БөЖ: Тақырыбы: Паротитті инфекция



Дата23.12.2022
өлшемі4,78 Mb.
#164149
Байланысты:
Сро Ерденбай Дана

БӨЖ: Тақырыбы:Паротитті инфекция

Орындаған: Ерденбай Д.Н.

Топ: 454 ЖМ

Тексерген:


«Астана Медицина Университеті» КеАҚ
Балалар жұқпалы аурулары кафедрасы

Жоспар:

Кіріспе бөлімі:

  • Паротитті инфекция немесе эпидемиялық паротит - (parotitis epidemica) – қызба, жалпы интоксикация, құлақ маңы безінің және басқа да безді ағзалардың қабынуымен жүретін жедел вирусты жұқпалы ауру.
  • Өлім жағдайы өте сирек болғанымен, бедеулік, кереңдік, диабет, панкреатит және т.б. ауруларды шақыруымен қауіпті.
  • Синонимдері: мысқыл, свинка, құлақ маңы безінің қабынуы

Негізгі бөлім:

  • Қоздырғышы: Paramyxoviridae тұқымдасының сүзбелі вирусы – Pneumophilis parotitis жатады.РНҚ вирусы, 2 қабығы бар. Қоздырғышты 1934ж. Х.Джонсон мен Е. Гудпастур анықтаған болатын. Сыртқы ортаға төзімсіз, жылытуға, кептіруге және химиялық, дезинфекциялаушы заттардың әсеріне сезімтал. 60°С температурада қыздырғанда 5 – 10 минутта, ультрафиолетті әсерде бірден, ал дезинфекциялаушы ерітінділерде бірнеше минутта өледі. Вирус химиялық препараттар мен антибиотиктерге сезімтал емес, төмен температураның әсеріне төзімді (- 20 °C кезінде 6-8 ай сақталады.); Антигендік құрылымы бойынша біртекті. Паротит вирусы пациенттен инкубациялық кезеңнің соңғы күндерінде және аурудың басталуынан алғашқы 3-4 күнде алынған сілекейде, қанда, ОЖЖ – да анықталуы мүмкін.

Эпидемиологиясы

  • Инфекция көзі: ауру адам
  • Жұғу механизмі – тамшылы; Жұғу жолы: ауа – тамшылы.
  • Контагиозды индекс: 50 – 85%
  • Жастық құрылым: Эпиедемиялық паротит барлық жаста кездеседі. Көбінесе 7-14 жас аралығында, ер балалар ауырады. 1 жасқа дейінгі, әсіресе 6 айға дейінгі балалар сирек ауырады.
  • Мезгілдік: барлық уақытта кездеседі, суық кездері ауырулар саны жоғарылайды.
  • Иммунитет: инфекциядан кейін тұрақты иммунитет қалыптасады.

Патогенез

Классификациясы

  • Типіне байланысты:
  • Типті( безді ағзалардың зақымдануы, нерв жүйесінің зақымдануы, аралас формада)
  • Атипті( субклиникалық, өшірілген)
  • Ауырлығына байланысты:
  • Жеңіл
  • Орташа ауырлықта
  • Ауыр
  • Ағымы бойынша: өткір
  • Асқыну сипатына байланысты

Клиникалық көріністері

  • Шағымдар: *
  • дене температурасының 38,0 - 40,0°C дейін көтерілуі;
  • бас ауруы; эпигастрий аймағындағы ауырсыну;
  • құсу;
  • Иррадиацияланатын аталық бездер аумағындағы ауырсыну;
  • ұйқының және тәбеттің бұзылуы;
  • әлсіздік, дімкәстік;
  • ауызды шайнау және ашу кезіндегі ауырсыну;
  • құлақ аймағындағы ауырсыну; сұйық нәжіс;
  • бір немесе екі паротитті сілекей бездерінің ұлғаюы;
  • құрғақ ауыз.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет