Апиынға құмарлық – адамзат тарихындағы ең ежелгісі. Ол көкнәрдан жасалған заттарды қабылдаумен байланысты. Морфий 1806 жылы опийдан алынған. Оны Наполеон әскерінің әскери химигі ашқан. Ағылшын ғалымы Вуд морфийды ауруды басатын дәрі ретінде теріге енгізуді ұсынды. 1875 жылы морфийшілдік деген термин пайда болды.
Есірткінің адам ағзасына әсерін зерттеуге аустриялық дәрігер Зигмунд Фрейд үлкен үлес қосқан.
Нашақорлық бүкіл ағзаның тіршілікке маңызды мүшелерінің қызметін бұзуға алып келеді, ауруларға қарсы тұру қабілетін бұзады.
Нашақорлардың үнемі серігі ретінде ЖҚТБ ауруы, сары ауру, жыныс аурулары, есірткі енгізген жерлерде ірің пайда болады.
Нашақорлардың үнемі серігі ретінде ЖҚТБ ауруы, сары ауру, жыныс аурулары, есірткі енгізген жерлерде ірің пайда болады.
ҚР-да есірткі заттарымен күресу үшін “Есірткі және психотропты заттардың айналымы” туралы заң қабылданған. Заңсыз сақтап, пайдаланғанда қылмыстық жауапкершілік жүктелетін арнайы есірткі заттардың тізімі жасалды. Есірткілік әсері бар дәрілік препараттарды қолдану, оларды ұрлау, апиындық көкнәр өсіру, есірткілік заттарды тасымалдау, тарату, кәмелетке толмағандарды есірткіге тарту қылмыс болып есептеледі.
Нашақорлықты емдеуден гөрі оның алдын алу жеңілірек болады. Емдеу үшін 6 айдан 2 жылға дейін уақыт қажет. Нашақорлардың тек 5%-ы ғана өздігінен қалыпты өмірге оралады.
Нашақорлық ұлт таңдамайды. Қауіптен құтылудың ең дұрыс тәсілі – оларды ешуақытта татып көрмеу!
Есірткіге ЖОҚ деп айтуға тұратын басты 10 себеп:
Есірткіге ЖОҚ деп айтуға тұратын басты 10 себеп:
Еркін өмір сүру, яғни ешқашан басқаның ықпалында болмау;
Салауатты әрі көркем өмір сүру (спорт, саяхатқа шығу, т.б.);
Ұзақ өмір сүру және ауырмау;
Сәнді өмір сүру (қазіргі кездегі сән – денсаулығы мықты болу және бірнеше тілді білу);
Көптеген аурулар: В және С гепатиттері, ЖҚТБ және ВИЧ індеті, иммунитеттің төмендеуі, психиканың бұзылуы, жүйкенің тозуы, ми құрамындағы қалпына келмейтін өзгерулер салдарынан адамның азғындауы, генетикалық кодтың өзгеруі;
Өз-өзіне қол жұмсау бейімділігі;
Мезгілсіз қайтыс болу.
Сұрақтар: 1. Есірткі дегеніміз не? 2. Нашақор адамның мінезі қандай? 3. Есірткінің адам ағзасына қандай әсері бар? 4. Біздің отанымызда нашақорлықпен қалай күреседі? 5. Қалай нашақорлықтың алдын алуға болады? 6. Есірткіге тәуелділік дегеніміз не? 7. Есірткіден қалай бас тартуға болады?