Т/Ж2 Шығарма композициясын тұтастан бөлшекке , бөлшектен тұтасқа қарай жіктеу.
Т/Ж3 Көркем шығармадағы кейіпкерлерді сомдауда тура және жанама мінездеулерді жіктеу
Сабақтыңмақсаты
Барлық оқушылар орындай алады: Шығармадағы кейіпкерлерге мінездеме бере алады.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Шығармадағы кейіпкерлерді сомдауда тура және жанама мінездеулерге дәлелді мысал келтіре алады
Кейбір оқушылар орындай алады: Кейіпкерлер мінездеулерін шынайы өмірмен байланыстыра алады.
Ойлау дағдыларының деңгейлері
Білу, түсіну, қолдану, сипаттау
Бағалаукритерийі
1. Шығармадағы кейіпкерлерге тура мінездеу бере алады.
2. Шығармадағы кейіпкерлерге жанама мінездеу бере алады.
Тілдікмақсаттар
Оқушылар орындай алады: Шығармаларға талдау жасау барысында тыңдалым, айтылым, жазылым дағдыларын дамыту жүзеге асырылады.
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:халық ауыз әдебиеті, салт-дәстүр, әдет-ғұрып, дала философиясы. ертексіз өскен бала – рухани мүгедек адам.
Талқылауға арналған сұрақтар:«Жылдам дебат» әдісі Электронды бесік жыры мен баланың өз ата-анасының айтатын бесік жырының арасында айырмашылық бола ма?
Құндылықтар
ға баулу
«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының негізінде өз ұлтын, халқын құрметтеу және мақтаныш сезімін қалыптастыру, азаматтық жауапкершілікке баулу.
Пәнаралықбайланыс
Өзін-өзі тану: өмір құндылықтары, адамгершілік ойлар айтылады. Қазақстан тарихы.
«Ұшқан ұя» повесі желісіне жүргізіу.рөлдерді өз ара бөліп алу Оқырмандар конференциясы
Баяндамашы Жазушының өмірі ,шығармашылығы.
Әдебиетші
«Ұшқан ұя»әңгімесінің көркемдік ерекшелігі
Құрастырушы Оқиғажелісі бойынша күрделі сұрақтар қою
Зерттеуші Бауыржан тұлғасы бүгінгі күнде
Бейнелеуші Шығармашылық тапсырма суретпен бейнелеу.
10 минут
қолдану
Топқа бөлу
Оқушыларға көркем шығарма кейіпкерлері « Разия анашым, Қызтумас әжем, Үбиан әпкем, Әлиман әпкем» « атасы Имаш, әкесі Момыш, Момыштың ағасы Төлебай , Момынқұл Момыштың кенже інісі» жазылған қағаздар үлестіріледі.
Сол кейіпкерлер бойынша 2 топқа бөлінеді.
1-топ – «Аналар» 2-топ - «Аталар»
2 тапсырма. «Кейіпкерлер кестесі» әдісі
Шығармадағы кейіпкерлердің бойындағы қасиеттерді атап көрсетіп, мінездеулер беріп, кестені толтырыңдар.
Имаш-Бауыржан Момышұлының атасы, орта бойлы, орақ мұрын, от жанарлы, шымыр шал. Немересіне бата береді, өсиет айтады. Имаш 1911 жылы 92 жасында дүниеден өткен.
Қызтумас –әжесі, ертегіші, салт жоралғыны көп білетін, ел анасы. Адуынды, көпшіл, сөзге шешен Ертегіні көп айтатын, әлди әнді көп айтатын. Аса ажарлы, ақ дидарлы кісі. Бауыржан 3 жасқа келген соң анасы Рәзия қайтыс болады да, әжесі Қызтумастың қолында өседі. Әжем өзінің ұлдарына өңшең аққұбаша аруларды айттыруға ынтық болған. Соның кесірінен Момыш отыз үш жасына дейін салт басты, сабау қамшылы жүріпті.
Момыналы –Бауыржанның әкесі, жұрт Момыш деп кеткен. Жасынан өлеңге жақын, еті тірі,орысша хат таныған.ағаш ұста, зергер, етікші, аймаққа әйгілі сыйлы адам. өнерлі, адамгершілігі мол. Ол өз бетінше оқып тоқыған адам. Есеп-қисапты тәуір білетін. Жас күнінде ағаш ұста болыпты, етікші де атаныпты, тәуіпшілдігі де бар екен.
Серкебай –әжесінің інісі, нағашысы, алпысқа келіп қалған, күрт мінез ашуы адырайып тұрған қатал кісі. Етсіз қыр мұрыны, қысыңқы көз, ашаң жүзді, қияқтай мұрты екі езуін жиектеп, селдір ұзын сақалы кеудесіне түседі. Айналасын айбарымен меңдеп алатын өркөкірек, ескі дәуірдің қатал әміршісіндей.
Момынқұл – әкесінің кенже інісі, ұзын бойлы, дөңгелек қара көзді, кертпе мұрындау, астыңғы ерні дүрліктеу, аққұба жігіт.Қыңыр мінезді, епті, алаңғасар, қаракүш, "Таубұзар", әжесінің айтуынша Серкебай нағашысына тартқан.
Рәзия –Бауыржан Момышұлының анасы,Байтана руынан Әбдірахманның қызы, Бауыржанның үш жасында қайтыс болыпты.
Оқушыларға көркем шығарма кейіпкерлері « Разия анашым, Қызтумас әжем, Үбиан әпкем, Әлиман әпкем» « атасы Имаш, әкесі Момыш, Момыштың ағасы Төлебай , Момынқұл Момыштың кенже інісі» жазылған қағаздар үлестіріледі.
Сол кейіпкерлер бойынша 2 топқа бөлінеді.
1-топ – «Аналар» 2-топ - «Аталар»
Топтық жұмыс. «Жылдам дебат» әдісі арқылы орындалады.«Электронды бесік жыры мен баланың өз ата-анасының айтатын бесік жырының арасында айырмашылық бола ма?»
деген сұрақ төңірегінде ойларын салыстыра отырып дәлелдеп, нақты көзқарастарын білдіру.
Орындалу шарты:
1-топ-жақтаушы тарап, өз анасының айтатын бесік жырының өзіндік құндылығын айтады.
2-топ- даттаушы тарап, электронды бесік жырының тиімділігі мен ерекшелігін айтып, жақтаушы тараптың пікірін теріске шығарады.