Сабақтың тақырыбы: Есептеу эксперименті Сынып : 9



Дата13.02.2017
өлшемі82,38 Kb.
#9416
түріСабақ






































































Ш.Уәлиханов атындағы №1 жалпы орта білім беретін мектебі

Тақырыбы:



9 «Б» сыныбы

Өткізген: Карашинов Қ.С.



Арқалық

Сабақтың тақырыбы:

Есептеу эксперименті

Сынып: 9 «Б»

Күні: 12.01.2015

Сілтеме:

Информатика-9, қосымша ресурстар, электрондық оқулық

Жалпы мақсаты:


Білімділік: Оқушыларға модель ұғымы, модельдеу және модельдеудің кезеңдері жайлы ақпарат беру.
Тәрбиелік: Оқушыларды нақты шешім қабылдай білуге, топпен жұмыс жасауға, өз ойын еркін жеткізе білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушыларды модель құруға дағдыландыру, пәнге қызығушылығын арттыру.

Оқу нәтижесі:

Ынтымақтастық және топтағы бірлескен оқуды ұйымдастыру арқылы информатика пәнінің білім сапасының көрсеткішін жоғарылату.

Негізгі идея

Жеті модульді ықпалдастыра отырып, табысты  оқыту мақсатына жету.

Сабақтың типі:

Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі:

СТО әдіс тәсілдері

Дереккөздер:

Оқулық, дереккөздері, электронды оқулық

Пәнаралық байланыс:

Бейнелеу өнері, математика, география, физика

Тапсырмалар:

  1. Тренинг     6 минут                          

  2. Ой қозғау сұрақтары «Алғыр оқушы» 5 минут

  3. Жаңа сабақты түсіндіру 10 минут

  4. Тәжірибелік (жеке) жұмыс 8 минут

  5. Топқа бөлу. «Шыңға шығу!» 5 минут

  6. Қорытынды. Бағалау. 3 минут

  7. Рефлексия.2 минут

Қосымша: Тәжірибелік жұмыс:

1. Сабаққа кешігу барысындағы жазылатын түсініктеменің сөздік моделін құрыңдар.
2. Оны мәтіндік редакторда рәсімдеңдер.
3. Қалай ойлайсыңдар, сөздік модель құру барысында қандай мақсаттар қойылады?

Начало формы


Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Сәлемдесу, түгелдеу.

«Арқадағы сурет» оқушылар столды жағалап тұрып бір-бірінің арқасында қандай да бір заттың моделін салады. Әр оқушы өз арқасында салынған суретті айтады.


2. Оқушылардың құрал - жабдығын тексеру.
3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

II. Үй тапсырмасын тексеру: «Алғыр оқушы» ойыны арқылы үй тапсырмасы тексеріледі. Оқушылар бір-біріне сұрақтар қою арқылы «Алғыр оқушыны» анықтайды
III. Жаңа сабақты түсіндіру: (Оқушылар компьютерде электронды оқулықпен жұмыс)

Модель – бұл глобус және әлем картасы, жердің тартылыс күшінің формуласы, көрме стендіндегі зымыранның макеті, мектептегі биология кабинетіндегі көрнекі құралдар, әйгілі суреттердің көшірмесі. Нақты нысандарды (түпнұсқа) зерттеу мақсатында адамның қолымен жасалған нысанды – модель деп атаймыз.

Модель – нақты нысанды, құбылысты немесе үдерісті қарапайым етіп түсіндіреді.

Модельдеу – нысандарды, үдерістерді және құбылыстарды зерттеу үшін модель құру.


«Модель құру, модельдеу не үшін қажет?» деген сұрақ туындауы мүмкін. Біріншіден, нақты уақыт барысында түпнұсқа болмауы мүмкін немесе мүлдем табиғатта жоқ болуы мүмкін.

Екіншіден, түпнұсқа көптеген қасиетке және өзара байланыстарға ие болуы мүмкін, ал бізді тек жеке бөлігі ғана қызықтыруы мүмкін.

Модельдеу кезінде алдымен нысанның немесе қандай да бір үдерістің қасиеттерін біліп қана қоймай, сонымен қатар модельдеу кезеңдерін жоспарлау да қажет.

Модельдеудің кезеңдері: есептің қойылымы, модельді құру, компьютерлік модель, модельдеу нәтижесін талдау. Модельдеу нәтижесін талдау барысында алынған нәтиженің мақсатқа сәйкес келетіндігін немесе мақсатқа сәйкес келмейтіндігі талданады.

Анықталған қате – бұл да нәтиже болып есептелінеді.

Модельдеу мақсаты ретінде мыналарды айтуға болады:


  • Қоршаған ортаны танып - білу;

  • Берілген қасиет бойынша нысанды құру;

  • Әсердің нысанға тигізер салдары;

    1-кезең. Есептің қойылуы.

    Есептің берілгені.

    Модельдеу мақсаты.

    Объектіні талдау



    2-кезең. Модельді
    құру.

    Ақпараттық модель

    Таңбалық модель

    Компьютерлік модель



  • Құбылыстарды, үдерістерді және нысандарды тиімді басқару.





3-кезең. Компьютерлік эксперимент.

Модельдеу жоспары

Модельдеу технологиясы

4-кезең. Модельдеу нәтижесін талдау

Нәтиже мақсатқа сай келеді



Нәтиже мақсатқа сай келмейді


1-сурет. Модельдеу кезеңдері

Есептер экспериментін жасағанда есеп түсінікті тілде жасалуы керек, ең бастысы модельдеу объектісін анықтап, нәтижеде не болу керегін түсіну қажет.
ІV. бекіту: Тәжірибелік жұмыс (жеке жұмыс). Әр оқушы өз жұмыс орындарында есепті жазып шығуын тексереді.

Компьютермен жұмыс (оқушылар компьютерлерінде жұмысты тексереді)

program ysb;

label 5;


const n=3;

var x:array [1..n] of real;

y:array[1..n] of real;

a,b,c,r: real; i:integer;

begin

writeln (‘координатасын енгізу');



for i:=1 to n do

read;


readln (x[i], y [i]);

a:=sqrt((sqr (x[2]-x[1])+sqr(y[2]-y[1]));

b:=sqrt(sqr (x[3]-x[2])+sqr(y[3]-y[2]));

c:=sqrt(sqr (x[3]-x[1])+sqr(y[3]-y[1]));

if (x[3]-x[1])*(y[2]-y[1])<>(x[2]-x[1])*(y[3]-y[1])

then


writeln ('үшбұрыш құрылады') else

begin


writeln ('үшбұрыш құрылмайды');

goto 5;


end;

writeln ('a=', a:8:3, ‘ ‘:4, 'b=', b:8:3, ‘ ‘:4, 'c=', c:8:3 );

if a

begin


r:=a; a:=c; c:=r

end;


if abegin


r:=a; a:=b; b:=r

end;


r:=sqr(r); a:=sqr(a);

b:=sqr(b); c:=sqr(c);

r:=c+b;

writeln (r,a);



if a=r then writeln ('үшбұрыш тікбұрышты')

else


begin

if a

else

writeln ('үшбұрыш доғал бұрышты');



end;

5: writeln



end.
V.Жаңа тақырыпты бекіту: «Шыңға шығу!» ойыны.
Оқушыларға шыңға шығу барысында жол бойындағы жалаушаларды алу керек. Ол үшін олар сол жалаушаларда жасырынған сұрақтарға жауап берулері тиіс.
1. Модель дегеніміз не?
2. Анықталған нәтиже қате бола алады ма?
3. Модельдеу мақсаты дегеніміз не?
4. Құбылыстан, үдерістен және нақты нысаннан модельдің айырмашылығы неде?
5. Модельдеудегі түпнұсқаның маңызы.
6. Модельдеудегі негізгі кезеңдерді атаңдар.

Қосымша: Тәжірибелік жұмыс (жұптық жұмыс).
1. Сабаққа кешігу барысындағы жазылатын түсініктеменің сөздік моделін құрыңдар.
2. Оны мәтіндік редакторда рәсімдеңдер.
3. Қалай ойлайсыңдар, сөздік модель құру барысында қандай мақсаттар қойылады?

VІ. Қорытындылау. Оқушылар өз ойларын стикерге жазып тапсырады

ҮІІ. Үйге тапсырма: §8.3, 288-бет жазу.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет