Сабақта «Сыни тұрғыдан ойлау»



бет1/3
Дата21.10.2022
өлшемі23,31 Kb.
#154421
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
Сын тұрғысынан ойлау
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер модулінің «Диалогтік оқыту» саласы., «Әдебиеттік оқу», Әдеби тіл үй тапсырмасы, Усманова Айдана жоба ФС

1. Тақырыбы: Сын тұрғысынан ойлау модулінің ерекшелігі және практикалық қолданысы


2.Дәріс жоспары:
1.Сын тұрғысынан ойлау технологиясының мәні мен мазмұны
2.Қазақ тілі сабақтарында сын тұрғысынан ойлау технологиясын пайдаланудың ерекшеліктері
3.Модульдік сабақта «Сыни тұрғыдан ойлау» технологиясының негізгі үш кезеңі туралы.
4.«Сыни тұрғыдан ойлау» технологиясының тәсілдері
5.Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының (қызығушылықты ояту, мағынаны ашу, ой толғаныс) кезеңдері.


3.Дәрістің мақсаты: Оқушылардың қалай оқу керектігін үйренудегі қабілеттерін дамыту жөніндегі мұғалімнің әрекеттерін білу, оқушының қалай оқитыны туралы сыни тұрғыдан ойлау.


4.Дәріс мазмұны: Сыни тұрғыдан ойлау деген –әр жеке тұлғаның кез –келген жағдайдағы мәселені ойлап, зерттеп қорытып, өз ойын еркін ортаға жеткізе алуы.Сыни тұрғыдан ойлау, өзіндік, жеке ойлау болып табылады.Ол – өз алдына сұрақтар қойып және үнемі оларға жауап іздеу, шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтау, әр мәселеге байланысты өз пікірін айту, оны дәлелдей алу, сонымен қатар басқалардың пікірлерін дәлірек қарастыруды және сол дәлелдемелердің қисынын зерттеу дегенді білдіреді. Сыни тұрғыдан ойлау» технологиясы бойынша, үш кезеңнен тұратын модульдік сабақты пайдаланады: Шақыру (қызығушылықты ояту) Іске асыру (мағынаны ашу) ұғыну, мәнін түсіну Рефлексия (ой толғаныс)  сананың өзіне, өзінің психикалық күйіне назар аударуы.
Шақыру Оқып үйренушінің өткен білімі мен тәжірибесін өзекті ету;- Оқушылардың іс-әрекетін белсенді ету;- Оқу іс-әрекетіне уәж (негіздеме) қалыптастыру; - Оқу іс-әрекетінде оқып үйренушілердің жекелей мақсаттарын қою; Тәсілдері Кесте «Б–Б–Б» Кластер Сұрақтар, мәтіннен тауып жауап беруге болатын жауаптар тұжырымы Альтернативті тест (дұрыс немесе дұрыс емес пікірлер) Қажетті сөздер бойынша болжам Болжам (сурет, портреті бойынша) «Миға шабуыл» Тәсілдері: INSERT – оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал. Ол бойынша оқушыға оқу, тақырыппен танысу барысында V – “білемін”, ― - “мен үшін түсініксіз”, + - “мен үшін жаңа ақпарат”, ? – “мені таң қалдырады” белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады.
Рефлексия - Жаңа білімді беру; Пән туралы бүтіндей көрініс жасау; Мәселе өрісін кеңейту, оқу іс - әрекетінде жаңа мақсаттарды қою; Оқып үйренушінің пәндегі дамуын бағалау және өзін-өзі бағалау бойынша жұмысы;
Сыни тұрғыдан ойлай білетін адам сұрақтар қоя біледі: Мен не білемін? Мен жаңаша нені білдім? Менің білімім қалай өзгерді? Мен осы біліммен не істей аламын? Білуі қажет: алдын-ала сенімділік туғызу; білімдерін бір-біріне жеткізу; бұл мәселені шешуге осы білімдерінің әсер етуі;


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет