1. Қазақстанның қазіргі заман тарихы курсын оқудың маңызын түсіндіріңіз. Қазақстан Республикасы егемендік пен тәуелсіздікке ие болғаннан бері «Қазақстан тарихы»


ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың еуразиялық интеграциялық бастамалары мен оны жүзеге асыру жолдарын түсіндіріңіз және бағалаңыз



бет63/65
Дата25.12.2021
өлшемі300,66 Kb.
#105377
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   65
Байланысты:
Гос экзамен жауаптары
психология сабак11, 1. леуметтану а кіріспе. леуметтанулы иял леуметтанулы орта , №1 сабақ. Латын вет терминологиясы, otchet o rabote s odarennymi detmi, Speaking, СИЛЛАБУС Қазақстанның қазіргі заман тарихы 1-семестр 2021-2022ж, СИЛЛАБУС Қазақстанның қазіргі заман тарихы 1-семестр 2021-2022ж, СИЛЛАБУС Қазақстанның қазіргі заман тарихы 1-семестр 2021-2022ж, СИЛЛАБУС Қазақстанның қазіргі заман тарихы 1-семестр 2021-2022ж, СИЛЛАБУС Қазақстанның қазіргі заман тарихы 1-семестр 2021-2022ж, СИЛЛАБУС Қазақстанның қазіргі заман тарихы 1-семестр 2021-2022ж, СИЛЛАБУС Қазақстанның қазіргі заман тарихы 1-семестр 2021-2022ж, СИЛЛАБУС Қазақстанның қазіргі заман тарихы 1-семестр 2021-2022ж, СИЛЛАБУС Қазақстанның қазіргі заман тарихы 1-семестр 2021-2022ж
70. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың еуразиялық интеграциялық бастамалары мен оны жүзеге асыру жолдарын түсіндіріңіз және бағалаңыз.
Еуразиялық Одақ идеясы дегеніміз ең алдымен аумақтық тұтастығын, саяси егемендігін, және мемлекеттердің басқа да тұрақты сипаттамаларын сақтайтын тәуелсіз мемлекеттердің экономикалық одағының идеясы болып табылады. Интеграцияның жаңа деңгейі бір сәтте жаңа мемлекеттердің шекаралары арқылы бөлініп қалған көптеген адамдардың күнделікті проблемаларын шешуге мүмкіндік береді. ТМД-ның оңтүстік шекаралардың тұрақсыздық жағдайында Еуразиялық Одақ құрылуы одаққа мүше барлық елдердің сыртқы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің кепілі бола алады. Прогресшіл күштер бірлігінің идеялық және практикалық негізі Қазақстан   Республикасы Президентінің ұсынған «Мемлекеттердің Еуразиялық Одағын кұру туралы жобасы» болып табылады. Жоба ТМД-да болып жатқан үрдістерге сәйкес келеді және халықтардың интеграциясына бағытталады.
Жобаның басым бағыты – прагматикалық өзара тиімді экономикалық бірлесу. Бірақ, осы жағдай сай келетін «құралдарды», яғни «барабар саяси институттарды құру қажеттілігіне мәжбүрлейді». Экономика саласында, Еуропалық Одақтың тәжірибесін талдай келе, Н.Ә. Назарбаев бірқатар «ұлттық құрылымдардан тыс үйлестіруші құрылымдарды» құруды қажет деп санайды: экономика, шикізат ресурстары бойынша комиссия, экономикалық және техникалық ынтымақтастық істері бойынша қор, инвестициялық банк т.б.
Еуразиялық Одақ ең алдымен бұрынғы біртұтас мемлекет құрамында болып бір-бірімен саяси-экономикалық және әлеуметтік жағынан жақын тұрған халықтардағы сол тарихи сабақтастығының игі жақтарын үзіп алмай қайта жалғастыру, оны одан әрі дамыту идеясы болып табылады. Сондықтан бұл идея «бұрынғы одақты» аңсау емес, Еуразиялық Одақтың басты мақсаты осы территориядағы елдердің интеграцияға деген қажеттіліктерін, интеграцияға жол ашып беріп тұрған мүмкіндіктерін пайдалана отырып, Еуропалық Одақ үлгісіндегідей өзара ынтымақтастықты арттыру.
Еуразиялық Одақтың қалыптасуының басты принциптерінің бірі – оған болашақ мүше елдердің түрлі жылдамдықпен кіруінде. Өйткені кеңестік кезеңнен кейінгі кеңістік елдерінің ортақ мүдделерінен басқа әрқайсысының алдында тұрған ұлттық-мемлекеттік міндеттері бар еді. Оларды дұрыс шеше алған жағдайда ғана тең құқықты интеграциялық процестердің қарымқатынасын орната алады»
ХХІ ғасырдың алғашқы онжылдығы еуразиялықтың теориялық және практикалық дамуының жаңа кезеңі болды. 2000 жылдың 10 қазанында Белоруссия, Қазақстан, Ресей, Тәжікстан мен Қырғызстан мемлекет басшылары Астана қаласындағы кездесуінде Еуразиялық экономикалық қауымдастықты құру  жөнінде-  гі келісімге қол қойды. Бұл шартта Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық  кеңістік  жөніндегі келісімдерде айқындалған өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастық жолындағы мақсаттар мен міндеттерге жету тұжырымдамасының негіздері қаланды. Қол жеткізген келісімдерді жүзеге асырудың ұйымдастырушылық-құқықтық құралдары, қабылданған шешімдер мен тараптар жауапкершілігін бақылау жүйесі қалыптасты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет