Сабақ. «Біз осындай баламыз»

бет1/9
Дата23.08.2017
өлшемі1,42 Mb.
#24840
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары

Мектеп: «Көкпекті орта мектебі»К.М.М Мұғалiм Аяганова А.О.

Сынып 2 Оқушылар саны 16 Тақырып : 1 – сабақ. «Біз осындай баламыз»

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: жақсылық жасау, мейірімділік, достық

Сабақ мақсаты:Балалардың сүйіспеншілік құндылығы-ның жақсылық жасау арқылы көрініс табатыны туралы түсінік беру
Міндеттері:

Білімділік:.Жақсылық пен сүйіспеншіліктің адам өміріндегі маңыздылығы туралы түсінік беру

Дамытушылық;Жақсылық жасай білу іскерліктерін дамыту.

Тәрбиелік:Кайырымдылыққа ,ізгілікке тәрбиелеу.

Ресурстар: кітап, үнтаспа, ағаштын макеті. «тамшы» үлгісінде қиылған қағаздар

маркерлер,плакат

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл - күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру. Бір - біріне тілектер айту.
Тыныштық сәтi: «Нұрға бөлену»

Балалар, енді орнымызға жайғасып, ыңғайланып отырып, біраз демалып, жақсы істерді көз алдымызға елестетейік. Біз қазір құрметке, мейірімділік пен сүйіспеншілікке, ізгілікке толы әлемге саяхат жасаймыз. Біз сіздермен ерекше бір ғалам “Әлем ғаламшарына” сапар шегеміз. Егер кімде – кім көзін жұмғысы келсе, жұмуға болады. Біздің әуе кемеміз “Әлем ғаламшарына” келіп қонды. Біз асықпай, бірімізден кейін біріміз басқышпен түсіп келе жатырмыз. Бұл ғаламшар ертегідегі сияқты ғажайып жақсылыққа, шаттыққа, бақытқа толы болғандықтан таң қаларлық әдемі болып көрініп тұр. Осы ғаламшарда күн жарқырайды, ерекше, шуақты, жылы және әдеттегіден өзгеше. Күн Әлемдегі әрбір тұрғынға өз нұрының бейбітшілік, жақсылық және достық шуағын шашып тұр. Осы ғаламшарға тап болатын адамның барлығы жақсылыққа және шаттыққа бөленеді. Біздің осы ғаламшарда ерекше жақсы жағдайға ие болуымыздың себебі біз осы ғаламшар тұрғындарының шақыруымен келіп тұрмыз. Таң қаларлық жағдай осы ғаламшар тұрғындары жақынымен де, туысымен де, танысымен де және таныс емеспен де бәрімен нағыз дос. Сол себепті де олар жер ғаламшарына әуе кемесін жіберіп бейбітшілік пен ынтымақтастықты жақтайтын, ойында да, жүрегінде де сый мен құрметке ие, тату балаларды өзіне қонаққа шақырады. Әлем ғаламшары біздің балалардың олардың көңілінен шығатындығына шын қуанады. Оларға күлімсіреп қараңыздар. Өз достарыңызға қол ұшын созыңыздар. Қолдарыңыздың жылылық пен мейірімділік қуатына бөленгенін сезініңіздер. Енді бір – біріміздің қолымыздан ұстаймыз және бізді, біздің жүрегімізді мызғымас достық баурап алғанын сеземіз. Осы сезімдерді жадымызда сақтаймыз. Ал енді мен сыйқырлы сөз айтамын. Біздің Жер Ана өзінің қымбатты балаларын, 2 - сынып оқушыларын, асыға күтеді. – дегенде сіздер көздеріңізді ашасыздар. Қолдарыңызды жан-жаққа созыныз. Терең дем алыңыздар. Жарайсыздар.
Үй тапсырмасын тексеру

- Балалар, өткен сабақта адамның жақсы қасиеттерінің бірі - мейірімді болу керектігі туралы әңгімелескен болатынбыз. Үйде “Мен мейірімді баламын” тақырыбына әңгіме құрастырып келуге тиіс болғансыңдар. Қанеки, кім бастап айтып береді?

Балалардың жауаптары тыңдалады:
Мұғалім жаңа сабақ тақырыбымен таныстырады:
- Адамға, айналаңа мейірімді болу адамды жақсылық жасауға жетелейді. Бүгінгі сабақта жақсылық жасау туралы әңгімелесеміз.
Мұғалім оқушылармен төмендегідей сауалдар бойынша әңгіме жүргізеді.
• Жақсылықты риясыз жасау дегенді қалай түсінесіңдер?
• Өздеріңнің жақсылық істерің туралы естеріңе түсіріп айтып беріңдер.

Ескерту

Балалар тыныш оты-рып, жайлы әуеннің үні естіліп тұрады

  1. Дәйексөз.

«Біреуге жақсылық етсең,ол жақсылығынды міндет етпе»Ы.Алтынсарин
Сұрақтар:

1.Біреуге жақсылық жасау дегенді қалай түсінесіндер?

Оқушылар жауаптары

Яғни біреуге жақсылық жасап,жасаған жақсылығынды бұлдап,міндет етпеу керектігін айтамын.Адамға жақсылық жасаған соң риясыз жасау керек.Шын көңілмен,жаңашырлықпен адал ниетпен жасаған іс.Жасаған жақсылығымды қайтар деудің қажеті жоқ.Істеген ісіне ақы сұрама деген.

Бекіту
Балаларға тамшы салынған суреттерді таратып, әр оқушы берілген тамшыға істеген жақсылығын жазып, жария етеді. Барлық тамшыны қосқанда дария көл болып, әр бала жасаған жақсы істерін сурет салып немесе жазып жеткізеді.
Адамның жаны жақсылыққа толы болса, жер бетінде бейбітшілік болып, адамдар бақытты өмір сүреді. Ал ол үшін біз жақсы адамның ісі мен жаман істерді айыра білуіміз керек. Жақсылықты тек адамдарға емес қоршаған орта, табиғат, жан - жануарларға, құстарғада жасаймыз.

5.Әңгiмелеу. Мұғалім сыйы

Балалардың көз қуанышы”

В. А. Сухомлинскийдің әңгімесімен танысайық.
Көктемнің жайма - шуақ жылы күнінде айнала түгел қуанышқа бөленген еді. Бақтар гүлдеп, құстар сайрады. Көгілдір көк күмбезінде тыраулап тырналар ұшып барады. Алыстан сылдырап аққан бұлақтың ерке үні естіледі.
Ал, биік ақ қайыңның түбінде кішкентай балақай жылап тұрды. Ол сол мезетте бақтардың қалай гүлдегенін көрмеді. Ол құстардың қалай сайрағанын естімеді. Көгілдір аспан оған қара болып елестеді.
Қасынан өтіп бара жатқан жандар кішкентай баланың өзін де, оның жылап тұрғанын да байқамады. Тек бір қарт қана баланы байқап, оның қасына келіп, басынан сипады. Қарт балаға көптеген сөздер айтып, әлде нелерді сұрады. Бала жылап тұрып, қартқа әлде нелерді айтқан болды.
Олар осылай бір сағатқа жуық ұзақ әңгімелесті. Әңгіменің ақырында бала күлім қақты. Ол енді айналасында бақтардың гүлдеп тұрғанын көрді. Ол құстардың қалай сайрағанын естіді. Көз алдына көгілдір аспандағы тырналардың қанатын әсем қаққаны келді. “Міне, қазір көктем екен”,- деп ойлады бала.
Біреудің көзіндегі жасты тыйып, жүзінде күлкі ойнату қандай.бақыт!
Сұрақтар:

  1. Әңгімеде:
    - Жылап тұрған балаға қарт адам не жайында айтты деп ойлайсыңдар?
    - Баланың көңіл - күйі неліктен өзгерді?
    - Басқа адамдарға жақсылық жасау саған бақыт сезімін сыйлайды деген пікірге қандай ой қосар едіңдер?

6.Шығармашылық іс-әрекет,топтық жұмыс.

Тақтаға мына сөйлемді жазып қояды, бұл шығармашылық тапсырмаға нұсқау ретінде көрсетіледі:
Әр адамның жаны жақсылыққа толы болса, жер бетінде бейбітшілік орнап, адамдар бақытты өмір сүреді.
Балалар үш топқа бөлінеді, әрбір топқа бір конверттен беріледі. Конверттің ішінде тапсырма жазылған.
1 - ТАПСЫРМА:

Қарт адам балаға қандай жақсылық жасады?

(Яғни жер бетінде жақсылық жасайтын адамдар неғұрлым көп болса, жер шарындағы өмір қандай болады.)
2 - ТАПСЫРМА:

Бала қайда және қандай көніл күйде отырды. Суреттеп беру.
3 - ТАПСЫРМА:

Өз бойларындағы жақсы қасиеттерінді саналап жазындар.
(Балалар қағаздарға орындаған тапсырмаларын қорғайды)

7. Топпен ән айту. « Біз бақытты балдырғандар»

Сөзі: М. ӘлімбаевӘні: Ө Байділдаев

8. Үй тапсырмасы. Оқулықтан М. Байділдаұлының “Ақ көгершін” әңгімесін оқыңыздар. Оның қандай өнегелік мәні бар деп ойлайсыз? әңгіме мәтінінен осы сұраққа жауап беретін сөздерді табыңдар. Балаларға жапырақтар таратылады, осы жапырақтарға балалар бүкіл әлемге деген тілектерін жазады

9. Сабақтың соңғы тыныштық сәтi.
Баяу музыка қосылады. - Көзімізді жұмып, тыныштықта бүгінгі сабақты есімізге түсірейік. Енді, бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік, қандай жақсы нәрселерді үйрендік, өзімізге нені алдық сол жөнінде ойланайық. Осының барлығын жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық. Жайлап, көзеріңізді ашуға болады. Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рахмет!

«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары

Мектеп: «Үлкенбөкен мектеп балабақша кешені»К.М.М

Мұғалiм Абдулкаримова А.Н

Сынып 3

Оқушылар саны 16

Тақырып : «Жаным толған жақсылық»

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: жақсылық жасау, мейірімділік, достық

Сабақ мақсаты:Балалардың сүйіспеншілік құндылығының жақсылық жасау арқылы көрініс табатыны туралы түсінік беру

Міндеттері:

1. Жақсылық пен сүйіспеншіліктің адам өміріндегі маңыздылығы туралы түсінік беру

2.Жақсылық жасай білу іскерліктерін дамыту.

3.Кайырымдылыққа ,ізгілікке тәрбиелеу.

Ресурстар: кітап, үнтаспа,тапсырмалар бар конверттер,ағаштын макеті. «тамшы» үлгісінде қиылған қағаздар

маркерлер,плакат,

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл - күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру. Бір - біріне тілектер айту.

Тыныштық сәтi: «Нұрға бөлену»(балалар диванға жайғасады, жайлы әуеннің үні естіліп тұрады)

Балалар, енді орнымызға жайғасып, ыңғайланып отырып, біраз демалып, жақсы істерді көз алдымызға елестетейік. Біз қазір құрметке, мейірімділік пен сүйіспеншілікке, ізгілікке толы әлемге саяхат жасаймыз. Біз сіздермен ерекше бір ғалам “Әлем ғаламшарына” сапар шегеміз. Егер кімде – кім көзін жұмғысы келсе, жұмуға болады. Біздің әуе кемеміз “Әлем ғаламшарына” келіп қонды. Біз асықпай, бірімізден кейін біріміз басқышпен түсіп келе жатырмыз. Бұл ғаламшар ертегідегі сияқты ғажайып жақсылыққа, шаттыққа, бақытқа толы болғандықтан таң қаларлық әдемі болып көрініп тұр. Осы ғаламшарда күн жарқырайды, ерекше, шуақты, жылы және әдеттегіден өзгеше. Күн Әлемдегі әрбір тұрғынға өз нұрының бейбітшілік, жақсылық және достық шуағын шашып тұр. Осы ғаламшарға тап болатын адамның барлығы жақсылыққа және шаттыққа бөленеді. Біздің осы ғаламшарда ерекше жақсы жағдайға ие болуымыздың себебі біз осы ғаламшар тұрғындарының шақыруымен келіп тұрмыз. Таң қаларлық жағдай осы ғаламшар тұрғындары жақынымен де, туысымен де, танысымен де және таныс емеспен де бәрімен нағыз дос. Сол себепті де олар жер ғаламшарына әуе кемесін жіберіп бейбітшілік пен ынтымақтастықты жақтайтын, ойында да, жүрегінде де сый мен құрметке ие, тату балаларды өзіне қонаққа шақырады. Әлем ғаламшары біздің балалардың олардың көңілінен шығатындығына шын қуанады. Оларға күлімсіреп қараңыздар. Өз достарыңызға қол ұшын созыңыздар. Қолдарыңыздың жылылық пен мейірімділік қуатына бөленгенін сезініңіздер. Енді бір – біріміздің қолымыздан ұстаймыз және бізді, біздің жүрегімізді мызғымас достық баурап алғанын сеземіз. Осы сезімдерді жадымызда сақтаймыз. Ал енді мен сыйқырлы сөз айтамын. Біздің Жер Ана өзінің қымбатты балаларын, 3 - сынып оқушыларын, асыға күтеді. – дегенде сіздер көздеріңізді ашасыздар.Қолдарыңызды жан-жаққа созыныз. Терең дем алыңыздар.Жарайсыздар.

  1. Үй тапсырмасын тексеру

- Балалар, өткен сабақта адамның жақсы қасиеттерінің бірі - мейірімді болу керектігі туралы әңгімелескен болатынбыз. Үйде “Мен мейірімді баламын” тақырыбына әңгіме құрастырып келуге тиіс болғансыңдар. Қанеки, кім бастап айтып береді?
Балалардың жауаптары тыңдалады:
Мұғалім жаңа сабақ тақырыбымен таныстырады:
- Адамға, айналаңа мейірімді болу адамды жақсылық жасауға жетелейді. Бүгінгі сабақта жақсылық жасау туралы әңгімелесеміз.
Мұғалім оқушылармен төмендегідей сауалдар бойынша әңгіме жүргізеді.
• Жақсылықты риясыз жасау дегенді қалай түсінесіңдер?
• Өздеріңнің жақсылық істерің туралы естеріңе түсіріп айтып беріңдер.

Ескерту

  1. Дәйексөз.

«Біреуге жақсылық етсең,ол жақсылығынды міндет етпе»Ы.Алтынсарин
Сұрақтар:

1.Біреуге жақсылық жасау дегенді қалай түсінесіндер?

Оқушылар жауаптары

Яғни біреуге жақсылық жасап,жасаған жақсылығынды бұлдап,міндет етпеу керектігін айтамын.Адамға жақсылық жасаған соң риясыз жасау керек.Шын көңілмен,жаңашырлықпен адал ниетпен жасаған іс.Жасаған жақсылығымды қайтар деудің қажеті жоқ.Істеген ісіне ақы сұрама деген.

Бекіту
Балаларға тамшы салынған суреттерді таратып, әр оқушы берілген тамшыға істеген жақсылығын жазып, жария етеді. Барлық тамшыны қосқанда дария көл болып, әр бала жасаған жақсы істерін сурет салып немесе жазып жеткізеді.
Адамның жаны жақсылыққа толы болса, жер бетінде бейбітшілік болып, адамдар бақытты өмір сүреді. Ал ол үшін біз жақсы адамның ісі мен жаман істерді айыра білуіміз керек. Жақсылықты тек адамдарға емес қоршаған орта, табиғат, жан - жануарларға, құстарғада жасаймыз.

5.Әңгiмелеу. Мұғалім сыйы

Балалардың көз қуанышы”

В. А. Сухомлинскийдің әңгімесімен танысайық.
Көктемнің жайма - шуақ жылы күнінде айнала түгел қуанышқа бөленген еді. Бақтар гүлдеп, құстар сайрады. Көгілдір көк күмбезінде тыраулап тырналар ұшып барады. Алыстан сылдырап аққан бұлақтың ерке үні естіледі.
Ал, биік ақ қайыңның түбінде кішкентай балақай жылап тұрды. Ол сол мезетте бақтардың қалай гүлдегенін көрмеді. Ол құстардың қалай сайрағанын естімеді. Көгілдір аспан оған қара болып елестеді.
Қасынан өтіп бара жатқан жандар кішкентай баланың өзін де, оның жылап тұрғанын да байқамады. Тек бір қарт қана баланы байқап, оның қасына келіп, басынан сипады. Қарт балаға көптеген сөздер айтып, әлде нелерді сұрады. Бала жылап тұрып, қартқа әлде нелерді айтқан болды.
Олар осылай бір сағатқа жуық ұзақ әңгімелесті. Әңгіменің ақырында бала күлім қақты. Ол енді айналасында бақтардың гүлдеп тұрғанын көрді. Ол құстардың қалай сайрағанын естіді. Көз алдына көгілдір аспандағы тырналардың қанатын әсем қаққаны келді. “Міне, қазір көктем екен”,- деп ойлады бала.
Біреудің көзіндегі жасты тыйып, жүзінде күлкі ойнату қандай.бақыт!
Сұрақтар:

  1. Әңгімеде:
    - Жылап тұрған балаға қарт адам не жайында айтты деп ойлайсыңдар?
    - Баланың көңіл - күйі неліктен өзгерді?
    - Басқа адамдарға жақсылық жасау саған бақыт сезімін сыйлайды деген пікірге қандай ой қосар едіңдер?

6.Шығармашылық іс-әрекет,топтық жұмыс.

Тақтаға мына сөйлемді жазып қояды, бұл шығармашылық тапсырмаға нұсқау ретінде көрсетіледі:
Әр адамның жаны жақсылыққа толы болса, жер бетінде бейбітшілік орнап, адамдар бақытты өмір сүреді.
Балалар үш топқа бөлінеді, әрбір топқа бір конверттен беріледі. Конверттің ішінде тапсырма жазылған.
1 - ТАПСЫРМА:

Қарт адам балаға қандай жақсылық жасады?

(Яғни жер бетінде жақсылық жасайтын адамдар неғұрлым көп болса, жер шарындағы өмір қандай болады.)
2 - ТАПСЫРМА:

Бала қайда және қандай көніл күйде отырды. Суреттеп беру.
3 - ТАПСЫРМА:

Өз бойларындағы жақсы қасиеттерінді саналап жазындар.
(Балалар қағаздарға орындаған тапсырмаларын қорғайды)

7. Топпен ән айту. « Біз бақытты балдырғандар»

Сөзі: М. ӘлімбаевӘні: Ө Байділдаев

8. Үй тапсырмасы. Оқулықтан М. Байділдаұлының “Ақ көгершін” әңгімесін оқыңыздар. Оның қандай өнегелік мәні бар деп ойлайсыз? әңгіме мәтінінен осы сұраққа жауап беретін сөздерді табыңдар. Балаларға жапырақтар таратылады, осы жапырақтарға балалар бүкіл әлемге деген тілектерін жазады

9. Сабақтың соңғы тыныштық сәтi.
Баяу музыка қосылады. - Көзімізді жұмып, тыныштықта бүгінгі сабақты есімізге түсірейік. Енді, бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік, қандай жақсы нәрселерді үйрендік, өзімізге нені алдық сол жөнінде ойланайық. Осының барлығын жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық. Жайлап, көзеріңізді ашуға болады. Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рахмет!

Мектеп Каменка орта мектебі

Күні

Тақырыбы Қуаныш – жан шуағы

Құндылық Қиянат жасамау

Қасиеттер Қамқорлық,бірлік

Мұғалім Алымханова Салтанат Кабдылкамитқызы

Сыныбы 4 Оқушылар саны 6

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға «қуаныш», «қуаныш сыйлау» ұғымдары туралы түсінік бере отырып,қиянат жасамау

құндылығының мәнін ашу.

Сабақтың міндеттері :

Білімділік:Қуаныш сезімінің адам өміріндегі мәні туралы түсініктерін кеңейту;

Дамытушылық:Өзара жағымды қарым-қатнас жасау, қамқорлық,бірлік қасиеттерін дамыту;

Тәрбиелік:Өзгелерге қамқорлық жасауға,қуаныш сыйлауға тәрбиелеу.

Ресурстар: (материалдар,дерексөздер)

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Сабақтағы жағымды күйге келу: Тыныштық сәті «Нұрға бөлену».

Ыңғайланып отырып,денелеріңді түзу ұстаңыздар.Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз.Қолыңызды үстелге немесе тізеңізге қоюға болады.Көздеріңізді жұмыңыздар!

Елестетіп көріңіз:Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп,кеудеңізге қарай бойлап барады.Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан.Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді.Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды ,әр сеземіңізді,эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып ,жүрегіңіздің қауызын ашты.Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағаныны елестетіңіз.Ол біртіндеп күшейе түсуде.Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіруге тырысыңыз.Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп сәуле шашуда.Қолымыз тек жақсы,ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі.Нұр аяқтарыңызға тарады.Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда.Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды.Енді осы нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз.Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде.Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.Жаймен көзіңізді ашуға болады.

-Қандай сезімде болдыңыз?

Ескертулер

2.Үй тапсырмасын тексеру: Ж.Дәуренбеков «Сурет» әңгімесі.

-Самат Азаматқа неліктен ренжіді?

-Азаматтың ашуының басылуына не себеп болды?

-Мұғалім Азаматтың салған суретін қалай мақтады?

-Сен кімнің алақанын салар едің?

Оқулық кітап 58-60 бет

3.Жағымды ой-пікір (дәйексөз)

- Кейбір адамға кішкентай істер де көп қуаныш әкеледі. (Ник Вуйчич)

-Қандай іс-әрекет арқылы қуаныш сыйлауға болады?

-Қуаныш пен жақсылық жасауды қалай түсінесің?

-Ата-анамыз бен мұғалімдерімізге қандай қуаныш сыйлауға болады?

Дәйексөзді дәптерге жаздыру

66-бет

4.Оқиға айту (әңгіме)Мұғалімнің сыйлығы.

«Балалардың көз қуанышы» В.А.Сухомлинский.

-атақты жаңашыл педагог,жазушы.

Көктемнің жайма- шуақ жылы күнінде айнала түгел қуанышқы бөленген еді.Бақтар гүлдеп,құстар сайрады.Көгілдер көк күмбезінде тыраулап тырналар ұшып барады.Алыстан сылдырлап аққан бұлақтың ерке үні естіледі.Ал аққайыңның түбінде кішкентай балақай жылап тұрды.Ол сол мезетте бақтардың қалай гүлдегенін көрмеді.Ол құстардың қалай сайрағанын есімеді.Көгілдір аспан оған қара болып,ал тырналардың сынадай тізілген қатары оның көзінен тамған жас секілді елестеді.Қасынан өтіп бара жатқан жандар кішкентай баланы өзін де, оның жылап тұрғанын да байқамады.Тек бір қарт қана баланы байқап ,оның қасына келіп,басынан сипады.Қарт балаға көптеген сөздер айтып,әлденелерді жеткізген болды.Олар осылай бір сағатқа жуық ұзақ әңгімелесті.Әңгіменің ақырында бала күлім қақаты.Ол енді айналасында бақтардың гүлдеп тұрғанын көрді.Ол құстардың қалай сайрағанын естіді.Көз алдына көгілдір аспандағы тыналардың қанатын әсем қаққаны келді. «Міне,қазір көктем екен»,-деп ойлады бала.

Біреудің көзіндегі жасты тыйып,жүзінде күлкі ойнату қандай бақыт!!!

Оқиғаны талдау:

-Кішкентай бала табиғаттың сұлулығын неліктен байқамады?

-Сендердің ойларыңша қарт балаға не айтты?

-Айналасындағы әсемдікке көңіл аударуына не әсер етті?

62-бет

5.Шығармашылық жұмыс,топтық жұмыс.

-Топ бойынша «Қуаныш сыйлау» тақырыбында топтастыру жасау және қорғау .Адамдарға қалай қуаныш сыйлауға болады?

1-топ – 1 шумақ өлең жазу

2-топ- қиянат жасамау арқылы қуаныш сыйлау(сурет салу)

- Адамды,айналаңды қай уақытта,қандай жағдайда болмасын қуантуға бола ма?

- Сендер өз бойларыңнан сондай әрекеттерді байқадыңдар ма?

-Өз сыныптастарыңды қалай қуантар едіңдер?

2 топқа бөлу,топтпстыру жасау

Талдау сұрақтар

64-бет

6.Топпен ән айту :

Балдәурен

1.Балдәурен көктем,асығып жеткен шағала күндер,

Базарлы маусым,шырқалған даусым,тамсанып әсем.

Балауса балғын,көк майса шалғын,барады күндер,

Тербеліп биге,жайқалып билеп,ән салып әсем.

Қайырмасы;

Балдәурен,бақытты ән дәурен,

Келеді қанатым самғаумен.

Көңілдің ұшырып аққуын,

Балауса,балбұлақ бәлдәурен.

2.Жаныңа жылы,жүрекке ыстық,көңілге сұлу,

Ұялы көзің,балдәурен кезің бақыт-ау,бақыт.

Даламдай дархан,тауымдай биік,өмірге сұлу,

Тояма көзің ,айтшы сен өзің уақыт-ау,уақыт.

Қайырмасы:

7.Үй тапсырмасы:

-Е.Ашықбаевтың «Қуаныш» өлеңін жаттау.

63-64 бет

8.Сабақтың қортынды сәті: Тыныштық сәті:

Жайланып отырып,көзімізді жұмайық.Әрқайсысымыз өз қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік.Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп,жүрек жылуымызды адамдарға ,айналаға жеткізу үшін оларға жақсы тілектер тілейік,жақсы ой ойлайық,жақсы сөз сөйлейік,жақсы іс жасайық!Бүгінгі сабақтан алған жақсы әсерлеріңді жүректеріңе түйіп алыңдар!Рахмет!Көздеріңді ашуға болады.

-Бүгінгі сабағымыздан қандай әсер алдыңдар?

Дидактикалық материал

Мектеп Бобровка орта мектебі

Күні

Тақырыбы Қуаныш – жан шуағы

Құндылық Қиянат жасамау

Қасиеттер Қамқорлық,бірлік

Мұғалім Бутабаева Айжан Куангановна

Сыныбы 3 Оқушылар саны 21

Базылбек Ахметов атындағы орта мектеп

Мерзiм _9.06.2016__Мұғалiм Мергазина Нургуль Муратовна_

Сыны___4__ Оқушылар саны 7

Тақырыбы: «Адалдық пен достық» Құндылығы: Ақиқат

Қасиеттер: Мейірімділік, іс-әрекет,еңбек сүйгіштік

Сабақ мақсаты:

Жақсылықтың адам өміріндегі маңыздылығы туралы білім бере отырып, ақиқат құндылығының маңызын ашу.

Сабақтың мақсаты:

1)Білімділік: Жақсылықпен достықтың мәнін түсіндіру, ақиқат құндылығы туралы түсініктерін кеңейту;

2)Дамытушылық: Өзара сыйластық, шыншылдықты дамыту

3) Тәрбиелік:достықты қадірлей білуге тәрбиелеу;

Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер) Керекті құрал – жабдықтар: интерактивті тақта, көрнекі құралдар, смайликтер, оқулық, жұмыс дәптері..

Тыныштық сәтi. Су асты патшалығына ойша саяхат. (Оқушылардан шеңбер құрып отыруды, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтініңіз. Арқаларын тік ұстауын қадағалаңыз. Жайлы, баяу музыка қойыңыз).

Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеіңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады). Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.

Үй тапсырмасын тексеру «Менің досым» - тақырыбында ауызша ой бөлісу.

1 Достық дегенімізді қалай түсінесіңдер?

Ескерту

Еркін отыру

Дәйексөз. «Айнымас досы бар адам – ең бақытты адам» деген халық мақалының мәнін түсіндіріңдер, жаттап ал

Жұмыс дәптерге жазып алу

Оқиғаларды әңгiмелеу. «Данышпан» атты өсиет әңгімені оқи отырып сабақтың тақырыбын ашу.

«Жігітті жолдасына қарап бағала» дегенде нені түсінесіңдер?-Адам көбінесі өзінің мінезіне жақын адамдармен жолдас, дос болады. Шын жолдас, достар бір-бірінің жақсы қасиеттерін үлгі тұтады, бойына сіңіреді. Олар бір-біріне өте жақын, бір-бірін тез түсініп кететін болады. осындай жолдастық, достық қарым-қатынастардың арасындағы ең бағалысының бірі – адалдық. Біз бүгінгі сабақта адал достық туралы әңгімелесеміз.

Шығармашылық іс-әрекет,топтық жұмыс.

1. Ақылбек пен Асылбек төртінші сыныпта оқиды. Екеуі бала кезінен дос. Ақылбек сабақтан келген соң тамағын ішіп, үйдегі жұмыстарын бітіріп, үй тапсырмасын орындап болғаннан кейін далаға ойнауға шықты. Футбол алаңына барса Асылбекте ойнап жүр екен. Олар ұзақ футбол ойнап үйге кеш қайтты. Асылбек:

- Мен ертең сабаққа бармаймын үй тапсырмасын орындамадым. Мұғалімге мені ауырып қалды дей сал, - деп өз өтінішін Асылбекке айтты.Асылбек досының өтінішін орындап мұғалімге өтірік айтты

Сұрақ. 1 Ақылбек дұрыс істедіме?

2.Сендер оның орнында нестер едіңдер

Үй тапсырмасы.

Адал достар» тақырыбындағы әңгімені үйден жалғастырып жазып келу.

6 Топпен ән айту. «Достарым» әнін бірлікте айту.

«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары
Мектеп «№25 ЖОББМ» КММ

Мұғалiм Рахмжанова Ж.К.

Сынып 1 сынып

Оқушылар саны 16

Тақырып : Достаса білейік
Құндылық: Қиянат жасамау
Қасиеттер: Адалдық,әділдік, қамқорлық көрсету

Сабақтың мақсаты:

Балаларға достық туралы түсінік беру, бір-біріне қиянат жасамау құндылығын дамыту

Сабақтың міндеттері:

  1. балаларға достық, адал достық туралы түсіндіру.

  2. балалардың бір - бірін сыйлауға деген қасиеттерін арттыру

  3. балаларды адалдық,әділдік, қамқорлық көрсетуге тәрбиелеу.

Ресурстар

1. Баяу музыка

2. Үлестірмелі суреттер (жүрек, гүл, күн, ағаш т. б.),
3. Мақал - мәтел
4.«Достар әні»
Сөзін жазған: Фариза Оңғарсынова,
Әнін жазған: Айжігіт Асанов

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі

2. Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену»
- Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Ыңғайы келсе көздеріңді жұмсаңдар да болады.
Ал енді ауаны терең жұтып, ақырындап шығарыңдар, жарайсыңдар. Тағы да қайталаймыз, керемет жақсы. Тағы да ауаны терең жұтып, ақырындап шығарыңдар, өте жақсы балалар.
- Балалар музыка ырғағымен тыныс алу жаттығуын орындайды.
Ал, енді көзімізді ақырындап ашамыз, жан - жағымызға қараймыз.
3. Үй тапсырмасы:
Өз достары жайлы әңгімелеп келу.

  • Достарын көп пе?

  • Нағыз дос қандай болу кеек деп ойлайсыңдар?

4. Дәйек сөз:
«Күлме досқа - келер басқа» дегенді қалай түсінеміз?
(мағынасын сұрау, талдау)
Мақал - мәтел
- Мақал - мәтелді мұғаліммен бірге қайталайды.
Дәйексөз мағынасын аша түсу үшін ертегі оқып беремін.

Ескерту

  1. Мұғалімнің сыйлығы:
    Ертегі: Алты түлкі
    Бұрынғы уақытта алты түлкі дос болыпты. Алтауының біреуінің құйрығы шолақ екен. Ана құйрығы ұзын бес түлкі: «Сенің құйрығың жоқ»,- деп келеке қылып, күле беріпті. Сол уақытта шолақ түлкі: «Осылардың мен қалай құйрықтарын шолақ қылсам екен»,- деп көп ойланады екен. Сонда бес түлкіге айтады:
    - Біз бір жақсы ойын ойнайық! - деп.
    Түлкілерді алып келіп, қарағайға құйрықтарын байлап қойып, өзі биік бір таудың басына шығып, түлкілерге айғайлайды:
    - Мына жақта бүркіттер келе жатыр,- деп, өзі қаша жөнеледі. Сонда бес түлкі қашамыз деп құйрықтарын үзіп, шолақ болып қалыпты. Енді оларды да өзі секілді шолақ қылып, өзіне серік етіп алды. Алтауы бірдей шолақ болған соң ешкім - ешкімді мазақтап күлмейтін болыпты.
    - Көрдіңдер ме, балалар, досқа күлуге болмайды, әйтпесе өз бастарыңа түседі, дәл осы ертегідей. Досыңа жаманшылық ойлама!
    - Досқа күлуге бола ма?

-Түлкілердің достығын адал достық деп айтуға бола ма?
- Досқа қиянат жасамау дегенді қалай түсінеміз?

- Өмірде осындай достар кездесуі мүмкін бе?

6. Шығармашылық жұмыс .

Дәптерде берілген суреттер бойынша жағдаят шешу.

1.сурет «ойыншыққа таласқан бала»

2. сурет «досына көмек»

7. Сергіту сәті: (ән айту)
«Достар» әні:
- Бәрі бірге хормен ән айтады.
8. Үй тапсырмасы: «Досқа - сый»
- Балалар үйден өздеріңе ұнайтын, өз қалауларыңмен достарыңа сурет салып келіңдер.

9. Қорытынды: Сабақтың соңғы тыныштық сәтi.
- Балалар, тыныштық сақтап, үнсіз, қолымызды жүрегімізге қойып, жүрегімізді тыңдап көрейік. Жүрек әр түрлі сезімдерге толы. Олардың арасында жанашырлық, қамқорлық, аяушылық сезімдері басым екенін сезініңдер. Сабақтан алған білімдеріңді тағы бір еске алып жүрегімізге салып алайық.

«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары
Мектеп Өскемен қаласы әкімдігі «Ахмер орта мектебі» КММ

Мерзiм

Мұғалiм Сарсекенова Самал Маратовна

Сынып 3 «Г» Оқушылар саны 25

Тақырып «Мақтану—мақтаншақтық емес»

Құндылық кішіпейілділік, қарапайымдылық, ұстамдылық

Қасиеттер кішіпейілділік, қарапайымдылық сияқты адами қасиеттер туралы түсініктерін кеңейту.

Сабақ мақсаты: Дұрыс іс-әрекет кішіпейілділік, қарапайымдылық, ұстамдылық. Оқушылардың кішіпейілділік, қарапайымдылық сияқты адами қасиеттер туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

1.Білімділік: Мақтану, мақтау, мақтаншақ болжау туралы түсініктерін қалыптастыру.

2.Дамытушылық: Жағымды, жағымсыз қылықтарды ажырата білу, іскерліктерін дамыту.

3.Тәрбиелік: Кішіпейілділікке,қарапайымдылыққа,ұстамдылыққа тәрбиелеу.

Ресурстар: үнтаспа, жұмыс дәптер, оқулық

Сабақ барысы:

I Ұйымдастыру кезеңi.

--Сәлеметсіздерме, балалар, бүгін мен сендермен өзін-өзі тану пәні сабағында кездескеніме өте қуаныштымын. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Мақтану—мақтаншақтық емес». Біз бүгінгі сабағымызда мақтану, мақтаншақтық туралы айтамыз. Сабағымызды бастамас бұрын мен сендерді үш топқа бөліп алайын. Әр топта смайликтер тур, (1-топ қызыл, 2-топ жасыл, 3-топ сары). Ал енді,балалар кімге қай түс ұнайды, бөлініп отыра қалыңыздар.

II Тыныштық сәтi.

Балалар жайғасып отырады. Үнтаспадан ақырын әуен ойналады.

Қане, балалар, қазір бәріміз өз бойымыздағы мақтан тұтарлық қасиеттерді ойланып, айтып беруге дайындалайық.

III. Үй тапсырмасын тексеру

Үйге «Алтын мүйіз» ертегісін оқып келу болатын. (3-4 оқушыдан мазмұнын сұрау).

Мәтін бойынша сұрақтар:

  1. Алтын мүйіздің іс-әрекеті мақтануға жата ма? Неліктен?

  2. Ол мақтаншақтығынан қандай қиыншылықтарға тап болды?

  3. Осы әңгімеден қандай қорытынды жасауға болады?

Балалардың жауаптары тыңдалады.

Ескерту

IV. Дәйексөз.

«Мақтаншақ кісі- менмен кісі, менмендік адамның міні»

(Жүсіпбек Аймауытов)

1.Қандай адамды мақтаншақ адам дейді?

2.Менмендік дегенді қалай түсінесің?

3.Сенде қандай істеріңмен мақтана аласың?

V. Оқиғаларды әңгiмелеу

Оқушылырға «Бақа мен өгіз» мысалын оқып беремін.

1.Бақа қалай мақтанады?

2.Мақтаншақтық неге апарып соғады?

Жағдайаттарды сахналап көрсету.

Отырған үш топқа, алдын ала дайындап қойған мәтінді таратып беремін.Әр топ өздеріне тиісті мәтіндегі оқығанын сахналап, оның мақтануғу не мақтаншақтыққа жататынын дәлелдеу.

Әр топ сахналап көрсеткен соң, пікірлерін айтады.

VI. Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс.

Оқушылырға өз жетістіктерін орынды мақтана білуге, дағдыландыру үшін «Жарнама» ойынын ұйымдастырылады.

1-топқа достарын, 2-топқа оқулықтарын, 3-топқа сыныптастарының жетістіктерін жарнамалайды.

Дәптермен жұмыс. Дәптердегі «Менің ойымша» айдары бойынша берілген бос жолдарға мақтану мен мақтаншақтық туралы өз ойларын жазыңдар.

3-4 оқушыдан жазғандарын оқыту.

VII. Топпен ән айту.

«Жас дәуірдің түлегіміз» әні

(Сөзі: О.Өтетілеуұлы, әні: И.Нүсіпбаев).

Балалар, бұл өлеңде біз еліміздің Отанымыздың , орман-тауларын туған өлкемізді, ауылымызды мақтан тұтып отырмыз.

VIII. Үй тапсырмасы.

Оқулықтағы 105-беттегі «Мейірімділік—асыл қасиет»

деген тақырыбындағы, М.Төрежановтың «Сары тауық пен оның балапандары» деген әңгімесін оқып келу.

Ә.Дүйсенбаевтің «Ардақты ана» өлеңін жаттап келу.

«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары
Мектеп «Көкпекті орта мектебі» КММ Мерзiм 14.06.16ж Мұғалiм: Аяганова А.О.

Сынып 2 Оқушылар саны 17 Тақырып: «Еңбек – бәрін жеңбек»

Құндылық _Ақиқат Қасиеттер: Уақытты бағалау, еңбексүйгіштік, мейірімділік

Сабақ мақсаты: Адал еңбек, риясыз қызмет ету арқылы, оқушыларға ақиқат құндылықтарының негіздерін түсіндіру
Міндеттері:

Білімділік; еңбектің адам өміріндегі мәні туралы түсінік беру;
Дамытушылық; еңбек етуге қызығушылықтарын дамыту;
Тәрбиелік: Уақытты бағалауға, еңбексүйгіштікке, мейірімді-лікке тәрбиелеу;

Ресурстар:
а) Оқулық,дәптер

ә)«Көңіл толқыны» күй

б)Интернет желісі

в) А 3, стикерлер, түрлі қарындаштар

г)

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi. – Балалар көңіл – күйлерің қалай?

  1. Тыныштық сәтi.

  • Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.

  • Жәймен көзімізді жұмып, мені тыңдаңыздар. Тамаша таңертеңгі ашық күнді елестетіңіздер. Сіз тынық та ерекше көлдің жағасындамыз. Тек қана сізді тыныс алғаныңызбен судың сылдыры ғана естіледі. Күн жарқырап нұрын төккен сайын, сіз өзіңізді жақсы сезінесіз. Құстардың сайраған дауысы мен шегірткенің шырылын естисіз. Сіз салмақтысыз. Ауа таза және мөлдір, барлық денеңізбен күннің нұрын сезінесіз. Сіз осы тыныш таңертеңгі мезгіл сияқты бір қалыпты және қозғалусыз тұрсыз. Сіз ісіңізді, бақытты сезінесіз. Барлық дене мүшелерің тыныштыққа және күн нұрына бөленуде. Сіз жақсы дем алыңыз. Енді жайлап көзіңізді ашыңыз.

Осындай жақсы көңіл – күйімізбен сабағымызды бастайық.

  1. Үй тапсырмасын тексеру

«Еңбексіз өмір – сүреңсіз» мазмұндау

Тапсырма:

1-топ: Мысал әңгімедегі Қара пышақ қандай адамға ұқсады?

2-топ; Сары пышақтың қандай ісі сендерге ұнады?

3-топ : «Еңбексіз өмір – сүреңсіз» дегенді қалай түсінесіңдер?

Ескерту

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Топқа бөлу
Тыныс алу

Балалар өзінің ішкі күйіне үңілуге, олардың ой саяхатынан алған әсерлерін сезінуге баяу әуен қосылады.

Әр топтан 3 оқушы ортаға шығып мазмұнын айту

  1. Дәйексөз. «Еңбек – қуаныш, жалқаулық айырылмас азап»

  • Ақын неліктен «еңбек қуаныш» деп айтып тұр?

  • Ал, «жалқаулық айырылмас азап» деп неге айтқан?

  • Адам,ең бастысы, еңбектенуге, яғни адам бір іске күш-қуатын, ақыл-ойын жұмсауға ерінбеуі керек. Себебі, жалқаулық, еріншектік адамның өзін және өмірін тоздырады. Ал ерінбей еңбек еткең өз мақсатыңа, арманыңа жетесің. Арманың орындалса, өзіңді бақытты санайсың.

Тақтаға жазу: «Еңбек – қуаныш, жалқаулық айырылмас азап» Абай

  1. Оқиғаларды әңгiмелеу

Атасы он жасар немересімен далада келе жатып, баласынан сұрады:

  • Анау өрмекшіні көрермісің, не істеп жүр?

  • Көремін. Өрмек тоқып жүр.

  • Анау құмырсқаны көремісің?

  • Көремін. Аузында бір нанның уағы бар, жүгіріп кетіп барады.

  • Жоғары қара. Аспанда нені көрдің?

  • Жоғарыда қарлығаш ұшып жүр. Аузында тістеген шөбі бар.

Сонда атасы былай депті:

  • Олай болса шырағым , ол кішкентай жәндіктер саған үлгі – өнеге: Өрмекші маса – шыбынға тұзақ құрып жүр, өзіне азық етуге. Құмырсқа нанның уағын өзі жемей, үйіне алып бара жатыр. Қарлығаш балапандарына ұя жасауға шөп жинап жүр. Сен де еңбек етуге әдеттен – деді.

Сұрақтар:

1. Атасы неліктен немересіне кішкентай жәндіктерді көрсетті?

2. Бұл әңгімеде атасы немересіне қандай өсиет айтты?

3.

«Атасы мен немересі »

әңгімесін айтып беру

  1. Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс.

Тапсырма:

1-топ: Өрмекшінің еңбегін суреттеп немесе тірек сызбамен көрсетіңдер
2-топ; Құмырсқаның еңбегін суреттеп немесе тірек сызбамен көрсетіңдер
3-топ : Қарлығаштың еңбегін суреттеп немесе тірек сызбамен көрсетіңдер

  • Міне сабақ басында айтылған «Еңбек – қуаныш, жалқаулық айырылмас азап» деген дәйексөзімізге дәлел болып тұр.

  • Еңбек етуді, уақытымызды босқа өткізубеу, мейірімді болу керек екен.

Дәптермен жұмыс: Осы дәйексөзді дәптерімізге жазып алайық.

А) сұрақ – жауап

Ә) Әр топ өз жұ-мыстарын қорғау

Дәптерге жазу.

  1. Топпен ән айту. «Болайықшы осындай»

Сөзі мен әнін жазған: А. Меңжанова

Жақсы бала еңбекшіл

Ер азамат болады.

Қиындықты жеңіп кіл,

Құшағы гүл толады.
Қайырмасы: Еңбекшіл осындай,

Болайықшы, досым – ай. 2 рет.

Таза бала мұнтаздай,

Сүйсінеді қараған.

Ұқыпты деп бұл қандай,

Жақсы көрер бар адам.

Қайырмасы: Еңбекшіл осындай,

Болайықшы, досым – ай. 2 рет.

  • Сонымен «Еңбекқор» деп қандай адамды айтамыз?

Сыныппен әнді орындау

  1. Үй тапсырмасы. « Еңбек – бақыт бастауы» тақырыбына әңгіме жазып келіңдер.

Шағын әңгіме жаздыру

  1. Сабақтың соңғы тыныштық сәтi.

Өлең жолдарын бірге айтайық.

Тыныштық, тыныштық, тыныштық,

Тыныштық бар жерде.

Тыныштық, тыныштық, тыныштық,

Тыныштық бүкіл әлемде.

«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары
Мектеп: «І. Жансүгіров атындағы орта мектебі »КММ

Мерзiмі:

Мұғалiм : Байжакупова Ш.М.

Сынып 7 Оқушылар саны ____

Тақырып: Аялай біл, сен деп соққан жүректі

Құндылық: «Сүйіспеншілік» құндылығы

Қасиеттер: Мейірімділік, сыйластық, махаббат.

Сабақ мақсаты:

Жаныңда жүрген жақын адамдарға (отбасы мүшелеріне, құрбы- құрдастарына, достарына) деген сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

  1. Адамдардың бір- біріне деген мейірім- шапағатының мән- мағынасын түсіндіру.

  2. Жанында жүрген жақын адамдарға деген сүйіспеншіліктерінің дамыту.

  3. Жақын адамдарды сыйлауға, қадірлей білуге тәрбиелеу

Ресурстар:

Көрнекілігі: слайд, үлестірмелі, материалдар Жабдықталуы: проектор, бейне, аудиоматериалдар, үлестірме қағаздар, түрлі –түсті карындаш, музыкалық сүйемелдеу

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастырукезеңi.

1.Амандасу

2.Топқа бөлу

Тыныштық сәтi. Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар. Денелеріңізді тік ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз.

Қолыңызды тізеңізге немесе үстел үстіне қоюға болады. Күздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі күн нұрынан баяу ашылып келеді.Балғын және таза әсем гүл сіздің сезіміңізді, сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздіңсіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде, оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады.Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғанаестиді. Нұр көздерімізге жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәріненжақсылықты ғана көреді.Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.Нұр бірте-бірте қарқынмен шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жандарға таралсын.Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... . Нұр менің ішімде... . Мен нұрмын.»

Осындай Нұр, махаббат және тыныштық күйіндеотыра тұрыңыз...Енді осы нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру. Жаңа сабаққа алдын ала берілген дайындық жұмысы. Үйден оқып келген «Қарт пен бала әңгімесі» бойынша жұмыс.

- Қарт айтқан өмірде жеті жетім бар екеніне келісесіңдер ме?

- Ата-ана ақылы жерде қалса, бәрінен де сол жетім. деген сөзді қалай түсінесіңдер?

- Осы әңгімеден қандай ой түйдіңдер?

Ескерту

2 мин

4 мин

2мин

ІІІ. Дәйексөз.

« Өз сүйіспеншілігіңді ең алдымен отбасыңа арнамай тұрып, барша әлемді сүю мүмкін емес»

М. Шаханов.

- Бұл сөзді қалай түсінесіңдер?

- Отбасындағы сүйіспеншілік неден басталады деп ойлайсыңдар?

- Ал сендер отбасыларың үшін не істей алар едіңдер?

Дәйексөздің мағынасын оқушылармен бірге талқылау, мағынасын түсіну.

6 мин

ІҮ. Оқиғаларды әңгiмелеу.

Аңыз әңгіме. «Ана мен ажал.»

...Ертеде бір әйел адам болыпты. Ол дүниеге егіз ұл мен қыз әкеліпті. Күндердің бір күнінде сол екі баласына қарап, көңілі толып отырған сәтінде, кенет үйге күннің сәулесі өтпес бір қара көлеңке кіреді. Жүрегі дір ете қалған ана алдында тұрған ажалдың тұрғанын көріпті.

Ажал: -Ей, мейірбан ана, мен сіз үшін келдім бұл үйге. Әйелдік борышыңды өтедің, дүниеге екі бала әкелдің,- дейді ажал.

Ана бұл сөзге көнбеді.

  • Ажал маған әлі ерте. Сен күте тұр, мен

ұлымды ержеткізіп, қызымды бой жеткізіп алайын. Олардың есейіп, өзім секілді бала сүйгенін өз көзіммен көрейін. Соның бәрін көріп, немеремді сүйген соң, ала бер,- дейді ана.

  • Жоқ, сенің жаның дәл қазір керек маған.

неғұрлым тез алсаң, адам жаны сонша тәтті болады,- деп айтқанынан қайтпапты Ажал.

Әлі де көндіруге тырысайын деп ойлаған ана:

  • Онда біз келісейік, ажал. Менің осы көремін

деп отырған нәрселерімнен айнытып көр. Тек солар үшін ғана өмір сүрудің еш қажеті жоғын дәлелдеп көрсет маған. Сосын барып мен бұл өмірден қажыған кезімде, өзім сенен өлімді сұрағанда мені алып кет,- депті.

Ажал көп ойланып, ақыры тәуекелге бел буып, келісімін беріпті:

  • Болсын! Мейірімді ана, қабыл алдым сенің тілегіңді деп келіседі.

Тірі қалғанына, ажалды көндіргеніне мәз болған ана, балаларының бетінен сүйіп, қалғанына қуанады.

Сөйтіп ажал берген сынақтан байқұс ананың қайғы мен қасіретке толы өмірі басталады.

Баласының бірінші істеген опасыздығына, жарының ішіп кеткеніне, адамдардың надандығына, көршінің қызғанышына, барлығына шыдады. Мұқалмады, майыспады. Бұл өмірден шаршаса да жығылмады. Балаларым жетім қалмасын, жұрт алдында асқақ жүрсін, қайда жүрсе де, қандай қиындыққа жолықса да, артымда мені күткен, сүйеніш болар анам бар ғой деп ойлап жүрсін деп балалары үшін басына түскен қиындыққа да мойымапты.

  • Әңгімеден не түсіндіңдер?

  • Не үшін ана ажалдан бас тартты деп ойлайсыңдар?

  • Ананың бойынан қандай қасиетті байқадыңдар?

10мин

Ү. Шығармашылықіс-әрекет, топтық жұмыс.

« Әке деген кім?» тақырыбына бейнематериал ұсыну. Сабақта өтілетін негізгі тақырып бойынша қойылатын сұрақ мазмұны арқылы сабақтың мақсатына жету.

І-топ

- Өзің жақсы көрген адамның саған немқұрайдылық танытқан кездері болды ма?

- Немқұрайдылық танытқан кезде, не сезінесіңдер?

- Ендеше біз неге өзіміздің жақын адамдарымызға кейбір кездері немқұрайдылық танытамыз?

ІІ-топ

- Айналаңдағы адамдардың жақсылығын, мейірімін сезіп, байқап, бағалайсыңдар ма?

- Жалпы «Аялау», «Қадіріне жету», «Қадірін білу» деген сөздерді қалай түсінесіңдер?

ІІІ-топ

  • Қазіргі таңда әкелердің, аналардың қадірін қаншалықты бағалай алып жүрміз?

  • Өздеріңе « Маған мейірім- шапағатын аямаған адамдар үшін мен не істер едім?» деген сұрақ қойып көрдіңдер ме?

Оқушылар топ бойынша берілген сұраққа жауап беріп, тапсырманы орындайды және өз ойларымен бөліседі. Топтарға сұрақ беру

7 мин

ҮІ.Топпен ән айту.«Кешір, ана»

Еркелеп өстік, бала да болдық

Қуалап ойын, далада қондық

Ананың сөзін құлаққа ілмей

Кей кезде көсем данада болдық.

Есейдік енді аптықты беіп,

Жүзіңнен сенің шаттықты көріп

Қуансам деймін өзіңмен бірге

Ырысы менен бақ-құтты бөліп

Піспеген әлі шала шығармын

Үйретті ме екен нағашыларым

Балалық та бар, қателік те бар

Кешіре көрші анашым бәрін

Есейдік енді аптықты беіп,

Жүзіңнен сенің шаттықты көріп

Қуансам деймін өзіңмен бірге

Ырысы менен бақ-құтты бөліп

Тағдырын білем, қояды сұрақ

Жапасын қатты есігін бірақ

Басымды иіп отырмын мұңды

Барлығы үшін кешірім сұрап

Есейдік енді аптықты беіп,

Жүзіңнен сенің шаттықты көріп

Қуансам деймін өзіңмен бірге

Ырысы менен бақ-құтты бөліп

5мин

ҮІІ. Үй тапсырмасы.

« Ананың махаббаты» н/е «Әкешім- асқар тауым» тақырыбына шығарма.

3 мин

ҮІІІ. Сабақтың соңғы тыныштық сәтi.

Баяу әуен орындалып тұрады.

Бүгінгі сабақ сендерге не берді? Не түсіндіңдер? Не сезіндіңдер? Қандай қорытындыға келдіңдер?

Ендеше осы алған әсерлеріміздің барлығын жүрегімізге салайық.Бәріңізге үлкен рахмет!!!

6мин

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет