1. Бағалы қағаздар Құнды қағаздар, бағалы қағаздар


Кәсіпорындағы қаржылық салымның есебі



бет3/5
Дата28.04.2020
өлшемі28.15 Kb.
түріКодекс
1   2   3   4   5
3. Кәсіпорындағы қаржылық салымның есебі.

Қаржы салымына (қаржылық инвестиция) кәсіпорындар мен ұйымдардың басқа заңды тұлғалардың құнда қағаздарын (акцияларды, облигацияларды және басқа да құнды қағаздарды сатып алуға, депозитке салған тағы да басқа ) сатып алуға жұмсаған қаржылар жатқызылады.

Кәсіпорындар мен ұйымдардың өзінің бос тұрған, яғни уақытша пайдаланылмай тұрған ақшаларын айналысқа салса ғана оны тиімді пайдаланғаны болып табылады. Бірақ та бұл үшін кәсіпорындар мен ұйымдардың белгілі бір тәуекелге баруына тура келеді. Бұндай тәуекелге бел байлау кей уақыттарда кәсіпорындар менұйымдарға табыс әкелсе, екінші бір кезеңде шығынға ұшыратуы мүмкін. Осы айтылғандай шығынға ұшырамау үшін бухгалтерлік есеп жұмысын дұрыс жүргізіп, оның мәліметтерін уақытылы пайдалану керек. Нарықтық экономика жолымен жүретін әрбір кәсіпорындар мен ұйымдар үшін бұндай тәуекелге бару міндетті болып табылады. Міне, осы айтылғандарға сәйкескәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы салымына табыс табу мақсатында басқа заңды тұлғаның шығарған құнды қағаздарын сатып алуға жұмсалған ақшалары жатқызылады.

Құнды қағаздар сатылып алынған құны бойынша кіріске алынады. Ал кәсіпорындар мен ұйымдардың байланысын құру барысында құнды қағаздардың сатылып алынған құны мен ағымдағы құны салыстырылып, екеуінің ең төменгісі алынады. Жалпы кәсіпорындар мен ұйымдар өздерінің қаржы салымы қатарына жатқызылатын активтері арқылы мынадай табыстар таба алады:



  • Пайыз, дивидент және роялти түріндегі табыстар;

  • Қаржы салымына жұмсалған қаржы көлемінде капитал артуы;

  • Инвестордың басқа да табыстары

Қаржы салымдары кіріске алу кезінде оларды сатып алу барысында жұмсалған шығындарды қоса алғандағы сатып алу құнымен бағаланады. Ал оларды сатып алу барысындағы жұмсалатын шығындарға: қор биржасының комиссиялық қызметі үшін төленген төлемдер мен банк мекемксінің, брокердің немесе дилердің көрсеткен қызметтері үшін төленген төлемдер жатады. Жоғырыда ағымдағы активтерге анықтама берген кезімізде оның құрамына қысқа мерзімге салынған қаржы салымдары (қысқа мерзімді қаржылық инвестиция) жататындығын салымына бір жыл мерзім аралығында пайдаланатын қаржы салымдары жатады.

Кәсіпорындар мен ұйымдар қысқа мерзімді қаржы салымдарын өзінің бухгалтерлік балансында ағымдағы құны бойынща бағалаған жағдайда күнделікті қор биржалары мен биржадан тыс жерлердегі қаржы салымдары құнының өзгерісін бақылап жән оның нәтижесін бухгалтерлік есеп құжаттарына түзетіп жазып отыруы тиіс. Егер қаржы салымының, яғни инвестицияның қор биржаларындағы немесе биржадан тыс нарығындағы ағымдағы құны өссе оны кәсіпорындар мен ұйымдар есепті кезеңнің табысына жатқызылады, ал керісінше қаржы салымының қор биржаларындағы немесе биржадан тыс нарығындағы ағымдағы құны жағдайда есепті кезеңнің шығынына жатқызылады.

Қысқа мерзімді қаржы салымдарын өзінің бухгалтерлік балансында сатып алу және ағымдағы құнының ең төменгісі бойынша бағаланған жағдайда кәсіпорындар мен ұйымдар мынадай үш тұжырымды басшылыққа алады:


  • Баланстық құнды тұтастай жиынтық портфель негізінде анықтау;

  • Баланстық құнды жиынтық портфель негізінде инвестиция түрлері бойынша, яғни сатып алу құны мен ағымдағы құнының ең аз құнынын анықтау;

  • Баланстық құнды жеке инвестициялар негізінде анықтау;

4. Кәсіпорындағы несиелік операциялардың есебі.

Өз қызметі барысында компания өзінің және қарыз ақша қаражаттарын пайдаланады. Қарыз қаражаттарының негізгі көзі банк несиелері және басқа ұйымдардың несиелері болып табылады. Несиелер серіктестіктерге қаражаттың жетіспеушілігін өтеуге және ырғақты жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Несие алу үшін клиент банкке құрылтай құжаттарының көшірмелерін, сондай-ақ соңғы кезеңдегі қаржылық есептілікті ұсынады. Қаржылық есептіліктің негізінде банк кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдайды және несие беру мүмкіндігі туралы қорытынды жасайды.

Несиелеу келесі қағидаттарға сәйкес жүзеге асырылады:
1.Несиелерді өтеу;

2. Несиелдердің жеделдігі. Өтеу мерзімі бойынша несиелер қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болып табылады. Қысқа мерзім 1 жылға дейін. 1 жылдан астам ұзақ мерзімді;

3.Несиелердің қосымша төлемі.. Несиені пайдаланғаны үшін компания банкке қосымша үстеме төлем жасайды, бұл төлем несие сомасының пайызы ретінде белгіленеді және несие үшін пайыз деп аталады. Сыйақы мөлшерін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейді;

4. Несиелердің мақсаттылығы. Несиелер нақты мақсаттарға пайдаланылуы керек. Несиелердің мақсатты пайдалануын банктер бақылауы керек.


Банк клиентпен несиелік келісімшарт жасайды, онда барлық несие шарттары көрсетілген. Клиент кепілдік немесе кепілдік хат ұсынады. Кепіл ретінде кәсіпорынның мүлкі, сондай-ақ бағалы қағаздар пайдаланылуы мүмкін.

Несиелер мына шоттарда жазылады:

3010 - қысқа мерзімді банктік қарыздар

4010 - ұзақ мерзімді банктік қарыздар

Шоттар пассивті, несиелік баланс айдың басында және аяғында өтелмеген қарыздардың қалдығын көрсетеді. Несиеде сондай-ақ ағымдағы айда несиелер түскенін және олардың дебетінде төленгенін көрсетеді.

5. Қандай құжаттар арқылы жүргізіледі.

1)Банкте несиені рәсімдеу үшін арнайы бөлім – несие бөлімі бар. Оның жұмысшылары несиелік келісім жасауға дейін клиентті зерттейді және талдайды. Осы мақсатта банкке клиент келесілерді ұсынады:


  • есепті кезеңнің соңғы күніне бухгалтерлік баланс;

  • несиенің қажетті мөлшері және оны жоюдың техника-экономикалық негізділігі;

  • қарыз алушының реквизиттері, ссуда сомасы, мақсаты, қайтару мерзімі көрсетілген өтініш;

  • жедел міндеттеме.

Банк клиенке несиені рәсімдеуде кәсіпорынның нотариалды расталған жарғы көшірмесін, құрылтайшылық келісімді, жетекшілердің қолдары және мөрлердің үлгілері бар карточка талап етеді.

Несиелік операцияларды рәсімдеу келесі тәртіппен жүргізіледі:



  • несиелік өтінішті алу;

  • өтінішті тіркеу журналындағы есеп;

  • несиелік іс рәсімдеу және бөлімге немесе комитетке қарауға жіберу;

  • несиелік шот ашу және несиені беру.

2)Операциялар ағымдағы шоттан алынған

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет