1. Бағалы қағаздар Құнды қағаздар, бағалы қағаздар


Кәсіпорынның бағалы қағаздары



бет2/5
Дата28.04.2020
өлшемі28,15 Kb.
#64958
түріКодекс
1   2   3   4   5
2. Кәсіпорынның бағалы қағаздары.

Бағалы қағаздардың атаулы (атаулы құн- оларды шығару кезінде анықталатын бағалы қағаздар құнының ақшалай көрінісі), эмиссиялық және нарықтық бағасы болады.

Атаулы баға дивидендтерді, пайыздарды есептеу базасы ретінде нақты есептік мәні бар және одан кейінгі есеп айырысуларда қолданылады. Эмиссиялық баға – бағалы қағаздарды алғашқы орналастыру кезіндегі сатылу бағасы. Ол табыстылық және несиелік пайыз деңгейімен анықталады. Нарықтық баға – бағалы қағаздардың екінші нарықта айналу бағасы. Оның көлеміне сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы әсер етеді.

Бағалы қағаздар шаруашылық қызметте қолданылатын әртүрлі құжаттардың жиыны. Сонымен бірге олар өздеріне тиісті жалпы бір белгілері онда көрсетілге мүліктік құқты өткізу үшін ұсыну қажеттігімен біріктіріледі. Бағалы қағаздарды иемденудің мақсаты табыстылық, өтімділік және қаржыландыру кезінде қажеттіліктерді қанағаттандыру болып табылады.

Бағалы қағаздармен операцияларды жүргізудің тәртібі Қазақстан республикасының заңдылықтарымен реттеліп отырады.

- «акция» - меншік иесінің акционерлік қоғам пайдасының бір бөлігін дивиденд түрінде алуға, акционерлік қоғамды басқаруға қатысуға және таратылғаннан кейін қалған мүліктің бір бөлігін алуға құқығын қамтамасыз ететін үлестік кепілдік;

- облигация - эмитенттен облигацияны оның номиналды құнын немесе басқа мүліктік баламасында көрсетілген мерзімде алу құқығын қамтамасыз ететін эмиссиялық бағалы қағаз;

- опцион - меншік иесінің оған көзделген мерзімде және (немесе) онда көрсетілген жағдайлар туындаған кезде опционда көрсетілген бағамен опциондар эмитентінің белгілі бір акцияларын сатып алу құқығын қамтамасыз ететін эмиссиялық бағалы қағаз.

- вексель - төлем векселінде көрсетілген басқа бір төлем жасаушының немесе төлем жасаушының белгілі бір уақыттың өтуі кезінде оның иесіне белгілі бір ақша сомасын төлеу туралы сөзсіз міндеттемесі;

-чек (ағылш. cheque‚ cheсk — тексеру‚ бақылау‚ кедергі жасау) — қатаң түрде белгіленген нысандағы бағалы қағаз, ақшалай құжат. Онда чек берушінің чекте көрсетілген ақшалай соманы чек ұстаушыға төлеу жөнінде банкіге берген жазбаша өкімі баяндалады. Чек қызметін банкілер клиент ашқан чек салымындағы депозиттелген ақшалай сома шегінде көрсетеді.

Бухгалтерлік есеп қызметі сәйкес баланстық шоттарда бағалы қағаздармен операциялардың дұрыс бейнеленуін бақылауды және жалпыланған есебін, мемлекеттік бағалы қағаздарды сату және сатып алу көлемі бойынша лимиттің сақталуын және алынған өтініштер негізінде дербес шоттар ашуды жүзеге асырады.

Бағалы қағаздар баланста номинальдық құны бойынша есепке алынады,қайта бағалау жүргізілмейді. Номинальдық құны мен сату бағасы арасындағы айырма жеңілдік немесе сыйақы ретінде есептеледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет