1. Қазақстанның қазіргі заман тарихы курсын оқудың маңызын түсіндіріңіз. Қазақстан Республикасы егемендік пен тәуелсіздікке ие болғаннан бері «Қазақстан тарихы»



бет16/58
Дата08.02.2022
өлшемі277,54 Kb.
#118994
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   58
Байланысты:
Гос экзамен жауаптары

21. Қазақстандағы индустрияландыру және оның ерекшеліктері туралы баяндаңыз. Осы мәселе бойынша қазақ мемлекет және қоғам қайраткерлерінің ұстанымдарынан мысал келтіріңіз.
Қазақстан индустрияландыру кезеңінде 1925 жылы желтоқсанда БК(б)П XIV съезінде белгіленген Кеңес Одағын индустрияландыруды жүзеге асыру ісі Қазақстандабірқатар қиындықтарға кездесті, олар негізінен қазақ елінің бодандық өткенімен және әлеуметтік-экономикалық, мәдени өмірде артта қалуымен байланысты болды.
Бұл қиындықтардың көбі республикада халық шаруашылығын, әсіресе өнеркәсіп пен транспортты қалпына келтіру ісінің тым созылып кетуінен де күрделеніп, асқына түсті және осы жағдай Қазақстанның индустрияландыру жолымен табысты ілгерілеуі үшін басты кедергіге айналды.
Қазақстанды индустрияландырудың сонымен бірге өзіндік ерекшеліктері болды, олар жоғарыда аталған және басқа да қиындықтарды жеңу үрдісінің өзгешеліктерімен, сондай-ақ табиғи, еңбек және экономикалық-техникалық қорлар деңгейімен де сипатталады. Бұл ерекшеліктер республиканың бүкіл индустриялық болмыс-келбетінде өз ізін қалдырды, өнеркәсіпті, құрылысты және транспортты дамытудың 20-жылдардың екінші жартысындағы және 30-жылдардағы ғана емес, сонымен бірге Қазақстанның кеңестік дәуірдегі тарихының кейінгі кезеңдеріндегі де бағыттарын айқындауға ықпал етті. Қазақстанның индустриялық дамуының зерттеліп отырған кезеңіндегі кейбір ерекшеліктерін қарастырайық.
Ол, ен алдымен, Қазақстанның индустриялық дамуының КСРО бойынша, сондай-ақ көптеген басқа республикаларды жеке-жеке алғандағы тиісті көрсеткіштерді салыстырғанда байқалатын көтеріңкі қарқыны. Егер Кеңес Одағы бойынша өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі 1940 жылы 1913 жылғы деңгейге қарағанда 7,7 есе болса, Қазақстан бойынша 7,8 есеге жетті, оның үстіне Қазақстан бұл жатынан Молдавия (5,8), Әзірбайжан (5,9), Өзбекстан (4,7), Түркіменстан (6,7), Украина (7,3) сияқты бірқатар одақтас республикалардың алдына шықты. Сөйтіп Қазақстан өнеркәсіптік өнім көлемінің өcyi бойынша 1940 жылы Одақ ішіндегі 15 республика арасында Ресейден (8,7), Қырғызстаннан (9,9), Грузиядан (10), Тәжікстаннан (8,8) және Армениядан (8,7) кейін алтыншы орынды иеленді.[9].
Индустрияландыру жағдайында Қазақстанның өнеркәсіптік дамуы негізінен жаңа құрылыстардың, басқаша айтсақ, қайта құрылған Риддер мен Қарсқбайды қоспағанда, тақыр жерде кәсіпорындар тұрғызу есебінен жүзеге асырылды. Қазақстанда жағдайдың мұндай болу себебі, Мәскеудегі, Ленинградтағы, Донбастағы, Харьковтағы немесе Днепр жағалауларындағы сияқты бүкіл елді индустрияландырудың құралына немесе тірек базасына айналған өнеркәсіпті аудандар мұнда болған жоқ. Сондықтан республикада, жергілікті жерлерде өнеркәсіп орындары, сондай-ақ теміржол құрылыстары елсіз және жартылай елді аймақтарда жүргізілді, қазіргі заманғы байланыс тораптарының, құрылыс материалдарының, кәсіби жұмыс күшінің, қаржының, сол сияқты тұрғын жайлардың, ауыз судың т.с.с. болмауы себебінен аса күрделі қиындықтарды жеңуге көп күш жұмсалды. Қарағанды көмір алабы, Балқаш мыс балқыту, Шымкент және Ертіс қорғасын зауыттары, Жезқазған, Қоңырат кен орындары т.б. кеніштер, Ембі т.б. мұнай кәсіпшіліктері, Түрксіб, Гурьев — Қандыағаш — Орск, Ақмола-Қарғалы, Илецк-Орал теміржолдары осылай салынды.
Аса ірі кәсіпорындар - өз заманының соңғы жетістіктері техникасымен жарақтандырылған, шикізат пен электр қуатын тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін, өндірістік процестерді мамандандыру және ірілендіру негізінде өзара байланысты комбинаттар жана өнеркәсіптік құрылысқа тән сипатта қалыптасты. Өнім көлемі мен жұмыс күшінің құрамы бойынша, сондай-ақ белгілі бір аймақтағы әлеуметтік-экономикалық және мәдени маңызы жағынан да ерекшеленетін осы комбинаттар қалалардың пайда болуына ықпал етіп, сол жердегі өнеркәсіп ошақтарының орталықтарына айналды. Құрамында 17 шахтасы (1931 жыл), ГРЭС (1933 жыл), Нұра су құбыры (1933 жыл), байыту фабрикасы (1933 жыл) бар «Қарағанда уголь» тресі, «Казполиметалл», «Алтайполиметалл», Ақтөбе химия. Семей етконсерві, Гурьев балық консервілеу, Алматы жеміс-көкөніс, Семей шұға комбинаттары т.б. - осындай кәсіпорындар санатына жатты.[10].
Индустрияландыру жағдайларында Қазақстанда ауыр өнеркәсіп, ең алдымен оның көмір, мұнай және түсті металдар өндіретін салалары басым дамыды. Бұл салалар одақтық келемде басты мамандандыру арқауына айналып, бұдан кейінгі кезде де жалпы республика индустриясының үлес салмағын айқындайтын болды.
Ауыр өнеркәсіптің, әсіресе мұнай, көмір және түсті металдар салаларының тұрғызылған кәсіпорындары одақтық маңызға ие болды, өйткені жеңіл және тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарымен қатар олар одақтық индустрияны қажетті шикізатпен қамтамасыз етіп отырды, осыған байланысты республика арнайы кәсіби мамандандыру ісін жүргізді.
Соғысқа дейін бесжылдықтар кезінде кеңінен дамығанына қарамастан, Қазақстан өнеркәсібінің кемшін, олқы тұстары да байқалып жатты: қалай болса да, машина жасау саласы жоқтың қасында болды; металл өңдеу жекелеген зауыттардың жөндеу шеберханаларымен және механикалық цехтарымен шектелді; қара металлургия, бірқатар құрылыс материалдарының (цемент, әйнек), жеңіл және тамақ өнеркәсібінің кейбір түрлерінің өндірісі болмады. Осы кемшін жақтарының ішінде бәрінен бұрын машина жасау ісінін - қалай болғанда, индустрияландырудың негізгі өзегінің болмауы Қазақстанның өнеркәсіптік дамуын тежеп отырды. Қазақстанға станоктар мен жабдықтар Орталықтан, Ленинградтан, Оралдан, Украинадан және басқа да аймақтардан әкелінетін.[11].
Осы кезеңде ауыр индустрияның түсті металлургия, мұнай, көмір т.б. шығару сияқты өндіру салаларымен қатар алдынғы қатарға транспорт, әсіресе теміржол құрылысы шығарылды. Көмірдің, мұнайдың және түсті металдардың асабай кен орындарын Қазақстанның кең-байтақ аумағында қазіргі замандық қатынас жолдарынсыз игеру қиындықтары осы өткір мәселені шұғыл түрде шешуді талап етті. Жоспарланған жол желілері түгелдей салынбағанмен, 1928-1940 жылдары республиканың теміржол торабы 50% дерлік өсіп, ұзындығы 6581 км-ге жетті. Бұл жылдары Сібірді Орта Азиямен және Қазақстанның Оңтүстігімен жалғастырған Түркістан-Сібір теміржолы, Трансқазақстан магистралінің негізгі бөліктері (Петропавл-Көкшетау-Ақмола, Ақмола-Қарағанды, Қарағанды-Бертіс, Жарық—Жезқазған) салынды, бұл тораптар Орталық Қазақстанның табиғи байлықтарын игеруде зор рөл атқарды; Рубцовск-Риддер желісі Шығыс Қазақстанның түсті металлургиялық кәсіпорындарына қызмет көрсетті, ал Орал—Илецк теміржолы республиканың батыс аудандарын Орынбор өлкесімен және Ресейдің басқа да өнеркәсібі өркендеген облыстарымен байланыстырды.[12].
Жоғарыда аталған қиындықтар мен ерекшеліктер, сондай-ақ күрделі қоғамдық-саяси жағдай және Қазақстанның артта қалған экономикасының ауыр жағдайы 20-жылдарда және 30-жылдардың басында республиканы индустрияландыру және ұлттық жұмысшы кадрларды даярлау мәселесі манайында қым-қигаш күрес туғызды. Бірнеше көзқарас пайда болды. Біреулер «көшпенділіктен социализмге» өтудің мүмкін еместігін және көшпенділік өмір салтының қазақ халқының ерекшелігі екендігін, сондықтан да индустрияландырудың «ұлттық табиғи ерекшелікті» бұзатындығын көлденең тартты.[13]. Енді біреулер — өнеркәсіпті тықпалау, жұмысшы тапты қалыптастыру «табиғаттан тыс», «Қазақстан үшін мүмкін емес іс», «артта қалған көшпенді халық», «шектен тыс индустрияландырудың қарқынын көтере алмайды», «қазақтандыру өндірісті қымбаттатады», «ал қазақ бәрібір жұмыс істемейді, ол даланы аңсайды» сияқты пікірлерді дәлелдеуге тырысты.[14]. Үшінші жақ республиканың Одақ құрамында дәйекті дамуының қажеттігі, бірақ Қазақстанның ерекше мүдделерімен санаспау идеясын жақтады. Олар «шикізат базасы ретіндегі ауыл шаруашылығымен байланысты ұсақ өнеркәсіпті ұлғайту мен оның жұмысын жақсарту жөніндегі партия ұстанған бағыт шүбәсіз дұрыс» [15]. деп дәлелдеді. Төртіншілер шет аймақтар шикізат базасы ғана болып қалмауы керек және индустрияландыруды жүргізгенде республиканың ерекшеліктерін ескеру қажет деген пікірді ортаға салды.[16].
Алғашқы екі көзқарас өміршен болмағандықтан соңғы екеуінің арасында күрес өрістей түсті. Үшінші ұстаным жақтастарының бірі К. Сарымолдаев «Қазақстан алдында да, бүкіл Одақ алдында тұрған міндеттер тұр, сондықтан ортақ міндеггерден оқшауланатындай Қазақстанның сондайлық «артықшылығы» жоқдеп есептеді.[17]. Айта кету керек, К. Сарымолдаев өлкелік партия комитеті басшылығының, оның бірінші хатшысы Ф.И. Голощекиннің жаңсақ ұстанымы шеңберінен шыға алмады. Ф.И. Голощекин: «Алып құрылыстар республика өнеркәсібіндегі басты буын емес, бастысы - жергілікті ұсақ және орта өнеркәсіпті дамыту»,[18]. - деп мәлімдеді.
Ұсақ және орта өнеркәсіпті, негізінен ауыл шаруашылығы өнімдерін өндейтін кәсіпорындарды дамытудың, содан келіп, КСРО-ны индустрияландыру жағдайында республика өнеркәсібінің шикізаттық бағыт-бағдарын қалыптастырудың қажеттілігі мен дұрыстығын БК(б)П Қазақ Өлкелік комитетінің және автономия үкіметінің атынан Ф.И. Голощекин, О. Исаев, К. Сарымолдаев т.б. насихаттады және мұны жүзеге асыруға әрекеттенді. Мәселен, БК(б)П Өлкомының хатшысы Ф.И. Голощекин «Большевик Казахстана» журналында (1927, №2) жарияланған мақаласында: Қазақстан үшін «өнеркәсіп саласында негізгісі ірі емес, ұсақ және орта буында (жарма жасаушы, жүн жуатын, май шайқайтын кәсіпорындар, жөндеу шеберханалары т.с.с.), басқаша айтқанда, ауыл шаруашылығымен айналысатын және оны рентабелді ететін істер» [19]. деп жазды. VI Бүкілқазақстандық партия конференциясында (1927 жылғы 15—23 қараша) ол: «Мен екі жыл бойы біздің өнеркәсібіміздің басты буыны алып құрылыстар салу емес, жергілікті ұсақ және орта өнеркәсіпті дамыту екендігін насихаттап келемін... Ұсақ және орта өнеркәсіпті дамыту мәселесінің Қазақстан экономикасын одан әрі жетілдірудегі маңызының күн өткен сайын артып келе жатқандығын біз қазір ескеруіміз керек»,[20].— деп ерекше атап өтті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет