Сабақ. «Біз осындай баламыз»


«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары



бет5/9
Дата23.08.2017
өлшемі1,42 Mb.
#24840
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9


«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары
Мектеп- «ОПОМ»КММ

Мерзiм -

Мұғалiм -Муканова С.С

Сынып 3-А Оқушылар саны - 15

Тақырып:Ұқыпты бала–әдепті бала.

Құндылық:Қиянат жасамау

Қасиеттер:Сыйластық, мейірімділік,қамқорлық.


Сабақ мақсаты:Балалардың біреуге қиянат жасамау туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:1.Білімділік: Сыйластық, мейірімділік,қамқорлық туралы білімдерін кенейту.

2.Дамутышылық.Сыйластық қарым –қатынасты дамыту.

3.Тәрбиелік.Ұқыптылыққа,жинақылыққа әдептілікке тәрбиелеу.



Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)
Үнтаспа,оқулық,оқушы дәптері.

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi. Сабақ барысын талдау.Сәлемдесу,оқушылардың назарын сабаққа аудару жұмыс құралын түгендеу;күнделік,оқулық,жұмыс дәптері,қаламсап,қарындаш.

  2. Тыныштық сәтi. «Орманға саяхат». Баяу сазды әуен үнімен үшке дейін санап ,орманға ойша серуендеуді ұсынамын.

жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайыннеғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз,  қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына  көңіл бөліңіз. (Осы жерде мұғалім 1-2 минут үзіліс жасауына болады).

Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта  оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз!




  1. Үй тапсырмасын тексеру

«Жақсы ата»Е.Шайқыұлының әнгімесін оқып келу.

1.Атасы мен әжесі Ерасылға не сыйлады?

2.Ерасылдың неліктен ызасы келді?

3.Атасы Ерасылға қандай жақсылық жасады

4.Немересі атасына ризашылығын қалай білдірді?

5.Атасының немересіне деген жылы жүрегі қалай байқалады?



Ескерту

  1. Дәйексөз. «Ұқыптының уақыты мол» М.Әлімбаев

-Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

Мағанасын ашу.







  1. Оқиғаларды әңгiмелеу.«Ұқыптылық» Е.Өтетілеуов

 Үшінші сыныпты  бітірген   үш   дос:  Асылан,  Беккет  және  Жомарт   бүгін  де  әдеттегісінше  жұптарын   жазбай,  кинодан    бірге   қайтты.

       Әңгімені   Асылан   бастады:

- Айтпақшы,  Бекет, атаң   келген   жоқ  па?  Қорыққа   қашан   бармыз?

- Мен   сендерге  айтам  деп  ұмытып  кетіппін   ғой.  Атам  келді.  Ертең қорыққа  қайыра   қайтады, - деді  оған  Беккет.

- Ой,  сен  де, -  деді  Жомарт  ренжи.

-  Манадан  бері  айтпайсың  ба,  жүріңдер,  атайға  тағы  бір  жалынып  көрейік.

    Олар   жүрістерін  жылдамдата, Бекеттің  үйіне  қарай  тартты.

     Бекеттің   атасы -  Қазанбай  қарт  ауылдан  көп  шалғай  Қорғалжын  қорығында  қарауыл  болып  істейді. Балалардың  естуінше  онда құс  атаулының   неше  түрлісі  бар,  әсіресе,  сол  көлді   жылда  жазда  мекен  етуші  сирек  кездесетін  құс  қызылқазды   көргендер  де  көп  деседі. Асылан  да  соны  бір  көруге   асық – ақ.  Атай  ауылға  апталап ,  кейде  айлап  бірақ келеді.  Балалар  бір – екі  рет өтініп  көріп еді,  Қазанбай   атай   қасына  да  маңайлатпаған.   Енді  олар  бақтарын  тағы  бір  сынамақшы.

    Балалар  есік  алдында  тақтай  орындықшада  отырған Қазанбай  атайға  жарыса  сәлем  берісті. 

  - Иә,  батырлар, -  деді  ол  күлімсіреп, - қорыққа  барғыларың  келеді  ғой, ә?

  - Иә, иә, ата, апарыңызшы!

   - Біз   шаршамаймыз  да  қорықпаймыз,  деді  Асылан  мен  Жомарт.

   -  Ата,  бұл  менің  достарым  ғой,  апаршы, ә? -  деп  қиыла  сұрады  Бекет  те.  

-  Болмадыңдар  ғой,  жарайды.  Апарсам,  апарайын.  Тек  күн  шығар -  шықпастан  осы үйдің  алдында  болыңдар.  Мен  ерте  жүремін, -деді.

 

    Асылан  мен   Жомарт  қуаныса  үйлеріне   жүгіріп   кетті.  Асылан  үйіне  келісімен,  ертең  қорыққа  баратынын  ансына  айтты да,  дереу  жолға  қамдана  бастады.



  -  Біз  ат  арбамен  барамыз,  апа, -  деді  ол. -  Жол  ұзақ.  Маған  бір  күндік  тамақ  дайында.  Жылы  киімдерімді   тауып  бер.  Реттеп  салып  қояйын,  әйтпесе,  таңертң  үлгермеспін. Асылан  қажетті  заттарын  реттеп  қойды да,  ерте  жатып  қалды.

    Жомарт  болса  үйіне  келіп,  ондағыларға:  « Ертең  қорыққа  барамыз.  Мені  ерте  оятыңдар», -  деді  де  өзі  есік  алдында  ойнап  жүрген  балаларға  баруға   асығып,  сыртқа  кетті.

    Таң  ата  бере,  Қазанбай  қарт  үйден  шықты.  Қараса, есік  алдындағы  орындықта  бір  бала  жайғасыпты.  Буынып -  түйініп,  жолға  дайындала  келген  бұл  кім  десе, немересінің   жолдасы  Асылан  екен.   Қарт  бұлармен  болған  кешегі  әңгімені  енді  есіне  түсіріп,  еріксіз  күліп  жіберді.  Мына  бала    ерте  тұрып,  келіп  отыр.  Енді  апармасқа  амал  жоқ.

    Аздан  соң  Қазанбай  қарт   арбасына  Беккет  пен  Асыланды  отырғызып  алып,  қарагер  аттың  делебесін  қағып  қалды.  Олар   Жомарттың  үйінің  тұсынан  өте  бергенде,  Асылан  шыдамай:

    - Ата,  мен  Жомартты  шақырып  шығайыншы,  досымыз  ғой, -  деді.

    Әуре  болмаңдар, - деді  Қазанбай  қарт, -  қорыққа  баратын  адам  бұл  уақытқа  дейін  ұйықтамайды.  Ұқыпты  бала  мына  Асылан сияқты,  манна  келетін  еді. Кеттік,  шүу,  жануар!  -  Атай  Қарагерге  қамшы  басты.







  1. Шығармашылық іс-әрекет,топтық жұмыс.Ұқыпты және ұқыпсыз бала туралы өз ойларыңды кестеге жазыңдар.

Ұқыпты бала-Ұқыпсыз бала.


Топқа бөлу

  1. Топпен ән айту. «Жас дәуірдің түлегіміз» (Сөзі :Е.Өтетілеуов,әні И.Нүсіпбаев.)

Бау-бақша,белдер,

Орман,тау,көлдер-

Көрікті шексіз даламыз.

Дәулеті тассқан,

Сәулеті асқан –

Көңілді ауыл,қаламыз.

Қайырмасы:

Жадырап күндей,

Жайнаған гулдей-

Бақытты біздер баламыз!

Өзіміз туған,

Көбелек қуған

Өлкеде өсіп,толамыз.

Жалықпай оқып,

Көңілге тоқып-

Білімді адам боламыз.

Қайырмасы:





  1. Үй тапсырмасы.

Мақал-мәтелдер мен жаңылтпашты оқыңдар.Оларды естеріңе сақтап алыңдар .

Мақалдар:

1. Ұқыптының тоны тозбас,

Ұқыпсыздың ісі оңбас.

2. Ұқыптылық істің көркі.

Жаңылтпаш:

Ұқыпты бала- кітапты түптеп тастады.

Ұқыпсыз бала- кітапты бүктеп тастады.

Жұмысын басқаға жүктеп тастады.

Тапсырма:Ұқыптылық жайлы өз ойларын жазу.





  1. Сабақтың соңғы тыныштық сәтi.

Баяу әуен қойылады.Оқушылар денесін, басын тік ұстап,көзін жұмып отырады.

Мұғалім:Әрқайсымыз оң қолымызбен жұрегімізді ұстап көрейік.Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп,жүрекжылуымызды адамдарға,айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық,жақсы сөз сөйлейік ,жақсы іс жасайық!Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңіздіжүректеріңізгетүйіп алыңыздар.Рахмет!Көздеріңді ашуға болады.








«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары
Мектеп «Көкпекті орта мектебі» КММ Мерзiм 13.06.16ж Мұғалiм: Қожабаева С.А. Сынып 4 Оқушылар саны 20 Тақырып: «Дос болайық бәріміз»

Құндылық _Сүйіспеншілік

Қасиеттер: Мейірімділік, қамқорлық, адалдық


Сабақ мақсаты: шынай достықпен маңыздылығын түсіндіре отырып, сұйіспеншылык құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері:

Білімділік; адам өміріндегі адал достықтың мәнін ашу, ұғындыру
Дамытушылық; сүйіспеншілік құндылығын дамыту
Тәрбиелік: шынай дос бола білуге, адалдыққа тәрбиелеу


Ресурстар:
Оқулық, дәптер, қалам, түрлі – түсті қарындаш, плакат

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi.

5Т ны естеріне түсіру, оны сыныптағы ереже ретінде көрінетін жерге іліп қою.


  1. Тыныштық сәтi.

  • Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.

  • Жәймен көзімізді жұмып, мені тыңдаңыздар. Тамаша таңертеңгі ашық күнді елестетіңіздер. Сіз тынық та ерекше көлдің жағасындамыз. Тек қана сізді тыныс алғаныңызбен судың сылдыры ғана естіледі. Күн жарқырап нұрын төккен сайын, сіз өзіңізді жақсы сезінесіз. Құстардың сайраған дауысы мен шегірткенің шырылын естисіз. Сіз салмақтысыз. Ауа таза және мөлдір, барлық денеңізбен күннің нұрын сезінесіз. Сіз осы тыныш таңертеңгі мезгіл сияқты бір қалыпты және қозғалусыз тұрсыз. Сіз ісіңізді, бақытты сезінесіз. Барлық дене мүшелерің тыныштыққа және күн нұрына бөленуде. Сіз жақсы дем алыңыз. Енді жайлап көзіңізді ашыңыз.

Осындай жақсы көңіл – күйімізбен сабағымызды бастайық.




  1. Үй тапсырмасын тексеру

Оқулықтың 44 –бетінде берілген «Сыпайы қоян» мексика ертегісін оқып келу.
Мәтін бойынша сұрақтар:

  • Қоянның жылы сөздерінің өзінде қандай көмегі бар?

  • Жақсы сөз адамдарға қалай әсер етеді?

  • Қандай кезде жақсы сөздерді қолданасыңдар?

  • Жақсы сөз естігенде қандай сезімде боласыңдар?

  • Жаман, дөрекі сөз естігенде қандай көңіл күйде боласыңдар?

  • Жақын адамдарыңа қандай жақсы сөз айтқыларың келеді?




Ескерту

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.


Топқа бөлу
Тыныс алу

Балалар өзінің ішкі күйіне үңілуге, олардың ой саяхатынан алған әсерлерін сезінуге баяу әуен қосылады.

Әр топтан 3 оқушы ортаға шығып мазмұнын айту


  1. Дәйексөз.

«Достық – асықпай өсетін өсімдік секілді. Ол пісіп жетілуі үшін талай сыннан өтуі керек»


  • Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

Оқушылардың жауаптары тыңдалып, дәптерге жаздыру.

Тақтаға жазу:

Хормен қайталау



  1. Оқиғаларды әңгiмелеу

Екі дос көше бойымен жайбарақат әңгімелесіп келе жатты. Оның біреуі – Аблан да, екіншісі – Абыз. Абыздың денсаулығы нашар, көп жүгіре алмайтын, демікпе сырқаты болатын.

Бір үйдің жанынан өте бергенді дәу қара төбет арсылдап, тура алдарынан шыға келді. Абыз:



  • Аблан, қаш, әне, ит келіп қалды, - деп қатты қорқып, айғайлап жіберді.

Аблан жерден бір шыбық алып, итке қарсы ұмтылды. Ашулы ит Абланның шалбарынан бірнеше рет жұлқылап та үлгерді. Үлкендер келіп, Абланды құтқарып алды.

Абыз абланның жанына келіп;



  • Мен қаш дегенде неге қаспадың? Қашып кеткенімізде, шалбарыңды ит жыртып тастамас еді, - деп жатыр.

  • Мен қашатын болсам, сен тұтылатын едің. Өйткені сен қатты жүгіре алмайсың ғой. Сені иттен қорғаймын деп, әдейі қалып қойдым, - деді Аблан.

  • Достар деген осындай болар, - деді олардың сөзін естіген үлкендер сүйсініп


Сұрақтар:

  • Аблан неліктен Абызды тыңдамады?

  • Қай баланың әрекеті дұрыс деп ойлайсыңдар? Неліктен?

  • Өзгелерге «жақсылық жасау» дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Өмірде осындай жағдайлар болса сендер қалай әрекет етер едіңдер? Әңгімелеп беріңдер.



«Екі дос »

әңгімесін айтып беру




  1. Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс.


Тапсырма:

1-топ: Адал достық жайлы мақал – мәтелдер жазу және олардың мәнін түсіндіру.
2-топ; Плакатқа адал досты бейнелеу
3-топ Достардың адалдығын, бір – біріне деген риясыз сүйіспеншілігін көрсететін жағдайды сахналау.


  • Міне сабақ басында айтылған «Еңбек – қуаныш, жалқаулық айырылмас азап» деген дәйексөзімізге дәлел болып тұр.

Адам өміріндегі адал достықтың мәнін ашу, ұғындыру
Әр топ өз жұ-мыстарын қорғау


  1. Топпен ән айту. «Достарым »

Сөзі мен әнін жазған: Н. Еспанов, сөзі: Қ.Сарин
Достарым ақ жүректі,

Қарсы алып таңғы лепті.

Жарысып өздеріңмен сан жыл өтті,

Көңілім алып ұшып.

Тәтті өмір балын ішіп,

Кездесем өздеріңмен сағынысып.


Қайырмасы: Достармен жаным бірге,

Достармен бағым гүлдеп.

Жан жүрегім ән салады,

Сендерді сағындым деп.




Сыныппен әнді орындау


  1. Үй тапсырмасы. Оқулықтың 49 – 51 беттерінде берілген мәтінді оқып келу. Дәптердегі 2-тапсырманы орындау.







  1. Сабақтың соңғы тыныштық сәтi.

Баяу ән қойылады.

  • Балалар, бүгінгі сабақтан алған жақсы қасиеттерді жүректерімізге сақтап алайық. Сау болыңдар?









«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары
Мектеп: Үлкенбөкен мектеп балабақша кешені

Мұғалiм Нұрахметова С.Ж.

Сынып 3

Оқушылар саны: 15

Тақырып: Дос болайық, бәріміз

Құндылығы: Сүйіспеншілік

Қасиеттері: адалдық,сыйластық,татулық


Сабақ мақсаты:сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу

Міндеттері:

1. сүйіспеншілік құндылығының негізінде достық, сыйластық, татулық туралы түсінік беру

2. Оқушылардың бойында адалдық, сыйластық, татулық қасиеттерін дамыту.

3. адалдыққа,сыйластыққа,татулыққа тәрбиелеу.





Ресурстар: кітап, үнтаспа, Дәптер, түрлі түсті қарындаштар,
Суреттер достар туралы


Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Тыныштық сәті: "Нұрға бөлену"
3. Үй тапсырмасын тексеру

Д.Сланбетова.»Саңырауқұлақтың саясы» оқып келу.



«Әдептілік‑әдемілік»өлеңін жаттау.Осы өлең бойынша жағдаятты талдау.

Құрбылары Жанарға

Балмұздақ бергенді

Жанар кетті алға тез

Алды‑артына қарамай

«Рахмет»‑деп,жалғыз сөз

Айтуға да жарамай.

.‑Сендер қалай ойлайсыңдар?Осыдан кейін балалар Жанармен дос бола ма?

Достықты,татулықты қалай түсінесіңдер?

Достарыңы ренжітіп алсаңдар,қалай татуласар едіңдер?


Ескерту

  1. Дәйексөз.
    «Татулық‑достық кепілі» халық мақалы.

Шын достар уәдесінде тұрады, бірін‑бірі ренжітпейді,қуантқысы келеді,көңіліне қарайды,бір‑біріне көмектеседі.Осы айтылғандар‑татулық белгісі.Сондықтан шын достыққа татулық арқылы қол жеткізуге болады,‑деп мағынасын ашады.




5.Әңгiмелеу. Мұғалім сыйы.»Екі дос»

Ертеде екі дос болыпты.Екеуінің біреуі арырады екен. Олар орман ішінде келе жатады. Бір кезде олар аюды көріп, шошып кетеді де, сау досы ауру досын тастап ағашқа өрмелеп шығып кетеді.Ал ауру досы ағашқа шыға алмағандықтан жерге жатып, өтірік өліп қалғандай тыныс алмай жата қалады.Аю жерде жатқан адамды иіскелеп кетіп қалады.Сонда әлгі досы жерге түсіп,досынан сұрапты. Аю құлағыңа не деп сыбырлады?‑деп.

. Сонда «досына қиыншылық түскенде қашып кеткен адамдардан сақтану керек « деп айтты,‑депті.

‑Бұл әңгімеден қандай достықты көреміз?

‑Шын достар осылай әрекет жасай ма?
‑Өмірде осындай достар бола ма?

‑Сендердің бастаыңда осындай әрекеттер кездесті ме?


6.Шығармашылық іс-әрекет,топтық жұмыс. .
1‑топ:Үйге берілген «Саңырауқұлақтың саясы»әңгімесін сахналау.

2-топ: әңгіме бойынша сурет салу

3-топ:Әр кейіпкерді сипаттау.(6 оқушы болса,6 кейіпкер)






7. Топпен ән айту.
Сөзін жазған:Е.Елубаев
Әнін жазған:И.Нүсіпбаев.»Достық»

Ортақ мекен жер шары

Төбемізде бір аспан

Барлық ұлттың баласы

Достығымыз жарасқан.

8.Үйге тапсырма

«Менің досым»тақырыбында әңгіме құрастыру.






9. Сабақтың соңғы тыныштық сәтi. 

Балалар, тыныштық сақтап, үнсіз, қолымызды жүрегімізге қойып, жүрегімізді тыңдап көрейік. Жүрек әр түрлі сезімдерге толы. Олардың арасында жанашырлық, қамқорлық, аяушылық сезімдері басым екенін сезініңдер. Сабақтан алған білімдеріңді тағы бір еске алып жүрегімізге салып алайық







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет