1. Бактериялардың морофлогиялық негізгі топтары. Анықтамасы. Мысалдар. Сфера пішінді


Гепатит А қоздырғышы, таксономиясы, клиникалық көрінісі. Инфекция көзі мен берілу жолдары. Емдеуі мен алдын алуы



бет27/38
Дата23.10.2023
өлшемі272,71 Kb.
#187680
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   38
Байланысты:
микро

25. Гепатит А қоздырғышы, таксономиясы, клиникалық көрінісі. Инфекция көзі мен берілу жолдары. Емдеуі мен алдын алуы
Жалпы Гепатит А дегеніміз- ол фекальды-оральды жолмен беріліп отырады және адам ағзасындағы бауыр жасушаларын зақымдау арқылы морфологиялық бұзылыстарды туындататыны белгілі. Тағы айтып өтетін болсам, ол жедел гепатит белгілері дамитын жұқпалы вистық аурудың себепшісі.
Келесі мен, таксономиясына тоқталып өтетін болсам, Гепатит А-ны тұқымдастығына, туыстығына және түріне қарай ажыратамыз. Яғни, тұқымжастығын: Picornaviridae, туыстығын: Hepatovirus, ал түрін: Hepatovirus A деп атаймыз.
Тағы қосар айтатын болсам, Гепатит А вирусы гепатотроптық қасиетке ие болып келеді. Виустың пайда болуын айтып өтейін, вирус алдымен асқазан-ішек жолдарына тағамдар және су арқылы түседі.Ол түскеннен кейін жіңішке ішектің шырышты қабаттарында көбейіп отырады және лимфа түйіндерінде көбейеді. Осы аурудың жасырын кезеңі, яғни аурудың белгілерінің байқалмайтын кезеңі 15 күннен 50 күнге дейін, бірақ көп кездерде 1 ай шамасына созылады. Арудың алғашқы белгілері мынадай болып келеді: температура көтеріледі, кейін асқазан-ішек жолдарының қызметі бұзылуына(яғни, адамның тәбеті болмай, құсу,лоқсу) әкеліп соқтырады. Ауру 2-3 аптаға созылады, бірақ асқынулар байқалмайды.
Келесі де, инфекция көзі- ол аурудың айқын немесе белгілерсіз,яғни симптомсыз түрілерімен ауырғандар. Жұғу жолдары- ластанған тағамдар, тұрмыстық, уй-жағдайдағы заттар, ауыз суы, қол алысу, ойыншықтар және т.б. жолдар арқылы ауру беріледі. Жаз немесе күз айларында вирустың күші өсіп, аурушылардың саны көбейе бастайды. Көбінесе жас балдалар жиі ауырады.
Емделу жолы-жалпы симптомматикалық болып табылады. Бұл дегеніміз осы вирусқа қарсы арналған қажетті химиялық қолдану тәсілі жасалмағанын білдіреді. Гепатит а вирусы үшін құрамында интерферон секілді жақпаларды қолдану қажет. Аурудың алдын алу үшін арнайы спецификалық вакцина егу қолданылатынын айта өті қажет.

26. Гепатит В қоздырғышы, таксономиясы, клиникалық көрінісі. Инфекция көзі мен берілу жолдары. Емдеуі мен алдын алуы.
Гепатит В вирусына қысқаша анықтама беріп өтетін болсам- ол қан арқылы және қанмен байланысу механизмімен беріліп, бауырды зақымдап, кейін жедел және созылмалы гепатиттің дамуымен сипатталатын жұқпалы ауруларды бірі болып табылады.
Таксономиясына қарай, Тұқымдастығы: Hepadnaviridae, Туыстығы: Orthohepadnavirus(бұл адамдар үшін Вгепатит вирусы), Түрі-Hehadnovirus B деп ажыратамыз.
Гепатит В вирусының негізінен вирионы сфера пішіндес болып келеді, ал диаметрі 42 нм. Тағы қосар айтатын болсам, Гепатит В вирусының құрамында 4 антиген табылғаны белгілі, оларды атап өтер болсам мыналар жатады: HBs, HBc, HBe, HBx. Гепатит в вирусының жасырын кезеңі негізінен 3-6 айға созылады. Ал инфекциялық процесс вирус қанға енгеннен кейін басталады деген де тұжырым бар. Тағы айта кететін зат, гепатит В көбінесе сарғаю дамуымен жүреді, бірақ та кейбір кездері дене сарғаймайтын түрі де болуы әбден ықтимал.
Патогенезі және клиникасы. Инфекция инфекцияланған қан немесе қан өнімдерін инъекциялау арқылы жүреді; ластанған медициналық құралдар арқылы, жыныстық белсенділік және босану жолымен, жатырішілік инфекциямен мүмкін.
Гепатит В вирусын емдеу кезінде, симптоматикалық емдеу шараларымен қатар: интерферон, интерфероноген қолданылады. Вирустың болдырмауына алдын алу шаралары бірі ол вакцина егу. Жас, жаңа туылған нәрестелер 24 сағатта В гепатитке қарсы егу қабылдайды, кейін олар 2 және 4 ай өтен соң вакцину егуді қайталайды.
Егер де ересек адамдар В гепатитін жұқтырып алудың қаупі зор болатын болса, онда оларды қатерлі топтағы адамдардың тізімінде болады және оларға 3 рет вакцина егу жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет