Астана қаласы
№58 мектеп-гимназиясы
тарих пәні мұғалімі
Темірханова Жібек Сейітқызы
Сабақтың тақырыбы: Отбасы және неке
Сабақтың мақсаты:
- Білімділік : Оқушыларға неке, отбасы, отбасы қатынастары, туыстық қатынастар, туыстықтың түрлері жайлы мағлұматтар беру
- Дамытушылық: Өмірмен байланыстыра отырып, мәнін ашу. Ойды жүйелеп, нақты жауапқа тарту
- Тәрбиелік: Оқушыларды білімділікке, мәдениеттілікке, ақыл-ой саналылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: топтық және жеке жұмыстар, түсіндірмелі әдіс, сұрақ-жауап, ішін-ара іздену, іс-әрекет, ой қозғау.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, қосымша әдебиеттер
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Жаңа сабақ
Қорытындылау
Жаңа сабақ жоспары
Неке және отбасы туралы түсінік
Отбасы қатынасы және түрлері
Туыстық және туысқандық қатынастар, оның түрлері
Неке және отбасының қорғалуы.
«Ой талқы»
Отбасы дегеніміз не?
Отбасы болу үшін не қажет?
Отбасында кімдер болуға тиісті?
Отбасы сендерге не үшін қажет?
Адам құқығының жалпыға бірдей Декларациясының 16-бабы:
Кәмелетке толған ер адамдар мен әйел адамдар нәсіліне, ұлтына немесе дініне қарамастан некеге тұрып, отбасын құруға құқылы.
Отбасы қоғамның табиғи және негізгі ұясы болып табылады және қоғам мемлекет тарапынан қозғалады.
Топпен жұмыс, талқылау:
1-топ: Мемлекетте тату-тәтті отбасы көп болса, мемлекет те мығым және күшті бола түседі
2-топ: мемлекет отбасылық қарым-қатынастың мүдделі.
«Неке және отбасы туралы» заң
1998 жылы 17 желтоқсанда №321-1 «Неке және отбасы туралы» заң қалданып, 2001 жылы 24 желтоқсанда өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.
Қазақстан Республикасының Конституциясы 27-бап:
Неке мен отбасы ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады
Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата-ананың құқығы әрі міндеті
Кәмелекте толған еңбекке қабілетті балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға міндетті
«Қазақстан 2030» бағдарламасында
«Әкелер мен аналардық, аталар мен әжелердің өз балалары мен немерелері алдындағы жауапкершілігін күнделікті есте ұстауға тиіспіз. Біз өз балаларымыз бен немерелерімізді сонау алыс болашақта, олар біздің жасымызға жеткен кезде қандай күйде көргіміз келеді...» делініп, ұрпақ тағдыры айтылады.
Мұхаммед пайғамбар 48-хадис
Адам баласына ең қасиетті әке-шешесі. Әкеге қарсы шығып, оған деген махаббат, құрметіңді жоғалтсаң, құдай алдында қара ниет боласың өзіңе де өзгеге де опа жасайтын безбүйрексің. Ананы сыйламасаң, Отаныңнан безгенің. Отансыз адам хайуанмен тең. Оны адам деуге болмайды.
Кімде қандай жауап:
- Неге хадисте ең қасиетті әке-шеше дейді?
- Қара ниет, безбүйрек дегеніміз не?
- «Өзгеге де, өзіңе де опа жасайсың» деген сөзді қалай түсінесің?
- Ананы неге Отанмен салыстырады?
Қорытынды:
Мәтінмен жұмыс
... қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата-анасының... әрі .......;
Кәмелетке толған еңбекке қабілетті ..... еңбекке жарамсыз ата-аналарына қамқорлық жасауға ......;
Заңға сәйкес ...... ..... ерлер мен әйелдер үшін ...... ...... болып белгіленген.
Некеге тұру үшін ер мен әйелдің ..... ..... қажет.
Үйге тапсырма
Оқып баяндау
Мемлекет тек қорғамайды екен, заңды міндеттерді де жүктейді екен. Оны үйде «Неке және отбасы туралы» Заңынан теріп жазып келу тапсырылады.
«Менің отбасымның бір көрінісі» атты сурет немесе шағын эссе жазу.
Достарыңызбен бөлісу: |