Қыстау-Күршім негізгі орта мектебі
«Денсаулық - зор байлық»
Тәрбие сағаты:
Кітапханашы: Тыныбаева А
2013 ж
Мақсаты: Жас ұрпақтың салауатты өмір салтын қалыптастырудағы ой-өрісін дамыту, зиянды әдеттерге еліктеудің, қызығудың өмірлеріне қауіпт тудыратынын ескету. Есіркі мен темекінің ағзаға тигізер әсері, ЖҚТБ ауруынан сақтану, оның келешек өмірлеріне тигізер зардаптары, адам ағзасына теріс әсері туралы мәлімет беру.
Көрнекілігі: темекі, ішімдік, есірткі ЖҚТБ (СПИД) тақырыбына суретті көрме, плакаттар, бүктемелер.
Кітапханашы:
Құрметті оқушылар және ұстаздар!
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында көрсетілген өзекті мәселелердің бірі- салауатты өмір сүру, оны насихаттау мәселесі. Салауатты өмір салты дегеніміз-бос уақытты тиімді пайдалану, денсаулықты сақтау, зиянды әдеттерден аулақ болу. Бүгінгі шарамыздың мақсаты-«Бірінші байлық - денсаулық» деп дана халқымыз айтқандай болашақ еліміздің әрбір азаматын зиянды әдет ішімдік, нашақорлық, шылым шегушіліктен сақтандыру, олардың денсаулыққа, болашақ ұрпаққа жау екендігін түсіндіру, өркениетті елімізге лайықты зиянды әдеттерге қарсы күресетін білімді тұлға тәрбиелеу. Ұлтымызды алаңдатып, ұрпақты, адамдарды кісілік қасиеттен айыратын тажал дерке қарсы күрес отбасынан, мектептен және саналы әр азаматтың өз жүрек түбіне шығуы тиіс.Жасөспірімдер жақсыға да, жаманға да тез еліктегіш, сондықтан бүгінгі шарамыз осы зиянды әдеттер туралы болмақ.
Бүгінгі осы тәрбие сағатымызға ауылымыздың дәрігері Жұртабаева Қамалхан апайды шақырып отырмыз.
Ауызша журналымыздың бірінші беті «Темекі тартсаң ақырын, азаяр сана-ақылың» деп темекіге арналады. Сөз кезегін Камалхан апайға береміз.
Камалхан апай: Темекі Еуропа мен Азияға ХV ғасырда келген. Алғашқы кезде темекі тіс аруына қолданылатын дәрі ретінде пайдаланылып жүрген.Еуропаға темекінің тарауы Христофор Колумб есімімен тығыз байланысты. Ұлы теңізші Америкамен бірге темекінің де құпиясын ашыпты.
Шіркеу, діни адамдар мен патша өкіметі қарсылық танытқанымен 1616 жылы Ресейде темекіні егу, өсіру басталыпты. Голландияда темекіге үйір болған 1Петр темекі тартуға салынған тыйымды жояды. Ресейде темекі тарту дағдыға айналып, кең етек жайған мезгіл осы 1Петр патшалық еткен кез болып есептеледі.
Түркияда бұрын темекі тартушылардың құлағын, мұрнын кесіп, қолын шауып тастаған. Англияда темекі тартқандарды дарға асқан. Швецида 2000 жылдан бері жас ұрпақ шылым шегіуді білмейді.
Қазіргі кезде Қазақстанда мектеп оқушылары арасында 13-15 жастағы оқушылардың 46 % шылымшегеді. Бұл өте өкінішті жағдай. Әйгілі дәрігер Боткин 57 жасында көз жұмып бара жатып: «Егер мен темекі тартпасам, әлі ұзақ өмір сүрер едім»- деп өкініпті.
Ерте кезде темекінің зияндылығы туралы айтылғанымен ұзақ уақыт ешкім оның ағзаға қаншалықты зияндылығын анықтамаған. Қауіпті ісік ауруларының көбеюі, өкпенің қатерлі ісігі темекінің адам ағзасына әсерін зерттеуге итермеледі. Осылай адамдар темекінің аяусыз зияндылығын танып білді.
Темекі түтінің құрамында ағзаға зиянды 1200- дей зат бар. Оның ең зияндысы- никотин. Темекі құрамындағы никотиннің зиянды әсеріне ауыздың дәм сезуі нашарлайды, тіс уақытынан ерте бүліне бастайды. Темекінің салдарынан сілекей бездері де өзгернді. Бұған қоса ауыз қуысында жағымсыз иіс пайда болады.Сондай-ақ тілге, ерінге маңдайға жазылмайтын жара шығып, ол кейін қатерлі ісікке айналуы мүмкін.
Темекі тартатындардың темекі тарпайтындарға қарағанда өмірі 7-12 жылға қысқа келеді. Темекі шегу денсаулықтың қатерлі бұзылыстарына соқтырады. Өкпе ісігі, тыныс мүшелерінің, өкпенің созылмалы аурулары, жүрек қантамырлары аурулары темекі шегудің кесірінен пайда болады екен.
Кейбір балалар темекі тартуды есею деп санайды. Бірақ олар өз денсаулығына өздері қылмыс жасаушылар.
Темекі тарту- көптеген жасөспірімдердің ойлау қабілетін төмендетеді, жүйкені бұзады, өсу қабілетін тежейді, жұқпалы ауруларды жұқтыруына себеп болады. Дүние жүзінде шылым шегуден жыл сайын 3,5 млн. Адам қайтыс болады.Шылым шегетін адам жылына отбасы қаржысына мыңдаған теңге шығын келтіреді. Әрбір шылым адам өмірін 12 минутқа қысқартады. Шылым шегетіндер жүрек ауруларымен 12-13 есе, асқазан жарасымен 10 есе жиі ауырады. Олардың 80% өкпе ауруына шалдығады.Темекіні тастап кету тым қиынға соғады, сондықтан ең жақсысы оны ешқашан тартпау, ауызға алмау болып табылады.
Кітапханашы: 19- қараша темекі шегушілерге қарсы күрес күні болып есептеледі. Осы күнге арнап жазылған өлең жолдарын тыңдайық.
Шылым шекпе!
Шылым шексең-
Шіриді өкпең.
Денең уланып,
Аузың суланып,
Терің қуарып,
Жанарың суалып,
Басың айналып,
Бармағың сарғайып,
Жүзіңнен әр тайып,
Кетесің қартайып.
Сөздің қысқасы,
Әрі нұсқасы,
Қоймасаң шылым,
Түбіңе жетер
Жексұрын шылым!
Темекінің зияны
Бір кітапқа сияды.
Ол керемет өмірдің жеті жылын қияды.
Салауатты өмір салтын қолдайық.
Өз өмірің өз қолыңда, ей жастар,
Су ішпеген гүлдей болып солмайық.
Құрметті оқушылар! «Темекі тартсаң ақырын, азаяр сана-ақылың» атты тақырыпты қортындылай келіп, темекі шегіудің сіздің денсаулығыңызға зиянды екенін ескерте отырып, темекі шегу зиянды әдетке әуес болмаңыз демекпіз.
Енді ауызша журналымыздың келесі беті «Есірткі- жас өмірді улаушы».Нашақорлық туралы айтпақпыз.
Нашақорлық та үлкен кеселді дерттердің бірі. Қазіргі кезде елімізде ұрпақтарымыздың өсіп-өнуіне, қалыпты өмір сүруіне кедергі жасап отырған кеселдердің бірі- нашақорлық.
Кәмлеттік жасқа толмағандар мен жастар арасында есірткіні қолданудың етек алуы ерекше алаңдату туғызады. Есірткімен, нашақорлықпен бүгінгі таңда дүние жүзі болып күресуде.Есірткінің қашан пайда болғаны? Зияны туралы Камалхан апай баяндап берейін деп отыр.
Камалхан апай: Есіркіні өте заманнан – ақ пайдаланған. Оның құрамындағы удың әсері басты айналдырып, миды әлсіретеді. Осыны дінбасы және емші, көріпкелдер өз қажетіне бұқараны айтқандарына сендіруге, санасын өздеріне бағындыруға пайдаланған.
Есірткі ертедегі Египетте, Грекияда, Римде және Үндістанеда өте ерте заманнан-ақ қолданылған. Оны иіскеп немесе шеккен адамдар көңілденіп, ауырғандар ауруын сезбей,бей-жай көңілді күй кешкен, жаралары тез жазылған.
Есірткі- бұл адамның көңіл- күйін, сана- сезімін, мінез-құлқын бұзатын қауіпті, тиым салынған химиялық зат. Ол адамның есін алып, құмарлық желігіне ұшыратады, нашақор есірткісіз өмір сүре алмайтын бейшара халге түседі. Есіртінің негізгі түріне апиын, кокаин, көкнәр, марихуана, гашиш жатады.Барлығы да адам ағзасы мен психикасына әсер етіп зақымдайды.
Есірткінің ең улысы- гашиш, уының мөлшері 30-40 %.Гашишті шегетіндер- нашақорлар. Есіркіні қабылдайтындар- олар әрі ауыру, әрі қауіпті адамдар, есіркіні өзі шегіп қана қоймайды, олар өзгелерді де өздерінің қатарларына тартады. Есірткіні табу үшін адам өлтіруге джейін барады, міне оның қауіптілігінің шегі.
Қазақстан бойыншаесірткіге тәуелді адамдардың саны салыстырмалы түрде, 2001 жылы 30 мың,2003 жылы 48 мың.Бұл сандар тіркеуге алынғандар,ал тіркелмегендерді білу үшін осы сандарды 6-7 ге көбейту керек.
Есірткі шегушілердің 27%-ы 12-16 жастағылар болса, 42%-ы 17-42 аралығындағылар.
Қазақстанда есірткінің көп тараған елді-мекендері:Теміртау,Павлодар, Қарағанды,Жамбыл,Алматы, Өскемен, Талдықорған.
Нашақорлық дегеніміз- жас кездегі өзіне- өзі қолдан жасаған өлім. Наша адам ағзасына тек өздеріне лайықты ғана әсерлер береді. Ең алдымен жүйке жүйесін құртады. Нашаға мас болу ауруды сезінуді тоқтатады, көңіл-күйді өзгертеді, псикалық және физикалық тонусты түсіреді. Адам өзін өте жеңіл сезінеді, өзге бір дүниеде күн кешкендей болады да бойындағы бар мәселелерді және жауапкершілікті ұмытады. Ішкі дене мүшелері мен ағзалары, жүйке жүйсі және бас миы уланады.Әр түрлі жүйкелік бұзылулар, жеке басының адамдық қасиеті жоғала бастайды. Жұмыс істеу қабілеті нашарлайды, біртіндеп толық мүгедектікке айнала бастайды, соның негізінде жас кезден-ақ нашаның салдарынан адамды өлімге жетелейді.Егер наша тартып, темекі шегіп, арақ ішіп үйренсең – одан бас тарту өте қиын. Есірткіні бір рет тұтынған адам одан арыла алмайды.Бір минуттық ләззат барлық өміріңнің тас-талқанын шығарады. Ең абзалы- оны ешқашан бастамау. Нашақорлар есіркі заттарына құштар болатыны сонша, олар жанын беруге де дайын тұрады.
Есірткіні алғаш қолданар алдында ойлан! Ол ешқандай жақсылық әкелмейтінін ұмытпа. Егер сен қызық ретінде есірткі сатып алған болсаң, онда тез құтылуға асық. Танысың қанша жерден үгіттесе де, қарсылық таныт!
Кітапханашы: Назарларыңызға «Есірткі зобалаңы» саханалық көрнісін ұсынамыз.
Қатысушылар: Бала, анасы, есірткі таратушы.
Бала: Апа,кешірші мені, кешір. Мен осындай күйге ұшырадым. Білесізбе, мен.... мен...- нашақормын. Мен үшін – бұл дүниенің қызығы жоқ. Атып келе жатқан таңға қарап қуана алмаймын. Адамша сөйлесіп, адамша күле алмаймын апа-а! Мен үшін өмірдің.... бар қызығы наша, наша, наша, анаша! НАША ТАУЫП БЕРШІ, АПА. Наша тапшы апа. Жанымды қоярға жер таба алмай өліп барам, өліп барам, апа. Наша, наша, мені балам десең, наша тауып берші, апа......(жылайды).
Анасы: Құлыным –ай, құлыным... қалай тап болдың пәлеге?! Анаша дегенің – көрініп келген ажал еді ғой. Соны біле тұра.... сорлы балам... ажалмен ойнағаның не болғаны, өміріңнің бар қызығынан, қуанышынан айырып, сені қасіреттің қара құрдымына батырған қаныпезер кім? Сені осынша сорлатқан қай тасжүрек?
Есірткі таратушы: Ол қанпезер кім еді?- деймісің. Ол-мен, мен. Мына – менмін. Не істейсің маған, байғұс.
Анасы: Сен бе едің? : Сен бе едің, жүзіқара. Құлынымды адамдық жолдан тайдыратындай не істеп еді ол саған? Не жазығы бар еді?!
Есірткі таратушы: Рас, оның маған еш жазығы жоқ. Бірақ... қазір дүниені ақша билеген заман... Оның өзің де жақсы білесің. Ақша, ақша, ақша! Егер сенің балаң сияқтылар болмаса, сол ақшаны мен қайдан алам? Кім береді?
Анасы: Ақша, ақша дейсің. Ақшаңдап қалғыр... қай заманда адамнан ақша қымбат болып еді. Ақшаның жолында құрбандыққа шалынардай не күнәсі бар еді құлынымның?!
Есірткі таратушы: Күнәсі не деймісің ? Күнәсі - әлсіздігі. «Жоқ» деген сөзді айтуды үйретпепсің балаңа. Маған да керегі сондай адамдар. Мен оны, балаңды айтамын, дискотекада қармаққа іліктірдім. Иә, мен оны дискотекада қармаққа іліктірдім. Мен оған экстази ұсындым. Ақша сұрағам жоқ. Тегін бердім. Ол жоқ, керек емес деп айта алмады?
Анасы: «Экстази бердім» деймісің. Ол неменесі тағы да?
Есірткі таратушы: Экстази деген- есірткінің осындай жас балаларға арналған түрі. Оны қабылдаған шаршағанын, шөлдегенін білмейді. Таңды таңға ұрып, билей береді, билей береді.
Анасы: Құлынымның мойынына тұзақты осылай салдым десеңші........
Есірткі таратушы: Иә, балаңның мойына алғашқы тұзақ осылай салынды. Балаң менің құлыма айналды. Ол есіркіден ақша аямайтын. Бірте-бірте ол есірткінің ең күшті түрлеріне ауыз салды. Тамырына шприц салып барып жаны жай табатын болды. Ол үшін көп ақша керек еді. Ақша! Балаң енді өзінің үйіне өзі ұры болып түсті. Үйіндегі қымбат заттардың бәрін сатты. Міне, көрдің бе, балаңның түбіне өзінің әуесқойлығы жетті. «Жоқ!», «Болмайды!» деген сөзді үзілді- кеселді айта алмайтын табансыздығы жетті түбіне!
Анасы: Жоғал! Жоғал! Сен ажал әкелуші, ұрпаққа өлім себуші нағылетсің. Мен жалғызымды сенің қандықол шеңгеліне тастай алмаймын. Жоғал!
Есірткі таратушы: Ей, бейшара әйел! Сенікі құр далбаса! Көрдің ана баланың халін, өлгелі тұр ғой. Оған керегі- анаша. Оған дәл қазір анасынан да анаша қымбат. Сен оған анаша бере алмайсың. Ал, мен, беремін. Тегін беремін.
Бала: Тегін дейсің бе? Тегін бе?
Есірткі таратушы: Анаша керек пе саған ?
Бала: Иә, керек, өліп барам. Берші. Өлтірмейін десең, берші.
Есірткі таратушы: Егер анаша алғың келсе, тас кенедей жабысқан шешеңді әрі алып кет ( бала жүгіріп келіп, шешесін итеріп жібереді)
Есірткі таратушы: Айтпадым ба саған. Оған қазір анасынан көрі анаша қымбат.
( Анасы қолын көкке жайып жалынып, анаша сұрап тұр).
Кітапханашы : Рахмет. Өздеріңіз көргендей анашаның зиянын. Енді келесі
журналымыздың келесі беті « СПИД- ХХІ ғасыр індеті» деп аталады.1- желтоқсан – Дүниежүзілік СПИД-ке қарсы күрес күні. СПИД (ЖҚТБ-жұқтырған қорғаныс тапшылық белгілері),(АҚТҚ- адамның қорғаныс тапшылығының қоздырғышы ) жайында мұғалімдерден, дәрігерлерден, ата-аналардан және достарыңыздан естіген боларсыздар.
Енді СПИД туралы біраз мағұлматқа хабардар болсақ.
Камалхан апай: Бүгінгі таңда СПИД ауруы дүниежүзілік ауқымды күрделі мәселеге айналып отыр. СПИД тауыруының «ХХІ ғасыр обасы» деп аталуы тегін емес. Емделмейтін ауру СПИД-тің пайда болып, әлемді дүр сілкіндіргеніне 25 жылдай уақыт болды. Осы жылдарда СПИД –ке қарсы, оның вирусын өлтіретін дәрілер ойлап табылмады.Қазіргі таңда осы вируспен ауыратындар саны күн санап өсуде.
Спид- ӨТЕ ҚАУІПТІ ІНДЕТ, БҰЛ АУРУДАН БҮКІЛ ӘЛЕМДЕ ЕШКІМ ДЕ САҚТАНДЫРЫЛМАҒАН, ӨЙТКЕНІ спид АДАМНЫҢ ЖАСЫНА, ЖЫНЫСЫНА, ҰЛТЫНА, ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНА ҚАРАМАЙДЫ.Бұл вирус бес жылда жер шарына кең таралады. Қазіргі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, оны жұқтырған адамның саны 5 млннан 10 млнға жетті. Аурудың алғашқы белгілері бас жылдан соң байқалады, бұл уақыт ішінде сырқат адам ауруын талай адамға жұқтыруы ғажап емес.ЖҚТБ вирусы қанда, адам зәрінде, ана сүтінде және сілекейде болады.
ЖҚТБ ауыруының жұғу жолдары:
Кездейсоқ жыныстық қатынаста болғанда;
Нашаны таза емес шприцпен салғанда;
Ауру адамнан қан құйғанда;
Ананың ауыруы құрсағындағы жатқан балаға жұғады.
ЖҚТБ-мен ауырған адаммен құшақтасқанда, амандасып қол алысқанда, маңдайынан сүйгенде жұқпайды. Сыртқы бет әлпетінен адамның АҚТҚ-мен зақымданғаны білінбейді. АҚТҚ жұқпасының диагнозын тек қанды зертханалық зерттеу арқылы анықтауға болады. Аурудың алғашқы белгілері- шаршағыштық, жалпы әлсіздік, тамақ астындағы, қолтықтағы бездердің ісінуі болып табылады. Сондай-ақ сырқаттың еңбекке деген қабілеті кемиді, тамаққа тәбеті шаппайды, салмағын жоғалтады, яғни жүдеп кетеді. «Ғасыр обасы» деп аталған осы ауруды дүниежүзі ғалымдары қанша бас қосып ақылдасса да әзірге көзін жоюға шамалары келмеуде. Бұл аурудың үдеүінің бірден-бір себепшісі- есірткі. Есірткі шегушілер негізіне қылмыскерлер, олар өзін ғана құртып қоймайды, өзгелерді де құртады. Ауруды зерттеп тексерген ғалым мамандардың айтуы бойынша, бұл аурудан қорғанудың бір-ақ жолы бар, ол білім мен сауаттылық.Кез келген адам СПИД-тің қандай қауіпті ауру екендігін, оның қандай жолдармен жұғып, тарайтынын нақты біліп, терең түсінуі қажет.
Үлкендер отбасынада салауатты өмір сүру нормаларын, әр адам жеке бас тазалығын, жұбайылық тазалықты сақтап, өсер ұрпаққа үлгі бола білуі қажет. Боламын деген жасөспірім, мектеп жасындағы балалар сабақтан тыс уақыттарын мазмұнды өткізуге тырысуы керек. Өмір адам баласына бір рет беріледі. Осы өмірді мәнді де,мағыналы етіп өмір сүру өз қолымызда.
Кітапханашы :Бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтай келе,Камалхан апайға рамет айтамыз.Және қортындылау сөз кезгін мектеп директоры Кунапин Ерлан ағайға береміз.
Балалар! Бүгінгі шарада жат қылықтың аяғы неге апарып соғатынына көздеріңізді жеткіздіңіздер. Жақсы әдетті айтып, салауатты өмірдің өз қолымызда екнін түсіндіруге тырыстық, біздің көшпнді тіршілік кешкен ата-бабамыз салауатты өмір сүрді, ұрпағының амн-сау болып, азып-тозбауын қадағалады. Сол дәстүрді сақтап, бүгінгі ұрпақ біздер қоршаған ортаны, денсаулығымызды күтіп, терең білім алып, саналы азамат болуға ұмтылайық.
Қатысушылар: Бала- Ернар, анасы, есірткі таратушы-Темірлан
Бала: Апа,кешірші мені, кешір. Мен осындай күйге ұшырадым. Білесізбе, мен.... мен...- нашақормын. Мен үшін – бұл дүниенің қызығы жоқ. Атып келе жатқан таңға қарап қуана алмаймын. Адамша сөйлесіп, адамша күле алмаймын апа-а! Мен үшін өмірдің.... бар қызығы наша, наша, наша, анаша! НАША ТАУЫП БЕРШІ, АПА. Наша тапшы апа. Жанымды қоярға жер таба алмай өліп барам, өліп барам, апа. Наша, наша, мені балам десең, наша тауып берші, апа......(жылайды).
Анасы: Құлыным –ай, құлыным... қалай тап болдың пәлеге?! Анаша дегенің – көрініп келген ажал еді ғой. Соны біле тұра.... сорлы балам... ажалмен ойнағаның не болғаны, өміріңнің бар қызығынан, қуанышынан айырып, сені қасіреттің қара құрдымына батырған қаныпезер кім? Сені осынша сорлатқан қай тасжүрек?
Есірткі таратушы: Ол қанпезер кім еді?- деймісің. Ол-мен, мен. Мына – менмін. Не істейсің маған, байғұс.
Анасы: Сен бе едің? : Сен бе едің, жүзіқара. Құлынымды адамдық жолдан тайдыратындай не істеп еді ол саған? Не жазығы бар еді?!
Есірткі таратушы: Рас, оның маған еш жазығы жоқ. Бірақ... қазір дүниені ақша билеген заман... Оның өзің де жақсы білесің. Ақша, ақша, ақша! Егер сенің балаң сияқтылар болмаса, сол ақшаны мен қайдан алам? Кім береді?
Анасы: Ақша, ақша дейсің. Ақшаңдап қалғыр... қай заманда адамнан ақша қымбат болып еді. Ақшаның жолында құрбандыққа шалынардай не күнәсі бар еді құлынымның?!
Есірткі таратушы: Күнәсі не деймісің ? Күнәсі - әлсіздігі. «Жоқ» деген сөзді айтуды үйретпепсің балаңа. Маған да керегі сондай адамдар. Мен оны, балаңды айтамын, дискотекада қармаққа іліктірдім. Иә, мен оны дискотекада қармаққа іліктірдім. Мен оған экстази ұсындым. Ақша сұрағам жоқ. Тегін бердім. Ол жоқ, керек емес деп айта алмады?
Анасы: «Экстази бердім» деймісің. Ол неменесі тағы да?
Есірткі таратушы: Экстази деген- есірткінің осындай жас балаларға арналған түрі. Оны қабылдаған шаршағанын, шөлдегенін білмейді. Таңды таңға ұрып, билей береді, билей береді.
Анасы: Құлынымның мойынына тұзақты осылай салдым десеңші........
Есірткі таратушы: Иә, балаңның мойына алғашқы тұзақ осылай салынды. Балаң менің құлыма айналды. Ол есіркіден ақша аямайтын. Бірте-бірте ол есірткінің ең күшті түрлеріне ауыз салды. Тамырына шприц салып барып жаны жай табатын болды. Ол үшін көп ақша керек еді. Ақша! Балаң енді өзінің үйіне өзі ұры болып түсті. Үйіндегі қымбат заттардың бәрін сатты. Міне, көрдің бе, балаңның түбіне өзінің әуесқойлығы жетті. «Жоқ!», «Болмайды!» деген сөзді үзілді- кеселді айта алмайтын табансыздығы жетті түбіне!
Анасы: Жоғал! Жоғал! Сен ажал әкелуші, ұрпаққа өлім себуші нағылетсің. Мен жалғызымды сенің қандықол шеңгеліне тастай алмаймын. Жоғал!
Есірткі таратушы: Ей, бейшара әйел! Сенікі құр далбаса! Көрдің ана баланың халін, өлгелі тұр ғой. Оған керегі- анаша. Оған дәл қазір анасынан да анаша қымбат. Сен оған анаша бере алмайсың. Ал, мен, беремін. Тегін беремін.
Бала: Тегін дейсің бе? Тегін бе?
Есірткі таратушы: Анаша керек пе саған ?
Бала: Иә, керек, өліп барам. Берші. Өлтірмейін десең, берші.
Есірткі таратушы: Егер анаша алғың келсе, тас кенедей жабысқан шешеңді әрі алып кет ( бала жүгіріп келіп, шешесін итеріп жібереді)
Есірткі таратушы: Айтпадым ба саған. Оған қазір анасынан көрі анаша қымбат.
( Анасы қолын көкке жайып жалынып, анаша сұрап тұр).
1. Камалхан апай: Темекі Еуропа мен Азияға ХV ғасырда келген. Алғашқы кезде темекі тіс аруына қолданылатын дәрі ретінде пайдаланылып жүрген.Еуропаға темекінің тарауы Христофор Колумб есімімен тығыз байланысты. Ұлы теңізші Америкамен бірге темекінің де құпиясын ашыпты.
Шіркеу, діни адамдар мен патша өкіметі қарсылық танытқанымен 1616 жылы Ресейде темекіні егу, өсіру басталыпты. Голландияда темекіге үйір болған 1Петр темекі тартуға салынған тыйымды жояды. Ресейде темекі тарту дағдыға айналып, кең етек жайған мезгіл осы 1Петр патшалық еткен кез болып есептеледі.
Түркияда бұрын темекі тартушылардың құлағын, мұрнын кесіп, қолын шауып тастаған. Англияда темекі тартқандарды дарға асқан. Швецида 2000 жылдан бері жас ұрпақ шылым шегіуді білмейді.
Қазіргі кезде Қазақстанда мектеп оқушылары арасында 13-15 жастағы оқушылардың 46 % шылымшегеді. Бұл өте өкінішті жағдай. Әйгілі дәрігер Боткин 57 жасында көз жұмып бара жатып: «Егер мен темекі тартпасам, әлі ұзақ өмір сүрер едім»- деп өкініпті.
Ерте кезде темекінің зияндылығы туралы айтылғанымен ұзақ уақыт ешкім оның ағзаға қаншалықты зияндылығын анықтамаған. Қауіпті ісік ауруларының көбеюі, өкпенің қатерлі ісігі темекінің адам ағзасына әсерін зерттеуге итермеледі. Осылай адамдар темекінің аяусыз зияндылығын танып білді.
Темекі түтінің құрамында ағзаға зиянды 1200- дей зат бар. Оның ең зияндысы- никотин. Темекі құрамындағы никотиннің зиянды әсеріне ауыздың дәм сезуі нашарлайды, тіс уақытынан ерте бүліне бастайды. Темекінің салдарынан сілекей бездері де өзгернді. Бұған қоса ауыз қуысында жағымсыз иіс пайда болады.Сондай-ақ тілге, ерінге маңдайға жазылмайтын жара шығып, ол кейін қатерлі ісікке айналуы мүмкін.
Темекі тартатындардың темекі тарпайтындарға қарағанда өмірі 7-12 жылға қысқа келеді. Темекі шегу денсаулықтың қатерлі бұзылыстарына соқтырады. Өкпе ісігі, тыныс мүшелерінің, өкпенің созылмалы аурулары, жүрек қантамырлары аурулары темекі шегудің кесірінен пайда болады екен.Кейбір балалар темекі тартуды есею деп санайды. Бірақ олар өз денсаулығына өздері қылмыс жасаушылар.
Темекі тарту- көптеген жасөспірімдердің ойлау қабілетін төмендетеді, жүйкені бұзады, өсу қабілетін тежейді, жұқпалы ауруларды жұқтыруына себеп болады. Дүние жүзінде шылым шегуден жыл сайын 3,5 млн. Адам қайтыс болады.Шылым шегетін адам жылына отбасы қаржысына мыңдаған теңге шығын келтіреді. Әрбір шылым адам өмірін 12 минутқа қысқартады. Шылым шегетіндер жүрек ауруларымен 12-13 есе, асқазан жарасымен 10 есе жиі ауырады. Олардың 80% өкпе ауруына шалдығады.Темекіні тастап кету тым қиынға соғады, сондықтан ең жақсысы оны ешқашан тартпау, ауызға алмау болып табылады.
2. Камалхан апай: Есіркіні өте заманнан – ақ пайдаланған. Оның құрамындағы удың әсері басты айналдырып, миды әлсіретеді. Осыны дінбасы және емші, көріпкелдер өз қажетіне бұқараны айтқандарына сендіруге, санасын өздеріне бағындыруға пайдаланған.
Есірткі ертедегі Египетте, Грекияда, Римде және Үндістанеда өте ерте заманнан-ақ қолданылған. Оны иіскеп немесе шеккен адамдар көңілденіп, ауырғандар ауруын сезбей,бей-жай көңілді күй кешкен, жаралары тез жазылған.
Есірткі- бұл адамның көңіл- күйін, сана- сезімін, мінез-құлқын бұзатын қауіпті, тиым салынған химиялық зат. Ол адамның есін алып, құмарлық желігіне ұшыратады, нашақор есірткісіз өмір сүре алмайтын бейшара халге түседі. Есіртінің негізгі түріне апиын, кокаин, көкнәр, марихуана, гашиш жатады.Барлығы да адам ағзасы мен психикасына әсер етіп зақымдайды.
Есірткінің ең улысы- гашиш, уының мөлшері 30-40 %.Гашишті шегетіндер- нашақорлар. Есіркіні қабылдайтындар- олар әрі ауыру, әрі қауіпті адамдар, есіркіні өзі шегіп қана қоймайды, олар өзгелерді де өздерінің қатарларына тартады. Есірткіні табу үшін адам өлтіруге джейін барады, міне оның қауіптілігінің шегі.
Қазақстан бойыншаесірткіге тәуелді адамдардың саны салыстырмалы түрде, 2001 жылы 30 мың,2003 жылы 48 мың.Бұл сандар тіркеуге алынғандар,ал тіркелмегендерді білу үшін осы сандарды 6-7 ге көбейту керек.
Есірткі шегушілердің 27%-ы 12-16 жастағылар болса, 42%-ы 17-42 аралығындағылар.
Қазақстанда есірткінің көп тараған елді-мекендері:Теміртау,Павлодар, Қарағанды,Жамбыл,Алматы, Өскемен, Талдықорған.
Нашақорлық дегеніміз- жас кездегі өзіне- өзі қолдан жасаған өлім. Наша адам ағзасына тек өздеріне лайықты ғана әсерлер береді. Ең алдымен жүйке жүйесін құртады. Нашаға мас болу ауруды сезінуді тоқтатады, көңіл-күйді өзгертеді, псикалық және физикалық тонусты түсіреді. Адам өзін өте жеңіл сезінеді, өзге бір дүниеде күн кешкендей болады да бойындағы бар мәселелерді және жауапкершілікті ұмытады. Ішкі дене мүшелері мен ағзалары, жүйке жүйсі және бас миы уланады.Әр түрлі жүйкелік бұзылулар, жеке басының адамдық қасиеті жоғала бастайды. Жұмыс істеу қабілеті нашарлайды, біртіндеп толық мүгедектікке айнала бастайды, соның негізінде жас кезден-ақ нашаның салдарынан адамды өлімге жетелейді.Егер наша тартып, темекі шегіп, арақ ішіп үйренсең – одан бас тарту өте қиын. Есірткіні бір рет тұтынған адам одан арыла алмайды.Бір минуттық ләззат барлық өміріңнің тас-талқанын шығарады. Ең абзалы- оны ешқашан бастамау. Нашақорлар есіркі заттарына құштар болатыны сонша, олар жанын беруге де дайын тұрады.Есірткіні алғаш қолданар алдында ойлан! Ол ешқандай жақсылық әкелмейтінін ұмытпа. Егер сен қызық ретінде есірткі сатып алған болсаң, онда тез құтылуға асық. Танысың қанша жерден үгіттесе де, қарсылық таныт!
3. Камалхан апай: Бүгінгі таңда СПИД ауруы дүниежүзілік ауқымды күрделі мәселеге айналып отыр. СПИД тауыруының «ХХІ ғасыр обасы» деп аталуы тегін емес. Емделмейтін ауру СПИД-тің пайда болып, әлемді дүр сілкіндіргеніне 25 жылдай уақыт болды. Осы жылдарда СПИД –ке қарсы, оның вирусын өлтіретін дәрілер ойлап табылмады.Қазіргі таңда осы вируспен ауыратындар саны күн санап өсуде.
Спид-өте қауіпті індет, бұл ауырудан бүкіл әлемде ешкім десақтандырылмаған,өйткені СПИД адамның жасына,жынысына, ұлтына, экономикалық жағдайына қарамайды.Бұл вирус бес жылда жер шарына кең таралады. Қазіргі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, оны жұқтырған адамның саны 5 млннан 10 млнға жетті. Аурудың алғашқы белгілері бас жылдан соң байқалады, бұл уақыт ішінде сырқат адам ауруын талай адамға жұқтыруы ғажап емес.ЖҚТБ вирусы қанда, адам зәрінде, ана сүтінде және сілекейде болады.
ЖҚТБ ауыруының жұғу жолдары:
Кездейсоқ жыныстық қатынаста болғанда;
Нашаны таза емес шприцпен салғанда;
Ауру адамнан қан құйғанда;
Ананың ауыруы құрсағындағы жатқан балаға жұғады.
ЖҚТБ-мен ауырған адаммен құшақтасқанда, амандасып қол алысқанда, маңдайынан сүйгенде жұқпайды. Сыртқы бет әлпетінен адамның АҚТҚ-мен зақымданғаны білінбейді. АҚТҚ жұқпасының диагнозын тек қанды зертханалық зерттеу арқылы анықтауға болады. Аурудың алғашқы белгілері- шаршағыштық, жалпы әлсіздік, тамақ астындағы, қолтықтағы бездердің ісінуі болып табылады. Сондай-ақ сырқаттың еңбекке деген қабілеті кемиді, тамаққа тәбеті шаппайды, салмағын жоғалтады, яғни жүдеп кетеді. «Ғасыр обасы» деп аталған осы ауруды дүниежүзі ғалымдары қанша бас қосып ақылдасса да әзірге көзін жоюға шамалары келмеуде. Бұл аурудың үдеүінің бірден-бір себепшісі- есірткі. Есірткі шегушілер негізіне қылмыскерлер, олар өзін ғана құртып қоймайды, өзгелерді де құртады. Ауруды зерттеп тексерген ғалым мамандардың айтуы бойынша, бұл аурудан қорғанудың бір-ақ жолы бар, ол білім мен сауаттылық.Кез келген адам СПИД-тің қандай қауіпті ауру екендігін, оның қандай жолдармен жұғып, тарайтынын нақты біліп, терең түсінуі қажет.
Үлкендер отбасынада салауатты өмір сүру нормаларын, әр адам жеке бас тазалығын, жұбайылық тазалықты сақтап, өсер ұрпаққа үлгі бола білуі қажет. Боламын деген жасөспірім, мектеп жасындағы балалар сабақтан тыс уақыттарын мазмұнды өткізуге тырысуы керек. Өмір адам баласына бір рет беріледі. Осы өмірді мәнді де,мағыналы етіп өмір сүру өз қолымызда.
Достарыңызбен бөлісу: |