2.Отбасындағы жан-жалды анықтауды диагностикалау «Отан – отбасынан басталады» дегендей, отбасы –күрделі қоғамдық құбылыс. Қоғамдық ортаның шағын бір бөлігі ретінде отбасы балаға өмірге жолдама береді, жеке қөзқарасы мен әдет-ғұрпының іргетасын қалайды. Ал бала ата-ананың игі істерін жалғастырушы болашағы. Бала өмірінің алғашқы күнінен бастап-ақ ата-ана өздерінің негізгі борыштары мен міндеттерін орындап, тәрбиелеу жұмысын атқаруға кіріседі. Яғни, ата-аналар балалары 7 алдында олардың денсаулығының дұрыс жетіліп, өсуін қамтамасыз ету, тәрбие беру, білім беру, үй болып аяққа тұрып, ел қатарына қосылып кетуін қамтамасыз ету сияқты міндеттерді орындайды, ал балалары ата-анасын қамқорлыққа алып, сүйеніш болу секілді міндеттермен ұштасып жатады. Отбасының негізгі міндеттерінің бірі - баланы еңбек етуге, жарқын сезімдер мен мұраттарға тәрбиелеу және адамдар арасында өмір сүре білуге үйрету. Бұл қасиеттердің бәрі негізінен отбасы - ошақ қасында қалыптасып, нығаяды. Мұнда әсіресе, отбасындағы ересек адамдар өздерінің жеке бастарының өнегесі арқылы жас балалардың бойында осындай сезімдерді қалыптастырады. Өз ата-анасын сыйлап, құрметтеп үйренген бала өзге атааналарды да құрметтей біледі, қашан да үлкендер алдында өзін дұрыс ұстап, құрмет пен қамқорлық таныта біледі. Қазақтың «Баланың бас ұстазы –атаана», «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі»- дегеніндей саналы да, білімді болашағын қалыптастыру әр ата-ананың міндеті, парасатты парызы. Отбасы тәрбиесі– нақты отбасы жағдайындағы ата-ананың және басқа туысқандарының ықпалы арқылы берілетін тәрбие мен білім беру жүйесі. Бала бойында жақсы мінез-құлықтарды сіңіруде ата-ананың және үлкендердің жеке бас үлгі-өнегесі ерекше рөл атқарады. Бала оларға қарап, еліктеп өседі. Кейбір ата-ананың балаға айтар өсиеті мен күнделікті тіршіліктегі іс-әрекеті, мінез-құлқы сай келе бермейді. Балаға өтірік айтпа, ұрлық істеме, біреудің ала жібін аттама, кісіге қиянат жасама дей отырып, ата-ана немесе отбасының өзге мүшелерінің өзі осы қылықтармен айналысса, бала тәрбиесіне теріс әсер етері сөзсіз. Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев отбасындағы баланы тәрбиелеуде ата-аналар тарапынан жол берілетін кемшіліктерді ескерте отырып, өзінің 10-шы қара сөзінде: «Әуелі балаңды өзің алдайсың: әне, оны берем, міне, мұны берем деп, баста балаңды алдағаныңа мәз боласың. Соңынан балаң алдамшы болса, кімнен көресің?» деп балаларына теріс тәрбие беретін ата-аналарды сынайды [2]. Отбасы - ең үлкен, мықты тәрбие ошағы. Себебі болашақ ұрпақ сонда тәрбиеленеді, адамның жеке басының бастапқы басқышы пайда болады, мінездің негізі қаланады, және адами қасиеттер мен әдептілік қалыптасады. Демек, баланың келешекте қандай болуы өзі туылған отбасында алған тәлімтәрбиесі мен ондағы қарым-қатынасқа байланысты болады. Сонымен қатар, отбасы – ұлттық құндылықтарды қалыптастырудың қайнар көзі, тәрбиенің бастауы, әр үйде бала санасына ұлттық құндылықтарға деген көзқарастар жүйесін, салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды, даналық және тыйым сөздерді, тәрбиелік мәні жоғары ауыз әдебиетінің үлгілерін сіңіреді. Осы тұрғыдан отбасын ұлттық құндылықтарды қалыптастыратын, оларды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отыратын, ұлттық мәдениетті тәрбие арқылы тасымалдаушы орта ретінде қарастыруға болады. Қазіргі қоғамның мақсаты «Мәңгілік Елдің» ертеңгі болашағын ойлайтын азаматтарды тәрбиелеу болса, оларды әлеуметтік өмірмен үйлесімді тіршілік етуге даярлау отбасы тәрбиесінің үлесіне тиесілі.
Достарыңызбен бөлісу: |