1. «Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәні қоғамдық тарихи сананы қалыптастырудағы маңызын айқындаңыз


ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жаһандық мәселелерге байланысты көзқарастары мен бастамалары



бет70/73
Дата06.02.2022
өлшемі0,5 Mb.
#81460
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   73
Байланысты:
тарих сессия
лекция регионы, Монополия и капитал (2), Микроэкономика Мухумбай Мерей СӨЖ-5, Монополия и капитал (2)
72.ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жаһандық мәселелерге байланысты көзқарастары мен бастамалары

ҚР Тұңғыш Президенті Н. Назарбаевтың жаһандық бастамаларының арқасында Қазақстанның әлемдік қауымдастықтың сенімді мүшесі ретіндегі халықаралық беделі айтарлықтай артты. Халықаралық деңгейде Қазақстан қарусыздану және жаппай қырып жою қаруын таратпау үдерісінің көшбасшысы, аймақтық және аймақаралық интеграциялфық үдерістер бастамашысы, мәдениет, дін және өркениеттер арасындағы пікіралмасудың модераторы ретінде танымал болды. Қазіргі таңда Н. Назарбаевтың ұсынған бастамалары әлемдік деңгейде мойындалып, жетістікті әрекет етіп келеді. Солардың бірнешеуінің жұмысына тоқталып өтуді жөн санадық.

Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес.
Қазақстан Республикасы Президентінің алғашқы жаһандфық бастамаларының бірі – Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңесті (АӨСШК) ұйымдастыру болды. Қазақстан басшысы өзінің бұл бастамасын 1992 жылдың 5 қазанында Нью-Йорк қаласында өткен БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-ші сессиясында жария еткен болатын. АӨСШК ұйымын құру қажеттілігін Н. Назарбаев ғасырлар бойы жинақталған азиялық тәжірибені қайтара пайымдау, құрлықтық ынтымақтастық пен ұжымдық қауіпсіздік тұжырымдамасын өзара үйлестіру, және де заманауи жаңа қатерлерге қатысты бейімделудің жолдарын бірлесе отырып іздестіру мәселесінен туындап отырғандығын түсіндіріп өтті. Сонымен бірге сол жылдардың өзінде-ақ Елбасы құрылып отырған ұйым өз жұмысында тек Азия құрлығымен ғана шектеліп қалмайтындығын пайымдап, оның Еуразия кеңістігіндегі өзара ықпалдастықтың тиімді тетігі ретінде қарастыра келе, келепшекте стратегиялық жағынан ұжымдық қауіпсіздік пен ынтымақтастықтың әлемдік жүйесіне айналуы мүмкіндігін қарастырған [1].

Негізгі мақсаты мен қызметінің бағыты: Азиядағы бейбітшілікті, тұрақтылықты және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында көпжақты ұстанымдарды қалыптастырып, ынтымақтастықты нығайту.

Мүше-мемлекеттері: Әзербайжан, Ауғанстан, Бахрейн, Вьетнам, Египет, Израиль, Үндістан, Иордания, Ирак, Иран, Қазақстан, Камбоджа, Қытай, Қырғызстан, Монғолия, Пәкістан, Палестина, Корея Республикасы, Ресей, Тәжікстан, Таиланд, Түркия, Біріккен Араб Эмираттары және Өзбекстан.

Бақылаушылар: Бангладеш, Индонезия, Катар, Малайзия, АҚШ, Украина, Филиппины, Жапония, БҰҰ, ЕҚЫҰ, АЕЛ.

Әрекеттегі төрғасы: Түрік Республикасы (2010-2014 жж. маусымы).

1992 жылдан бастап АӨСШК ұйымының қалыптасуы мәселесіне қатысты үрдіс жұмысы жүрді. 1993-1998 жылдар аралығында азия елдерінің СІМ сарапшыларының отырыстары барысында АӨСШК негізгі құжаттары – Ұйымдық шаралар ережесі, АӨСШК мүше-мемлекеттерінің өзара қарым-қатынасы принциптерінің декларациясы, Ұйымның құрылымы мен институттары секілді құжаттардың жобалары талқыланды.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет