімдерінің практикалық қызметте қолдану қабілетін бағалайтын тапсырмалар аз қолдануда. Тарих сабақтарында мұндай тапсырмалар қарапайым дерек көздері және құжаттарды зерттейтін зертханалық сабақтар жүргізумен тікелей байланысты. Оқушылар сабақтан бос уақытында мұражай мен мұрағаттағы жұмыстары негізінде баяндама, реферат, ғылыми мақала дайындауы да тарихи білімін бағалаудың өлшемі болуы тиіс.
Оқушылардың оқу жұмысының көптеген түрлері бар. Олар сабақ, кеңес, сынақ, семинар және конференция, оқу саяхаттары болып бөлінеді. Мемлкеттік мектептерде оқытудың негізгі түрі – сынып сабақ деп аталады. Бұл жердегі сынып – сынып-сабақ бірыңғай базалық білім алатын, сынып оқушыларының 40-45 минуттан тұратын оқуы. Бұндай оқудың санын мектептің оқу жоспары, ал мазмұнын мемлекеттік стандарт пен оқу бағдарламасы айқындайды.
Практикада тарихты оқыту ортақ, ұқсас белгілі көп сабақтар арқылы жүргізіледі. Соған сәйкес ғалымдар сабақ типтерін олардың негізгі мазмұнына, дидактикалық мақсаттарына, өткізу тәсілдеріне, оқыту процесінің буындарына қарай топтастырады.
Көрнекті әдіскер А.А.Вагиннің пікірінше, оқыту процесінде оның негізгі бөлімдері, қысқаруы немесе кеңеюі, бір немесе бірнеше сабақта іске асуы мүмкін. Осы жағдайлар практикада ескеріліп, сабақтар барлық құрамды бөлімдері сақталып немесе белгілі бір бөлігі басым болып жүргізілуі мүмкін. Оқытуда бөлімдердің үйлесуін сабақтың құрылымы деп атайды.
Кейбір топтастыруда сабақты жүргізу әдісі (дәріс-сабақ, пікірталас-сабақ, кино-сабақ, зертханалық сабақ); оқушылардың әрекеті (жинақтау сабағы, проблемалық); материал сипаты (жаңа деректі игеру) басшылыққа алынады. Дағдылар мен іскерлікті қалыптастыратын сабақтарды ерекше типке жатқызуға болады.
Кіріспе сабақ оқушыларға алдыңғы курстарда алған негізгі білімдерін жаңғыртып, тарихтың жаңа курсының негіздеріне жалпы сипаттама беруі тиіс. Кіріспе сабақтың мазмұнында оқушылардың жаңа тақырыпты игеруіне көмектесетін мақсаттардың болғаны дұрыс. Қажет болғанын жағдайда мұғалім бұл сабақта оқушылардың базалық білімін, негізгі дағдыларын айқындайды.
Жаңа материалды игеру типіндегі сабақтардың мынандай түрлерін атауға болады: материалды мұғалімнің мазмұндау сабағы; мектеп дәрісі; саяхат сабақ; кино-сабақ; оқушылардың хабарламалары мен баяндамаларына арналған сабақ. Жаңа материалды игеру сабағында оқу әрекетінің бұл түрлері басым болып келеді және сабақтың едәуір бөлігін қамтиды. Ал, бекіту, қайталау, оқушылар білімін тексеруге аз уақыт, аз көлем бөлінеді.
Оқушылардың білімі мен дағдыларын тексеруде аралас сабақтың маңызы зор. Мұндай сабақ алдыңғы сабақтағы білім дағдылардың бүгінгі сабақ мазмұнымен байланыстарын тексеру және есепке алу; жаңа материалды игеруге өту; алдыңғы сабақта өткенді қайталап, жаңа сабақты оқып үйрену және бекіту сияқты бөлімдерді қамтиды.
Білімді тексеру мынандай талаптардан тұрады: 1) сұрақты негіздеу (өткен білімдерсіз алға жылжу мүмкін емес); 2) барлық оқушыларды жұмысқа жұмылдыру; 3) оқушылардың ерекшеліктерін ескеріп, тексеруді жекелеп жүргізу; 4) тексеру мазмұнының жаңа сабақпен байланысы; 5) сабақ барысында тексеру кезеңін айқындау;
Сабақ басында сұрақ оқушыларды жаңа материалды игеруге дайындап, алдыңғы сабақ тақырыбындағы сұрақтар мен тапсырмалардың мазмұнын қамтуы тиіс.
Әңгіме оқушының ауызекі сөзін дамытып, білімді ауызша мазмұндау тәсілдерін қолдану дағдысын қалыптастырады (конспектілеу немесе түсіндірме мазмұндау, жалпы әңгіме және т.б.) Төменгі және орта буын сыныптарда тізбектей әңгімеленеді де, оқушылар тарихи себепшарттардың байланысын жақсы аңғара алады және өткен оқиғаға деген өзінің қатынасы қалыптасады. Олар тарихи материалдарды талдау, жинақтау, өзі ұсынған тұжырымды дәлелдеу арқылы тарихи жүйеде ойлауға үйренеді. Оқушылар өз жауабын оқулық мазмұнымен салыстыру арқылы жіберген қателіктерін аңғарады. Жоғары сыныптарда тапсырмалар күрделене түседі. Оқушылар қисындық сызбаны құрастырып, күрделі жоспар түзеді; ұғымдарға жазбаша анықтама береді; партия, қозғалыс, тарихи тұлғаларға сипаттама береді; түрлі кестелер толтырылады. Сұрау кезінде жаңаны игеру, деректі түсіндіру, оқиғаны мазмұндауда теориялық білім тұрақты түрде қолданылуы тиіс. Бұл білімдер одан әрі нақтыланып және байи түседі.
Оқушылардың тарихқа қызығушылығын дамытуда олардың алған білімдерін бағалаудың маңызы зор. Ол үшін түрлі тәсілдер бар. Мысалы: жауап берер алдында материалды оқулық бойынша қайталау; көрсетілген жұмыс тәсілі, үлгісі бойынша тапсырманы жазбаша орындау; сыныпта үйде дайындалған жоспар бойынша әңгімелесу.
Жаңа материалды оқуға өту кезеңі дидактикалық тұрғыдан алғанда өте маңызды. Мұғалім жаңаны оқуға оқушылардың зейінін аударады, белгісізді тануға деген қажетті психологиялық көңіл күй қалыптастырады. Жаңаны ауызша түсіндіргенде немесе оқулықтан оқығанда оқушылар көп аспектілі мазмұннан бұрын бір желілі материалды жақсы игеретіндігі белгілі. Мұғалім оқулықтың мазмұнына түзету жасай отырып, барынша маңызды, күрделі бөлігін басты деректер, жарқын да бейнелі мәселелермен толықтырып түсіндіреді.
Бекіту деп сабақта өтілген материалды екінші қайтара жаңғыртып, ой елегінен өткізуді айтамыз. Бекіту мақсаты - сабақта өтілген материалды есте сақтап, жаңа мен бұрынғы білімді байланыстырып, оқушылардың зейінін ұштап, сонымен бірге жаңа білімдерді игеруін тексеру.
Мектепте оқыту үшін таңдап алынған тарихтың мазмұны мемлекеттік стандарт, бағдарлама, оқулық түрінде көрініс табады. Оқушылар ол мазмұнды сыныптық, сыныптан тыс және мектептен тыс оқу түрлерін қамтитын оқытуды ұйымдастырудың белгілібірәдістемесіарқылы меңгерсе, қазіргі заман талабы оқушылардың бойында түйінді құзыреттіліктерді қалыптастыру болып табылады. Құзыреттілік - оқу мен өмір жағдаяттарын шешу кезінде білім алушылардың білімді, іскерлікті, дағдыны және қызметтің әмбебап тәсілдерін меңгеруі көрінетін білім берудің нәтижесі. Тарих сабағының басты міндеттерінің бірі пән мазмұнын меңгере отырып, ақпаратпен жұмыс істеу болып табылады.
Ақпараттық құзыреттілік
Сыни тұрғыдан ұғынылған ақпараттар негізінде саналы шешім қабылдауға;
Өз бетінше мақсат қоюға және оны негіздеуге, мақсатқа жету танымдық қызметті жоспарлауға және жүзеге асыруға;
Ақпараттарды өз бетімен табуға, талдауға, іріктеу жасауға, қайта құруға, сақтауға, түрлендіруге және тасымалдауға, оның ішінде қазіргі заманғы ақпарттық-коммуникациялық технологиялардың көмегімен жүзеге асыруға;
Логикалық операцияларды қолдана отырып, ақпарттарды өңдеуге;
Өзінің оқу қызметін жоспарлау және жүзеге асыру үшін ақпарттарды қолдануға мүмкіндік береді.
Ақпараттық құзыреттіліктің келесі бағыттары бойынша білім алушының білім беру деңгейіндегі жетістіктері тексеріледі. Олар:
1) Ақпараттық ізденісті жоспарлау:
Ақпаратты белгілі мен белгісізге бөледі;
Ұсынылған ақпараттан қойылған міндеттерді шешуге қажеттілерін бөліп алады;
Анықтамаларды, энциклопедияларды қолданады, кітаптардың мазмұны бойынша және сайттағы сілтемелер бойынша бағдар жасай алады.
2)Алғашқы ақпаратты алу:
Бақылау (қойылған міндетке сәйкес жоспар бойынша эксперимент) жүргізіледі;
Оқушыға сұрақ қоя отырып, ақпаратты алады;
Ақпарат көздерінен қажеттісін бөліп алады.
3) Ақпаратты екінші қайтара алу:
Берілген екі немесе одан да көп негіздеме бойынша ақпараттарды бөліп алады және жүйелейді;
4) Ақпаратты алғашқы өңдеу:
Алынған ақпаратты қарапайым берілген құрылым (1 белгі бойынша) аясында жүйелендіреді
5) Ақпараттарды өңдеу:
Алынған ақпаратты дәл баяндай алады;
Ақпараттың жеткіліксіздігін немесе өзінің түсінбегендігін ескертеді;
Ұсынылған ақпарат көздерінен дәйектерді таба біледі және оларды негіздей алады.
Соңғы жылдары білім сапасы тест көмегімен бағалануда. Оның есесіне оқушылардың алған білімдерінің практикалық қызметте қолдану қабілетін бағалайтын тапсырмалар аз қолдануда. Тарих сабақтарында мұндай тапсырмалар қарапайым дерек көздері және құжаттарды зерттейтін зертханалық сабақтар жүргізумен тікелей байланысты. Оқушылар сабақтан бос уақытында мұражай мен мұрағаттағы жұмыстары негізінде баяндама, реферат, ғылыми мақала дайындауы да тарихи білімін бағалаудың өлшемі болуы тиіс.
Тарих сабағында оқушыларды тәрбиелеудің арнайы немесе ерекше әдісі жоқ. Негізінен, бұрыннан белгілі оқыту әдіс-тәсілдері: әңгіме, баяндау, әңгімелесу, картаны, түрлі көрнекті құралдарды, тарихи көркем әдебиетті, тарихи құжаттарды, өлке материалдарын пайдалану; интерактивті әдістер, оқулықтан, мерзімді баспасөз материалдарымен жұмыс істеу сияқтылар пайдаланылады. Оқушылардың өздігінше атқаратын жұмыстарын ұйымдастырып, өздеріне тәрбиелік мәні бар қорытындылар жасату да тиімді.
Бұл пән көп ізденуді, қосымша деректермен толықтыруды талап етеді. Мұғалім тақырыптың мазмұнын кеңейтіп және толықтыратын қосымша материалдарды қолдану аркылы дәстүрлі емес сабақ түрлерін өткізіп оқушылардың тарих пәніне деген қызығушылығын үнемі арттырып отырғаны жөн.
Тарих - өткен шақ туралы білімдердің жинағы емес, тарих – ойлау жүйесі, қазіргі әлемде өз жағдайында нақтырақ түсінуге бастайтын жол. Әлемде болып жатқан оқиғалар мен құбылыстардың мәні мен бағыттарын түсінуге тарихтың қажеттілігі. Тарих және адамның азаматтық позициясы, ұлттық намыс пен патриотизм.
Тарих пәні – жалпы адамзат алға басуындағы әр мемлекеттің болашағы үшін өз патриоттарын даярлау жолындағы басты бағыт беруші пән.
Тарих пәні небір тамаша тарихи фактілерді, оқиғаларды, құбылыстарды жеке тарихи қайраткерлердің халық үшін жасаған қызметін баяндайды. Осылардың бәрі олардың жүрегіне, сезіміне күшті әсер етеді, адамгершілігі жоғары, саналы азамат болып қалыптасуына үлес қосады.
Тарихты оқыту әдістері оқу-тәрбие процесінің сапасы мен тиімділігінің және оқушылардың шығармашылық танымдық әрекеттерінің үлес салмағының артуларына мүмкіндік жасауы, мәселерді талқылауда еркін пікірлесуге жағдай тудыруы керек. Оқу құралында оқушыларда Қазақстан тарихына, тарихи процес пен тарихи оқиғалардың логикасын тануға қызығушылық пен бағдарламадан тыс білімдерді меңгеруге ықыласын туғызуға басты назар аударылған. Оқушылар өздігін тарихи фактілер мен құбылыстарды сұрыптап, оларды тиісті дәуір және аймақпен байланыстыра алуы, меңгерген білімдерін жаңа жағдайлармен сабақтастыра білулері керек.
Тарих пәнін оқытудағы негізгі мақсат – ұрпақтарды өз елінің тарихымен таныстыру. Оқушылардың танымдық қабілетін өсіруде адамгершілік қасиеттерін дамытуға әсер ету. Еліміздің әр азаматы тарихтан біз келешекте қандай қоғам құруды мақсат қыламыз, өткеннен қандай үлгі, өнеге алуымыз керек деп сұрақ қойып жауап алуымыз қажет. Ана тілімізді мирас болған тарихымызды білу, тану негізгі табиғатын сақтау тәуелсіз еліміздің ір азаматының борышы деп санаймын. Осындай үлкен істі жүзеге асыруда тарихшы ұстаздардың атқаратын рөлі ерекше зор. Қазіргі кезеңде қоғамдық пәндерді жаңа бағытта оқытуға, тәрбие және білім беру жүйелерін осыған сай жаңа деңгейге көтеруге көп көңіл бөлінуде. Еліміздің тарихын оқытуда шәкірттердің ой-өрісін кеңейтуді мақсат етеміз. Тарихымыз жаңашыл шын көзқараспен таразыланып, ескермеген деректер қайта бағаланып жатыр.
Тарих пәнін оқытуда оны ұрпақтар бойына дарыту әлі де көп ізденістерді әдістемелік-тәсілдерді қажет етеді. Оқытудың тиімділігін арттыру үшін тарихи материалдардағы қосымша деректерді пайдаланудың зор мәнісі бар. Мектепте тарих пәнін оқытуда, қосымша материалдарды, деректерді әсіресе баспасөз материалдарын пайдалану оқушылардың ұғымдарының терең жүйелі болуына әсер етеді. Оларды ретті, жүйелі қолдану оқушының адамгершілігін, эстетикалық танымын, сезімін байытады, өзіндік ізденістерге мүмкіндік береді.
Тарих сабағында оқушыларды тәрбиелеудің арнайы немесе ерекше әдісі жоқ. Негізінен, бұрыннан белгілі оқыту әдіс-тәсілдері: әңгіме, баяндау, әңгімелесу, картаны, түрлі көрнекті құралдарды, тарихи көркем әдебиетті, тарихи құжаттарды, өлке материалдарын пайдалану; интерактивті әдістер, оқулықтан, мерзімді баспасөз материалдарымен жұмыс істеу сияқтылар пайдаланылады. Оқушылардың өздігінше атқаратын жұмыстарын ұйымдастырып, өздеріне тәрбиелік мәні бар қорытындылар жасату да тиімді.
Бұл пән көп ізденуді, қосымша деректермен толықтыруды талап етеді. Мұғалім тақырыптың мазмұнын кеңейтіп және толықтыратын қосымша материалдарды қолдану аркылы дәстүрлі емес сабақ түрлерін өткізіп оқушылардың тарих пәніне деген қызығушылығын үнемі арттырып отырғаны жөн.
Бүгінгі оқушы - ертеңгі маман. Сондықтан оқушы бойында жоғарғы идеялык, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру оларды өмірге, еңбекке дайындауға оқытудың негізгі формасы сабақтың, әрбір пәннің мүмкіндіктерін барынша толык пайдалану керек. Демек, өзінің мазмұн ерекшеліктеріне, оқу-тәрбие ісін ұйымдастыру мен оқыту әдістеріне қарай әрбір пәннің алдында оқушылардың дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру міндеті тұр.
Жастар - қоғамның болашақ құрылысшылары. Қоғамның тағдыры солардың қолында. Ендеше, жас ұрпақты заман талабына сай тәрбиелі етіп дайындау-аса маңызды міндет. Ұлы ғұлама ғалым әл-Фараби айтқандай «тәрбиесіз білім адамзат жинаған құндылыққа зиянын тигізеді».
Тарих пәнінің тәрбиелеушілік мүмкіндігі өте мол. Өйткені ол бүкіл адам баласының ғасырлар бойы жинаған тәжірибесін баяндайды. Ал мектептегі тарих курсына сол тәжірибенің алдымен ең маңыздылары, құндылары, ізгілері алынады. Әрине, мектептің тарих курстарында кұнсыз тарихи оқиғалар да оқытылады. Мәселен, фашизм, крест жорықтары, басқа елге шапкыншылық жасап бейбіт халықты қырғынға ұшыратқан соғыстар т.б. Бірақ мұндай кұнсыз оқиғалар білім ретінде құнды, өйткені оларды оқыта отырып оқушыларды келешекте осындай келеңсіз оқиғаларды болдырмау үшін күресуге дайындаймыз. Тарих пәні небір тамаша тарихи фактілерді, оқиғаларды, құбылыстардың халық үшін жасаған кызметін баяндайды, осылардың бәрі олардың жүрегіне, сезіміне күшті әсер етеді, адамгершілігі жоғары, сапалы азамат болып қалыптасуына үлес косады.
Қазақстан Республикасы тәуелсіз даму жолында, оның келешегі алда, біртіндеп дамыған, гүлденген өркениетті елдер қатарына қосылады. Мұны жүзеге асыратын Қазакстанның қазіргі жас азаматтары, мектеп оқушылары. Қазақстанға жан-жақты білімді, осы республикадағы барлық халықтың тілін, тарихын, әдет-ғұрпын сыйлайтын, осы ел үшін, оның халықтарының бақытты келешегі үшін бар білімі мен күш-жігерін аянбай жұмсайтын нағыз отаншыл азаматтар керек. Осы міндетті орындауға мектептегі тарих пәні өте зор үлес қосады. Тарих сабақтарында оқушылардың дүниеге ғылыми көзқарасы қалыптастырылады, адамгершілікке, имандылыққа, ізгілікке тәрбиеленеді, отаншылдыққа, халықтарды құрметтеуге, сыйлауға, яғни халықтар достығына тәрбиелейді; еңбекке, қарт ұрпақтың еңбек және жауынгерлік дәстүріне тәрбиеленеді; діннің қызметін дұрыс түсінуге, оны дұрыс бағалауға, бейбітшілікті сақтауға үлес қосуға, адамзат жасаған кұндылықтарды құрметтей білуге тәрбиеленеді; эстетикалык, экологиялык, экономикалық т.б. тәрбие алады.
Патриотизм (грекше рatriotes - отандас, раtris - Отан, туған жер) - Отанға деген сүйіспеншілік, бар күш-жігер мен білімін Отан игілігі мен мүддесі үшін жұмсау. Туып-өскен жеріне, ана тіліне, өз халқының, елінің әдет-ғұрпына, салт-дәстүріне деген сүйіспеншілік адамдарда ерте заманнан бастап-ақ қалыптаса бастаған.
Қазақстанға жаңа қоғамды құрушы, соңда өмір сүруші жастарды оқытып, тәрбиелеу аса маңызды міндет болып тұр. Ал еліміздің тарихын жаппай оқытып үйрететін бірден-бір оқу орны - жалпы білім беретін мектеп. Тарих пәні небір тамаша тарихи фактілерді, оқиғаларды, кұбылыстарды, жеке тарихи қайраткерлердің халық үшін жасаған қызметін, ерен ерлігін баяндайды, ал осылардың бәрі жас ұрпақтың сезіміне әсер етеді, адамгершілігі жоғары, саналы азамат қалыптасуына үлес қосады. Тарих -ғылым, білім ретінде коғамда да, адам өмірінде де ерекше маңызды орын алады. Қоғам мүшелерін кажетті дәрежеде тарихи біліммен карулаңдырмай, оларда тарихи сананы қалыптастырмай ешбір мемлекет тарихи дамудың жоғарғы сатысына жете алмайды.
Әр халықтың көне заманнан бері келе жатқан өзіне тән әлеуметтік және мәдени мұрасы бар, әрі тәрбиедегі байлығы өз алдына. Қай кезеңде болмасын халқымыздан небір ойшыл, дана ғалымдардың, ұлы адамдардың шыққанына оқушылардың көздерін жеткізе отырып, отаншыл, адамгершілігі жоғары, жан-жақты дамыған Қазақстан азаматын тәрбиелеуде тарих пәні үлес қосады. Әрбір Қазақстан азаматы отаншыл болмайынша, Қазақстан өркендемейді. Тарихың сақтар мен ғұндардан, әдебиетін Тоныкөк, Кұлтегіннен, Қазақ хаңдығы құрылғаннан бергі жыраулардан, музыкасын күй, терме, толғаулардан бастап айтып, оқып, естіп келе жатқан баланын рухани кіндік тұтқасы берік болып өседі. Отбасында жеті атасын, мектепте туған жер, ел тарихын оқып ержеткен баланың көкірегінде халқына деген мақтаныш сезім орнайды. Себебі, балаға арғы атаң батыр, би, шешен болған деп үйретеді, осының өзі патриотизмнің нағыз бастауы.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев: «XXI ғасыр қазақ халқының жұлдызы жанған ғасыры болатынына сенемін» - дейді. Еңдеше, осы жұлдызы жанған ғасырдың азаматтарын тәрбиелеуге үлес қосу оқытушылармен ата-аналардың парызы болып қала береді.
Ел басымыз Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан экономикалық, әлеуметгік және саяси жаңару жолыңда» атты Жолдауында «Бәрі де мектептен басталады...» - деп, еліміздің көк байрағын жоғары көтеретін, тәуелсіз мемлекетіміздің тізгінін өз қолдарына мықтап ұстайтын азамат тәрбиелеуге басты назар аударып отыр.
Әрбір тәуелсіз, дамыған ел өз мемлекетінің, халқының тарихын оқытып үйретуге, алдымен оны мектепте оқытуға ерекше мән береді. Өйткені кез келген мемлекеттің азаматы өз елінің, мемлекетінің, сол мемлекетті мекендеп отырған халықтардың, оның өзіңде де алдымен сол елге аты берілген халықтың тарихын білуге міндетті.
2.2 Мектептегі Қазақстан тарихы пәнінің тәрбиелік мәні
XXI ғасырда, ғылыми-техникалық прогресс қарыштап дамыған тұста біздің еліміз үшін сапалы білім, саналы тәрбиемен қатар жан-жактылык, яғни баска салалардан хабардар бола білудің маңызы зор. ҚР Білім беру заңының 8-бабында:
Білім беру жүйесінің басты міңдеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруды дамытуға және кәсіби шындауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау.
Жеке адамның шығармашылық рухани және дене мүмкіндіктерін да-мыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалып-тастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интеллектін бай-ыту;
3..Азаматтық пен елжандылыққа, өз Отанына сүйіспеншілікке,мемлекеттік рәміздерді кұрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, конституцияға кайшы және коғамға қарсы кез-келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу деп атап көрсетеді.
«ҚР 2015 ж. дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында» оқушының жеке тұлғасын жетілдіруге ғаламдық ой-санасын қалыптастырудағы басты міндеттерінің бірі ретінде азаматтыкка, адам құқықтары мен бостандық-тарына кұрметпен қарауға, елжандылыкка, өз Отанын сүюге тәрбиелеуге басты назар аударған.
XVI ғасырдың педагог-ғалымы Ян Амос Коменскийдің дидактикасының барлык принциптері бүгінгі таңға дейін өзінің мәнін жойған емес.
«Ұлы дидактика» еңбегінің XXIII тарауында:
«Мектепте балаларды адамгершілікке нағыз ізгілікке шындап тәрбиелеу үшін, сол жұмыстарды үлкен шеберлікпен еге білу кажет. Сонда ғана мектеп, толық мағынасында «адамдар ұстаханасы» болып шықпақ» - дейді. Демек, бүгінгі ғасыр - білімділер ғасыры, заманына сай зерделі ой-өрісі жоғары азаматтарды қалыптастыру - мемлекеттің аса маңызды стратегиясы болып отыр. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазакстан - 2030» бағдарламасындағы Қазақстан халқына Жолдауында:
«Қазақстан азаматтарын мемлекетіміздің құқығын қорғайтын, мүдделерін биік ұстайтын азамат етіп тәрбиелеу қажет. Біздің балаларымыздың дені сау, сапалы білімді, өресі биік болып өсуі, тиіс» - деп тегін айтпаса керек.
Қазақ халқы әрқашанда парасатты пір тұтып, даналыққа табынып келген халық. Ұлтымызға тән тағы бір қасиет, ол білімді біліктіліктен ажырата білу. Ғалым-лингвист, ақын-аудармашы, ағартушы педагог А. Байтұрсыновтың ұғымында білім-біліктілікке жеткізер баспалдақ қана, ал біліктілік дегеніміз - білімнің жеткіліктілігі ғана емес, сол білімді іске асыра білу дағдысы. «Қандай мектептің болсын басты нысаны - оқушыларға сапалы білім, салихалы тәрбие беріп, оларды білімді, еңбекшіл етіп тәрбиелеу» -деп А. Байтұрсынов үш мақсатты басты нысанаға алады.
Заман өзгергенімен, қанша құбылғанымен мемлекеттің өркендеуі, халықтың әл-ауқатының көтерілуін білім-ілімсіз елестету мүмкін емес. Философия, психология ғылымында құндылық ұғымын ерекше бір ақиқат деп қарастырған. Олар қажеттіліктен туындайды. М.В. Богусловский, Г.Б. Корнетов сияқты ресейлік әдіскер-зерттеушілер ең жоғарғы құндылықтар иерархиясын ұсынады: 1. Адам. 2. Денсаулық. 3. Өмір. 4. Жанұя. 5. Отан. 6. Жер (планета). 7. Адамзат. 8. Бейбітшілік. 9. Еңбек. 10. Білім. 11. Мәдениет. 12. Даму. Ал, педагог-ғалым К. Төлеубекова. «Қоғам дамудың жаңа кезеңіндегі адамгершілік тәрбиенің теориялық - әдіснамалық негізі» - деген еңбегінде тоғыз құндылықты атап көрсетеді:
Адам-аса жоғары құндылық;
Жер – жалпы адамзаттың ортақ үйі, өмірі мен тіршілік іс-әрекетінің мекені;
Ұлт-өз ұлтына мақтана білу, қадірлеу, еркіндікті сүю, өз халқының тіліне, тарихына мәдениетіне құрметпен қарау;
Отан - өз мемлекетінің рәміздеріне құрметпен қарау: әнұран, елтаңба, ту, халықтың дәстүрлерін қастерлеу. ҚР Ата заңына қайшы келетін қоғамға қарсы кез келген көрініске төзбеу;
5. Бейбітшілік–дүниежүзілік кауымдастықта лайықты орын алуды көздеп; казіргі және болашақ ұрпақтар алдында жоғары жауапкершілікті сезіну.
Мәдениет - рухани жетілудің тірегі.
7. Еңбек - нарық жағдайыңда жаңалық тапқыштық, жаңа технологиялық ойлар, нарық еңбегіне байланысты туындаған ұжымдық және жеке шаруашылық еңбегінің мақсатын ұйымдастыру нәтижелігін көрсету;
Білім - үшінші мыңжылдықта білім коғамды өзгертудің шешуші факторы;
Отбасы – отбасылық адамгершілік қарым-қатынасты, отбасының татулық беріктігін, болашаққа сенімділігін нығайтатын, тірек болатын өмірлік құндылық бұл адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру, оқушылардың өзін-өзі жеке тұлға ретінде танытуға септігін тигізері сөзсіз.
Ежелден-ақ қазақ халқы өз ұрпағын адамгершілікке, ізгілікке, инабаттылыққа тәрбиелеуді басты мақсат еткен. Ата-бабамыз жазу-сызудың кем соғып жатқан шағында, көшіп-қонып жүріп-ақ ұрпақ қамын, оның болашағын жеткілікті ойластырған.
Сонау Әз-Тәукенің «Жеті жарғысы» деп аталатын әдет-ғұрып зандары талай ұрпақты адамгершілікке, адалдыққа тәрбиелейтін жақтары мол екендігіне тарихтың өзі куә. Халқымызда «Адам деген ардақты ат. Адамнан үлкен ат жоқ» - деген қанатты сөз бар.
Тарих - біздің игілігіміз, біз оны құрметтеп, қастерлеуіміз қажет. Сонымен бірге құпия-сырларға толы, қорқынышты, қанды, кеңес елінің есімінде мәңгілікке қалған беттерінің шындығын, ақтаңдақтарын ашып жеткізу тарих саласындағы мамандардың жауапкершілігінде.
1980 жылдың аяғында КСРО- дағы қайта құруға байланысты Қазақстан тарихы мектептердің оқу жоспарына дербес пән болып енгізілді. Тарих адамға алдымен өз халқының өткенін, оның озық салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпын таныстыруы тиіс. Осы арқылы адамда ұлттық сана, ұлттық намыс қалыптасады. Тарихи санасы толық қалыптасқан адам ғана өмірдегі, қоғамдағы өз орнын дұрыс анықтай алады. Тарих сабақтары оқушылардың өткен кезеңдердің ұлы істерін басынан кешіріп, саралауына, кейінгі ұрпаққа үлгі боларлық қасиеттердің барлығын пайдалана білулеріне бағыттайды. Тарих –бүкіл халықтың жан дүниесінің көрінісі.
Адамзат жасаған материалдық және рухани игіліктерді мирас етіп, оларды еселеп бере алатындай етіп тәрбиелеу - салауатты қоғамның мәңгіден келе жатқан тілегі. Қазақ халқының тарихында бірегей рухани тәжірибе, аса бай интеллектуалдық және адамгершілік яки, күш-жігер, ұшан-теңіз жан дүниесінің маржандары мен шығармашылық ой-қабілетінің күш-қуаты бар. Халық мінезінің ең жақсы ерекшеліктері-бұл атамекенге деген шексіз сүйіспеншілік. Шәкірттің жалпы даму процесі,адамзаттың серпінді қозғалысының зандылықтары ғана емес, сонымен бірге тарихи қайраткерлердің жеке басы, олардың азаматтық тұлғасын, тарихи фактілерді ақыл-ойымен қабылдаса, өзін интеллектуалдық жағынан байыта түседі. Тарихи зерде - өз халқының өткеніне деген құрметі, сүйіспеншілік қөзқарасының іргетасы.
Әрбір пәнді сыр-сипатын бұрмаламай, жұмбақтап әсірелемей, табиғи түрде оқыту қажет.
Көрнекті орыс педагогы К.Д.Ушинский: «Мұғалім өз білімін көтеріп жүргенде ғана мұғалім, оқуды ізденуді қойса, оның мұғалімдігі жойылады» деген.
Ол үздіксіз білімін шыңдап отырмаса, өмір көшіне жете алмайды, ол заман талабына сай шәкірттеріне білім, тәрбие бере алмайды. Тарих сабағында оқушылардың дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыруға, адамгершілікке, отаншылдыққа, каһармандыққа, ұлтжан-дылыққа барлық халықтарды құрметтеуге олармен достық қатынас орнатуға, елдің қауіпсіздігін сақтауға, еңбек сүйгіштікке, діннің тарихтағы рөлін дұрыс түсінуге тәрбиелеуге, оларға эстетикалық, экологиялык, экономикалық тәрбие беруге толық мүмкіндік бар.
Сабақ барысында әдістерді қолдану тәсілдерінде оларды әсерлі, эмоциялды түрде жеткізе білудің маңызы зор. Оқу фильмдерінің фрагменттері, тарихи романнан оқылған 1-2 минуттық әсерлі үзінді, мұғалімнің дауыс ырғағы тақырыптың мазмұнына сай түсіндіруі, оқушыларды қызықтыра білуі де шеберлікке байланысты. Әрбір ғасырдың ұлы тұлғаларының өнегелі істерін оқушылардың жүрегіне жеткізе білудің өзі оларды жеңіске жеткізеді. Оқушыларды саналы тәрбиелеу арқылы дамытушылық "міндеттерді де жүзеге асыру күрделі емес. Тарихи оқиғаның пайда болуы, дамуы, бәсеңдеуі, аяқталуы, т.б. байланысты, бұл оқиғаның негізгі себептерін анықтап алайық - деп, қарапайым тәсілдермен оқушылардың ойлау кызметін дамытуға түрткі жасай отырып, ойландыруды күрделендіруге болады. Онда әр түрлі тарихи кезеңдердегі оқиғалардың ұқсастығы неде, ерекшеліктеріне оқушылардың өздігінше атқаратын жұмыстары көмек бола алады. Пән мұғалімінің тапсырмасымен оқулық мәтінін, қосымша материалды қолдану арқылы тақырыпты терең, жан-жақты меңгеруі ғасыр талабына сай азаматтарды даярлаудағы рөлі зор болмақ.
Ақпараттық технологиялар арқылы оқушылардың өздік жұмыстарын ұйымдастыру. Бүгінгі жалпы білім беретін мектеп қоғамның алға қойған көкейкесті міндеттерін жүзеге асыру үшін баланың табиғи мүмкіндіктерін, қабілетін дамытып, дүниежүзілік деңгейдегі жоғары мәдениет пен қажетті білім қорын жинақтаған, өз алдына жауапты шешімдер қабылдай алатын, әр істе белсенді шығармашылық әрекет жасайтын жеке тұлғаны тәрбиелеуі тиіс.
Оқушыларды шығармашылыққа баулу, өз бетімен әрекет жасауға үйрету, бүгінде көптеген ғалымдардың көзқарасы бойынша XXI ғасырдың іске асуға тиісті өзекті проблемасы болып табылады.
Р.Г.Лемберг, Е.Я.Голант, Д.Н.Богоявленский, Л.В.Занков және тағы да басқа көрнекті ғалымдардың еңбектерінде өздік жұмыс оқушылардың өзін-өзі бақылауын қалыптастыру, ақыл-ой тәрбиесін беру құралы ретінде анықталады.
Соңғы онжылдықта өзіндік жұмыстарды ұйымдастырудың теориялық-әдіснамалық проблемалары көптеген ғалымдардың еңбектеріне арқау болып, әртүрлі бағытта қарастырылды:
оқуды белсендіру құралы ретінде (Б.П.Есипов, П.И.Пидкасистый);
оқушылардың танымдық дербестігін қалыптастыруға бағытталған теориялық тұжырымдамалар (И.Я.Лернер, М.И.Махмутов, Н.Н.Половникова);
дербестік - өзіндік ұстаным, рухани-практикалық білім ретінде (Л.П.Буе-ва, С.Т.Зырянов);
-дербестік - жеке тұлғаның қасиеті мен сапасы ретінде (К.А.Абульханова-Славская, К.К.Платонов).
Оқулық пен оқу бағдарламасына құрылымдық-функционалдық талдау кезінде мұғалім жұмыс қорытындысы, ойлар мен тұжырымдарды, ұғымдардың анықтамасын қағазға белгілеп отырады.
Кұрылымдық талдаудың барысында білім берушілік, тәрбиелік және дамытушылық сабақ мақсаты айқындалады.
Ғылыми ұғымда мақсат дегеніміз әрекет нәтижесін алдын ала ойша болжау дегснді білдіреді.
Мақсатты айқындауда жалпыадамзаттық құндылықтарды (азаматтардың тең құқықтылығы, еркіндігі, ар-ұяты, парызы яғни т.б.) және мемлекеттік стандартта белгіленген тарихты оқытудың мақсаттарын басшылыққа аламыз. Мақсаттар ұзақ мерзімге жоспарластырылған, қысқа мерзімді, нақты, дербес сабаққа арналуы мүмкін.
Функционалдық талдауда айқындалған мақсаттарды былайша жүйелеуге болады. Білім беру мақсаттары: қандай маңызды білім қалыптасады; сабақ мазмұнынан оқушы ең басты қандай білімді игеруі керек; сол сияқты білімді қайталау, бекіту және тереңдету мақсаттары белгіленеді. Тәрбиелік мақсаттар: сабақтың адамгершілік, эстетикалық тәрбие берудегі (қайырымдылық, кішіпейілділік, адалдық, еңбексүйгіштік) үлесі қандай; тәрбие оқу материалының мазмұнын тану процесінде, оқу әдебиеті барысында, оқушы мен мүғалімнің өзара байланысында іске асатындығы ескерілуі тиіс.
Дамытушылық мақсаттар: оқу материалына сүйеніп қандай дағдылар дамытылды (жоспар құра білуі, сұрақ құрастыра алуы, материалды игерудің қисындық бірізділігін игеруді және т.б.). Сонымен бірге дамытушылық мансаптарға оқушылардың пәндік және оқуға қатысты жалпы дағдылары мсн шеберліктерінің қалыптасып, психикасының (ақыл-ой, ерік-жігер, танымдық, қызығушылық) дамуын да жатқызуға болады.
"Ежелгі Рим" тақырыбын оқудағы білім беру мақсаты-мөдени, шаруашылық тұрғысынан адамзаттың дамуын көрсету; тәрбиелік мақсаты — қаталдықты айыптап, оқушылардың қарапайым адамдардың азар өміріне деген аяушылық сезімін ояту; дамыту мақсаты - жекелеген болшектер негізінде оқиғаның жалпы картинасын жасау.
Тарих пәнінің оқу бағдарламасындағы білімдер мен біліктерді оқушыларға ойдағыдай меңгертуде тарих пәні бойынша сабақтан және кластан тыс жұмыстардың маңызы зор. Соңдықтан да "Қазақстан тарихын оқу әдістемесі" пәнінің құрамында "Тарих пәнінен жүргізілетін сабақтан және кластан тыс жұмыстар" деген тарау болуы тиіс. Онда төменгі, орта кластар оқушыларын қамтитын түрлі тарихи үйірмелерден бастап, көбіне жоғары кластар оқушыларымен ұйымдастырылатын саяхаттар мен экскурсиялар сияқты алуан түрлі жұмыстарды алдын-ала жоспарлау, ұйымдастырып өткізу мәселелері жан-жақты қамтылады. Мұңдай жұмыстар ойдағыдай ұйымдастырылған жағдайда оқушылар оларға белсене, қызыға қатысады, демек олардың тарихи білімдері толыға түседі, шығармашы-лықпен жұмыс істеу мүмкіндігі артады.
14. "Қазақстан тарихын оқытатын мұғалімге қойылатын талаптар" деген тараудың мазмұны бұған дейін орталық баспалардан (Мәскеуден) шыққан тарихты оқыту әдістемелері туралы еңбектердегі тарих мұғалімдері туралы айтылғаңдардан мүлде өзгеше болады. Бұрын басты міндет — оқушыларды коммунистік қоғамның салтанат құратыңдығына сендіру болса, қазіргі тарихшы мұғалімнің алдында тұрған басты міндет — оқушыларды адамзат жинаған құндылықтар рухында тәрбиелеу, оқушыны жеке тұлға деп қарау, сол тұлғаның заман талабына сай жан-жақты дамуына толық мүмкіңдік жасау, оны оқыта отырып дамыту, оқушымен демократиялық принципке негізделген қатынастар орнату.
Мұнда мұғалімнің ғылыми, кәсіби-әдіскерлік, жан-жакты білімділік дәрежесіне, адамгершілік, еңбек сүйгіштік сияқты қасиеттеріне қойылатын талаптар да жан-жақты көрсетіледі.
15. Соңғы тарау-тақырып "Қазақстан тарихының оқу-әдістемелік комплекс деп аталады. Мұндай комплекс бұрын қазақ мектептеріндегі
оқу пәндерінің бірде-бірінен жасалған емес. Бұл жұмыс еңді ғана басталып жатыр. Жоспар бойынша келешекте осы пәннен жасалатын
оқу-әдістемелік комплекс құрамында төмеңдегілер болады: оқу
бағдарламасы; оқулық; оқулықты пайдалану туралы әдістемелік
нұсқаулар; курстың кластар бойынша сабақ жоспарлары; оқу кітабы (5-7кл); хрестоматия (8-11 кл); терминологиялық сөздік; дидактикалық материалдар; көрнекі және техникалық құралдар. Тарих факультетінің қазіргі студенттері мектепке барғанда осы құралдар мектептің тарих кабинетінде тұруы мүмкін. Сондықтан да болашақ тарихшы мұғалімдер ол құралдармен жұмыс істеудің әдіс, тәсілдерін университет пен педагогикалық институттардың қабырғаларында жүріп-ақ үйренулері керек.
Жоғары және орта оқу орындарыңдағы Қазақстан тарихын оқыту дәрежесі оның әдістемелік жағынан да ойдағыдай оқытылуына тікелей байланысты. Ал бұл маңызды істе жетекшілік орын тарих факультетін бітірушілерге тиеді.
Тарих пәнінің тәрбиелік маңызы. Тарих пәнінің тәрбиелеушілік мүмкіндігі өте мол. Өйткені ол бүкіл адам баласының ғасырлар бойы жинаған тәжірбиесін баяндайды. Ал, мектептегі тарих курсына сол тәжірибенің алдымен маңыздылары, құндылары, ізгілері алынады. Әрине, мектептік тарих курсында құнсыз тарихи оқиғалар да оқытылады. Мәселен, фашизм,, крест жорықтары, басқа елге шапқыншылық жасап, бейбіт халықты қырғынға ұшыратқан соғыстар, т.б, Бірақ мұндай құнсыз оқиғалар білім ретінде құнды, өйткені оларды болдырмау үшін күресуге дайындаймыз. Тарих пәні небір тамаша тарихи фактілерді, оқиғаларды, құбылыстарды, жеке тарихи қайраткерлердің халық үшін жасаған қызметін баяндайды, осылардың бәрін олардың жүрегіне, сезіміне күшті әсер етеді, адамгершілігі жоғары, саналы азамат болып қалыптасуына үлес қосады.
Қазақстан Республикасы тәуелсіз даму жолына енді ғана түсті. Оның келешегі алда, біртіндеп дамыған, гүлденген өркениетті елдер қатарына қосылады. Мұны жүзеге асыратын Қазақстанның қазіргі жас азаматтары, мектеп оқушылары. Қазақстанға жан-жақты білімді, осы республикадағы барлық халық тілін, тарихын, әдет-ғұрпын сыйлайтын, осы ел үшін, оның халықтырынң бақытты келешегі үшін бар білімі мен күш-жігерін аянбай жұмсайтын нағыз отаншыл азаматтар керек.Осы міндетті орындауға мектептегі тарих пәні өте зор үлес қосады. Кеңес елі тұсында тарих пәнін оқыту барысында оқушыларды тәрбиелеудің ең негізгі бағыттары: марксизм-ленинизм идеясына берілгендік, дүние жүзінде капитализмнің құрып, коммунистік қоғамның саклтанат құратынына сендіру, социалистік идеологиядан басқа идеологиялардың бәрін жек көру, дінді жек көру рухында тәрбиелеу болды. Тәрбиенің мұндай бағыттарының мүлде теріс екендігін өмір тәжірбиесі көрсетті. Сондықтан да біз қазір Қазақстан мектептеріндегі тәрбиенің міндеттерін анықтағанда мұндай теріс бағыттырдан бас тартамыз. Тарих сабақтарында оқушылардың дүниеге ғылыми көзқарасы қалыптастырылады, адамгершілікке, имандылыққа, ізгілікке тәрбиеленеді, отаншылдыққа, халықтарды құрметтеуге, сыйлауға, яғни халықтар достығына тәрбиеленеді, еңбекке, қарт ұрпақтың еңбек пен жауынгерлік дәстүріне тәрбиеленеді; діннің қызметін дұрыс түсінуге, оны дұрыс бағалауға, бейбітшілікті сақтауға үлес қосуға, апдамзат жасаған құндылықтарды құрметтей білуге тәрбиеленеді; эстетикалық, экологиялық, экономикалық, т.б. тәрбие алады.
Тарихты оқыту процесінде оқушылардың қабілеттері мен біліктерін дамыту. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жанару жолында» атты Жолдауында «Бәрі де мектептен басталады...» - деп, еліміздің көк байрағын жоғары көтеретін, тәуелсіз мемлекетіміздің тізгінін өз қолдарына мықтап ұстайтын азамат тәрбиелеуге басты назар ауда-рып отыр.
Әрбір тәуелсіз, дамыған ел өз мемлекетінін, халқынын тарихын оқытып үйретуге, алдымен оны мектепте оқытуға ерекше мән береді. Өйткені кез келген мемлекеттін азаматы өз елінің, мемлекетінің, сол мемлекетті мекендеп отырған халықтардын, оның өзінде де алдымен сол елге аты берілген халықтың тарихын білуге міндетті. Ал, Тәуелсіздік жолын жаңа ғана бастаған Қазақстанға жаңа қоғамды құрушы, сонда өмір сүруші жастарды оқытып, тәрбиелеу аса маңызды міндет болып тұр. Ал еліміздің тарихын жаппай оқытып үйрететін бірден-бір оқу орны - жалпы білім беретін мектеп. Тарих пәні небір тамаша тарихи фактілерді, оқиғаларды, құбылыстарды, жеке тарихи қайраткерлердің халық үшін жасаған қызметін, ерен ерлігін баяндайды, ал осылардың бәрі жас ұрпақтың сөзіміне әсер етеді, адамгершілігі жоғары, саналы азамат қалыптасуына үлес қосады. Тарих -ғылым, білім ретінде қоғамда да, адам өмірінде де ерекше маңызды орын алады. Қоғам мүшелерін қажетті дәрежеде тарихи біліммен қаруландырмай, оларда тарихи сананы қалыптастырмай ешбір мемлекет тарихи дамудың жоғарғы сатысына жете алмайды.
Тарихты оқытудың алдында тұрған білімділік-тәрбиелік міндеттердің ойдағыдай шешілуі үшін оқушылардың тарих курсының мазмүнын қалай меңгеріп отырғандықтарын білудіңмаңызы зор. Тарихты оқыту процесінде мұғалім мектеп оқушыларына білім беру, оларды тәрбиелеу және дамыту жөніндегі бір-бірімен тығыз байланысты міндеттерді шешеді. Оқушылар негізгі тарихи фактілерді меңгеріп қана қоймай, сонымен қатар оларды ой елегінен өткізе отырып, теориялық білімдерді, яғни курстың идеялары мен ұғымдарын игеру, тарихи процестің кейбір заңдылықтарын біліп алуы керек.
Білімнің терең меңгерілуі оқушылардың ойлауын дамытуды: фактілерді талдай және қорытындылай білуді, оқиғалар мен кұбылыстарды салысты-рып, саралай білуді, оларды ез бетімен бағалай білуді көздейді. Соған коса тарих нұскаулары, косымшатарихи әдебиеттер мен карталар және көрнекі кұралдармен өз бетімен жұмыс істеу шеберлігі мен дағдысын игеруі, оқушы-лардың ауызша және жазба тілін дамыту қарастырылады.
Тарихтың оқу пәні ретіндегі ерекшелігі сол, бұл пәннен оқушыларға білім бергенде мәнерлі сөздің релі орасан зор. Мұғалімнің әсерлі, кызғы-лықты әңгімесі оқушының өткендегінің жаркын бейнесін ойша көз алдына елестетуіне, оқу материалын айкын бейнелі түсінік қалыптасқанға дейінгі дәрежеде нактылай түсуіне, сондай-ақ, тәрбиелеу міндетін шешу үшін аса қажетті болатын, оқушыға эмоциялық әсер етуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Материалдарды ауызша баяндау кезінде мұғалім пікір алысудың және тарихи окиғалардын өзара байланысын түсіндірудің үлгісін көрсетіп береді. Материалдарды ауызша баяндау кезінде материалды нақтылай түсудің төмендегідей әдістері колданылады:
- айқын эпизодтар келтірілетін суретті әңгіме (мысалы: сақтардың тұрмысы туралы);
- оқушыларға ойша өте ерте замандардағыны көз алдына келтіріп, соған «қатысушы ретінде сезіндіретін өткендегіге саяхат» түріндегіге әңгіме (мысалы: тарихи - мәдени сәулет ескерткіштері жәніндегі әңгіме):
- тарихи окиғалар мен кұбылыстарды байланыстыру әдісі, бұл жағдайда типтік фактілер тарихи адамныңтағдыры арқьшы көрсетіледі (мысалы, XVIII ғасырдағы Кіші жүздің Ресейдің қол астына кіруі жөніндегі доқументті материалға кұрылған әңгіме);
- тарихи оқиғалар мен кұбылыстарды драмалы әңгіме ретінде айтып беру әдісі, бұл жағдайда типтік фактілер бірнеше тарихи адамдардын немесе ойдан шығарылған адамдардың қақтығысуы арқылы беріледі (мысалы, XVIII ғасырдағы жоңғар шапқыншылығы кезіндегі казақ батырларынын ерлігін баяндау);
- әңгімеге қызықты детальдар мен тәртіптеп суреттеуді енгізу, бұл ба-яндалып отырған оқиғалар мен құбылыстарды нақты етеді және оларды «жақындата» түседі (Моңғолдардың Отырарды жаулап алудағы айлакерлігі мен қатыгездігі жөніндегі фактілер).
Бұл әдістердің тиімділігі - оқушының қиялдау мен сақтау қабілетіне күшті әсер етеді. Оқушылар айтылғанды есте жақсы сақтап қалады, тіпті біраз уақыт өткеннен кейінгі кезде де мұғалімнің әңгімесіне енгізілген типтік диалогтарды, өмірбаяндық мәліметтерді, қызықты детальдарды қайталап айтып бере алады.
Орыстың атақты педагогі В. Сухомлинский: «Мектеп дегеніміз - еңал-дымен кітап» - деген екен. Байқайсыз ба, өте терең айтылған сөз. Бала бір ғана мұғалімнің айтылғанымен шектеліп, оқулықтарды ғана қанағат тұтса, қайтіп қанаттанады. Аясы тар түсініктің ғана өрісінде шектеліп қалады. Осының бәріне кең жол ашатын - кітап. Кітап - ол жансыз мұғалім. Ол сені білім нәрімен сусындатады. Білімнің терең меңгерілуі оқушылардың ойлауын дамытуды: фактілерді талдай және қорытындылай білуді, оқиғалар мен кұбылыстарды салыстырып, саралай білуді, оларды өз бетімен бағалай білуді көздейді. Соған қоса тарих нұсқаулары, қосымша тарихи әдебиеттер мен карталар және көрнекі құралдармен өз бетімен жұмыс істеу шеберлігі мен дағдысын игеруі, оқушылардың ауызша және жазба тілін дамыту қарастырылады.
Тарихтын оқу пәні ретіндегі ерекшелігі сол, бұл пәннен оқушыларға білім бергенде мәнерлі сөздің рөлі орасан зор. Мұғалімнің әсерлі, қызғылықты әңгімесі оқушының өткендегінің жарқын бейнесін ойша көз алдына елестетуіне, оқу материалын айқын бейнелі түсінік қалыптасқанға дейінгі дәрежеде нақтылай түсуіне, сондай-ақ, тәрбиелеу міндетін шешу үшін аса қажетті болатын, оқушыға эмоциялық әсер етуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Материалдарды ауызша баяндау кезінде мұғалім пікір алысудың және тарихи окиғалардын өзара байланысын түсіндірудің үлгісін көрсетіп береді. Материалдарды ауызша баяндау кезінде материалды нақтылай түсудің төмендегідей әдістері колданылады:
- айқын эпизодтар келтірілетін суретті әңгіме (мысалы: сақтардың тұрмысы туралы);
- оқушыларға ойша өте ерте замандардағыны көз алдына келтіріп, соған «қатысушы ретінде сезіндіретін өткендегіге саяхат» түріндегіге әңгіме (мысалы: тарихи - мәдени сәулет ескерткіштері жәніндегі әңгіме):
- тарихи окиғалар мен кұбылыстарды байланыстыру әдісі, бұл жағдайда типтік фактілер тарихи адамның тағдыры арқьшы көрсетіледі (мысалы, XVIII ғасырдағы Кіші жүздің Ресейдің қол астына кіруі жөніндегі доқументті материалға кұрылған әңгіме);
- тарихи оқиғалар мен кұбылыстарды драмалы әңгіме ретінде айтып беру әдісі, бұл жағдайда типтік фактілер бірнеше тарихи адамдардын немесе ойдан шығарылған адамдардың қақтығысуы арқылы беріледі (мысалы, XVIII ғасырдағы жоңғар шапқыншылығы кезіндегі казақ батырларынын ерлігін баяндау);
- әңгімеге қызықты детальдар мен тәптіптен суреттеуді енгізу, бұл ба-яндалып отырған оқиғалар мен құбылыстарды нақты етеді және оларды «жа-қындата» түседі (Моңғолдардың Отырарды жаулап алудағы айлакерлігі мен қатыгездігі женіндегі фактілер).
Бұл әдістердің тиімділігі - оқушының қиялдау мен сақтау қабілетіне күшті әсер етеді. Оқушылар айтылғанды есте жақсы сақтап қалады, тіпті біраз уақыт өткеннен кейінгі кезде де мұғалімнің әңгімесіне енгізілген типтік диалогтарды, емірбаяндық мәліметтерді, қызықты детальдарды қайталап айтып бере алады.
Орыстың атақты педагогі В. Сухомлинский: «Мектеп дегеніміз - еңал-дымен кітап» - деген екен. Байқайсыз ба, өте терең айтылған сөз. Бала бір ғана мұғалімнің айтылғанымен шектеліп, оқулықтарды ғана қанағат тұтса, қайтып қанағаттанады. Аясы тар түсініктің ғана өрісінде шектеліп қалады. Осының бәріне кең жол ашатын – кітап. Кітап – ол жансыз мұғалім. Ол сені білім нәрімен сусандырады.
Сондықтан да оқушы білімін үнемі жетілдіріп, тәуелсіз еліміздің тарихи кезеңдеріне саяси, экономикалық және мәдени материалдар берілген кітаптар, кітапшалар, энциклопедияларды, мерзімді баспасез беттерінде берілетін тарихи-қоғамдық материалдарды оқушылардың өз бетінше ізденуіне бағыт-бағдар бере білу керек. Ел тарихын оқытуда сыныптан тыс оқу, қосымша көркем тарихи әдебиеттерді сабақта пайдалану - оқушылардың білімінің, тарихи ұғымдардың жүйелілігіне әсер етеді; оқушылардың ақын-ойын, танымын, сезімін дамытуға мүмкіндік береді. Ең бастысы, оқушыны еңбектене білуге үйретіп, қызығушылығын арттырады. «Махамбеттің жебесі», «Көшпенділер», «Алмас қылыш», «Абылай хан», «Сырым туралы сыр», «Кенесары хан», «Қызылдар қырғыны», «Нәубет», және тағы басқа тарихи көркем әдебиеттер оқушыларға тарихи оқиғалар мен адамдық тұлға жөнінде жан-жақты мағлұмат бере отырып, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелейді, сана-сезімінің жетілуіне әсер етеді.
Оқыту, білім беру тәжірибесі педагогикалық үрдістің сапасын үнемі арттырып отыруды талап етеді. Сол себептен педагогикалық үрдісті, процесті технологияландыру мәселесі маңызды.
Өздік, танымдық жұмыс – оқушылар бойындағы танымдық қабілетінің, шығармашылық ойлау жүйесінің дамуына жол ашады.
Тарих сабағында тарихи материалдарды, көркем әдебиетті, деректі құжаттарды, баспа ағындарын мақсатты пайдалану арқылы оқушылардың ақыл ойын, адамгершілігін, эстетикалық, интеллектуалдық таным сезімін дамытып, өздігінен ізденуіне қолайлы жағдай тудырады.
Сабақ беру әдісінде оқушылардың өз бетімен танымдық кабілетін дамытуға бағытталған тапсырмалар берілуі тиіс. Оқушылар әңгімелер, өлеңдер, өтірік өлеңдер, диалог-журнал, реферат, сахналық қойылымдар, конспект, келешектегі болжау өмірнамалар жазып, сапарнамалар құрастырып, өз бетімен кітап оқып, журнал-газет шығарады.
Әртүрлі ақпараттарды-кітап, оқулық, көркем әдебиет, баспа беттері, көмекші құралдар, деректер, құжаттар, тарихи өлеңдер, шежірелерді зерттеу үшін бастыны іріктейді, цитаталар алу, конспектілеу, жоспар, тезистер құрастыруға машықтанады.
Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту мәселесін талдау ең алдымен «қабілет» ұғымының мәнін терең түсінуді талап етеді.
Философияда «қабілеттерді» тұлғаның белгілі бір әрекетті орындауға жағдай жасайтын жеке ерекшеліктері дей келе олар қоғамдык тарихи іс-әрекеттердің нәтижесінде қалыптасып, әрі қарай дамып отыратынын атап көрсетеді.
«Қабілет - іс-әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай нәтижелі орындауда көрінетін адамның жеке қасиеті» - деп жазады Т.Тәжібаев. Ал «Шығармашылық» ұғымы - жаңа нәрсе «ойлап табу» дегенге келіп саяды. Демек, бұрын тәжірбиеде болмаған жаңа нәрсе ойлап, жетістікке қол жеткізу деген сөз. Ал шығармашылық мәселесін терең зерттеген Я.Н.Пономарев оны «даму» ұғымымен қатар қояды. Өйткені, әрбір жаңалык, әсіресе, интеллектуалдық тұрғыдағы баланы жаңа техникалық сапаға көтереді. Шығармашылық әрекет өте күрделі үрдіс және ол адамға ғана тән. Шығармашылық қабілеті дамыған тұлға калыптастыру - қазіргі оқу үрдісінің ең басты талаптарының бірі. Шығармашылық тұлға қалыптастырудың бір жолы ең алдымен оқушылардың танымдық ізденістерін тиімді ұйымдастырумен жүзеге аспақ. Шығармашылық қабілет әр баланың табиғатында болуы мүмкін. Оқушыны шығармашылыкқа баулу, өз еңбегінің нәтижесін көруге, оны бағалауға бағыттау - өте күрделі үрдіс. Оқушының шығармашылық мүмкіндігі оның жеке тұлға ретінде қалыптастыру үрдісінде пайда болады. Егер шығармашылық оқушының жас кезінде бағалы бағдар болып қалыптаспаса, онда болашақта оның қалыптасуы екі талай. Жалпы алғанда, оқушының шығармашылық қабілетін дамытуда түрлендірілген сабақтың берері мол. Оқушылардың белсенділігін арттыру, олардың іс-әрекетін басқару арқы-лы іздестіру, зерттеу, ой таласын туғызумен қатар, сабақта өмірмен ұштастыру, оқу материалдарының мазмұнын қоршаған ортаның өзгерісімен, қозғалысымен, шындығымен үнемі байланыстыру - оқыту үрдісінің ең негізгі мақсаты.
Тарихи қайраткерлердің тарихи образы, егер ол нақты және оқиғалы материалдарға байланысты баяндалса білім берік және ұзақ есте сақталады. XVIII ғасырдағы Қазақ хандығының саяси жағдайы мен жоңғар шапқын-шылығы кезіңдегі қазақ батырларының ерлігін баяндауда М. Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасынан үзінді келтіруге болады. Мысалы: ақын поэманың басты кейіпкерлеріне - Абылай хан, Баян батырды және бір топ батырларды атап, олардың әрқайсысына мінездеме береді.
...Жиылды өңшең ноян ығай - сығай,
Байжігіт, Тасболат пен би Толыбай.
Ту баста Абылайды хан көтерген
Қамқоры Қарауылдың шешен Қанай.
Ашуы жауған қардай, шөккен нардай,
Қарты қыран Қанжығалы қарт Бөгенбай - деп, Қанайдың басқаларға қарағанда шешендігін, оның батырлығын, ал Бөгенбайдың басқаларға қарағаңда жасы үлкендігін, ал мінезін ашу үшін «қыран» деген теңеуді шебер қолданған.
Не болмаса, жауынгер жырау Қазтуғанның (XV ғ.) тәлімдік идеяларын қолдану.
...Жатып қалған бір токты,
Жайылып мың қой болған жер.
...Шырмауығы шеккен түйе таптырмас,
Балығы көлге жылқы жапсырмас - деген өлең жырларынан Қазтуған жыраудың туған жеріне деген сүйіспеншілігін көреміз. Мектеп оқушыларына тарихи танымдарды насихаттау, отансүйгіштік тәрбие беруде «Ел-елдің бәрі жақсы, өз елің бәрінен жақсы» екенін, құлыны талдай, қыздары айдай көрінетін жер қадірін, ел қадірін сездіру тарих білімдерін меңгертумен тығыз байланысты. Бала тәрбиесі қай заманда, қай қоғам процесінде болсын үздіксіз ізденуде ізгі мұрат екені баршаға аян. Ұрпақ тәрбиесі келешек қоғам қамын ойлаумен бала бойында үнемі үйретілетін ізеттілік, қайырымдылық, әдептілік, елін-жерін сүюшілік асыл қасиеттерден бастау алатыны белгілі. Елдік қасиеттер аспаннан түспейді, жоқтан жаралмайды. Өзі туған топырақпен, ана сүтімен ұйыған елжандылық арнасында өскен ортасы мен азаматы ретінде қалыптастырған қоғамы дарытар терең де, текті дүниетаным негізінде ғана бітеді. Республика Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстанның болашағы - қоғамның идеялық бірлігінде» деген еңбегінде: «Біздін тағы бір аса маңызды идеологиялық міндетіміз - қазақстандық отансүйгіштікке тәрбиелеу» - деп маңызды міндеттердің бірі ретінде алға тартуының сырын содан іздеген жөн. Қазақ халқы «Отан» деген ұғымды бала бойына ерте бастан сініруге тырысқан. -Мұны еңалдымен туған жер, атамекен, ел, жұрт деген ұғымдар мен барынша кеңінен байланыстырған. Сондықтан да болар, соншама кең далада өмір сүрсе де, ата-бабаларымыз үшін «Атамекен, туған жер» ұғымы - әрдайым қастерлі де қасиетті ұғым. Бұл қасиеттер ұрпақ бойына оқумен, біліммен, үйренумен, талпынумен бітеді. Жоғарыда айтып еткеніміздей ұрпағын өз халқының патриоты етіп тәрбиелеу - қай халықтың болса да тәрбиелеу жүйесінің негізгі талаптарынын бірі. Ал біздің халқымызда бұл талап әрдайым жоғары болған.
Халық батыры Бауыржан Момышұлы былай деген екен: «Біздің тарихымыз батырға бай тарих, халқымыз батырлықты биік дәріптеп, азаматтық пен кісіліктің символы, үлгісі санаған. Батырлық деген, ерлік деген ұрпақтан ұрпаққа ата дәстүр болып қала бермек. Өткенін білмеген, тәлім-тәрбие, ғибрат алмаған халықтың ұрпағы - тұл, келешегі тұрлаусыз. Біздің қазақ халқы - батыр халық». Қазақ халқын құрып кету қаупінен сақтап қаған, жерін жауға бермей, ұлан байтақ елкесін қазақ ліне мәңгі қоныс ету мақсатында жарғақ құлағы жастыққа тимей, елім деп еңіреп өткен хас батырлар қаншама десеңізші! Бұлардың ерлігі кейінгі ұрпақка қашан да болса өнеге болмақ.
Біздің жыл санауымызға дейінгі 530 жылы Сақ патшасы Томирис өз кезінде ешкімнен жеңілместей көріп асқақтаған парсы патшасы Кирді жеңіп, өзінің 7 мың атты әскерімен төбенің басына шығып: «Массагеттер! Сендердің патшаларың сезінде тұрды! Ал, Парсы патшасы, сенің аңсағаның қан еді, енді тойғаныңша іш!» деп, қолындағы қоржыннан Кирдің басын алып, меске толтырылған қанға өз қолымен батырған екен. Міне, бұл да осы ұлан байтақ даланың төсінде өткен қайсарлық. Бұл қасиеттер ұрпақ бойына оқумен, біліммен, үйренумен, талпынумен бітеді. Отанға, ел тарихына деген құрмет, ерлік рухын, ата салтын қалыптастыру, оны кеңінен таратуға, соның нәтижесінде оқушыларға білім мен тәрбие беруді жаңданды руда тарих пәні мұғалімдерінің рөлі ерекше.
Әр халықтың көне заманнан бері келе жатқан езіне тән әлеуметтік және мәдени мұрасы бар, әрі тәрбиедегі байлығы өз алдына. Қай кезенде болма-сын халқымыздан небір ойшыл, дана ғалымдардың, ұлы адамдардың шық-қанына оқушылардың көздерін жеткізе отырып, отаншыл, адамгершілігі жоғары, жан-жақты дамыған Қазақстан азаматын тәрбиелеуде тарих пәні үлес қосады. Әрбір Қазақстан азаматы отаншыл болмайынша, Қазақстан өркендемейді. Тарихын сақтар мен ғұндардан, әдебиетін Тоныкөк, Күлтегіннен, Қазақхандығы құрылғаннан бергі жыраулардан, музыкасын күй, терме, толғаулардан бастап айтып, оқып, естіп келе жатқан баланың рухани кіндік тұтқасы берік болып өседі. Отбасында жеті атасын, мектепте туған жер, ел тарихын оқып ер жеткен баланың көкірегінде халқына деген мақтаныш сезім орнайды. Себебі, балаға арғы атан батыр, би, шешен болған деп үйретеді, осының өзі патриотизмнің нағыз бастауы.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев: «XXI ғасыр қазақ халқының жұлдызы жан-ған ғасыры болатынынша сенемін» - дейді. Еңдеше, осы жұлдызы жанған ғасырдың азаматтарын тәрбиелеуге үлес қосайық.
Өз бетінше жұмысты балалар үлкендердің көмегінсіз, өздігінен орындауы үшін берілетін тапсырманың мақсаты айқын, оқушыға түсінікті болуы керек. Мұндай жұмыс тапсырылғанда оның ауыр-жеңілдігіне, қанша уақытта орындалатынына баса назар аударған дұрыс. Өз бетінше жұмысты сабақтың кез келген кезеңінде тапсыруға болады. Мысалы: жаңа сабақты түсіндіру кезеңінде, қайталау сабағында, сабақты бекіту кезеңдерінде, т. б.
Мұғалім оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыс түрлерін, әр пәннің ерекшелігін ескере отырып, алдын-ала дайындалуы керек. Сонда ғана сабақ жүйелі, өзіндік жұмыстар сапалы болады. Оқушылардың өздігінен жұмыс істеу әрекеті бірден қалыптаспайды. Ол өте күрделі болғандықтан, қарапайым сатыдан күрделі сатыға карай дамиды.
Білім беру жүйесіндегі жаңа бағыттар, Қазақстан тарихын оқытудың мақсаты, міндеттері, білім мазм9ны, оған қойылатын дидактикалық принциптер мен талаптар және оларды іске асыру шаралары негізделген "Қазақстан тарихынан тарихи білім беру тұжырымдамасы " жасалынды.
Бүгінгі таңда білім беру саласында болып жатқан өзгерістер, республикамыздағы мектепті реформалау ісі, педагогикағылымдарындағы соңғы жаңалықтар негізінде оқулықты оқыту үрдісінің негізгі өзегі, оқу пәнінің моделі деп қараумен қатар, біз оқулықты жеке тұлғаны жоғары сапамен оқытуға, елжанды азаматты төрбиелеуге, оның шығармашылық қабілеттерін дамытуға, өзін-өзі жетілдіруге, жеке түлғалық бағдарлы оқыту процесін тиімді ұйымдастыруға бағытталған құрал ретінде қарастырамыз. Оқулық-мемлекеттік білім стандартыньщ талабына сөйкес оқу бағдарламаларында анықталған білімнің дайындық деңгейлері мен оқу-әрекет түрлерінің негізделген минимумын дамытуы тиіс.
Тарих сабақтарында жаңа технологияларды пайдаланып ойлау қабілетін дамыту арқылы шығармашылыққа баулу Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы барысында орта білім берудің жүйелі реформалануы қоғамдық тұрғыдан үлкен маңызға ие. Білім беру жүйесі қоғаммен бірге дамып, онымен бірге үнемі езгеріп отырады. Қай кезеңде де жалпы білімнің атқаратын кызметі - жас ұрпақтың да нымдық дүниесін байытып, дамуын қамтамасыз ету.
Ел Президентінің Қазақстан халқына «Қазақстан - 2030» Жолдауындағы маңызды басымдықтардың бірінде - «Орта білім жүйесін одан әрі жетілдіру» - деп көрсетсе, 1999 жылғы 7-маусымдағы «Білім заңының» 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттык және жалпы адамзаттық қүұндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін жағдайлар жасау» - делінген. «Қазақстан Республикасының 2015 - жылға дейінгі білім беруді дамыту» тұжырымдамасында орта білім берудің мақсаты -жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуде, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға, өз бетінше дұрыс адамгершілік түрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру - деп көрсетілген.
Жоғарыдағы қүжаттар негізінде қазіргі таңдағы еліміздегі білім беру жүйесінің басты міңдеті - білім берудің ұлттық моделіне жету арқылы жас ұрпақтың білім деңгейін халықаралық дәрежеге жеткізу, жеке тұлғаның дамуына жағдай жасау, мектептен шыққан шәкіртті өмірге жан-жақты да-ярланған тұлға етіп шығару.
Тарих - мектепте оқылатын негізгі қоғамдық пәндердің бірі. Жеке түлғаны калыптастырып, дамыту үшін тарих пәнінің орны ерекше. Өйткені, бұл пән - адам баласының, барлық халықтың басынан кешкен оқиғаларын, мемлекеттердің құрылуы тарихын оқытады. Сондықтан ақын
М. Әлімбаев: «Тарихтың авторы мен жаны - халық,
Халықтың қимылының бәрі - тарих» ,– деп бекер айтпаған.
Өткенді білу арқылы болашаққа көз тіге аламыз.
Сабақ - оқытудың негізгі үрдісі. Оны есте қаддыру, оқушы санасына терең сіңіру әрбір мүғалімнің өзіңдік шеберлігін қажет етеді. Сондықтан пән мұғалімі қазіргі оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін, жетістіктерін пайдаланып сабақтың сапасын, ғылымилығын арттырып, оқушының өзіндік ойлау қабілетін дамытып, шығармашылыққа бағыттауы кажет. Тарих пәндерінде оқушыларға жас ерекшелігіне, бағдарламаға сай қоғамның даму тарихы туралы жүйелі білім бере отырып, ғылыми көз қарастарын қалыптастырып, өз бетінше жұмыс жасай білуге, саралай, тұжырымдай білуге үйретіп, шығармашылыкка баулимын. Оларды жүзеге асыру үшін оқытудың қазіргі технологияларын тиімді пайдалануға тырысамын. Көрнекті педагогтардың еңбектерін басшылыққа аламыз.
Қазіргі кездегі жаңа технологиялардың бірі деңгейлеп оқыту. Оқушының ойлау дағдысы бойынша 4 деңгейге бөлеміз.
Міндетті деңгей. Өзіндік жұмыстарды қиналып орындайды. Ойлау дағдысы қалыптаспаған. Бағдарлама көлемін дұрыс игермеген. Бұл оқушылар тарихи факті, дата, тұлғаларды жаттап алады.
Алгоритмдік деңгей. Өзіндік жұмыстарды өз бетінше орындауға ты-рысады. Мүғалімнің түсіндіргені бойынша айтып бере алады. Бағдарлама көлемін игерген. Ойлау дағдысы қалыптасқан.
Эвристикалық деңгей. Оқушы өзі ойланып, ізденіп, өзі қосымша әдебиетді пайдаланып жауап береді. Бұл тапсырмаларды орындағанда оқушының логикалық ойлау қабілеті дамиды.
Шығармашылық деңгей. Жаңа тақырыпты оқушы өзінің ізденуі арқылы шығармашылыққа ұмтылады. Мұғалімнің көмегінсіз әрекет ете алады. Ойлау дағдысы жоғары денгейде қалыптасқан. Берілген тапсырмаға өз бетімен мәнжазба, баяндама, зерттеу, саралау жұмыстарын жүргізе алады.
Оқушының ойлау қабілетін дамыту үшін қазіргі оқытудың түрлері: түсіндірмелі-иллюстративті, репродуктивті, проблемалы жеке ізденіс, зерттеушілік қолданылады. Осылар арқылы оқушының кызығушылығын ояту, танымдық-логикалық, шығармашылық қабілеттерін дамытуға болады.
2.3 Қазақстан тарихы сабағында көркем әдебиетті пайдалану арқылы эстетикалық тәрбие беру
Қазақстан тарихы сабағында көркем әдебиетті пайдалану.Оқулық зәрулігінің орнын толтыруда тарихи әдебиетті пайдаланудың мәні зор. Егер шындықты мойындасақ, біздің тарихшыларымыз саясат сойылын соғып немесе шын тарихымызды айтуға мүмкіндік жоқ. Кезде, әдебиеттеріміз ұлттық тарихымыздағы тарихи шығармаларды өз шығармаларына арқау ете білді. Ашып айтылып, толықтай тарихи деректермен негізделмегенмен, ұлтымыздың бай тарихының әр кезеңі көрініс тапқан әдеби шығармалар біршама. Бұл ретте жазушылар Ілияс Есенберлиннің, Мұхтар Мағауыиннің, Әбіш Кекілбаевтың, Қабдеш Жұмаділовтың, Тұрмыс Жұртбайдың, Қойшығара Салғариннің, Ақселеу Сейдімбековтың белгілі шығармаларын атап өткен дұрыс.
Ал Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың «тарих толқынында» деген еңбегін Қазақстан тарихын оқытудың методикалық құралы деуге әбден болады. Жалпы бұл еңбек өткен тарихымызды жаңаша сипаттауды қалыптастыруымен құнды.
Тарихи тақырыптағы әдебиеттерде де тарихи оқиғалардың нақтылығы болған және, т.б. деректер дәл келе бермейтіндігін ескеріп, оқушыға өз бетімен оқуға ұсынылатын әдебиеттердің қысқаша мазмұны мен қай кезеңдегі тарихи оқиғалардың мәніне қатыстылығы түсіндірілуі қажет. Сонда ғана оқушы ол материалды жақсы игере алады. Мәселен, әдеби шығармаларда жағымды, жағымсыз кейіпкерлер болатынын, шығарма алдына оосындай мақсат алдын ала қойылатыны оқушы білуге тиіс. Ал тарих ғылымы - тек жеңістер мен сәттіліктерді ғана дәріптеу емес, шыңдықты шынайы талдайтын ғылым. Тарихи кезеңді бізге үнамайды екен деп, өз тарихымыздан сызып тастай алмаймыз.
Бұл жерде тарихи әдебиеттерді пайдаланғанда тарихи деректердің жүйесін оқушылардың жас шамаларына қарай екшеген жөн. Тарихи әдебиетте оқуды тарих пәнін оқытуда қосымша білім көзі ретінде пайдаланғанда ғана оқушылардың ізденгіштігін арттырамыз. Пысықтау ретінде тарихи әдебиеттердегі оқиғаларды Қазақстан тарихының белгілі бір кезеңдерімен, формацияларымен теңестіре, салыстыра білу, тарихи деректерді талдау, оларды қазіргі заманмен орайластыра алу машығын үйретеміз. Қазіргі күллі қазақ тарихы қайта өрлеу кезеңін бастан кешіріп отыр. Тарихи тақырыптарды өзек еткен кітаптар көптеп жазылуда. Алайда оның бәрін реттті, ретсіз пайдалана беру оқушы зердесін ауыр, әрі біздің әлеуметтік тарихымыз бен мәдениетімізді тарихы ерекше ыждағаттылықты талап етеді. Осы орайда нақты тарихи жағдайды немесе тарихи тұлғаны басты нысан етіп алып жазыла бастаған шығармалар да баршылық. Енді Қазақстан тарихын оқытуда көркем шығарманы пайдаланудың маңызына нақтырақ тоқталсақ:
1.Тарих сабағында көркем әдебиетті пайдалану бәрінен бұрын оқушының тарихи фактіні ойына ұзақ сақтауына әсер етеді. Өйткені тарих қоғамдағы тап тартысын нақты дерктермен дәлелдесе, көркем шығарма сол фактілерді бейнелі кескінмен елестетеді. Әдебиет - сөзбен сурет салу емес. Ендеше тарихи деректі оқушының жай бір өтіп кеткен іс, оқиға, факті ретінде емес, адам тағдыры, оның басынан кешкен сан қилы оқиғалары ретінде түсініп, оған тарихи мән бере, тебірене қарауына ықпал туғызады. Мысалы, XIX ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы жұмысшылардың ауыр тұрмысын, орыс-қазақ жұмысшыларының езушілерге қарсы күрестерін көрсетуде Ғ. Мүсіреповтің «Оянған өлке» романынан мысалдар келтірген жөн. Әсіресе, Оралдан азып-тозып Қарағандыға қашқан жұмысшылардың аянышты халін, өндірістегі қазақ жұмысшыларының ауыр тұрмысын суреттеген тұстары оқушының есінде тарихи оқиғаны мәңгілік бейнелеп тұрады.
2.Тарих сабағында көркем әдебиетті пайдалану оқушыны еңбектене білуге үйретеді. Мысалы, 1916 жылғы көтеріліс басшысы Амангелді тарихи тұлға. Оқушы тарих сабағында Амангелді батыр бейнесімен тарихшы пайымдауы арқылы танысады. Ал енді батырды жазушы немесе ақын қалай сомдайды, характерін қалай ашып көрсеткен деген сұрақ бойынша оқушы ізденіс жұмыстарын жүргізеді. Сөйтіп, М.Жұмағұловтың «Қыран қазасы қияда» романы, Омар Шипин, Күдері Жолдыбаевтардың «Амангелді туралы жырларымен» танысып, оларды өзара салыстырады, сөйтіп өз дүниетанымындағы өзінің Амангелдісін жасап шығарады, ал бұл үлкен еңбекпен ғана келетін құбылыс.
3.Тарих сабағында көркем әдебиет жүйелі әрі үнемі пайдаланылса, оқушының тарихи мәселені түсіндірудегі ойын тартымды да көркем тілмен, көңілге қонымды баяндауына қолайлы жағдай туғызады. Оқушының сөздік қорын дамытып, пікірін нәрлендіреді, ойын оралымды баяндауына көмектеседі.
4. Егер тарихи әлеуметтік оқиғаны суреткер көркем образбен керемет жеткізсе, онда оқушыны тарихи тұлға арқылы(мысалы, «Абай жолы» романындағы Тоғжан, Ербол, Әйгерім, ¥лжан т.б, «Қан мен тер» романындағы Еламан, Рай т.б, «Ботагөз» романындағы Асқар мен Ботагөз т.б.) сұлулық пен әсемдікке, сезімталдылық пен саналылыққа, нәзіктік пен пәктікке, адамгершілік пен қайсарлыққа, шыншылдық пен әділеттілікке адам жан сырын, дүниетанымын түсіне білуге тәрбиелейді, яғни эстетикалық, рухани, мәдени тәрбие береді. 5. Үйлесімді әрі ұтымды пайдаланылған көркем әдебиет оқушының өз халқына, оның алдыңғы қатарлы дәстүріне, Отанына деген патриоттық сезімін оятады. Мысалы, XIX ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы таптық күрестің шиеленісуі, Исатай мен Махамбет басшылығымен болған 1836-1847 жылғы шаруалар көтерілісінің мәнін жеткізуде Махамбет жырларын және Ә.Әлімжановтың «Махамбеттің жебесі», Т.Әлімқұловтың «Қара ой» атты шығармаларынан үзінді пайдалану оқушыға керемет әсер қалдырған болар еді. Осы орайда айта кететін мәселе «қазақ тарихы» журналының 2002ж. №1 санында жарық көрген Қамбар Атабаевтың «қазақ баспасөзі - Қазақстан тарихының дерек көзі (1870-1918)» атты монографиясы туралы пікір де осы ойымызды дәйектей түседі. Себебі ұлттық тарихымызды жаңадан жазып жатқан ғалымдардың еңбегі жарық көруі ұзақ мерзімді процесс, әрі оны оқулық бағдарламасына ыңғайлап, әдістемесін жасағанша біршама уақыт кетеді. Сондықтан, мерзімдік баспасөзді үзбей қадағалап, қажет материалдарды екшеп алып, күнделікті тақырыппен байланыстыра түсіндіріп қоймай, оқушылардың өздеріне оқуды ұсыну, оны қалай игергенін пысықтау - олардың шығармашылық ізденіске жол ашып, сабаққа ынталылығын арттыра түседі. Ал мұның өзі гуманитарлық пәндерді оқып-үйренудің басты әдістемесі. Айталық, жазушы, ізденуші Қойшығара Салғараұлының Қытай мұрағаттарынан қазақ тарихына қатысты «Егеменді Қазақстан» газетінде жариялаған материалдар сериясы танымдық үлгіде болғанымен, оқушылардың үлкен қызығушылығын арттырады. Сондай-ақ, Күлтегін туралы, Еуразия университетінде ашылған мұражай жөніндегі баспасөз материалдары Қазақстан тарихын жаңаша пайымдауда үлкен көмек болды. Дегенмен де баспасөз материалдарын пайдаланғанда аса қырағы болу керек. Мәселе ел аузына кең тараған аңыз, хикаяларды көпетеген авторлар тарихи дерек орнына жиі пайдалатындығы. Ал тарих ғылымына ондай өлшемдер жүрмейді. Сол себепті де Қазақстан тарихын жалпы адамзат тарихының құрамдас бөлігі ретінде қарастырып, әсірелеуге жол бермеуге тырысу қажет. Ол үшін баспасөз материалдарындағы дерек көздерінің ғылыми құндылығын айырып алуға оқушыларды үйрете білу аса маңызды. Бұл жөнінде мерзімдік баспасөздердің ішінде «Егеменді Қазақстан» газетінде жариялаған «Қазақ мемлекетінің тарихы» сериясымен берілген таихшылар Клавдия Пищулина мен Нәжіп Мыңғұловтың, профессор Жанұзақ Қасымбаев, академик Манаш Қозыбаевтың мақалалары нақты тарихи фактілермен ерекшеленеді. 2002 жылдан бастап осы газет тағы да «Әлемге әйгілі» деген айдар ашып, Қазақстан тарихына қатысты тұлғалар туралы материалдар бере бастады. Сондай-ақ, «Қазақ тарихы» журналы, басқа да ғылыми-көпшілік басылымдар бар болса да, оқушылар өресін ескермеуге тағы да болмайды. Айта кететін мәселе, 1999 жылдың «Тарих және ұрпақ сабақтастығы жылы» болып жариялануына байланысты жергілікті баспасөздерде де өлке тарихына қатысты тұлғалар туралы материалдар көптеп жарияланды. Қорыта айтқанда, Қазақстан тарихын оқытуда мерзімдік баспасөздің ұтымды жағы мыналар:
1. Қазіргі өзгерістер заманында, ғаламдастыру жағдайында ақпараттар ағыны күшейіп, жаңа қоғамдық құбылыстардың жаппай ентелеп жатқан тұсында өз тарихымызды жедел оқып-үйренуімізге мүмкіндік береді.
2. Тарихи оқиғаларды осы кезеңментығыз байлансытыра қарауды жеңілдетеді.
3. Баспасөз материалдары тәуелсіздік тынысымен үндес келіп, сабақтың өз мақсатына жетуінде мұғалім еңбегін жеңілдете түседі.
4.Қазіргі салуатты оқулықтар жоқ кезде жарияланған материалдарды эпизодтық сипаттама емес, көз жазбай қадағалап, жүйелеп отырса, көптеген пайдалы қосымша мағлұматтар береді. Ал ұнамсыз тұсы - баспасөз материалдарында тарихи деректіліктің жетіспеуі. Осы тұрғыдан келгенде ұстаз міндеті -тарихи танымды әдеби әсірелеушіліктен айыра білу.
III. Мерзімді баспасөздегі деректерді тарихи фактілермен салыстыра алуы тәрізді және т.б. талаптарды ескерген дұрыс. Әрбір ұстаз өз сабағында жаңашыл әдіс-тәсілдерге сүйеніп, өз сабағын өткізсе, өскелең жастың өмірге нақты көзқарасын қалыпьтастыра алады. Сыныптан тыс сабақтарды оқушылармен көбірек өткізу, олардың сол пәнге деген қызығушылығын арттырады.
Сабақтың сапалы өтіп, мақсатына жетуі мұғалім мен оқушылардың сабақ үстінде атқаратын оқу қызметіне байланысты. Өзі оқытатын пәнге барлық оқушыға бағдарламағасай білім беру - әрбір мұғалімнің басты міндеті. Мәселен, тарихшы мұғалім бұл міндетті жүзеге асыру үшін өзінің алғашқы сабағынан бастап соңғы сабағына дейін барлық оқушының оқу қызметімен айналысуын қамтамасыз етуі тиіс. Бұл оңай шаруа емес. Мұны орныдау үшін мұғалім өз оқушыларының бойна кем дегенде мына үш сапаны (қасиетті): тарих пәнін оқып-үйренуге деген ынтаны, оны меңгеру үстінде жалпы пәнге деген жауапкершілік пен қызығушылықты және пәнді меңгеру тәсілдерін, яғни оқу қызметі тәсілдерін қалыптастыруы тиіс. Осы үшеуінің біреуі толық қалыптаспаған оқушыда тарих пәнінен жүйелі де баянды білім болуы мүмкін емес. Әрбір оқушы тарих пәнін оқып-үйренудің қоғам үшін де, өзінің жеке басы үшін де қажет екенін түсінісуі тиіс.
2. Көркем шығармашылық арқылы сабақ үстінде оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру.Тарих сабағына оқушылардың қызығушылығын, ынтасын арттыруда, есте жақсы сақтауында, тарихи материалды әсерлі әрі түсінікті оқып үйре-туде көркем әдебиетті, хрестоматия, тарихи дастандар, естеліктер, анықта-малықтар, фольклорлық, этнографиялық, мұрағаттық материалдардан үзінді, мұражайлар, кермелердің мүмкіндіктерін пайдаланған тиімді. Жоғарыда аталған қосымша материалдардың әрқайсысы өзіндік ерекшеліктері мен ортақ белгілерімен ажыратылады. Олардың біразы сол заманның куәгерлері немесе оқиға болған уақыттың бер жағында өмір сүріп бізге жеткен тарихи шығармалар. Мұндай туындыларды пайдаланғанда автор қандай көзкараста екенін, кандай әлеуметтік топтың мүддесін қолдап отырғанын дұрыс анықтап алған жөн. Көркем әдеби шығармаларында көпшілік жағдайда тарихи шындық бейнеленеді, оқушылардың көз алдына тарихи оқиға, ұлы тұлғалар бейнесінін әсерлі сипаттамасы елестейді. Мәселен, осындай материалды сабақта талдаған соң, орта ғасырдағы жәрмеңкеге бара жатқан шаруа, не қолөнерші туралы әңгіме құрастыр деген тапсырма беру окушылардың тарихи кезең туралы нақты және толық ұғымдарын қалыптастыруға ықпал етеді. Окушылар көркем әдебиет шығармаларын сыни тұрғыдан бағалауға үйренеді, ондағы кандай окиға шындық, ал қайсысы ойдан шығарылғанын талдап кәзі жеткен соң, өз ойын дәлелдеуге ұмтылады.
Мұғалім әңгімесінің бейнелі, нақтылы, әсерлі болуы оған окулык мәтінінен баска түрлі дерек көздері мен көркем әдебиеттен мәтіндерді бай-ланыстыра отырып әңгімелеу септігін тигізеді. Мұғалім көркем әдебиеттен ең айқын, әсерлі, түсінікті үзіңділерді іріктеп алып, тарихи оқиғаға немесе кайраткерге сипаттама береді. Көркем әдебиетті пайдалану окушылардың гарихтан білімдерінтерендетуге, адамгершілік касиеттерін калыптастыруға және ойлау кабілетін дамытуға көмектессді. Мұғалім коркем әдебиеттің мазмұнымен жаксы таныс болуымен катар одан ен маңыздыны тандап алып, үзіндіні пайдаланып және жаңа материалмен ұштастыра білуі кажет. Мұғалімдер тәжірибесінен байқағанымыздай, олар жаңа материалды түсіндіру барысында тарихи окиғаға байланысты көркем әдебиеттен қысқа да нұсқа, әсерлі үзінді пайдаланады. Көркем әдебеттен есте жақсы сақталатын әсерлі, бейнелі эпизодтар, айқын суреттемелер, эпитеттер, қысқаша суреттемелер, өткір де даналы сөздер қолданған тиімді. Мұндай жағдайда мұғалім әңгімесі баи түседі, тартымдылығы артады. Сонымен қатар оқушы-ларға өздігінше көркем әдебиетті окып келіп, ондағы ең маңыздыны таңдап, сол үзіндіні сабақта пайдаланып, оны талдау, оқушылардың ой-өрісін дамытуға елеулі үлес косады. Оқушыларға біркатар көркем туындылар әде-биетпәнінен белгілі болғаңдықтан, пәнаралық байланыс түріне проблемалық сұрақтар мен тапсырмалар қою арқылы естсріне түсіріп отырған да пайдалы.
Сабақта мұғалімге нақты көмек болу үшін мысалы, Қазақстан тарихын оқытқанда көркем әдебиетті пайдалану туралы кесте толтырғаны дұрыс.
Мұғалім бір ғана емес бірнеше деректерден үзінділер де пайдалана алады. Мұндай жағдайда біреуін өзі дауыстап оқып берсе, қалғандарын оқушылармен топ болып жұмыс ұйымдастырады. Әр топқа әр түрлі тапсырма: фольклорлык, этнографиялык, мұрағаттық және мұражай материалдарын беріп, сол бойынша талдау өткізіп, оқушылардын тарихи деректермен жұмыс істеу біліктерінің қалыптасуына себін тигізеді. Сонымен қатар мұражайларға, көрмелерге барып, одан кейін тәрбиелік-танымдық тапсырмалар орындауға, әр түрлі жазбаша жұмыстар дайындауға үйретеді. Мұнын өзі оқушы шардың өздігінше жұмыс істеу тәсілдерін меңгеруде пайдалы болмақ.
Тарихты оқытуда сөздік жұмысын жүйелі ұйымдастыру үшін анықтамалық, сөздіктер пайдалану оқушылардың ойлауын және сөйлеу мәдениетін дамытуға септігін тигізеді. Тарихты оқу барысында оқушылар көптеген жаңа қайраткерге сипаттама береді. Көркем әдебиетті пайдалану оқушылардың тарихтан білімдерін терендетуге, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға және ойлау қабілетін дамытуға көмектессді. Мұғалім көркем әдебиеттің мазмұнымен жаксы таныс болуымен катар одан ен маңыздыны тандап алып, үзіндіні пайдаланып және жаңа материалмен ұштастыра білуі қажет. Мұғалімдер тәжірибесінен байқағанымыздай, олар жаңа материалды түсіндіру барысында тарихи окиғаға байланысты көркем әдебиеттен қысқа да нұсқа, әсерлі үзінді пайдаланады. Көркем әдебеттен есте жақсы сақталатын әсерлі, бейнелі эпизодтар, айқын суреттемелер, эпитеттер, қысқаша суреттемелер, өткір де даналы сөздер қолданған тиімді. Мұндай жағдайда мұғалім әңгімесі баи түседі, тартымдылығы артады. Сонымен қатар оқушы-ларға өздігінше көркем әдебиетті оқып келіп, ондағы ең маңыздыны таңдап, сол үзіндіні сабакта пайдаланып, оны талдау, оқушылардың ой-өрісін дамытуға елеулі үлес қосады. Окушыларға бірқатар көркем туындылар әде-биет пәнінен белгілі болғаңдықтан, пәнаралық байланыс түріне проблема-лық сұрақтар мен тапсырмалар қою арқылы естеріне түсіріп отырған да пайдалы.
Сабақта мұғалімге нақты көмек болу үшін мысалы, Қазақстан тарихын
сөздер, ұғымдар мен терминдермен кездеседі. Мұғалім сабакқа дайындалғанда жаңа материал мазмұнында кездесетін термин сөздердің мазмұнын қалай ашып көрсету керектігін, оны қалай түсіндіретінін, қандай аныктамалықтар пайдалану керектігін алдын-ала ойластырады. Термин сөздердің мазмұнын:
— жаңа сөздердің мазмұнын ашып көрсеткенде, сол затты немесе оның бейнелерін көрнекі құралдар (найза, еңбек құралдары, т.б.) арқылы ауыз-ша түсіндіру;
— жаңа сөздердің мазмұнын оның шығу тарихы туралы айтуға және сол сөздердің құрамын талдау (мысалы, жаңа дәуір, тәуелсіздік);
— жаңа сөздердің мазмұнын оқушыларға бұрыннан таныс сөздердің көмегімен түсіндіру, яғни синоним ретінде мағынасы бірдей сөздің мәні түсіндіріледі (мысалы, раджа-арилердің сайланып қойылатын көсемі,т.б.);
— күрделі жаңа сөздермен жұмыс жасағаңда анықтамадан сол сөзді тауып, тақтаға жазып, оны белгілі бір образбен, ұғыммен байланыстырып, жан-жақты түсіндірген тиімді.
Мұғалім жаңа сөздерді тақтаға жазады, кадаскоп не компьютер аркылы көрсетеді. Оқушылар оны дауыстап оқиды (төменгі сыныптарда), дәптерлеріне қатесіз жазып алады. Оқушылардың есіне үнемі салып, үй тапсырмасын пысықтау барысында сөздік бойынша жұмыс жүргізіп, анық-тамадан тауып келіп мағынасын түсіндіруді, анықтамасын айтуды, сөзге тал-дау мен қорытынды жасауды талап етеді.
Тарих сабактарыңда қанатты сөздердің, мақал-мәтелдердің, бейнелеп суреттеудің орны ерекше. Мәселен, кейде тарихи оқиғаны баяндағанда мұғалім айқын, өткір сөздерді пайдаланып, белгілі бір фактінің мәнін терең ашып көрсетіп, оқушылардың санасында берік орнықтыруға мүмкіндік жасайды. Ол үшін оқушыларға төмендегідей сұрақтар қойған пайдалы:
— «Мемлекет дегеніміз-мен»деген кімнің сөзі?
— «Атамекен жері үшін, қасиетті елі үшін, болмай қалар кім батыр?»—деген кімнің жалынды сөзі?
— «Сүй елінді үйіндей, сүй үйінді еліндей»— деген сөзді айтқан жазушы кім?
Тарихты оқытуда оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру-да, тарихи материалды олардың сезіміне әсер ететіндей, түсінікті оқып үйре-нуде көркем әдебиетті, хрестоматия, тарихи дастандар, естеліктер, анықта-малықтар, фольклорлық, этнографиялық, мұрағаттық материалдар, қанатты, нақыл, даналар сөздерін, мұражайлар, көрмелердің мүмкіндіктерін пай-даланған тиімді.
2.4 Қазақстан тарихын оқыту арқылы тарихи сананы қалыптастырудың өзекті мәселелері
Қоғамның жаңа сапаға, жаңа дәуірге, жаңа ХХІ ғасырға қадам басу сәтінде тарихи білімнің рөлі арта түседі. Бұл барлық өркениетті жолдағы елдердің өмірінде көрініс тапқан құбылыс. Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев қоғамымыздың өзін-өзі, мемлекеттік тәуелсіздігін құндылық ретінде тану ісінде тарихтану саласына аса зор мән беріп келеді. Кезінде 1998 жыл Елбасы Жарлығымен Тарих жылы болып жарияланды. 2004 жылы мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы қабылданып биыл өзінің алғашқы қорытындыларын жасады. Елбасы бұл істің барысын өзі тікелей қадағалап отырды. Бұндай тәжірибе өзге елдердің тәжірибесінен де байқалған. Мәселен, Францияның президенті Ф.Миттеран 14 жыл ел басқарған кезінде француз мектептерінде тарих пәнін оқыту ісінің жаңғыруына үлкен ықпал жасаған. Билік пен тарих ғылымының өзара байланысы тақырыбында француз телевизиясына берген сұқбатында ол: «Тарихшы қоғамның тәрбиешісі міндетін атқаруға тиіс, өйткені ол өткенді біледі, сондай-ақ қазіргі кезеңді кімнен болса да жақсы түсіндіріп бере алады» деген ойды айтқан. /1/
Бүгінгі Түрік Республикасының негізін қалаушы Мұстафа Кемал Ата-түрік түрік халқының рухани жаңғыруын оның жаңа сападағы тарихи танымның қалыптасуымен байланыстырған. Оның тікелей басшылығымен «Туркия тарих құрымы (1932)», «Туркия тіл құрымы (1933)» өмірге келген. Туркия мектептері үшін тарихтан оқулықтар жазу ісін өзі басқарып, қадағалап отырған. Ал өмірден озар алдында бар жиған-терген қаржысын «Туркия іс банкіне» (елдің ең ірі банкісі) тапсырып, одан түскен түсімді өзі құруға мұрындық болған орталықтардың қажетіне жұмсауды өсиет еткен. Бүгін ол аталмыш банк қаржысының шамамен 1/3 бөлігін құрайды. /2/
Қазақстанда жаңа мемлекет құру кезінде отандық және әлемдік тарихты білім жүйесінде оқытуға қажет көптеген жағымды жағдайлар қалыптасты. Әсіресе, отан тарихын оқыту ісіне көп көңіл бөлініп отыр. Білім және ғылым жүйелерінде тарихты зерттейтін жүздеген ғылым кандидаттары мен докторлары қызмет етіп жүр. Ал мектептердегі тарих пәнінің оқытушылары қаншама. Міне, осы тарихшы-мамандардың бүгінгі кезеңдегі ортақ мәселелері шаш-етектен десе де болады. Солардың ең бастыларының қатарына тарихтану саласындағы зерттеулерді және тарихты мектептерде, орта және жоғары оқу орындарында оқытуды жаңа сағаға көтеру болып табылады. Тағы бір үлкен мәселе жаңа қоғамымызда тарихи сала мен тарихи танымды қалыптастыру болып табылады.
Тарих қазіргі уақытта гуманитарлық және қоғамдық ғылымдардың арасында терең сілкіністер мен өзгерістерді басынан кешіріп отырған сала. Бұл қоғамда, оның ішкі рухани өмірінде болып жатқан түбегейлі өзгерістерден туындаған құбылыс. Барлық аумалы-төкпелі, өтпелі замандарда қоғамның мәдени-рухани құндылықтардың алмасуы ең алдымен тарихи танымдағы өзгерістер арқылы жүрген. Мұндай өзгерістерден басқа гуманитарлық білім мен ғылым салалары сияқты тарихтану да шет қала алмайды. Арпалысты заманда халқымыздың дүниетанымын қалыптастыру ісінде тарих ғылымы өз міндетін атқаруға тиіс.
Ал бүгінгі тарихтану ғылымының жағдайын бір ғана сөзбен сипатау қиын. Тарих ғылымы мен тарихшы мамандар идеологиялық қыспақтан, шектеулерден құтылды. Ол рас. Міне, ол он-он бес жыл төңірегінде еркін жағдайда өмір сүре бастады. Бұл аса маңызды фактор. Ақыл-ойдан шектеулік алынбай, ғылым көсіліп шаба алмайды. Бірақ өмірдің өзі көрсетіп отырғандай, бұл фактор жетімсіз болып шықты. Зерттеуші ғалымдар енді қаржы тапшылығының қыспағына түсті. Отан тарихының өзекті мәселелеріне арналған іргелі зерттеулердің, білім жүйесі мұқтаж болып отырған оқулықтардың жарық көруі кешеуілдеп жатса, оның себебін осы қаржы тапшылығынан іздеген жөн. Мәселен, батыс елдерінде, Ресейде жақсы оқулық әзірлеу үшін тәжірибелі профессорларды 2-3 жылға шығармашылық жұмысқа жібереді. Арнайы грант бөлінеді. Ал біздің білім жүйеміз енді ғана қалыптасу жолына шықты. Ол біздің ертеңгі мемлекеттік, ұлттық болмысымызды айғақтайтын болады. Білім жүйесін жоғары саладағы оқулықтармен қамтамасыз ету ісін әлі де шеше алмай отырмыз.
Тәуелсіз мемлекетіміздің 15 жылдық нығаюының бірден-бір көзі, тарихи сананың артуы десек қателеспейміз. Сананың артуы десек қателеспейміз. Жалпы тарихи сана—қоғамның сананың ерекше түрі, тарихи үрдістердің рухани жағы және нақты іс-әрекеттерден туындайтын категория болып табылады.
Кең тарихи сана еліміздің мемлекеттік идеологиясының түп-қазығы, қазақстандық ұлтжандылық ұғымының негізінде жататын басты фактор болуы қажет. Сол сияқты отандық тарихтан мол хабары, өз көзқарасы бар, тарихи санасы мен танымы қалыптасқан азамат кез-келген тарихи бұрмалаулар мен арандатуларға берілмейтіндігі анық. Сондықтан, азаматтарда кең тарихи сананы қалыптастыруда мемлекеттің ұлттық қауіпсіздік саясаты тұрғысынан бағалау қажет деп ойлаймыз.
Бүгінгі таңда азаматтарда тарихи саланы қалыптастыру қоғамның сұранысынан туындап отыр деп ойлаймыз. Оған жаңа үрдістердің қалыптасуы көпұлттылық, көпконфессиялық т.б. жатады. Азаматтарымызда кең тарихи сананы қалыптастыруға мемлекет тарапынан ерекше көңіл бөлінуі тиіс және ол үш құрамдас бөліктен құралатын кешенді бағыттан тұруы қажет.
Бірінші бағыт—Қазақстан тарихының әр түрлі деңгейдегі оқу орындарындағы оқыту дәрежесін үнемі жетілідіріп отыру. Бұл—аса маңызды стратегиялық бағыт. Себебі, отандық тарихтан мол деректі азаматтарымыз жас уақыттарында, түрлі дәрежедегі оқу орындарында алады және олар тарихи сауатты, Өзіндік ойлау жүйесі барлардың қатарын үнемі толықтырып отырмақ. Сондықтан, Қазақстан тарихын оқытуды жетілдіру үшін қажетті шаралар үнемі іске асырылып отыруы тиіс. Сапалы оқулықтарға, оқу-әдістемелік құралдарға, бағдарламаларға зәрулік әлі де толық шешімін тапқан жоқ. Отандық тарих ғылымында әлі күнге дейін тарихи дамудың формациялық және өркениеттік түрлерінің аражігі ашылып, қай бағытты ұстау керектігі анықталмаған, бұл бағыттарды жақындастыратын нақты қағидалар мен әдістер әлі жоқ. Ал тарихи сананы танымды қалыптастыру үшін нақтылық қажет.
Қазіргі кездегі тарихты үздіксіз тарихи білім жүйесі тұрғысынан алып қарағанда, мектеп оқулықтарындағы кемшіліктерді де айту қажет. Мысалы, 5-сыныпқа арналған Отан тарихының жаңа буын оқулығы сол жастағы балаға сәйкес пе, күрделі емес пе? деген сөзді естіп жүреміз. Мұны мектеп мұғалімдері жиі айтады. Ал тарихи сананың қалыптасуының алғашқы сатысы мектеп екенін ойласақ, ол еріксіз көңілді алаңдатады. Жоғары мектептерде отандық тарихты оқытудың тиімділігін арттыруда тарихшы емес мамандықтарға бөлінетін уақыт мөлшері министрліктен берілетін типтік оқу жоспарында біркелкі болуы керек. Бұлай жасаудың көп артықшылығы бар. Сонымен бірге, Қазақстан тарихынан арнаулы курстардың аясын кеңейту керек.
Екінші бағыт, отандық тарихты қолда бар құралдарды, мүмкіншіліктерді пайдалана отырып, халық арасында кең насихаттау. Сол арқылы тарихи сананы, көзқарасты қалыптастыру. Ол қазақ, орыс тілдерінде жүріп жатуы тиіс. Мұндай насихат бізде радио және телехабарлар арқылы да іске асырылады, бірақ оның өзі жүйелі түрде жүргізілмейді.
Үшінші бағыт—Қазақстан тарихының тереңдей зерттелуі. Бұл бағытта елімізде бірталай істер атқарыла бастады. Тарихымыздың «ақтаңдақ беттері» парақталып, терең зерттеулер өмірге келуде. Бұл мәселеде ҚР Ұлттық ғылым академиясының Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының орны ерекше екенін атап айтқанымыз абзал.
Сонымен, кең тарихи сананы жаңа тарихи танымды қалыптастыру кезек күттірмейтін өзекті мәселелердің бірі. Оның азаматтарда кең тарихи сананы қалыптастыру мемлекеттік саясатта күн тәртібінен түспейтін бағыт болып қала беруі тиіс.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғалы бері біздің еліміз азаматтарының тарихи білімін көтеруге ерекше көңіл бөлінуде. Бұл маңызды істің бастаушысы да, үлгісі де ел Президенті Н.Ә.Назарбаев. Оның жарияланған еңбектерінде тарихқа маңызды орын беретінін былай қойғанда, жасаған баяндамалары мен сөйлеген сөздерінде де тарихтың маңызын баса көрсетіп отырады. Тарихты оқыту деген «Қазақстанның азаматы ғасырлар тоғысында өзінің арғы—бергі тарихы жолын ой елегінен өткізіп, кеше кім едім? Бүгін кімбіз? Ертең кім боламыз?» деген төңіректе ойлансын деген сөз. Бұл-әрбір азамат тарих қойнауына ойша тереңдеу арқылы өзінің ата-бабалары қалдырған осындай кең-байтақ жердің лайықты мұрагері болуға ұмтылсын деген сөз /3/-деп атап айтқан еді. ҚР Президенті Н.Ә Назарбаев.
Соңғы жылдары еліміз мектептерінде тарих пәнін оқытуды жақсартуға бағытталған маңызды іс-шаралар жүзеге асырылды.
Мемлекет атынан қабылданған гуманитарлық білім беру, тарихи сананы қалыптастыру туралы тұжырымдамаларда көрсетілген негізгі бағыттар тарихты оқытудың әдіснамалық мәселелерін дұрыс анықтауға нақты көмек болды.
Мектептегі Қазақстан тарихының мазмұнын байыта түсетін, жаңа деректермен толықтыратын маңызды-маңызды беделді еңбектер жарық көрді.
Олар: 1995 жылдан шыға бастаған Қазақстан тарихы: Көне заманнан бүгінге дейін, бес томдық, Алматы, «Атамұра»; Қаңтар, 1-9 томдар, ертеден қазірге дейін, Алматы, 1998; 6 томдық Қазақстан ұлттық энциклопедиясы; М.К.Қозыбаев. Казахстан на рубеже веков: размышления и поиски, 1-2 книги. Алматы, 2000; Қойгелдиев М., Омарбеков Т. Тарих тағылымы не дейді. Алматы, «Ана тілі», 1993; Кеңес Нүрпейісов Алаш һәм Алашорда. Алматы, 1995; М.Жолдасбеков, т.б. «Елтұтқа», Астана 2002; М.Қозыбаев. Отан тарихы: ақиқат пен аңыз. // Егемен Қазақстан. 14 сәуір, 2000. т.б.
Мектептегі тарих сабағын ғылыми-әдістемелік жағынан қамтамасыз ету бағытында айтарлықтай жұмыс атқарылды. Тұңғыш рет тарих пәнінің мемлекеттік білім стандарты жасалды, жаңа оқу бағдарламалары мен жаңа буын оқулықтары дайындалды, оларға біртіндеп өту басталды. Оқулыққа қосымша үштен оқу-әдістемелік кешен (ОӘК) дайындалды. 8-11 сыныптар үшін байқау оқулықтары мен ОӘК жарық көрді.
Қазақстан Республикасының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени өмірінде болып жатқан маңызды өзгерістер, тарих пәнін оқытуды жақсартуға бағытталған жоғарыда айтылып өткен іс-шаралар Қазақстан тарихын оқыту сапасын әлде қайда жақсартуды, оқушы-жастарды қазіргі қоғам талап етіп отырған деңгейде оқытып тәрбиелеуді талап етеді.
Осыған орай біз қазіргі кезеңде мектепте Қазақстан тарихын оқытудың бірқатар өзекті мәселелеріне тарихшы мұғалімдердің назарын аударамыз.
Енді Қазақстан тарихын оқытудың өзекті мәселелеріне келейік. Оларға мыналар жатады:
Курсты оқытудың әдістемелік мәселелері.
Оқытылатын тақырыптың, сабақтың мақсаты мен міндеттерін анықтау.
Курстың тәрбиелік міндеттерін жүзеге асыру.
Тарих сабақтарының дамытушылық міндеттерін жүзеге асыру.
Оқытудың ұйымдастыру формаларын таңдау.
Оқыту әдіс-тәсілдерін іріктеу.
Жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану туралы.
Оқушыларды жаңа материалды оқып-үйренуге ынталандыру.
Сабақтастықты, пән, курсаралық байланыстарды жүзеге асыру.
Қазақстан тарихынан сабақ беретін жақсы мұғалімнің бейнесі.
Енді осылардың 2-3-іне толығырақ қарастырайық:
А) курстың оқытудың әдіснамалық мәселелері. Егер тарих пәні әдіснамалық тұрғыда, яғни оның аса маңызды мәселелері дұрыс, шындық тұрғыда оқытылмаса тарихтың оқыту сапасын жақсарту қиын.
Қазақстанда тарихтағы бұрмалаушылықтарды жою, ақтаңдақтардың орнын шындық фактілермен толықтыру жөнінде бірқатар елеулі шаралар жасалғанына қарамастан, әлі де дұрыс шешуді күтіп тұрған ғылыми мәселелер баршылық. Тарихшы мұғалімдер оларды шындық тұрғыда оқыту үшін біз жоғарыда көрсеткен еңбектердегі негізгі ұстанымдарды басшылыққа алып отырғаны дұрыс.
Осы курстың ХХ ғасырға дейінгі және онан кейінгі тарихи кезеңдеріне қатысты бірқатар мәселелер, атап айтсақ, Қазақстан жерінде алғашқы адамдардың пайда болуы, Қазақ халқының құрылуы, Орталық Азия мен Қазақстан жеріндегі көшпелілер өркениеті, Қазақ мемлекетінің тарихы, Қазақстан Ресей империясы қол астында, ұлт-азттық қозғалыстар, алфавиттің үш рет өзгертілуі, Қазақстандағы ұлт саясаты, демографиялық жағдай, басқа да бірқатар мәселелер жатады. Бұл мәселелерді мектепте шындық тұрғыда оқыту үшін олар туралы жүргізілген соңғы зерттеулердің нәтижелерін үнемі ескеріп отыру керек. Мұның қажеттігін мыналармен негіздеуге болады. Көп уақыт бойы Қазақстандағы отаршылдыққа қарсы қозғалыс 18ғ. 70-80 жж-да басталды делініп келді. Ал шынында да, ол 16ғ-ң 90-90 жж-нан Ермактың Сібір хандығының жеріне шабуыл жасауынан басталған. Немесе, Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс 1837 жылы ғана басталған жоқ, ол қозғалыс Кенесарының ағалары Есенгелді мен Саржанның 20-30 жж отаршылдыққа қарсы жүргізілген қозғалыстарынан бастау алып, одан әрі өрістеді... 1959 ж. Теміртау қаласындағы оқиғалар, 1970-1980 жж әртүрлі наразылықтар, 1979 жылғы Ақмоладағы ереуіл, 1986 жылғы Алматыдағы Желтоқсан оқиғалары, 1989 жылғы Жаңаөзен қаласындағы қазақ жастарының бас көтерулерінің бәрі ұлт саясатының бұрмалануына қарсы болған қозғалыстың түрлері. Бұлар тарих оқулықтарында әзірге түгел көрсетілмеген.
Ә) Курстың тәрбиелік міндеттерін жүзеге асыру. Бұл мәселеге ерекше назар аудару қажет болып отыр. Оның екі себебі бар: біріншіден: кеңес мектептерінде тарих сабақтарының тәрбиелік міндеттері сыңаржақ анықталды. Оның басым бағдары оқушыларды мрксизм-ленинизм идеясына берілгендік, дүниежүзінде капитализмнің құрып, коммунистік қоғамның салтанат құратытына сендіру, социалистік идеологиядан басқа идеологияларды жек көру рухында тәрбиелеу болды. Бұлардың теріс бағыттар екендігін өмір тәжірибесі көрсетті. Мұның өзі тарих сабақтарындағы тәрбие мәселелеріне көзқарасты өзгертуді қажет етіп отыр; екіншіден: соңғы 10-15 жылда тарих сабақтарының тәрбиелік мндеттеріне, оларды жүзеге асыруға ойдағыдай көңіл бөлінбейтіні байқалады. Ал, шындығында тарих сабағында оқушылардың дүниеге көзқарасын қалыптастыруға, адамгершілікке, отаншылдыққа, қаһармандыққа, ұлтжандыққа, барлық халықтарды құрметтеуге, олармен достық қатынас орнатуға, еңбексүйгіштікке, діннің тарихтағы рөлін дұрыс түсінуге тәрбиелеуге, оларға эстетикалық, экологиялық, экономикалық тәрбие беруге толық мүмкіндік бар. Оқушыларға сабақ үстінде тәрбие берудің ерекше әдіс-тәсілдері жоқ, күнделікті тарихты оқыту әдіс-тәсілдері пайдаланылады. Әңгіме сол әдістерді қолдану тәсілдерінде және олардың әсерлілігінде, эмоциялылығында. Мұғалімнің тебірене айтқан әңгімесі; тарихи романнан оқыған бір-екі минуттік әсерлі үзінді; экранға түскен кино, оқу фильмдерінің фрагменттері; ғимараттарға берілген әсерлі сипаттама; 1992-1994 жылдардағы қазақ балабақшалары мен мектептерінің жабылып жатқандығы туралы келтірілген баспасөз материалдарын талдап, олардан оқушылардың өздеріне қорытында жасату; жеке қайраткерлердің (хандардың, билердің, байлардың, қоғам, мемлекет қайраткерлерінің, «Алаш» партиясы көсемдерінің) портреттерін іліп қойып, адамгершілік қасиеттері мен қайраткерлік істерін талдау т.б. тиімді қолданылған жағдайда оқушылардың ішкі жан-дүниесі әсер етеді. Оларды толғанысқа түсіреді, тебірентеді, демек, тәрбиелік мақсатқа қолданылған әдістің нәтижесі оқушының жүрегіне, санасына, сезіміне, сеніміне әсер ету арқылы көрінеді. Сабақтың тәрбиелік міндетін жүзеге асырудың күрделілігін ескере отырып, осы тақырыпта арнайы мақалалар жарияланады. /4/
Б) жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану туралы.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білімді дамыту тұжырымдамасында «Орта білім берудің мақсаты—терең білім, кәсіби дағдылар негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамыту және өз бетінше дұрыс адамгершілік тұрғысынан шешім қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру» деп көрсетілген. /5/
Осыған байланысты білім беру сапасы бойынша басты назар адамның алған білімін қолдануына қажетті және үздіксіз оқуға мүмкіндік беретін біліктер жеткен дағдыларды қамтитын сапалы білім беру жүйесін құруға бағытталуы қажет. Қоғамдағы түбегейлі өзгерістер білім беру жүйесіне көптеген жаңалықтар енгізуде. Тарих пәнін оқушыларға оқытып үйретуде мұғалім үнемі өзінің ой-өрісін кеңейтуге, біліміне білім қосуға тиіс және оқытудың жаңа технологияларын меңгеруі қажет. Педагог-ғалымдар қазіргі кезде қолданып жүрген білім беру технологиясы терминін әр қырынан ашып көрсетуде. Түсіндірме сөздікте «Технология—бұл қандай да болсын істегі, шеберліктегі, өнердегі амалдардың жиынтығы» делінген. /6/
Б.Лехачев педагогикалық технология оқу үрдісінде белгілі бір мақсат көздейтін педагогикалық ықпал десе, В.И.Беспалько «Оқу үрдісін жүзеге асырудың мазмұндық техникасы» деген анықтама береді. М.Кларин «Педагогикалық технология—белгілі бір мақсатқа қол жеткізу жолында қолданылатын барлық қисынды ілім, амалдар мен әдіснамалық құралдардың жүйелі жиынтығы және жұмыс істеу реті» деп жазады.
Педагогикалық әдебиеттерде білім берудің, соның ішінде тарихи білім берудің төмендегідей технологиялары ұсынылады. Бірінші, дамыта оқыту; Екінші, модульдік дамыту; Үшінші, ірі-блоктық оқыту; келесі, перспективалық оқыту; Бесінші, оқу матриалдарын сызбалық және белгілік үлгілерінің негізінде жеделдетіп оқыту; алтыншы, жекелеген оқыту; Жетінші, сынып ішінде салалап оқыту технологиясы т.б.
Оқушы-білімгерлердің танымдық белсенділігі мен іздемпаздығын қалыптастыру мәселесіне педагогтардың психологтардың көптеген еңбектері арналған. Мәселен, белгілі антикалық ғалым Сократ оқыту үлгісінде оқушылардың іздемпаздығын арнайы басқарып отырудың керектігі туралы айтқан болатын. Кейіннен бұл қағидалар Я.А.Коменский, А.Дистервег, т.б. еңбектерінде дамытылды. Сондай-ақ, М.Скаткиннің, И.Есимовтың, И.Я. Лернердің, М.И.Шамовтың зерттеулерінде бұл мәселеге айтарлықтай көңіл бөлінді. Қазіргі кезде осы заманғы білім берді дамытуға қатысты 50-ден астам оқыту технологиясы қоланылып жүргендігі мәлім.
Біздің әріптестеріміз—тарихшы ұстаздар өз шәкірттеріне мемлекеттік білім стандартарында, оқу бағдарламаларында көрсетілген талаптарға сай білім, тәрбие беремін, өмірде қажет болатын біліктер мен компетенцияларды қалыптастырамыз десе, өздерінің күнеділікті тәжірибелерінде жаңа педагогикалық технологияларды кеңінен ендіруге белсене кірісу керек. Әрине, оған белгілі дайындық қажеттігі түсінікті.
Сонымен, тарих ғылымындағы және оны оқытудағы кезек күттірмейтін мәселелер мен оны шешудің жолдары біздің ойымызша осындай. Біздің міндетіміз—ұсыныс айтып, оны шешудің жолдарын көрсету болса, мемлекет оны жүзеге асыруға жетекшілік жасау тиіс деп ойлаймыз.
ҚОРЫТЫНДЫ
Тарихи санасы толық қалыптасқан адам ғана өмірдегі, қоғамдағы өз орнын дұрыс анықтай алады. Тарих сабақтары оқушылардың өткен кезеңдердің ұлы істерін басынан кешіріп, саралауына, кейінгі ұрпаққа үлгі боларлық қасиеттердің барлығын пайдалана білулеріне бағыттайды. Тарих –бүкіл халықтың жан дүниесінің көрінісі.
Адамзат жасаған материалдық және рухани игіліктерді мирас етіп, оларды еселеп бере алатындай етіп тәрбиелеу - салауатты қоғамның мәңгіден келе жатқан тілегі. Қазақ халқының тарихында бірегей рухани тәжірибе, аса бай интеллектуалдық және адамгершілік яки, күш-жігер, ұшан-теңіз жан дүниесінің маржандары мен шығармашылық ой-қабілетінің күш-қуаты бар. Халық мінезінің ең жақсы ерекшеліктері-бұл атамекенге деген шексіз сүйіспеншілік. Шәкірттің жалпы даму процесі,адамзаттың серпінді қозғалысының зандылықтары ғана емес, сонымен бірге тарихи қайраткерлердің жеке басы, олардың азаматтық тұлғасын, тарихи фактілерді ақыл-ойымен қабылдаса, өзін интеллектуалдық жағынан байыта түседі. Тарихи зерде - өз халқының өткеніне деген құрметі, сүйіспеншілік қөзқарасының іргетасы.
Отан - әрдайым туған анамызбен бір деңгейде тұратын, тіпті мазмұны жағынан одан әлдеқайда биік бағалануға тиісті ең қасиетті, ең ұлы анамыз.
Белгілі ақын және саяси қайраткер М. Шахановтың айтуынша қазақстандық патриотизмнің бастауында қазақ халқының еркіндік пен тәуелсіздік үшін күресінің белгісі болған үш ірі тарихи оқиға тұр:
Отырар шайқасы. Шыңғыс хан әскеріне қарсы алты ай күрес қазақ халқының зор рухани күшін әлемге танытты.
Еркіндік пен ұлттық мемлекетілікті сақтап қалу үшін болған бір жарым ғасырға созылған жоңғар басқыншыларына қарсы күрес.
1986 жылғы желтоқсан оқиғасы. Тоталитарлық режимге қарсы алғашқы бас көтеру қазақ жерінде болып, әлемге өлмеген ұлттық рухты паш етті.
Біздің тарихымыз өте бай. Сол тарихта орын алған тұлғалар, батырлар өмірі, саяси қайраткерлер, қиын-қыстау кезіндегі халықтың ерлігі қазіргі жастарда отансүйгіштік қасиетті тәрбиелеуде үлгіге айналуы тиіс. Өз елінің тарихы үшін, ата-бабаларының жасаған ерліктері үшін үлкен мақтаныш сезімін тәрбиелеу арқылы отансүйгіштік қасиетті бойға сіңіре білу. Өзінің тіліне, дініне, тарихына, діліне деген сүйіспеншілікті қалыптастыру. Тіл, діл, дін - тұтас ұғым. Осы тұтас ұғым ұлттық өлшем. Осының бірінен ажырағанда ұлт ұлт болып қалыптасудан қалады.
Жастар өз елінің тарихын зерделей отырып, өз бойларынде келесі қасиеттерді қалыптастырады:
көрнекті қайраткерлердің, қарапайым халық өкілдерінң тарихтағы орнын бағалау;
халықтар тағдырының ортақтығына, әдет ғұрыптарының, салт-дәстүрлерінің оортақтығына назар аудару;
ұлттық мәдени-тарихи құндылықтарымызды бойына сіңіру.
Бүгінгі күні төл тарихымызды оқытудың басты міндеті – жастарды адамзаттың өткен тарихымен таныстыру, дүниежүзілік мәдениеттің басты-басты жетістіктерімен сусындату, өткен тарихты сын көзімен талдай отырып, келешекті бағдарлайтын, шығармашылықпен ойлана отырып, олардан дұрыс қорытынды жасай алатын, тарихи декертермен өздігінше жұмыс істеп, өз білімін үнемі толықтырып отыратын азамат тәрбиелеу.
Ұлттық сана-сезімді қалыптастыру қажет. Ұлттық сана-сезім. Деген туған-туысыңның, ағайыңныңның жағдайын емес, ұлтыңның қамын ойлау деген сөз. Ең алдымен жастарда ұлтжандылықты тәрбиелеу керек. Жас отансүйгіш-қазақстандық - ол ұлтжанды азамат болуы тиіс. Олар ең алдымен елім, жерім, ұлтым аман болса екен деп ойлайтындар.
Қазақ халқының өткені мен бүгінін таразыға сала отырып, келешегіне отаншылдық туын арқау еткен асқақ, жандары таза жас ұрпақты тәрбиелеу мен қасиетті отанының қадірін ұғындыру, ар, намыс, ождан сөздерін ұлт, атамекен, халық сияқты киелі түсініктермен байланыстыру арқылы болашаққа бағыт сілтеу әрбір ұстаздың міндеті.
Неліктен қазақстандық патриотизмді қалыптастыру мәселесі Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде ең басты бағыттардың бірі болып табылады? Білім беру мекемелері қазіргі заман талаптарына сай, кәсіби дайындығы жоғары маманды дайындап қана қоймай, рухани-адамгершілігі жоғары мамандарды дайындау қажет. Оқу орындарының түлектері біздің қоғамда тек қана білікті маман ғана емес, патриот – азамат ретінде де қажет. Бүгінгі күні мемлекеттік білім беру бағдарламасында тәрбие жұмысының негізгі мақсаты - Қазақстандық патриотизм, азаматтық, ізгілік және жалпы азаматтық құндылықтар идеяларының негізінде тәрбиеленушінің жеке тұлға ретінде сапа қасиетін қалыптастыру деп атап көрсетілген. Білім беру мен тәрбиенің негізгі міндеті - өз елінің азаматын, патриотын тәрбиелеу болса, осыған сәйкес «қазақстандық патриотизм мен азаматтылық» жас ұрпақтың тәрбиелік деңгейін бағалаудағы көрсеткіш болып табылады. Ұлттық патриоттық сезімін қалыптастырудың, адамгершілікке негізделген ұлтаралық береке-бірлікті, ынтымақтастықты, бейбітшілікті нығайтудың маңызы зор. Осыған байланысты жас ұрпақты отансүйгіштікке, ерлікке, адамгершілікке, елін, жерін қорғауға, шыншылдыққа, төзімділікке тәрбиелеу қажет.
Қазақ халқы қазіргі жағдайда өзінің тәуелсіз мемлекетінде өмір сүре отырып, ұлттық қасиетінің негізі – тілін, дінін, салт-дәстүрін дамытуға тиіс. Көпұлтты Қазақстан халқы үшін отансүйгіштік сезімнің рухани саладағы тату-тәттІ тірлік, азаматтық келісімге ғана емес, мемлекеттің әлемдік өркениетті елдер көшіне қосылып, дүниежүзілік қауымдастықтың негізін нығайтуға да тікелей ықпалы бар. Отансүйгіштік рух – қазақ елінің лайықты орын алуына мүмкіндік беретін бірден-бір күш.
Елдің тәуелсіздігі көп нәрсеге ой салдырады. Мұнда тарихи сананы ояту, жоғалғанын өзіне қайтару, өрлеу дәуіріне жол ашу деген мағына, сондықтан қазақстандық патриоттық тәрбие деген ұғым тек қана айтыла салатын дерексіз ұғым емес, ол ең алдымен нақты, өз ұлтына, сонда тұрып жатқан халықтарға берілген, адал еңбек ете алатын, жалпы халықтық, әлеуметтік мәдениетті түсініп, білетін соның нұсқаларын өз халқының қажетіне жарата алатын, басқалары түсіне білетін нағыз адам сүйгіштік, қазақстандық патриоттық рұхтағы белсенді адамдарды тәрбиелеу үшін керек.
Тәрбиенің негізі, оның мақсаты, міндеті, мазмұны, түрі, құрылымы, әдісі, тәсілі, заңдылықтары, принциптері, құралдары бар. Сол сияқты қазақстандық патриотизмнің мақсат, міндеті, түрі, әдіс-тәсілі бар. Егер патриоттық тәлім-тәрбиемізде осы негіздер болмаса ол жәй сөз болып қалуы мүмкін. Өзін-өзі білмеген адам өзінің кім екенін түсінбейді.
Қазақстандық патриотизмнің негізі-ежелгі ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып, аңыз, ертегілер, жырлар, кешегі кеңестік ортақ дәуір, Ұлы Отан соғысындағы түрлі ұлт өкілдері-қазақстандық батырлардың ерліктері туралы тарихи деректер болып табылады.
Тарих тұңғиығынан Қазақстанның мәдени қазыналарын тауып, бүгінгі ұрпақтың ол байлықты сақтауына, танып білуіне, рухани-мәдениет саласындағы білімін дамытуға ұсынған еліміздің ғұлама ғалымдарының қажырлы еңбектері – жастардың патриоттық тәрбиесінің асыл арналары.
Қазіргі кездегі білім берудегі мұғалімнің мақсаты білім мазмұнын игеруге және оны өзінің жеке білімдік капиталына енгізуге арналған ақпараттық ортадағы берілген мүмкіндіктерді қолдану болып саналады. Ал тарихты оқыту - өзара байланыста және үнемі қозғалыста болатын құрауыштардың басын біріктіретін өте күрделі процесс. Ол оқыту мақсаты – оның мазмұны – білім беру және оны игеруге басшылық жасау – оқушылардың оқу әрекеті – оқыту нәтежиесі деген тізбекті құрайды. Оқыту процесіндегі қозғалыс оның ішкі қайшылықтарын жою барысында іске асады. Ол қайшылықтар жоспарластырылған және қолданылған оқыту құралдары мен әдістерінің арасында пайда болады. Мұғалім мен оқушының оқу процесі күрделі және көп қырлы болып келеді. Оның тиімділігі оқушы әрекетінің сипатымен айқындалады. Мұғалім өз пәнін қаншалықты жетік білгенімен оқушылардың қызығушылығын оятып, шығармашылық әрекетін ұйымдастыра алмаса, айтарлықтай табысқа жете алмайды
Сондықтан тарихты оқытудың мақсаттарын айқындау одан әрі жалғасуда. Соған сәйкес мынадай міндеттерді атауға болады:
- ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды құрметтейтін, табиғаттың мәдениеттің және қоршаған ортаның байланыстарын қорғау қажеттілігін сезіне білетін отансүйгіш азамат тәрбиелеу;
- оқушыларды қоғам мен адамзаттың ежелгісімен, бүгінімен таныстырып, оларды өткен бабалардың әлеуметтік, адамгершілік тәлім-тәрбиесін ұғынуғабейімдеу;
- қазіргі қоғамға кіріккен және жетілдіруге ұмтылатын тұлға қалыптастыру;
- тұлғаны ұлттық және әлемдік мәдениетке кіріктіруге бейімдеу;
- әр түрлі көзқарастар жүйесін есепке ала отырып, оқушылардың пікірлер мен көзқарастарды еркін таңдау құқын қорғауын қамтамасыз ету, гуманистік және демократиялық құндылықтарға бағыттау;
- тарихи білімдер мен әдістерді қолданып, қоғамдық ойдағы жаңа мағлұматтарды өз позициясы тұрғысынан сын көзімен бағалап, талдай алу дағдысын қалыптастыру. Мектепте тарихты оқытудың мазмұны тарих ғылымының дамуы барысында өзгеріп отырады. Әдістеме отандық және жалпы тарихтың негізгі оқиғалары, фактілері мен құбылыстарын таңдауға; теориялық жинақтау мен анықтамалар қалыптастыруға көмектеседі.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
Бартольд В.В. Соч.,5.-М.,1968.-С.45
Бейсенбайұлы Ж. Бітігтастағы Білге танушы «Егемен Қазақстан» 2002, 28 сәуір.
Ертедегі қазақ әдебиеті, Хрестоматия, Күлтегін. (кіші жазу) Алматы, 1967, 29 б.
Есенқұлов Е. Көне түркі жазба ескерткіштеріндегі қосымшалар. Алматы, 1976. 10б.
Келімбетов Н. Ежелгі дәуір әдебиеті. Алматы, Ана тілі 1991.
Жолдасбеков М. Асыл арналар. Алматы, Жазушы 1990.
Таймагамбетов Ж.К. Палеолит Казахстана (основные проблемы): автореф. ... д-ра ист. наук в форме научного доклада: 07.00.06. – Новосибирск, 1993. – 53 с.
Таймағамбетов Ж.Қ., Байгунаков Д.С. Қазақстанның тас дәуірі (зерттелу тарихы мен негізгі мәселелері): – Алматы: Қазақ университеті, 2008. – 266 б.
Зайберт В.Ф. Ботайская культура. – Алматы: «ҚазАқпарат», 2009. – 576 с.
Маргулан А.Х., Акишев К.А., Кадырбаев М.К., Оразбаев А.М. Древняя культура Центрального Казахстана. – Алма-Ата: Изд-во «Наука» Казахской ССР, 1966. – 435 с.
Маргулан А.Х. Сочинения. В 14 томах. Том 1. Бегазы-дандыбаевская культура Центрального Казахстана / составители Д.А. Маргулан, Д. Маргулан. –Алматы: Атамұра, 1998. – 400 с.
Кадырбаев М.К., Курманкулов Ж. Культура древних скотоводов и металлургов Сары-Арки (по материалам Северной Бетпак-Далы). – Алма-Ата: Гылым, 1992. – 247 с.
Бейсенов А.З., Варфолемеев В.В. Беғазы зираты. Орталық Қазақстан беғазы-дәндібай дәуірінде. – Алматы, 2008. – 126 б.
Акишев К.А., Кушаев Г.А. Древняя культура саков и усуней долины реки Или. – Алма-Ата: Изд-во АН КазССР, 1963. – 300 с.
Самашев З.С., Толеубаев А.Т., Джумабекова Г.С. Сокровища степных вождей. – Алматы: ОФ «Берел», 2004. – 176 с.
Хабдулина М.К. Степное Приишимье в эпоху раннего железа. – Алматы: Ракурс, 1994. – 170 с.
Досымбаева А. Культурный комплекс тюркских кочевников Жетысу. ІІ в. до н.э. – V в.н.э. – Алматы, 2007. – 216 с.
Самашев З. Наскальные изображения Казахстана как исторический источник: автореф. ... д-ра ист. наук: 07.00.06. – Алматы, 2010. – 47 с.
Есмагамбетов К.Л. Зарубежная историография истории Казахстана (с древнейших врмен до начала 90-х годов ХХ в.): автореф. ... д-ра ист. наук: 07.00.02; 07.00.09. – Алматы, 2000. – 48 с.
Зуев Ю.А. Ранние тюрки: очерки истории и идеологии. – Алматы: Дайк-Пресс, 2002. – 338 с.
Великая степь в античных и византийских источниках: сборник материалов / составление и редакция Александра Николаевича Гаркавца. – Алматы: Баур, 2005. – 1304 с.
История казахской государственности (древность и средневековье): монографическое исследование. – Алматы: Адамар, 2007. – 416 с.
Байпаков К.М., Таймагамбетов Ж.К. Археология Казахстана: Учебное пособие для студентов высших учебных заведений. – Алматы: Қазақ университеті, 2006. – 356 с.
Сұңғатай С., Еженханұлы Б. Тарихи-мәдени жәдігерлер. – Алматы: Дайк-Пресс, 2005. – 80 б. (Қазақстан тарихы туралы қытай деректемелері. Том ІІ).
Абиль Е.А. Методологические проблемы применения естественнонаучных методов в историческом исследовании: история и синергетика: автореф. ... д-ра ист. наук: 07.00.09. – Караганда, 2009. – 47 с.
Турежанова С.А. Интерпретация как историографический метод исследования: автореф. ... канд. ист. наук: 07.00.09. – Алматы, 2008. – 34 с.
Абусеитова М.Х. Казахстанское востоковедение: проблемы и перспективы // SHYGYS. – 2004. – №1. – С. 4-10.
Несипбаева Ж.Ж. Советская историография 60-80-х гг. ХХ в. о понятиях «методология истории» и «исторический факт»: автореф. ... канд. ист. наук: 07.00.09. – Алматы, 2005. – 35 с.
Төлебаев Т.Ә. Ежелгі Қазақстанның дүние жүзі тарихындағы орны: зерттелу дәрежесі мен проблемалары // ҚазҰУ Хабаршысы. Тар. сериясы. – 2007. – № 2. – 3-5 бб.
Атабаев Қ.М. «Мәдени мұра» бағдарламасының теориялық-методологиялық проблемалары мен деректанулық негіздері // «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымдарының «Мәдени мұра» бағдарламасын іске асыруға қосқан үлесі: жетістіктері және даму бағыттары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. – Алматы: Қазақ университеті, 2009. – 10-13 бб.
Алдамжаров З.А. Тарих: пайымдау мен тағылым. – Алматы: Арыс, 2002. – 288 б.
Алпысбес М. Қазақ шежірелері – тарихи дерек ретінде: ): тарих ғыл. док. … автореф.: 07.00.09. – Алматы, 2007. – 57 б.; Ногаева З.К. Историческое образование и наука в Казахстане (1920-1970 гг.): дисс. ... к.и.н.: 07.00.02. – Алматы, 2010. – 162 с.
Назарбаев Н.Ә. Қазақтың бүкіл тарихы – бірігу тарихы, тұтастану тарихы // Қазақ тарихы. – 1998. – № 3. – 9 б.
Қозыбаев М. Өркениет және ұлт. – Алматы, 2001. – 369 б.
Дулатов М. Мұғалімдерге. Шығармалары. – Алматы: Жазушы, 1991.
Көшербаев Қ.Е., Ахметов Ә.Қ., Әбілқасымова А.Е., Рахымбек Х.М. Қазақстан Республикасында жоғары білімді дамыту стратегиясы. – Алматы: Білім, 1998. – 104-105 бб.
Бартольд В.В. Тюрки: 12 лекций по истории тюрецких народов Средней Азии. – Алматы: Жалын, 1998 . – 192 с.
Әлім А. Әдебиетіміз тоқырауға ұшыраған жоқ-па? // Қазақстан Заман. – 2005. – 4 қараша.
Аманжолова К. Қазақ ССР тарихын оқытуда көркем әдебиетті пайдалану. – Алматы: Мектеп, 1989. – 82 б.
Достарыңызбен бөлісу: |