27. Түркістан легионы және М. Шоқайұлы.
Бұл уақыттарда Түркістан өлкесі 23 жылдан бері КСРО құрамында еді. Түркістан Ресей Империясының құрамында 40 жыл ғана болды. Қолына мылтық ұстап келгендерді жергілікті халық жылы қарсы алмағаны сөзсіз. Көпшілігі жаңа үкіметке қарсы бас көтермесе де, оларды саясатын іштей қолдамайтын еді. Бірақ, 1941 жылдардағы Кеңес пропогандасы өте белсенді түрде жайылып жатқандықтан өсіп келе жатқан ұрпақ жаңа, коммунистік рухта өсіп жатқан болатын. Ал, бұл кезекте Кеңес Үкіметіне қарсы бас көтеру мүмкін еместей көрінетін. Бірақ, үкіметтің қысымымен қоныс аударып кеткендер жергілікті халықтың Кеңес шырмауынан азат болғанын шын жүректен қалайтын еді. Осы адамдар арқылы немістер антикеңестік легиондарды құруда шешім қабылдады.
Мақсаты: Түркістан Легионының Әскерлеріне Ұлы Түркістан Мемлекетінің құрылуы уәде етілген еді. Сонымен қатар, оның құрамына Орта Азия, Башқұртстан, Еділ бойы, Әзірбайжан, Солтүстік Кавказ және Шыңжаң өлкелері қосылады деп жоспарланған болатын.
Достарыңызбен бөлісу: |