9. Тергеуэксперименті Осы санаттағы істер бойынша эксперименттер келесі мақсаттарда жүргізіледі:
жәбірленушінің, куәнің немесе айыпталушының қатысуымен болған оқиға орнындағы оқиға механизмін анықтау (мысалы, оқиғадағы әрбір қатысушының рөлі мен орнын анықтау үшін — қылмыстық топтың іс-қимыл тетігін);
қандай да бір іс-әрекетті орындау мүмкіндігін тексеру (мысалы, жауап алу хаттамасында көрсетілген уақыт ішінде белгілі бір қашықтықты еңсеру);
белгілі бір жағдайларда қылмыскердің сыртқы белгілерін қабылдау мүмкіндігін тексеру ("көріну", "есту"эксперименті).