1. Қазіргі заман Қазақстан тарихының мақсаты мен міндеттері. Қазіргі заман Қазақстан тарихын кезеңдерге бөлу


Ауыл шаруашлығын күштеп ұжымдастыру саясаты



бет31/40
Дата27.03.2022
өлшемі376,37 Kb.
#136991
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   40
Байланысты:
ТАРИХ СЕССИЯ ..

21.Ауыл шаруашлығын күштеп ұжымдастыру саясаты


Кеңес үкіметінің негізгі мақсаты жеке меншіктегі ұсақ шаруашылықтардың басын қосып, қоғамдасқан ортақ шаруашылық құру еді. Басқаша айтқанда, шаруаларды кооперациялау болып табылады. Осы кезге дейін партияның ХV сьезі (1927 жылдың желтоқсаны) ауыл шаруашылығын ұжымдастыру сьезі, деревняны ұжымдастыруға бағыт сілтеген сьезд аталып келді. Ал, шындығында сьезд тек ұжымдастыруға ғана емес, кооперацияның барлық түрлерін қалыптастыра дамыту керек деп нұсқаған. Кулакты тап ретінде жою мәселесінде де сьезд: бұл іс бірте—бірте жүргізіліп, онда да кулак шаруашылығы зорлықпен емес, керісінше, экономикалық әдістермен жойылатын болсын деген. Осының бәрін сьезд жалпы әлеуметтік — экономикалық өзгерістер шеңберінде тындырылатын көп міндеттің бірі ретінде атап көрсеткен. Бірақ сьезден кейін партия, үкімет басшылары ұжымдастыру мәселесін даралап алға шығара бергені шындық. Ұжымдастыру Қазақстанда өте тез қарқынмен жүргізілді. 1929 жылдың 1 қазанынан 1930 жылдың 1 қаңтары аралығында 100 мың кедей және орташалардың шаруашылықтары ұжымдастырылды [1, 4 б.]. Саяси және экономикалық сипаттағы ұжымдастыру науқанын тез арада жүргізу үшін шаруашылықтарды жаппай ірілендіру басталды. Кулактар мен байларды тап ретінде жерлерінен қуып, ұсақ шаруалар шаруашылықтарын бір—біріне қосып, ірілендіріп, ұжымдастырды және егіндік жерлердің мөлшерін кеңейттіҚазақстандағы жаппай ұжымдастырудың тез қарқынмен жүруі шаруалардың өз еркімен болмай, күштеу, зорлау, жазалау әдістері арқылы жүзеге асырылып отырды. Ауқаттының малын еріксіз ортаға алып, енді жекешенің күн көрісіне жарап отырған азын — аулақ малды да сыпыра бастады. Сол тұста «Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын», «Қайдан тапсаң одан тап — қаптың түбін мықтап қақ» деген ұрандар тарады. Зорлаумен ортаға түскен мал күтімсіздіктің салдарынан жаппай қырыла бастады. 1929 жылы 1 қаңтардағы архив құжаттарындағы мәлімет бойынша 47 миллионға жуық мал болса, 1934 жылы 1 қаңтарда не бары 4,5 миллионы қалды [2, 170 б.]. Жаппай ұжымдастыру саясатын жүргізу Қазақстан шаруашылығы үшін орны толмас қайғылы оқиғаларға алып келді. Оның шаруашылығының қалыптасқан құрылысын бұзды, елдің әлеуметтік — демографиялық дамуына өзгерістер әкелді. Көшпелілердің рухани — мәдени дамуына бөгет жасады. Басшылық көбінесе әкімшілік әдістермен жүргізілді. Ұжымдастыру принципін өрескел бұзушылық жаппай сипат алды
Большевиктер жүргізген күштеп ұжымдастыру мен солақай отырықшыландыру саясаты қазақ ауылына үлкен соққы болды. Әсіресе, мал шаруашылығы қатты күйзеліске ұшырады. Ұжымдастыру мен отырықшыландыру кезінде дәстүрлі мал шаруашылығының ерекшелігі есепке алынбай, түгел қауымдастырылған мал шығынға ұшырады. Сонымен қатар, малдыңкөп бөлігіүкіметтің ет салығын орындауға жұмсалды. О. Исаев Қазақстан өлкелік комитетінің VІ Пленумында1929 жылы Қазақстанда 40 млн. бас мал болғанын, содан 1933 жылы 4млн. ғана мал қалғанын мойындауға мәжбүр болды
Сонымен, ұжымдастырудың айқын тарихы — «тәжірибе жасау мен қателіктердің», аяусыз да ымырасыз идеологиялық айқастың, саяси, оның ішінде қарулы қақтығыстардың тарихы.Қазақ даласында ғасырлар бойы қалыптасқан шаруашылықтың дәстүрлі мәдениетін күйреткен ХХ ғасырдың 20–30 жылдары — Қазақстан тарихының күрделі беттерінің бірі. Осы «ақтаңдақ» беттердің ақиқатын ашуға Қазақстан Орталық Комитеті мен Қазақ АКСР Халық Комиссарлар Кеңесінің 1928 жылғы 27—тамыздағы «Бай шаруашылықтарын тәркілеу туралы», 1928 жылғы 13—қыркүйектегі «Аса ірі және жартылай феодалдарды тәркілеу және жер аударуға қарсы әрекет жасағаны үшін қылмыстық жауаптылық туралы» және 1930 жылғы 19—ақпандағы «Жаппай ұжымдастыру аудандарында ауыл шаруашылығын социалистік жолмен қайта құруды нығайту жөніндегі және кулактар мен байларға қарсы күрес жөніндегі шаралар туралы» қаулыларын зерттеу жөніндегі Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы комиссиясының қорытындылары және «Жаппай саяси қуғын—сүргіндер құрбандарын анықтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жол ашып берді


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет