Бунақденелілер класына сипаттама бере отырып,олардың көптүрлілігі, құрылысындағы ерекшеліктер,табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы туралы түсіну. Бағдарламаның жеті модульін сабақ үрдісіне енгізу арқылы оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту.
●Бунақденелілер класына жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері туралы білу.
●Бунақденелілердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы туралы мәлімет алу.
● Бунақденелілер класына жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері туралы біледі.
● Класты өрмекшітәрізділер, шаянтәрізділер класымен салыстырмалы түрде оқып, түсінеді.
●Бунақденелілердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы туралы мәлімет алады.
●Топта жұмыс жасау арқылы ,оқушылар өзіндік ізденіске бағытталады, шығармашылықпен жұмыс жасау дағдылары артады.
●Өз пікірін жеткізе білу,дәлелдей алу,өзгені тыңдай отырып тұжырым жасай білу қабілеттері дамиды.
|
Сабақтың
тақырыбы
|
Мақсаттары
|
Міндеттері
|
Күтілетін нәтиже
|
Оқытуда қолданылатын
модульдер: әдіс-тәсілдер
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
1
|
Бунақденелілердің
көптүрлілігі. Олардың құрылысындағы ерекшеліктер: қозғалуы, қоректенуі,тыныс алуы,қанайналымы.
|
Бунақденелілердің тіршілік ортасы, көптүрлілігі, құрылысындағы еркшеліктер туралы түсіну.
|
Бунақденелілер класына жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктерін білу..
|
Тақырып бойынша өз ойларын айта алады, өмірмен байланыстырып, тұжырым жасауды үйренеді.
|
Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер:
зерттеушілік әңгіме.
Сұрақ қоюдың түрлері: түрткі болу, қайта бағыттау.
Оқыту үшін бағалау, оқуды бағалау.
|
Формативті бағалау жүреді. Оқушылар әртопты бағалау бетшелері арқылы бағалайды.
Балалар сабақтың қорытындысы туралы пікірлерін стикерлерге жазады да, смайликтерге жапсырады.
|
«Биология және салауаттылық негізі», 2013ж №2.
Слайдтар: суреттер, сызбанұсқалар.
Биология оқыту әдістемесі.
Қ. Қайым.
Р. Сәтімбеков.
|
2
|
Бунақденелілердің көбеюі және дамуы.
Даму типтері.
|
Бунақденелілердің
даму ерекшеліктері
туралы білу.
|
Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін пайдалана отырып, тақырыптың негізгі идеясын ұғындыру.
|
Әр шағын топқа тапсырмалар беріледі, оқушылар бір – бірімен пікірлесе отырып, ортақ бір шешімге келеді.
|
Оқытудағы жаңа әдіс – тәсілдер:
АКТ
Ой қозғау әдісі.
(Венн диаграммасы.)
|
Формативті бағалау: ынталандыру, «Білім ағашы» оқушылардың өзін-өзі бағалау парағы,өзара бағалау.
|
Оқулық. Биология.
Қ. Қайым.
Р. Сәтімбеков.
Слайдтар: суреттер, сызбанұсқалар.
|
3
|
Шала және толық түрленіп дамитын бунақденелілердің аса маңызды отрядтары.
|
Шала және толық түрленіп дамитын бунақденелілер отрядтарының бір-бірінен ерекшелігін ажырата отырып түсіну.
|
Осы отядтарға жататын бунақденелілердің пайда – зияны туралы мәлімет алу.
|
Тақырып бойынша өз ойларын айта алады, өмірмен байланыстырып, тұжырым жасауды үйренеді.
|
Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер:
зерттеушілік әңгіме.
Сұрақ қоюдың түрлері: түрткі болу, қайта бағыттау.
Оқыту үшін бағалау, оқуды бағалау.
|
Формативті бағалау: ынталандыру, «Білім ағашы» оқушылардың өзін-өзі бағалау парағы,өзара бағалау.
|
«Биология және салауаттылық негізі», 2012ж №6
Биология оқулығы.
ав.Қ. Қайым.
Слайдтар: суреттер, сызбанұсқалар
|
4
|
Орман және ауылшаруашылығы
өсімдіктерінің зиянкестері.
Бунақденелілер – адам ауруларын тасымалдаушылар.
|
Орманға және ауылшаруашылығы өсімдіктеріне зиян келтіретін бунақденелілер туралы білу.
|
Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін пайдалана отырып, тақырыптың негізгі идеясын ұғындыру
|
Тақырып бойынша өз ойларын айта алады, өмірмен байланыстырып, тұжырым жасауды үйренеді
|
Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер:
зерттеушілік әңгіме.
«Болжау», «Бес жолды өлең» стратегиясы
|
Формативті бағалау жүреді. Оқушылар әр топты бағалау бетшелер арқылы бағалайды.
Топтар өзін- өзі бағалайды.
Балалар сабақтың қорытындысы туралы пікірлерін стикерлерге жазады да, смайликтерге жапсырады.
Сабақ соңында мұғалім жиынтық баға шығарады
|
Слайдтар: суреттер, сызбанұсқалар
|
5
|
Аралар мен құмырсқалар қоғамдық бунақденелілер.
Олардың тіршілігі мен отбасын құру ерекшеліктері.
|
Аралар мен құмырсқаларды басқа жәндіктермен салыстыра отырып, олардың тіршілігіндегі ерекшеліктерді білу.
|
Аталған жәндіктердің отбасындағы аталық, аналық және жұмысшы жәндіктердің іс-әрекетіндегі ерекшеліктерді айқын мысал,көрнекіліктер арқылы түсіну.
|
Берілген тапсырмалар арқылы әр топ постер қорғайды.
Тақырып бойынша өз ойларын айта алады, өмірмен байланыстырып, тұжырым жасауды үйренеді
|
Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер:
зерттеушілік әңгіме.
Сұрақ қоюдың түрлері: түрткі болу, қайта бағыттау.
|
Формативті бағалау:ынталан-дыру,оқушылардың өзін-өзі бағалау парағы,өзара бағалау.
|
Биолог анықтамалығы, 2013ж №2.
Биология оқулығы.
ав.Қ. Қайым.
|
6
|
Зиянкес бунақденелілермен күрес жүргізудің биологиялық әдісі
|
Зиянкес бунақденелілермен күрес жүргізудің биологиялық әдістері туралы білу.
|
Зиянды бунақденелілермен күрес жүргізудің табиғатқа, адам өміріне пайдасы туралы түсіну.
|
Зиянкес бунақденелілермен күрес жүргізудің биологиялық әдістері туралы біледі.
|
Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер:
зерттеушілік әңгіме.
Сұрақ қоюдың түрлері: түрткі болу, қайта бағыттау.
Биологиялық диктант.
|
Формативті бағалау:ынталан-дыру,оқушылардың өзін-өзі бағалау парағы,өзара бағалау.
|
Биолог анықтамалығы, 2013ж №2.
Биология оқулығы.
ав.Қ. Қайым.
|