1. Қазақстанның қазіргі заман тарихы курсын оқудың маңызын түсіндіріңіз. Қазақстан Республикасы егемендік пен тәуелсіздікке ие болғаннан бері «Қазақстан тарихы»


Н.Ә.Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесінің негізгі мазмұны мен бағыттарын қарастырыңыз және әлемдік маңызын сараптаңыз



бет65/65
Дата25.12.2021
өлшемі300,66 Kb.
#105377
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   65
Байланысты:
Гос экзамен жауаптары
психология сабак11, 1. леуметтану а кіріспе. леуметтанулы иял леуметтанулы орта , №1 сабақ. Латын вет терминологиясы, otchet o rabote s odarennymi detmi, Speaking, СИЛЛАБУС Қазақстанның қазіргі заман тарихы 1-семестр 2021-2022ж, СИЛЛАБУС Қазақстанның қазіргі заман тарихы 1-семестр 2021-2022ж, СИЛЛАБУС Қазақстанның қазіргі заман тарихы 1-семестр 2021-2022ж, СИЛЛАБУС Қазақстанның қазіргі заман тарихы 1-семестр 2021-2022ж, СИЛЛАБУС Қазақстанның қазіргі заман тарихы 1-семестр 2021-2022ж, СИЛЛАБУС Қазақстанның қазіргі заман тарихы 1-семестр 2021-2022ж, СИЛЛАБУС Қазақстанның қазіргі заман тарихы 1-семестр 2021-2022ж, СИЛЛАБУС Қазақстанның қазіргі заман тарихы 1-семестр 2021-2022ж, СИЛЛАБУС Қазақстанның қазіргі заман тарихы 1-семестр 2021-2022ж
74. Н.Ә.Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесінің негізгі мазмұны мен бағыттарын қарастырыңыз және әлемдік маңызын сараптаңыз.
МАНИФЕСТ. «ӘЛЕМ. ХХІ ҒАСЫР» Барша адамзат ХХІ ғасырға жаһандық ынтымақтастықтың жаңа дәуірі ретінде үміт артты. Бірақ бүгінде бұл елесті сағымға айналуы ықтимал. Әлемге тағы да қатер төніп тұр және оның ауқымын ескермеуге болмайды. Және бұл қатер - жаһандық соғыс! Жер өркениеті, ғалымдардың есебі бойынша, 15 мыңнан астам соғысты, яғни әр жыл сайын 3 соғысты басынан өткерген. Оларда жүздеген миллион адам қаза тауып, Жер бетінен қалалар мен елдер жоғалған, мәдениеттер мен өркениеттер жойылған.    ХХІ ғасырға аяқ басқан адам баласы қиялдың өзін таңқалдыратын ғылыми жаңалықтар ашып, жаңа буын технологияларын жасап жатыр. Адамзат өз дамуының сапалы жаңа сатысына өтуде. Әлем Төртінші өнеркәсіп төңкерісінің табалдырығында тұр. Көптеген қорқынышты аурулардың тамырына балта шабылуда. Бірақ соғыс вирусы халықаралық жағдайды ушықтыруын жалғастыруда. Ол бірқатар мемлекеттерде экономиканың өлім ұрығын себетін ең қуатты саласына айналып, әскери-өнеркәсіптік кешеннің әлеуетін арттырып отыр. Соғыс вирусы алдағы жасанды интеллект төңірегіндегі жаңалықтарға кесел жұқтыруға дайын тұр. Милитаризм адамдардың санасы мен мінез-құлқына тереңдей еніп кеткен. Халықтың қолында қазір 1 миллиардтан астам атыс қаруы болса, олардан әлемде күн сайын мыңдаған адам көз жұмады. Әскери қауіп бүкіләлемдік ауқымдағы қасіретке айналуы әбден мүмкін. Осындай өліммен аяқталатын қатердің белгілері анық байқалады. Халықаралық қатынастарда жанжалдастық тәуекелдері күшейе түсіп отыр. Әскери қақтығыстардың географиясы өткен екі әлемдік соғыстың - Еуропаның шығысындағы, Африканың солтүстігіндегі, Таяу Шығыстағы соғыстың іс-қимылдарының тарихи шегін қамтуда. Ядролық қаруды таратпау туралы шарт өзінің міндеттерін орындай алмай отыр. Ажал себетін қару мен оны дайындау технологиялары ірі державалардың қосарланған стандарттарының салдарынан бүкіл әлемге тарауда. Олардың терроршылардың қолына түсуі - уақыт өте келе әбден болуы мүмкін нәрсе. Халықаралық терроризм қаһарлы сипатқа ие болды. Ол жекелеген елдердегі бірлі-жарым актілерден Еуропа, Азия және Африка мемлекеттеріне қарсы кең ауқымды террорлық агрессияға айналып үлгерді. Миллиондаған босқындар, қалалардың қирауы, құнды тарихи ескерткіштердің жойылуы - осының бәрі әдеттегі көрініске айналуда. Экономикалық санкциялар мен сауда-саттық майданы да қалыпты құбылыс болып отыр. Планета тағы да бүкіл адамзат үшін қасіретті салдарлары бар «қырғи-қабақ соғыстың» өткір жүзінде тербеле бастады. Дүние әзірше өткен төрт онжылдықтың оң инерциясының арқасында сақталып тұр. ХХ ғасырдың екінші жартысында ядролық қауіпсіздік жөніндегі табысты келіссөздердің нәтижесінде АҚШ пен Ресейдің ядролық арсеналдары айтарлықтай қысқарған болатын. Бес ядролық держава атом қаруын сынау мораторийін жариялады және оны ұстанып келеді. Планетаны жойып жіберу қатері едәуір азайды. Қауіпсіздіктің өңірлік жүйесін құру үдерісі жеделдеді.

75. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылдың 31 қаңтарында жариялаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекелестікке қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі мазмұнын түсіндіріңіз.
Жаңа жолдауда әлемдегі төртінші өнеркәсіптік революция басталғанына айрықша маңыз беріліп отыр. Елбасының айтуынша, экономиканы жаппай цифрландыру тұтас саланың жойылуына және мүлде жаңа саланың пайда болуына алып келеді. Біздің көз алдымызда болып жатқан ұлы өзгерістер – әрі тарихи сын-қатер, әрі Ұлтқа берілген мүмкіндік. Бұл Қазақстанды Үшінші жаңғырту, яғни, елдің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін экономикалық өсімнің жаңа моделін құру міндетін алға қояды.«Бұл жаңғыру – қазіргі жаһандық сын-қатерлермен күрес жоспары емес, болашаққа, «Қазақстан-2050» стратегиясы мақсаттарына бастайтын сенімді көпір болмақ. Ол Ұлт жоспары – «100 нақты қадам» базасында өткізіледі. Мен оның бес негізгі басымдығын көріп отырмын. Олар экономиканың әлемдік өсімінің орта деңгейден жоғары қарқынын қамтамасыз етуге және 30 озық елдің қатарына қарай тұрақты түрде ілгерілеуге лайықталған» деген Нұрсұлтан Әбішұлы оларды жіктеп берді.
Жеделдетілген технологиялық жаңғыру керек
Елбасының айтуынша, бұл тұрғыдағы басты міндет – цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендету болмақ. Маңызды кешенді міндетті жүзеге асыру үшін елде 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлық қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да перспективалы салаларды дамыту керек. Бүгінгі таңда дамыған елдер экономикаларының құрылымын өзгертіп, дәстүрлі салаларға жаңа сапа дарытқан бұл индустрияларды Қазақстанда өркендету үшін Мемлекет басшысы Үкіметке «Цифрлық Қазақстан» жеке бағдарламасын әзірлеуді және қабылдауды тапсырды. Үкімет бұл ретте ІТ саласын дамыту мәселесін ерекше бақылауда ұстауға тиіс. Жаңа индустриялар қалыптастырудың маңызды шарты инновацияны қолдау және оларды өндіріске тезірек енгізу болып саналады.
Дәстүрлі базалық салаларға серпін
Елбасы өнеркәсіп, агроөнеркәсіптік кешен, көлік пен логистика, құрылыс секторы және басқа салалардан тұратын экономиканың дәстүрлі салаларын дамыту үшін алдымен еңбек өнімділігін елеулі арттыру қажеттігін атап көрсетті. Мемлекет басшысының айтуынша, бұл жердегі негізгі фактор төртінші өнеркәсіптік революция элементтерін, яғни, автоматтандыру, роботтандыру, жасанды интеллект, «ауқымды мәліметтер» алмасу сынды тағы басқа міндеттер орындалу керек. Осы ретте Мемлекет басшысы Үкіметке бизнес өкілдерімен бірге 2025 жылға дейін базалық салаларды технологиялық тұрғыдан қайта жарақтандырудың кешенді шараларын әзірлеуді тапсырды. Екіншіден, басымдығы бар салалардағы бәсекеге қабілетті экспорттық өндірісті дамытуды көздейтін индустрияландыруды жалғастыру керек. Үшіншіден, экономикалық өсімнің тұрақтылығы үшін елдің тау-кен металлургиясы мен мұнай-газ кешендері өзінің стратегиялық маңызын сақтауға тиіс. Елбасы осы ретте жыл соңына дейін Жер қойнауы туралы жаңа кодексті қабылдап, салық заңнамаларына қажетті өзгерістер енгізуді тапсырды. Төртіншіден, Аграрлық сектор экономиканың жаңа драйверіне айналуы керек. Бұл, әсіресе, экологиялық таза тағамдарға қатысты. Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін  Елбасы Үкімет пен әкімдерге субсидияларды бөлу қағидаларын қайта қарастырып, біртіндеп өнімді сақтандыруға көшуді, бес жыл ішінде 500 мыңнан астам жеке үй шаруашылықтары мен шағын фермерлерді кооперативтерге тартуға мүмкіндік беретін жағдай жасауды, өнімнің өңделу сапасын жақсартып, тауарларды сақтаудың, тасымалдаудың және өткізудің тиімді жүйесін құру сынды тағы басқа шараларды жүзеге асыруды тапсырды. Бұл міндеттер агроөнеркәсіп кешенін дамытудың жаңа мемлекеттік бағдарламасы аясында іске асырылуы қажет.Елбасы бұл ретте жаңа еуразиялық логистикалық инфрақұрылымды дамыту да маңызды басымдықтардың бірі деп атап көрсетті. Мемлекет басшысының айтуынша, еліміздің көлік және транзит әлеуетін толық ашу үшін көрші елдермен үйлесімді іс-қимыл қажет. Алтыншыдан, құрылыс секторын дамыту қажеттігін алға тартып отырған урбанизация үдерісіне сай бұл сала экономиканың толыққанды драйверіне айналуға тиіс.
Еңбек нарығын жаңғырту өзекті мәселеЕлбасы бұл ретте жаңа технологиялардың енгізілуіне байланысты дәстүрлі салаларда еңбек ресурстары босап қалатынына назар аударта отырып, жаңа индустрия құрып, дамыту жұмыспен қамтудың және азаматтардың нақты табысын өсірудің қосымша мүмкіндігі болуы тиістігін атап көрсетті. Осыған орай, Үкімет пен әкімдерге еңбеккерлердің басқа салаларға басқару аясында ауысуы үшін жағдай жасауды міндеттеді.Екінші басымдық – бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту. «Біздің стратегиялық мақсатымыздың бірі – елдің ішкі жалпы өніміндегі шағын және орта бизнестің үлесі 2050 жылға қарай кем дегенде 50 пайыз болуын қамтамасыз ету. Жаңадан ашылған жұмыс орындарының саны бұрынғыша, Үкімет пен әкімдер қызметінің тиімділігін бағалаудың негізгі критерийінің бірі болмақ» деді Президент. Соған орай Үкімет пен әкімдерге биылғы 1 шілдеге дейін бизнесті қайта реттеу жөніндегі дамыған елдердің тәжірибесіне негізделген жүйелі шаралар әзірлеу міндеті жүктелді.Елбасы назар аудартып, тапсырған мәселелердің тағы бірі мемлекеттің экономикадағы үлесін азайтуға бағытталды. Бұл ретте Президент Үкіметке тізімге алынған кәсіпорындарды жекешелендіруді тездетіп, оны 2018 жылдың соңына дейін аяқтауды тапсырды. Жекешелендірудің жариялылығы мен тиімділігін қамтамасыз етудің, сондай-ақ, мемлекеттік холдингтер рөлін қайта қарастыру керектігін атап көрсетті. Сол секілді, кәсіпкерлікті дамытуға мемлекет-жекеменшік серіктестігі аясын кеңейту зор мүмкіндік беретінін айта келіп, бірқатар мемлекеттік қызметтер көрсету міндетін бизнеске беру қажеттігіне тоқталды. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы баға мен тариф бойынша ымыраласуға жол бермеу қажеттігін ескерте келіп, Үкіметке «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, бәсекелестікке кедергі келтіретін нормаларды анықтауға қатысты барлық заңнамаға «ревизия» жасауды тапсырды.
Макроэкономикалық тұрақтылық басты назарда
Елбасының айтуынша, мұндағы басты міндет – ақша-несие саясатының ынталандырушы рөлін қалыпқа келтіруге және экономиканы қаржыландыруға жекеменшік капитал тартуға бағытталған. Бұл үшін бүгінде Ұлттық банк алдында инфляциялық таргеттеу режимін дамыту жөніндегі маңызды міндет тұр. Орта мерзім ішінде инфляция деңгейін кезең-кезеңімен 3-4 пайызға дейін төмендетуге қол жеткізу міндеттелді. Екіншіден, еліміздің қаржы секторын «қайта жаңғырту» қажет. Осыған орай, Ұлттық банкке банк секторын қалыпқа келтіру жөнінде шаралар кешенін әзірлеу тапсырылды. Мұндағы шешуші міндеттің бірі – салық-бюджет саясатын жаңа экономикалық жағдайға бейімдеу. Елбасы осыған орай бюджет шығыстарының тиімділігін түбегейлі арттыру қажеттігіне назар аудартты. Оның айтуынша, министрліктер мен ведомстволардың қаражатты игеру деңгейін тексеріп, тиімсіз бағдарламалардың қаражатын Үшінші жаңғырту міндеттерін іске асыруды қамтамасыз ететін бағдарламаларға қайта бөлу қажет.Ұлттық қор қаражатын пайдалануға ұтымдылық тұрғысынан қараудың маңыздылығы жоғары тұрғанына да назар аудартты Елбасы. Ол бұл ретте Ұлттық қордан алынған кепілдендірілген трансферт көлемі 2020 жылға қарай кезең-кезең бойынша 2 триллион теңгеге қысқартылу қажеттігін айтты. Салық саясатын бизнестің «көлеңкеден» шығуына бейімдеп, шикізаттық емес сектордағы салықтық базаны кеңейтуге бағыттау керек.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет