1. Бала тұлғасын қалыптастыруда отбасы қарым-қатынасының ықпалы Отбасындағы жан-жалды анықтауды диагностикалау



бет1/2
Дата07.10.2022
өлшемі17,24 Kb.
#152108
  1   2
Байланысты:
Аралык бакылау отбасы


1.Бала тұлғасын қалыптастыруда отбасы қарым-қатынасының ықпалы 2.Отбасындағы жан-жалды анықтауды диагностикалау

1.Бала тұлғасын қалыптастыруда отбасы қарым-қатынасының ықпалы
Қазіргі педагогикалық ғылым ғасырлар бойы тәрбиенің халықтық тәжірибесінде туындағанын, өткеннің көрнекті ойшылдарының еңбектерінде атап өтілгендігін растайтын көптеген дәлелдер бар, атап айтқанда: бала тұлғасын дамытудағы отбасы тәрбиесінің басымдығы. Соңғы жылдары әртүрлі ғылымдар отбасына зерттеу нысаны ретінде назар аударып, осы маңызды әлеуметтік тәрбие институтының сипаттамасын терең зерттеуге мүмкіндік беретін жаңа деректерді алды. Қазіргі уақытта отбасы тәрбиесі – педагогика ғылымының қарқынды дамыған саласы, бөлінбейтін бір бөлігі және жеке оқыту пәні болып табылады. Отбасылық тәрбие – рухани-адамгершілік және әлеуметтік құндылықтар жүйесіндегі отбасындағы тәрбиенің жалпы және әдіснамалық негіздері бойынша қажетті білімдер, икемділіктер және дағдыларды сипаттайды, отбасындағы тәрбие жұмысының мазмұны мен әдістерін, отбасындағы тәрбиені тиімді ұйымдастыру жолдарын, бала тәрбиесі және оны жетілдірудің амал-тәсілдерін, сонымен қатар тәрбиенің сапасын арттыру мәселелерін де қамтиды. Қазіргі қоғам алдындағы мақсаттардың бірі – өмірдің барлық саласында белсенді шығармашылық іс әрекетке қабілетті, еркін тұлғаны тәрбиелеу. Ол үшін бала тәрбиесімен айналысатын отбасы, балабақша, мектеп, қоғам және жұртшылық тәрбие ісіне кіріктіріліп жүзеге асырылуы керек. Өйткені, отбасына мектеп тарапынан білікті көмек қажет. Педагогтер мен ата-аналардың өзара әрекеттестігінің нәтижесінде ғана бала тұлғасын дамыту мәселелерін табысты шешуге болады «Отбасылық тәрбиенің негіздері» оқу құралы студенттерді таңдаған мамандықтарының ерекшеліктеріне қарай кәсіби тұрғыдан дайындауға, педагогикалық қызметке қызығушылықтарын туғызуға, тәрбиелеу шеберлігінің негіздерін білуге, жаңа кәсіби дағдыларды игеруге, зерттеу және шығармашылық құзыреттерін дамытуға бағытталған. Оқу құралы өзін-өзі тану, педагогика, психология, отбасы психологиясы, философия, әлеуметтану, экономика, этнопедагогика, медицина және т.б. пәндермен тығыз байланысады.
Бала тәрбиесінің негізі – бұл оның отбасы. Отбасы – болашақ азаматтың әлеуметтену жолындағы алғашқы қадамдарын жасайтын бастапқы ұя. Осы шағын әлеуметтік топ, бала үшін өмір мектебі. Ол балаға моральдық қалпы туралы алғашқы түсініктерді береді, оны еңбекке баулып, өз-өзіне қызмет ету дағдыларын қалыптастырады. Ата-ананың іс әрекеті мен мінезқұлқы, өмір сүру салты арқылы балаға дүниетанымдық, адамгершілік, әлеуметтік-саяси құндылықтар беріледі. Ұлы қаламгер М.Әуезовтің «Ел болам десең, бесiгiңдi түзе» деген қанатты сөзi отбасы тәрбиесiнiң маңыздылығын көрсетедi. Отбасындағы ата-ана – баланың өмірлік ұстазы және бірінші тәрбиешісі. Баланың болашағы мен білімі, мәдениеті отбасындағы атаананың сіңірген еңбегіне, тәлім-тәрбиесіне байланысты. Кеңес педагогы В.А. Сухомлинский «Отбасы-барлығының басы, жан-жақты дамуының негізі болатын тәрбие институты. Отбасындағы ата-ана мен баланың қарым – қатынасы нәтижесінде, адамгершілік, эстетикалық, дене тәрбиесінің алғашқы үлгісі қалыптасады. Ал, әке мен шеше, ата мен әже, апа мен ағалар баланың алғашқы тәрбиешілері» - деп бағалаған. Отбасындағы тәрбие белгілі бір тұрақты әлеуметтік институт ретінде анықталады, ол отбасы мүшелері арасындағы өзара қатынастардың қалыптасуы мен дамуына септігін тигізетін адамдардың жақындығы, туыстық қатынастары, өзара тұрмыстық өмірі. Отбасы тәрбиесінің артықшылығы да осы қатынастарда және оны тәрбиенің ешқандай да түрі алмастыра алмайды. Бүгінгі таңда мемлекетіміз отбасы тәрбиесінде ата-аналарға үлкен жауапкершілікті жүктеп отыр. Қазақстан Республикасының тәлім-тәрбие тұжырымдамасында, бүгінгі тәрбие берудің негізгі міндеті «Ең алдымен дені сау, ұлттық және мәдени сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, арожданы мол, парасатты, еңбекқор, іскер және бойында басқа да ізгі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу» - деп көрсетілген. Отбасының бала тәрбиесіндегі рөлін Чехтің ұлы педагогі Ян Амос Коменский еңбектерінің төрінен орын алған. Ол тәрбие негізі ретінде отбасын бөліп қарастырып, оны білім беру жүйесінің алғашқы сатысы «Ана мектебі» деп көрсеткен. Өйткені, бала адамгершіліктің негізгі түсініктіктерін отбасында алып, алғашқы адами қасиеттерді отбасында қалыптастырады. «Отбасы үлкен және жауапты іс, осы істі ата-аналар басқарады және оған қоғам алдында жауап береді» – деп өз еңбегінде А.С. Макаренко ерекше атап көрсеткен . Отбасы мәселесін көптеген әлеуметтану, философия, психология, педагогика, демография, кұқық, әдептану, тарих және т.б. ғылымдардың қарастыруына байланысты көптеген анықтамалар кезіктіруге болады. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде «Отбасы - неке мен қандас туысқандыққа негізделген шағын топ», – деген анықтама берілген. Оның мүшелері ортақ тұрмыс, өзара көмек және рухани жауапкершілік арқылы байланысқан. Отбасы қоғам мен бүкіл қоғамдық қатынастар жүйесімен тығыз байланыста 6 бола тұрса да, қоғамдық өмірге қарағанда адамдардың белгілі дәрежедегі дербес сырлас тобы және оның өмірі материалдық және рухани үрдістермен сипатталады. Философиялық тұрғыда «отбасы – қоғамның ажырамас құрамды, өмірде зор мәні бар кішігірім ұйымы» - деп бepiлсе, педагогикалықпсихологиялық тұрғыда «отбасы - ата-ана мен балалар және басқа да отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынасының тарихи нақты жүйесі». Осы анықтамалардан түйіндейтініміз, «адамның өз өмірінің негізгі кезеңдерін бастан кешіретін кіші әлеуметтік топ – отбасы». Әрбір адам өмірінің отбасымен тығыз байланыстылығы соншама, ол әрбір отбасы мүшесінің дамуына зор және елеулі ықпал етеді. Бұдан түйіндейтініміз, отбасындағы қатынастар, отбасының құрылымы мен формасы тарихи өзгеріп отыратын әлеуметтік топ болып табылады. Отбасында ата-ана арқылы берілетін тәрбиенің басты мақсаты - баланың жасын, жеке және психикалық ерекшеліктерін ескере отырып, өз тегін жалғастыратын лайықты ұрпақ тәрбиелеу. Ата-аналар міндетіндегі отбасы тәрбиесі - балалардың дене және рухани сапаларын қалыптастыру бағытындағы саналы да, парасатты істерге негізделген үздіксіз жетілуші үрдіс. Бұл мәреге жету үшін мына міндеттер шешілуі тиіс: - баланың физиологиялық өсіп-жетілуіне, денсаулығына жағдай жасау және қамқорлық көрсету; - баланың өзіндік бағасымен санаса отырып, қоғамның толыққанды мүшесі болуға даярлау; - еңбексүйгіштікке баулу, баланы күнделікті үй шаруашылығындағы еңбекке дағдыландыру; - отбасы мүшелерінің өзара дұрыс қарым-қатынасын, тіл тауып түсінуін, бірін-бірі тыңдап, ата-ананы және жасы үлкендерді сыйлап, құрмет тұтуға үйрету; - білім алудың және мәдени мінез-құлықтың әдет-дағдыларын қалыптастыру; - баланың икемділігі мен қабілетін байқап, мамандық таңдауға бағыт беру, бағдарлау; - әдебиетке, өнерге, мәдениетке, ғылымға құштарлығын тәрбиелеу; - баланың ақылына, күшіне, біліміне сай берілген тапсырманы, талапты орындауын қадағалау, бақылау, тексеру, бағалау; - тәртіпке, ұқыптылыққа, жауапкершілікке, ойшылдыққа, өзін-өзі тәрбиелеуге, дербестікке, шығармашылыққа баулу; - баланы өзінің әлеуметтік рөлін білуге міндеттеу; - өз тегін жалғастыратын сабақтастыққа, болашақ өмірге тәрбиелеу.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет