«Балғын негізгі орта мектебі»кмм мерекелік іс-шара: Өткізілген орны: «Балғын негізгі орта мектебі»кмм орындаған: Н. Н. Садыкова Балғын ауылы



бет1/4
Дата26.12.2019
өлшемі1,18 Mb.
#54905
  1   2   3   4
Байланысты:
Жаңа жыл
sholpan
«Балғын негізгі орта мектебі»КММ



Мерекелік іс-шара:



Өткізілген орны: «Балғын негізгі орта мектебі»КММ

Орындаған: Н.Н.Садыкова

Балғын ауылы

2017 жыл

«Қош келдің, Жаңа жыл» 2017 жылдың балаларға арналған ертеңгілігі

Жүргізуші: Барлық жандар бір білікке қосқан үн


Бақытты боп бастады жыл дастанын
Қуанышпен келді той деп жаңа жыл
Құтты болсын жаңа бақыт достарым
Жүргізуші: Құрметті балалар, ата - аналар, ұстаздар, қонақтар. Жаңа жыл мерекесіне арналған
«Қош келдің, Жаңа жыл» атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
Жүргізуші: Құрметті жамағат жүрекке жылылық ұялатар алғашқы Жаңа жылдық құттықтау сөзді ақыл ойы жетілген саналы ұрпақты сезімі сергек, арманшыл дана ұрпақты тәрбиелеп жатқан білім ұясының білікті басшысы Скакова Күлсағат Қапанқызына береміз.
Жүргізуші: Осындай ғажап тілектен біз енді ертегілер еліне саяхат жасап, жаңа жылымызды әрі қарай мерекелейік.
1 Сайқымазақ: Армысыздар, Халайық!
2 Сайқымазақ: Жақсы жайғастыңыздар ма, қымбатты достарым? Бәрі естіліп, көрініп тұр ма? Бәріне орын жетті ма?
1 Сайқымазақ: Сендермен кездескендерімізге өте қуаныштымыз. Біз бүгін жаңа жылдық мерекені тойлағалы отырмыз.
2 Сайқымазақ: Бүгінгі мерекемізді көңілді әуенмен шыршаны айналып өтуден бастайық.
Шырша әні
1 Сайқымазақ: Біз мұнда жай отыру үшін емес, ән айтып, би билеуге келдік. Сондықтан көңіл көтерейік.
2 Сайқымазақ: Мен сендерге шығыстың түнін қандай болатынын көрсетейін бе? Оны көру үшін бір көзіңді жұмасын, ал екінші көзіңмен мына жәшіктегі тесікке қарайсын. Сонымен, ғажайып басталады.....
( Ойынға қатысушының үстіне қара плащ жабады, ойыншы тесікке қарайды, бірақ ештеңе көре алмайды.)
1 Сайқымазақ: Қалай көрдің бе? (ойыншы ештеңе жоқ деп жауап береді.)
1 Сайқымазақ: (ашуланып) Бұны қалай түсінуге болады.
Бұл не сұмдық сен ештеңе көрген жоқсынба? Сен қараңғылықты көріп тұрсын. Ғажайып, жұмбақ шығыс түні дегеніміз енді қара сонда көресің. жәшікке қарайды.
(аржағынан биші қыздар шыға келеді.)
Жүргізуші; Бұрыннан болған екен Аяз ата
Тосады екен балалар қысқы уақытта
Ақшақарды қасына ертіп алып
Жер бетін шарлайды екен дамыл таппай
Жүргізуші: Бәріміз қосылып бар дауысымызбен Аяз ата мен Ақшақарды ортаға шақырайық.
2 Сайқымазақ: Кәне бәріміз қол шапалақтап қарсы алайық!
(Аяз ата ақшақарымен бірге кіріп келеді.)
Аяз Ата: Аяулы ата - аналар, ардақты ұл қыздарға
Бүлдіршін балаларға бір сәлем!
Қандай жарқын жүздерің,
Қандай әсем жырларың
Асулармен алысқан,
Асау желмен жарысқан
Аталарың сендерге
Шаршап келді алыстан
(Балалармен амандасады.)
Ақшақар; Амансыздар ма, балалар, ұстаздар, ата - аналар. Өздеріңді сағынып келдік, жаңа жылдарыңыз құтты болсын, Өтіп кеткен Мешін жылымызға аман есен саулық тілеп, келер жылымыз Тауық жылына табыс жыл, береке, бірлік әкелсін деп, тарих жыл болсын деймін.
Ақшақар; Аяз ата, қарашы, балалардың киімі қандай әдемі. Шырша да әсем безендірілген екен. Бәрі де сұлуланып кетіпті.
Шырша шамын жағайық, Жаңа жыл тойын ашайық. Барлығымыз «Шырша жан» «Шамдарыңды жарқырат» деп айтайық. (Барлығы айқайлайды, шырша шамдары жағылады.)
Аяз ата: Бәрекелді балалар! Шыршамыз жарқырап, айналаға қуаныш сыйлауда. Шыршаның құрметіне ән айтып, шыршаны айналып өтейік.
Би
(билеп жатқанда ескі жыл шығады,)
Мешін жылы: Мен ескі жылмын сіздерге молшылық, бақыт әкелдім. Мына келер жылға айтар тілегім.
Қуанышты ортамыз сазға ұласқан
Тілегім болсын мәңгі ашық аспан
2017 жыл қадам басқан
Гүлденіп көркейе бер Қазақстаным.
Келесі жыл бастауын тауыққа берем
(Сақнаға тауық шығады,)
Тауық: Сәлеметсіздер ме, кешіккен жоқпын ба, мен сондай асықтым, сондай жүгірдім, кешігем деп қатты қорықтым, уақытында жеттім бе?
Мешін жыл:
Мен тағы бір қонақпын
Он екі жылда оралар
Үлкендерге ақ ниет
Сіздерге де ақниет
Сіздерге де мың рахмет.
Барлығы: Қош бол, Мешін, қош бол.
Ақшақар: Қош келдің жаңа жыл.
Аяз Ата: Ал айналайын жаңа жыл, келген қадамыңа нұр бітсін. Мынау менің ұлдарыммен қыздарым, мынау халқым саған аманат. Он екі ай бойы бағып қағу сенің мойныңда. Жақсы жыл бол, жаңа жыл.
Ән «Қош келдің жаңа жыл»
(шыршаны айнала билейді.)
Би
Аяз ата; Бәрекелді жаңа жылым. Төрімізге шық. Бірімізге жаңа бақыт, жаңа қуаныш ала кел.
Мешін; Құрметтеріңізге рахмет. Шын көңілмен жаңа жылдарыңызбен құттықтаймын. Байқаймын барлықтарыңыз да мерекеге жақсы дайындалыпсыздар.
Жүргізуші: Иә, барша балалар жаңа жылды қарсы алуға келіп тұр.
Аяз ата: Ал енді біз келместен бұрын бүлдіршіндеріміз бізге тағы не әзірледі екен соны көрейік.
Жаңа жылдық би_______________
Жаңа жылдық әнмен шыршаны айналу
Жүргізуші: Қане балалар Аяз атамызды ортаға алып өзіміздің дайындаған тақпақтарымызды айтайық.
Ақшақар: Қанекей балалар біріміздің артымызға тұрып алып Аяз атаға арнаған тақпақ, өлең шумақтарымыз болса айтамыз.
( аяз ата ортада отырып балалардың өлең шумақтарын тыңдап сыйлықтарын береді)
Ән:
Аяз ата: Жаңа жылдарыңызбен достар, шанамызға мінейік, Ақшақарым, Алда барар ауыл, жыл қуантсын баршаны.
Ақшақар: Жаңа жылда сіздердің барлығыңызға жақсылық тілеймін.
Барлығы: Қош бол, Аяз ата, Ақшақар, Аяз ата Ақшақар......
Ән
Би
1 Сайқымазақ: Міне, қымбатты балалар, бірлесіп, достасып өткізген мереке қашанда қуанышты өтеді, достық, бірлік бәріне де жеңеді. Аспанымызды бұлт торламасын. Көктегі күніміз сөнбесін.
2 Сайқымазақ: Барлық жандар бір тілекке қосқан үн
Бақыт боп бастады жыл дастанын
Қуанышпен келді той боп жаңа жыл.
Құтты болсын жаңа бақыт достарым.
Жаңа жылдық ән бұл мерекенің соңы сәтті болады.
Жүргізуші: Жаңа жылдарыңыз тағы да құтты болсын.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет