«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары
Мектеп: «Ахмер орта мектебі» КММ
Мерзiм: 15.06.2016
Мұғалiм: Сержанова Ж.С.
Сынып: 2 «В»
Оқушылар саны: 24
Тақырып: «Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет».
Құндылық: Дұрыс әрекет
Қасиеттер: сыйластық, мейірімділік
Сабақ мақсаты: Сыйластық, мейірімділік қасиеттері арқылы дұрыс әрекет құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
1. Білімділік. Үлкендер мен кішілер арасындағы сыйластық, мейірімділік қасиеттері туралы түсінік беру.
2. Дамытушылық. Сыйластық, мейірімділік қасиеттері арқылы дұрыс әрекет жасау іскерліктерін дамыту.
3. Тәрбиелік. Үлкендерді сыйлауға, кішілерге қамқор болуға тәрбиелеу.
|
Ресурстар:
Оқулық, сәуле шашқан күн, ақ қағаздар
|
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңi.
Оқушылармен сәлемдесу, көңіл күйлерін сұрау. 5 т ережесін еске түсіру.
Тәртіп Талап Тыныштық Тазалық Татулық
Тыныштық сәтi. «Нұрға бөлену»
Кәнекей, балалар өздеріңе ыңғайлы болатындай етіп еркін отырыңыздар. Көзімізді жәймен жұмып, саяхатқа шығуға дайындалайық. Ол саяхат сіздерге өте қатты ұнайды деген сенімдемін. Өте биік тауға шығып бара жатырмыз деп көз алдымызға елестетейік. Жарқырап тұрған күн өзінің алтындай сәулелерімен қуана-қуана биік тауға жол көрсеткендей. Біз өте қуаныштымыз. Біз өзімізді сергек сезініп тұрмыз. Біз сол биік таудың шыңына жеттік. Бұл шың басына өзіміздің досымызбен шықтық. Біз бір-бірімізге көмек қолын соза отырып шың басына көтерілдік. Тіпті біздің қолдарымыз бір-бірімізді қолдап отырды. Әр минут сайын досымның маған ұсынған көмегін сезіндім. Оған арқа сүйедім. Осындай досымның барына риясыз қуаныштымын. Достарыңның қасында болғаны қандай тамаша десеңізші! Осы сезімді өз бойыңызда сақтап қалуға тырысыңыз. Досыңның қолынан алып, ыстық алақанынан нағыз достық сезімін сезініңіз. Ал енді сыныпқа қайтуға дайындалайық. Күн сәулелері біздің мектепке баратын жолға сәуле шашып, жол көрсетті. Біз сол жолда өзімізді бақытты сезініп келеміз. Сынып есігіне де кірдік. Енді өз орнымызға жайғасып отырамыз. Көзімізді баяу ашамыз.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
М.Төрежанов «Үш дос» әңгімесін оқып келу.
Көп пәтерлі үйдің ауласында толас болмайды. Кішкене-кішкене балалар ойыншықтарын алып шығып, қызыл шеке болып ойнайды да жатады. Бүгін де Қазанқап пен Қарымсақа трамвайын әкеліп, ақаулы жерін жөндеп, біраз әуре болды. Бұлардың ойынының үстіне Самат келді. Ол трамвайдың иесі Қазанқапқа:
- Ойындарыңа мен де қосылайыншы, - деп өтінді. Қазанқап:
- Ойынға қоспаймыз, - деді бірден кесімін айтып. Сөйтіп, Саматтың бетін қайтарып тастады.
Самат біраз қарап тұрдыда, томсырайған күйі үйіне қарай беттеді. Келесі күні Самат өрт сөндіретін қызыл машинасын алып шықты. Жанына Қарымсақты қосып алды. Қарымсақ кіммен болмасын тату ойнайтын. Ойынның неше түрлісін тауып, қыздырып ала жөнелетін-ді. Бұлар үйден шыққан «өртті» оған су құйып, сөндіріп, баланы алып шығып, жедел жәрдем көрсетіп ойнап жүрді. Қарымсақ Қазанқапқа:
- Кел! Ойынға сен де аралас , - деді. Қазанқаптың кешегісі түсті.
- Самат мені ойынға қоса ма? – деп қипақтады.
- Кел, ойнай бер. Мен ойыншығымды қызғанатын сен сияқты емеспін. Өрт сөндіру үшін қолдың көп болғаны жақсы, - деп Самат Қазанқаптың қолынан ойынға өзі араластырды. Қазанқап қиналып, екі беті қып-қызыл болып:
- Самат, кешегімді кешір, мен енді ойыншығымды қызғанбаймын, - деді. Содан бері үшеуі тату ойнайтын болды.
Балалар неліктен бірге ойнай алмады?
Өзара сыйластыққа қалай жетуге болады?
Бір-бірімен сыйластықта болу үшін адамның бойында қандай қасиеттер болу керек?
|
Ескерту
|
3. Дәйексөз.
«Өзгеге жасаған ізетің, өзіңе жасаған құрметің».
Халық даналығы
Адамдар бірін-бірі сыйлап, түсіне білсе, жақсы қарым-қатынас, дұрыс әрекет жасауға қол жеткізеді. Өзара сыйластық, мейірімділікке, достыққа кенеледі. Өмірде адамдар бір-бірін кешіре, түсіне білгенде ізгілікке жетуге болатынын, өзара сыйластық қана достыққа әкелетінін түсінеді.
|
|
4. Оқиғаларды әңгiмелеу.
«Үлкендерді сыйлауды үйренген есек» ертегі.
Жолда Алфавит деген есек келе жатты. Келе жатып жылады. Бір кезде алдынан Мармелад деген лақ кездесіп сұрады: - Сен неге жылайсың? Сені ренжіткен біреу бар ма?
Жоқ. Мені ешкім де ренжітпеді деп тіл қатты есек.
Онда не болды?
Әжем үлкендерді сыйлауды үйреніп кел деп жіберді? Ал мен қалай үйренемін егер ондайды үйретін мектеп болмаса деп жауап берді есек.
Көз жасыңды сүрт. Мен саған көмектесемін.
Рас па?
Бірақ сен бірнеше ережені есте сақтап ал. Есте сақтау қабілетін жақсы ма есек?
Иә, өте жақсы.
Онда өте тамаша! Мені мұқият тыңдап ал. Үлкендерге жол беру керек, үлкендермен сыпайы сөйлесу керек, қарсы сөздер айтпау керек, досыңдай арқасынан қақпа, ең бастысы үлкендердің ақылын тыңдауға тырыс деп ақыл айтты лақ.
Неткен көп ереже!? Осының бәрін қалай есіңде сақтап жүрсің деп таң қалды есек.
Мен бар болғаны әдепті лақпын.
Сонда мына мен әдепсіз есекпін бе деп ашулана түсті.
Мен ондай сөздер саған айтқан жоқпын деп Мармелад ренжи сөйледі. Есекпен ұрсып қалмай тұрғанда тез қоштасып алайын деп лақ өз жөнімен кете барды. Ал есек болса жолда арқасына ауыр жүк тиеген Тпру деген атты кездестіріп қалады. Қазір лақтың айтқандары дұрыс па, бұрыс па екенін тексерейін деп аттпен амандасып сұрады:
Сәлеметсіз, Тпру ат! Қорықпаңыз сізге дөрекі сөздер айтпаймын, арқаңыздан да қақпаймын.
Тағы не болды? Деп күлімсірей сұраған ат.
Сізге жол беруге тырысамын. Егер маған ақыл-кеңес айтсаңыз мен оны құлақ түріп тыңдап аламын дейді есек.
Өте тамаша! – деп мақтай түсті Тпру. Бірақ бұны неге маған айтып тұрсың?
Мені үйдегі әжем үлкен кісілерді сыйлап келуді үйрен деп жібрген. Сіздің ойыңызша мен үйреніп алдым ба үлкендерді сыйлауды деп тіл қатты есек.
Иә, үйреніп қалыпсың. Оны мен сенің әжеңе айтып барайын. Бірақ тағы бір кеңес берейін бе дейді Тпру.
Әрине деп қуанып кетті есек.
Келесі жолы үстіне ауыр жүк тиеген кәрі атты көрсең, жүгін көтерісуге көмек қыл депті.
Мақұл! Деп уәде берді есек. Біраз уақыт өткен соң есек, аттан сұрады:
Қазір сізге көмек қылсам бола ма? Жоқ па?
Сұрақтар:
1) Есек неліктен көңілсіз келе жатты?
2) Лақтың айтқан кеңестері сенің ше дұрыс па?
3) Ат есекке қандай кеңестер айтты?
4) Сенің ойыңша Алфавит деген есек үлкендерді сыйлауды үйрене алды ма?
|
|
5. Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс.
Ойын-жаттығу «Құрмет-ізет».
- Балалар, Алфавит деген есектің үйренген сөздерін мына ағашқа орналастырайық.
Тақтаға жапырақ ағаштардың (үлкен, кіші) суреті ілінген. Оқушыларға қағаздан жасалған таза жапырақтар таратылып беріледі. Жапырақтардың арғы бетіне құрметті, ізетті білдіретін сөздер жазылған. Оқушылар жапырақтардағы сөздерді дауыстап оқып, осы сөздер үлкендер айтатын сөздер болса – «үлкен ағашқа», кішілер айтатын сөздер болса - «кіші ағашқа» іледі.
Жапырақтардағы сөздер: өтіңіз, жолыңыз болсын, сізге рахмет, отырыңыз, ғафу етіңіз, сау болыңыз, алыңыз, айтыңыз, кешіріңіз, ала ғой, тыңдай ғой, кешірім ет, сау бол, көмектес, жол бер, сыйлы бол, әдепті бол, сыпайы бол.
- Балалар, енді ағашқа ілінген сөздер үлкенге құрметті білдіреді, сондықтан оны «Құрмет» ағашы деп атайық. Ал кіші ағашқа ілінген сөздер ізетті білдіреді, сондықтан оны «Ізет» ағашы деп атайық.
Олай юолса үлкенді құрметтеп, кішіге ізет көрсете білетін адамның бойында қандай қасиеттер табылу керек? Оны біз мына күн сәулелеріне жазып ілеміз.
мейірімділік
сыпайылық ұқыптылық
қамқорлық адалдық
шыншылдық жанашырлық
қарапайымдылық
Сонда қорытындылай келе біз адамға керек қасиеттерді тауып, сол қасиеттер арқылы дұрыс әрекет құндылығын пайдалана білуді үйрендік. Сонда осы қасиеттер күндей жарқырап, айналасына нұрын шашып тұрса, құрмет пен ізет көрсету де дұрыс жүргізіледі.
|
|
6. Топпен ән айту.
«Дана әжем»
Сөзі мен әнін жазған М.Керейбаев
1) Мамамыздың анасы,
Ақ жаулықты ақ әжем.
«Айналайын құлыным» -
Деп айтатын дана әжем.
Қайырмасы:
Еркелетіп өсірген
Айналайын дара әжем.
Мені жақсы көретін
Сені жақсы көретін
Ірімшігін, мейізін
Бізге сақтап беретін.
2) Ертегі айтып, әлдидеп,,
Әлпештеген, жебеген.
Көп қой бізге айтатын
Ақыл-кеңес, өнегең.
Қайырмасы:
Еркелетіп өсірген
Айналайын дара әжем.
Мені жақсы көретін
Сені жақсы көретін
Ірімшігін, мейізін
Бізге сақтап беретін.
|
|
7. Үй тапсырмасы.
«Рахмет, ата» әңгімесін оқып, мазмұндап келу. Сұрақтарға жауап беріп келу. Сыйластық туралы 2-3 мақал-мәтел жазып келу.
|
|
8. Сабақтың соңғы тыныштық сәтi. «Нұрға бөлену»
Кәнекей, балалар өздеріңе ыңғайлы болатындай етіп еркін отырыңыздар. Көзімізді жәймен жұмып, саяхатқа шығуға дайындалайық. Ол саяхат сіздерге өте қатты ұнайды деген сенімдемін. Өте биік тауға шығып бара жатырмыз деп көз алдымызға елестетейік. Жарқырап тұрған күн өзінің алтындай сәулелерімен қуана-қуана биік тауға жол көрсеткендей. Біз өте қуаныштымыз. Біз өзімізді сергек сезініп тұрмыз. Біз сол биік таудың шыңына жеттік. Бұл шың басына өзіміздің досымызбен шықтық. Біз бір-бірімізге көмек қолын соза отырып шың басына көтерілдік. Тіпті біздің қолдарымыз бір-бірімізді қолдап отырды. Әр минут сайын досымның маған ұсынған көмегін сезіндім. Оған арқа сүйедім. Осындай досымның барына риясыз қуаныштымын. Достарыңның қасында болғаны қандай тамаша десеңізші! Осы сезімді өз бойыңызда сақтап қалуға тырысыңыз. Досыңның қолынан алып, ыстық алақанынан нағыз достық сезімін сезініңіз. Ал енді сыныпқа қайтуға дайындалайық. Күн сәулелері біздің мектепке баратын жолға сәуле шашып, жол көрсетті. Біз сол жолда өзімізді бақытты сезініп келеміз. Сынып есігіне де кірдік. Енді өз орнымызға жайғасып отырамыз. Көзімізді баяу ашамыз.
|
|
«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары
Мектеп Үлкенбөкен мектеп балабақша кешені
Мұғалiм Тоқтарова Р.К.
Сынып 2
Оқушылар саны 21
Тақырып : Обал мен сауап
Құндылығы: Дұрыс әрекет .
Қасиеттері: мейірімділік, қайырымдылық, қамқорлық жасау
Сабақ мақсаты:
Оқушыларға обал мен сауап туралы білім бере отырып дұрыс әрекет құндылығын дамыту
Міндеттері:
1. Білімділік. Обал мен сауап туралы түсінік беру;
2. Дамытушылық. Мейірімділік, қайырымдылық, қамқорлық жасау қасиеттерін дамыту
3. Тәрбиелік. мейірімділік, қайырымдылық, қамқорлық жасауға тәрбиелеу;
|
Ресурстар: Үнтаспа, сюжетті суреттер, жыртылған кітап, интерактивті тақта т. б
|
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу.
Оқу құралдарына назар аудару.
5 Т
Тәртіп
Талап
Тазалық
Тыныштық
Татаулық
2 Тыныштық сәті: «Орманға саяхат»
3. Үй тапсырмасы:
“Обал деген не» мәтінін оқып, мазмұндап келу.
Сұрақтар: Нанды жерге тастау дұрыс па?
|
Ескерту
|
4.Дәйексөз:
«Обалды біліп өссең - сауапқа кенелесің».
(Ұл балалар 2 рет, қыз балалар 2 рет)
- « Обалды біліп өссең – сауапқа кенелесің» - деген халық даналығында үлкен мән бар.
- Обал деген не? Сауап деген не?
Үлкендер жасауға болмайтын қылықтарды «обал болады» деп айтып отырып, балаларды жаман әдеттен сақтандырады. «Сауабын аласың» деп отырып жақсы істерге жетелейді. «Сауабын аласың» дегеннің өзі, бұл жақсы іс істегеннің, жақсылыққа жетесің, алғысқа бөленесің деген ойды білдіреді. Сондықтан үлкендердің бізге «обал болады, сауабын аласың» деп айтқандығы тілін алып отыру, бізді үлкен жақсылықтарға жетелейді.
|
|
5. Әңгімелеу. Жер ана
Сұрақтар:
Қария неліктен тоқтады? Не айтты?
Бала қарияның айтқанына неге таңқалды?
Анасы баласына жер ана екенін қалай түсіндірді?
|
|
7.. Шығармашылық жұмыс
1 - Топ
Обалға қатысты іс-әркеттерді обал үйіне орнатады
2 - Топ
Сауапқа қатысты іс-әректтерді сауап үйіне орнатады.
Екі топ осы тапсырманы орындайды. Үшінші топ олардың іс әрекетіне қадағалап, өз ойларын айтуы тиіс.
Суреттерге қарап, қандай жағдайларда обал болатынын айтыңдар.
|
|
8. Үйге тапсырма . Дәптермен жұмыс.
20 сабақ 25 бет
«Торғай»
Әңгімені өз ойларымен жалғастырып жазу.
«Обал және сауап» туралы мақал - мәтелдер жаттау.
|
|
9. Соңғы тыныштық сәті.
Тыныштық, тыныштық бар жерде тынышты, бүкіл әлем тыныштық.
Бүгінгі сабақтан ескерткіш ретінде «Мейірім гүлін» сыйлау.
|
|
«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары
Мектеп Үлкенбөкен мектеп балабақша кешені
Мұғалiм Нұрахметова С.Ж.
Сынып 1
Оқушылар саны 15
Тақырып :
Құндылығы: Қамқолық
Қасиеттері: «Қамқорлық» құндылықтары ұғымы туралы түсініктерін кеңейту
Сабақ мақсаты: үй жануарларына қамқорлық жасау туралы түсініктерін кеңейту;
Міндеттері:
- үй жануарларына қамқорлық жасау туралы түсініктерін кеңейту;
- үй жануарларына қамқорлық жасай білу дағдыларын дамыту;
- қамқорлыққа тәрбиелеу.
|
Ресурстар: кітап, үнтаспа, Дәптер, түрлі түсті қарандаштар,
Суреттер әдептілік туралы
|
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Тыныштық сәті: "Нұрға бөлену"
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек - қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте - бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан - жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір - түпкіріне нұр бағыттаңыз.
Ойша айтыңыз:
«Мен нұрлымын...
Нұр менің ішімде...
Мен Нұрмын».
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
- Жаймен көзіңізді ашуға болады.
- Рахмет. Кім өзінің әсерімен бөліскісі келеді?
3. Үй тапсырмасын тексеру
«Менің сүйікті жануарым» сурет салып келу.
|
Ескерту
|
Дәйексөз.
«Ит – жеті қазынаның бірі» нақыл сөз.
Үй жануарлары адамның пайдасына жарайтын досы, көмекшісі екен.
Ит адамдардың жанында жүріп қорғайды, үйлерін күзетеді. Ал біз итті қамқорлыққа алып, жақсы көреді екенбіз.
Сондықтан да «Ит – жеті қазынаның бірі» - деп бекер айтпаған.
Дәйек сөз мағынасын аша білді балалар.
|
|
5.Әңгiмелеу. Мұғалім сыйы
Балалар, сендер қандай үй жануарларын жақсы көресіңдер?
Оларға қандай қамқорлық жасауға болады?
Балалар жауабын тыңдап қорытындылау.
«Жеті қазынаның бірі» аңызын әңгімелеп беру.
- Ит неліктен достыққа адамды таңдады?
- «Ит – адамның досы» деп неліктен айтады?
Балалар әрқайсысы өзінің кішкентай достары жайлы әңгімелейді.
Сұраққа жауап берді.
«Шоқ гүл» қимылды ойыны.
6.Шығармашылық іс-әрекет,топтық жұмыс.
Үй жануарлары суретін салу, мүсіндеу, жапсыру.
-Топтық жұмыс жүргізілді.
|
|
7. Топпен ән айту.
Ақ бұзауым ұнайды,
«Мө - мө», - деп сүт сұрайды.
Ақ бұзау жақсы фермада,
Апарамын көрмеге.
Келеді өсіп күн санап
Қоямын ба тұмшалап
Тұмсығын созып қарайды,
Тілімен мұрнын жалайды
«Ақ бұзау» әнін топпен айтты
|
|
8. Үй тапсырмасы. Ақ бұзау өлеңін жаттау
|
|
9. Сабақтың соңғы тыныштық сәтi. Балалар, денелеріңді түзу ұста, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмып. ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа толы, жақсылық, тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларына толғандарын сезініңдер. Ал, енді көздеріңді ашыңдар.
Мадақтау
Тыныштық бар жерде, тыныштық бүкіл әлемде.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |