1. ҚАзіргі экономикалық теорияның зерттеу пәні және әдістері экономика – гректің «ойкос, экос»



бет3/3
Дата18.09.2023
өлшемі19,07 Kb.
#181425
түріАнализ
1   2   3
Байланысты:
Лекция №1

НЕОКЛАССИКАЛЫҚ ТЕОРИЯ. ХІХ ғасырдың екінші жартысында экономикадағы барлық зерттеулер жекелеген нарықтықсубъектілердің нақты қарым-қатынастарын қарастыруға бағытталады. Ғалым-экономистер шектеулі ресурстарды тиімді пайдалану мәселелерін зерттеуге талпыныс жасай бастайды.
МАРЖИНАЛИЗМ. Маржинализм теориясы арқылы экономикалық теорияның микроэкономикалық негіздері әрі қарай дами түсті. Осы ғалымдардың еңбектерінде «шекті пайдалылық» теориясының негізгі қағидалары қалыптасты. Бұлар құндылық, баға, айырбас, шығын, сұраныс және ұсыныс туралы көзқарастары арқылы экономикалық ғылымға төңкеріс алып келді.
КЕЙНСИАНДЫҚ ТЕОРИЯ. Бұл бағыттың негізін қалаушы, ағылшынның көрнекті ғалым-экономисі Джон Мейнард Кейнс (1883-1946) болды. Мұндағы Кейнстің басты идеясы болып экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттілігі табылады.
ИНСТИТУЦИОНАЛИЗМ. «Институционализм» термині «заң негізінде орнатылған тәртіп немесе дәстүр» дегенді білдіреді. Институционалдық-әлеуметтік бағыт қазіргі экономикалық теорияда маңызды орын алады. Сонымен, институционализм – бұл адамдардың экономикалықтан басқа, әлеуметтік, мәдени, саяси, адамгершіліктік, құқықтық құндылықтарын зерттейтін ерекше бағыт.
Танымдық қызметі – экономикалық заңдарды, құбылыстарды зерттеу және түсіндіру.
Практикалық қызметі – іс жүзінде зерттелген объектілерді қолданып, экономикалық саясаттың негізін жасау.
Болжамдық қызметі – экономикалық дамудың жалпы ғылыми болжамын жасау.
Дүниетанымдық қызметі – ғылыми тұрғыда қоғам өміріне қажетті экономикалық көзқарастар жүйесін құру.
Әдіснамалық қызметі – барлық экономикалық ғылымдар үшін теориялық және әдіснамалық негіз жасау.
Сыншыл қызметі – әртүрлі экономикалық теориялардың артықшылықтары мен кемшіліктерін ашып көрсету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет